Жарияланымдар

patick
Біреу обоиға қыстырылған скрепкаға гиря іліп қойып, сынап еді :)
Көтереді, тұсқағаз қабырғаға жақсы жабыстырылған болуы тиіс.
patick
Ағаштар туралы: топырағы тұзды, сортақ болғандықтан ағаштардың өсіп кетуі қиын. Өскеннің өзінде фотода көрсетілген жағалаудағы секілді аласа болып қалады, биік болып кете қоюы қиын.
patick
Осы жолы фантазияға ерік беріп, Жерұйықты Желмаяның өркешіне орналастырдым. Сондықтан таба алмаған.
patick
Күннің жарығына емес, радиациясына шыжғырылып еді :)
patick
Бюджетіне уить етіп отырмын — 375 млн теңге. Мультикке қарап сондай қаржыға түсірілді деу қиын.
patick
Королева мен Медведеваның ұқсастығы керемет.
patick
Құтты болсын. Секс туралы мақалалар көбірек болса екен деген тілек.

Сәлеммен, секс туралы материалдардың болашақтағы тұрақты оқырманы.
patick
Өзімдікін де қоса кетейін.

1. Бәсеке жоқ. Тағы Американың мысалына жүгінейік, әнестің:
— Соңғы уақытта «пилоткамен» (өзің азғынсың) қызықтыру белең алуда. Яғни, потенциал сериалдың бірінші эпизодын түсіріп аласың. Бұл болашақ сериалдың презентациясы әрі ресми бірінші сериясы. Әрине, оған сатып алушы табылуы үшін жобаға бар дайындықпен кірісесің, қажетті актерлеріңді шақырасың, ауқымды кастинг жүргізесің, дап-дайын сапалы өнім жасап шығарасың. Форумдар мен фестивальдар шеңберінде түрлі кинонарықтар ұйымдастырылады. Атақты телеарналардың басшылары осы жерге жиналып, «базар аралайды». Кімнің қандай «кәкәйі» бар екен дегендей, жаңағы. Пилоткаң (өзің азғынсың) ұнаса, сені бүкіл командаңмен қосып сатып алады да сериалдың тұтас жобасына тапсырыс береді. 1 сезонды халық терең жұтып жіберсе, екіншісіне дайындала бер.

Бізде жағдай керісінше — телеарна мемлекеттен «есірткіге қарсы насихат» бойынша сериалға тапсырыс алады, әлбетте ақшасын да бірден алывалад. Сосын «түсіріп бере қоятын» бос біреулерді іздейді. Әдетте конкурс болмайды, келіскен студиямен қол қойысып, түсіре береді. Тапсырысты орындаушы да ақшасын қалтаға басқан соң «отъебись, блә» принципімен түсіріп тастайды. Бітті.

2. Актерлер жоқ. Жоқ емес бар ғой. Бірақ сүйреп шығатын нағыз шеберлер жоқ. Шақырылған жұлдыздардың да, кастингтен кездейсоқ өтіп кеткен театрал-студенттің де деңгейлері шамалас. Керемет актер болу жеткіліксіз. Актер интеллектуал болу керек, кітап оқитын, кез-келген темаға кіре алатын ақылды болу керек. Яғни, не істеп жатқанын түсіну керек. Біздің жұлдыздардан Австралия туралы сұраңдаршы — көбі оның бөлек материк екенін де білмейді.

3. Пост авторының сценарийге қатысты пайымдарына қосыламын. Сценарий жазуға да бас керек. Оқиға құрастыру оңай, бірақ ол қалай құрастырылған — бұл бөлек әңгіме. Америкада сценаристер мен жазушылардың статусы бірдей, тіпті сценаристер «writer» деп те атала береді. Бұған да жоғары интеллект пен сауат керек.

4. Халыққа пох. Өнім сапасы мен көрермен деңгейі бір-бірімен тығыз байланысты. Қара халық "Қазақстан", «Хабар» ұсынған шлактарды қиналмай жұта береді. Демек, осы деңгей де жарайды, деп ойлайды сериал жасаушылар. Бір жағынан, өнімнің сапасы өспесе — халықтың ойы қалай өседі? Ал, халық талап қоймаса сериалдың сапасы қалай жақсармақ? Тұйық петля, обшым. Біреуі суырылып алға шығуы керек. Әйтпесе, бұл ұзаққа барады.
patick
Студияға хабарласқанда күлкім келді, неге екенін білмеймін :)
patick
ХЗ. Негізі кинодан кейін келген ой еді. Қазір фильмдердің бәрі хэппи энд болып кетті.
patick
Депрессивный әңгімелер жазғым келіп жүр. Хэппи эндтерден шаршадым :)
patick
Менікі де сол 1 курста физрадан басталды-ау дейм. Пахом екеуміз 500 теңгеден зачеткаға қыстырып бердік, бағасын қойды.