Қазақ халық аспаптар оркестрі туралы не білеміз?

Мектепте оқып жүрген кезде, дәстүрлі әндерді жек көрмесем де, тыңдамайтынмын. Тіпті айтылып жатса, эстрадалық әнге ауыстырып жіберемін. Бірақ мектеп бітірген соң аяқ асты дәстүрлі әндерге қызығушылығым оянып кеткені бар. Телефонымда Бекболат



Құдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))
Расымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!
Айтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.
Ал біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.
Біраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…
Ал Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

Қазақстанның жауы Ресей ме, Батыс па?
Үздік үштіктен ойып тұрып орын алған осы талас былайғы жұрттың миына түсінікті жетіп жатыр дегенге өз басым илана қоймадым. Неге?
Бұл айтыс негізінен Қайра Нұртасты жамандаудан басталады. Әбден құмарынан шыға даттап болған соң, Мейрамбекпен міндетті түрде салыстырып өтетіні қызық болып отыр. Содан соң пікірлер кетті дейсің. Қазақ қоғамында «Месси мықты ма, Рональду ма?» деген әлемдік тақырыптан кем түспесі анық. Сол дау секілді, бұл тартыс та өнерде жүрген мамандардың да пікір алшақтығына апарып отыр. Ойлап көрейікші, даудың шетіне жетіп, арнайы мамандар Мейрамбектің немесе Қайраттың мықтылығын түпкілікті дәлелдеп берді дейік. Қандай пайда?
Шыңғыс хан қазақ па, жоқ па?

"Қаражорға" биінің шығу тегі.
Қазаққа ноғай жақын ба, қырғыз жақын ба?
Айфон ба, сансунгтің қайсысы жақсы?
Дәл осы сарында пост жазсаңыз, пікірлер қаптайды дерсің. Шымкенттік туралы жазсаң, шымкенттіктердің мұң зары мен кеткен еселері туралы айтылып, әрі беріден соң соңы өзгелерді даттап, өздерін мақтап шыға келеді. Адайлар да осы маңайлас. Екеуіне де бір ұқсастық бар. Жазылған пікірлер бір арнаға құйылады. Оқып отырсаң, қазақты қазақ еткен «шымкенттіктер» немесе «адайлар» екен деп қаласың)) «Шымкент болмаса, баяғыда орыс болып кетер еді» немесе «Адайлардың батырлығы туралы жыр».
Адайлар туралы мәселе сәл күрделілеу болып көрінуі мүмкін. Өйткені Шымкент секілді өңір туралы емес, ру туралы айтылып отыр ғой. Бірақ менің ойымша бәрі маңғыстаулықтардың өзінен секілді. Сәл нәрсеге Маңғыстаудың атынан, Ақтаудың атынан сөйлеу оларға жат секілді. Адайдың атымен кетеді. Сондықтан басқаларға Маңғыстаулықтар мен Адай ассоциацияланып кеткен бе деймін. Әйтпесе адайлар Атырауда да, Ақтөбеде де тұтас аудандарды мекен ететіні белгілі. (Айтпақшы рушылдыққа салынып, адайға тіл тигізбе деп шығатын әсірерушылдарға айтып өтейін, мен де адаймын)))
Орыс тілі керек пе, жоқ па?
Рас, «Желтоқсан оқиғасы» қазақ тарихында ауыр да қасіретті парақтың бірі болып жазылары белгілі. КСРО атанған қанқұйлы алып машинаның алдына қаймықпай қарсы шыққан батырларды қалай құрметтесек те, артық болмас. Бірақ...
Екіншіден, шеруге шыққан жастардың қолында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұранмен қатар, «Ленин идеясы жасасын!» плакаттар да болған. Бұл нені білдіреді?
Менің ойымша Желтоқсан оқиғасы толқуға көбірек келетін сияқты. Былайша айтқанда мемлекет ішіндегі билікке наразылық. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, алаңға шыққан жастардың ойында егемендік алу, жоғары билікті құлату, болмаса коммунистерден азат болу болмағанын көріп отырмыз. Рас, Қазақ АКСР-ы басшылығына қазақ отырсын деген талап болды. Бірақ бұл ұлттық саясатты негізге алды деуге келе ме, тәуелсіздікті былай қойғанда? Жеке басты кемсітушілік салдарынан осындай жағдай болды деуге мәжбүр етеді тарихи деректер. Өйткені бұған ұлттық дейтіндей орыс пен қазақтың арасындағы шиеленіс емес, алаңға шыққан жастардың басым көпшілігі қазақ болғанмен, ішінде 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы дәлел бола алады (тапқан деректер бойынша бұл мәліметтер сол кездегі ішкі істер министрлігінен алынған).
Сонда не істеу керек?




























