Шымкенттің жігіті Шығыс Қазақстанда қыз алып қашты

Елімізде тағы да бір жаңалық шу көтерді. Шымкенттің жігіті Шығыс Қазақстанда қыз алып қашты. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, жігіттің жасы отыздар шамасында, ұзын бойлы. Сірнебай екеуміз оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлерді сөзге тартқан едік.

Абылбек Мауленов: Қыз жалғыз өзі билеп тұрды. Біздің Усть-Каменьде мұндай биші жастар көп. Мен осында "ҮМЗ" АҚ кәсіпорнында аграрлық сала бойынша менеджермін… Иә, жігіттің жасы шамамен отыздарда. Сақалы өскен. Джинсы кигені есімде. Бірақ балағын көрмедім. Иә, шалбарында балағы жоқ.

Ануар Дауленбаев: Славься, Усть-Каааменогооорск! Встааанем ряяядом и споем друууг-другууу! Вот так вот.

Қалған куәгерлер көшеде тоңып қалған соң, Сірнебай екеуміз ақпаратты басқаша жолмен іздей бастадық. Нәтижесінде қыз туралы мынадай мәліметтерді таптық:
Жұмағұлова Малика, 1991 жылы туған. Биші. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Жастар саясаты басқармасында екі жыл жұмыс істеген. Негізгі құжаттардың көшірмелерін, басқарма жұмысының жоспарларын Қытайдағы Харбин қаласына тыңшылық жолмен жеткізумен де айналысқан.
Жақын туыстарынан тек Жұмағұлов Қанат деген ағасын таптық. Ағасы Атырау қаласында Иманғали мешітінде имам боп қызмет атқарады. Ол кісі бізге хабарласты:
Қарындасымды алып қашқан болса, тағдырдың жазуы сол шығар. Біздің асыл дінімізде тағдырға өкпелеуге болмайды. Сондықтан мен тағдырдың жазуына разымын, батамды бердім.
Аноним азаматтан поштамызға бейнежазба жолданды. Бейнежазбада Маликаның Шымкентте ақ босаға аттағаны көрсетілген.
Әрі қарай