Жүрек қанша болса, махаббат туралы пікір де сонша

Шыны керек, махаббат жайлы посттарды оқу мені жалықтырып жібереді. Ммм… «ол мені сүймейді», «мен оны мәңгілік сүйемін» секілді бітпейтін толғаулар басталды деймін ішімнен. Қатыгездік? Мүмкін. Бірақ мен ондай сөздерді әкем қалжыңдап айтпақшы «жүрген кезде бір, үйленер кезде бір» айтқанды қалар едім. Сол себепті бұл жазба да махаббат жайлы алғашқы әрі соңғы жазба болсын деп ойлаймын.

Жиырма жылғы тәжірибем бойынша және де өзімнің «бақылаушы» табиғатымның нәтижесі қазірде менің алдыма «махаббат» ұғымын «сыйластық» ұғымымен тығыз байланыстырып отыр.

Оқушы кездегі тізбек бойынша бүкіл сыныпқа таралатын анкеталар естеріңізде ме? Сонда «болашақ жарыңның қандай болғанын қалайсың?» дегенге бәрі де «Ол әрине мені сүю керек, сыйлау керек, мені қорғау керек», сияқты ұзақ тізімді жазып қоятын. Дәлірек айтсақ арамыздағы «ерте есейген» біреу солай жазып, қалғандары соның жауабын қайталап жазатын. Мен де қайталадым. Алайда ол кезде маған «сыйлау» деген түсінік бос сөз болатын. «Сүю» дегенді түсінесің, "қорғау, аялау" дегенді де түсінесің, ал «сыйлау» тек әріптер жиынтығы сияқты.
Әрі қарай

Азиада: трамплин, мұз айдыны және стадион

Өткен жұмада GSM Қазақстан (Kcell, Activ тауар белгілері) компаниясының ұйымдастыруымен, бір топ журналистер және блогшылар Азиада өтетін Алматыдағы спорт кешендеріне барып, көріп, көргенін ойға түйіп қайттық. Пресс-турдың мақсаты — сол жерлерді қамтыған 3G-дің жай-күйін, дайындығын білу, байқау болды.
Әрі қарай