Ең биік телемұнара

Жапон елінде әлемдегі ең биік телемұнара ашылды.
Токио аспан ағашыҚұрылысы 2008 жылы басталған «Tokyo Skytree» телемұнарасының ашылу салтанаты кеше, яғни 22 мамыр күні, болды. Биіктігі 634 метр мұнара тек телерадиотолқындарды таратып ғана қоймай, жұртшылықтың көңіл көтеруіне де жағдай жасайды. Мұнараның ішінде 300-ге тарта дүкендер, мейрамханалар, аквариум, планетарий және театр бар. Кіру билетінің құны ересек адам үшін орта есеппен 2000 йен-ге тең, бүгінгі курспен 3720 теңге.
Әрі қарай