Жарияланымдар

ken
— деппін. Бірақ қазір сол кезде не айтқым келгенін түсіне алмай отырмын.
ken
Nemese jalgiz ozi gana jazilgan bir buwindi soz ucin apostrif paydalansa da boladi.
Osi alippe unap tur negizi. Jalpi qazaqtar internette, SMS, email jazganda, watsaptarda osilay jazip, bir-birin cataspay tusinip-aq jur. Tek 'c' ornina 'sh' nemese 'w' qoldanadi demeseng.
ken
Jaqsi. Biraq bir inggaysiz tusi bar siyaqti. Jalgiz gana buwinnan turatin sozder jeke jazilgan kezde tusinuwge qiyindiq tudirmay ma?
Misali, mina sozderde: soz (соз/сөз), un (ұн/үн), tur (тұр/түр), is (ыс/іс).
ken
Бетінен сүйген жері күшті кетіпті))
ken
Лобороториялық, лобараториялық, лабороториялық, лобараториялық, лобораториялық, лабароториялық, лабараториялық, лабораториялық.

Осылардың барлығы бар екен интернетте
ken
Мен кешегі демалыстарда көріп шықтым. 1978 жылғы кино екен. Ютубке eski türk filmleri деп жазып едім, арасында осы кино да шығыпты. Бірақ мен ол киноның осы екенін білмедім. Грузовиктің жанына қыз келгенде "өте бер" дейтін жерінің сол повесте барын білуші едім, оны оқымасам да, сонысы арқылы білдім.
ken
Руxани жаңғыру қолға алынғалы бері қанша адам руxани жаңғырды?
Руxани жаңғыртып жатқандар өздері руxани жаңғырған ба? Сонысын растайтын справка немесе сертификаттары бар ма? Болса, ондай құжат кімнің тарапынан беріледі?
ken
9 класста оқитынбыз, біздің класстың ұлдары мен параллель класстың ұлдары төбелесетін болды.
Белгіленген күні сабақтан соң екі жақ боп мектептің жанындағы стадионға жиналдық. Ана класстың жігіттері ірі-ірі, бізде негізінен майда-пашақтар.
Алдымен екі класстың «атамандары» төбелесетін болды. Төбелестері төбелес сияқты болмады. Басында бір-біріне кезек-кезек соққы, тепкі беріп жүрді де сосын тұрып қалды. Жалығып кеттік. Екі классқа қатысы жоқ басқалар да жиналып, адам көп боп кетті. Біреу сол жерде жүрген төменгі класстың 2 баласын бір-бірімен төбелестіріп жіберіпті. Бәрі солардың шаңғытып тұрып жұлысып жатқанын көріп кетті. Мен де соны тамашалап тұрғам, арқама бірдеңе кеп тиді. Бұрылып қарасам, анадай жерде Робот (деген кличкасы бар) ұл тұр. Басқа жаққа қарап, ештеңе білмеген адам кейіпімен тұр. Кейінірек көргендер айтты, сол кезде Робот арқамнан тепкен екен. Қысқасы, жаңағы жерде түсініксіз бірдеңе боп кетті — екі атаманның төбелесі сиырқұйымшақтанып кетті, қатысы жоқ левыйлар да қаптап кетті, басында екі жақта топ-топ боп тұрған екі класс та жан-жаққа шашырап, араласып, сондай бірдеңе боп кетті.
Бір кезде байқасам, жаңағы Робот қасына үшінші параллель класстың бір ұлын ертіп алып (ол милицияда учетта тұрған xулиган болатын), біздің класстың ұлдарына бір-бірден қасына барып тиісіп жүр екен — шалып құлатып кетеді, кішкене жүреді де тағы біреуне баоып итеріп жібереді, сәлден соң және біреуіне барып жағадан алып доқ көрсетеді.
Сол сүйтіп жүрген кезде ешкім күтпеген бір жәйт болды. Қайдан шығып қалғанын білмейм, Тышқан жүгіріп келіп Роботтың кеудесінен тепті. Құлататындай күшті соққы болмаса да Нұржанның тепкенінен Робот артқа неғып барып тұрып қалды. Робот та, жанындағы xулиган да не болғанын түсінбей тұрып қалған. Нұржан болса бес-алты қадам жерде төбелесетін адамға ұқсап стойкысын ұстап анаған қарап тұр. Робот солай кішкене тұрды да, не болғанын түсінді ғой дейм, Нұржанды қуа жөнелді. Нұржан тұра қашты. Стадионның қоршауының астында кішкентай тесік бар еді, Нұржан сол жерден зу етіп құтылып кетті.
Бір кезде дарбазадан жүгіріп кіріп келе жатқан милиционерлер көрінді. Бәрі тым-тырақай қашты.
ken
Мына әңгіме есіме класстасым Нұржанды түсірді.
Екі қолының сырт жақ терісі әбден қатып, крокодилдің терісіндей боп қалған қап-қара еді. Жаңадан келген мұғалімдер бізге келгенде ең бірінші сол алдыңғы партада отырған Нұржанның қолын көріп шошып жататын. Класстағы ең бойы кішкентайы болғасын оны алдыңғы партаға отырғызатын. Бәрі оны Тышқан деп атаушы еді. Мамасы мектепте тазалаушы, ал қарт әкесі мектептің кочегары еді. Сабағы нашар, 5інші класстан темекі шегіп, сабақтан көп қашатын болғандықтан ба, әйтеуір класста біреудің заты жоғалса немесе тағы бірдеңе бола қалса, бәрі соны Нұржаннан көретін. Тіпті сабақ үстінде біреу жағымсыз жел шығарып қойса да соны Нұржанға жабушы еді. Нұржан болса, «мен емес, е!» деп жан-жағындағы айыптаушылардан үнемі қорғанып жататын.
Бірде орыс тілі пәнінің екінші тобына жаңадан мұғалім келді. Нұржанды өзінің тобына алатын болды. Нұржан қуана ауысты. Бірақ неге екені белгісіз үш-төрт сабақтан соң әлгі апай Нұржанды қайтадан бұрыңғы тобына, мен оқитын топқа, қайтарды. Біздің апай оны «сен ауысып кеткенсің, өзіңнің тобыңа бар» деп сабаққа кіргізбейді. Ана топқа барады, біраздан соң қайтып келеді, мұғаліміміз қайтадан қайтарады. Сабақ бойы осылай екі ортада жүретін. Осы жағдай төрт-бес рет қатарынан қайталанды ғой дейм. Ақырында Нұржан орыс тілі мен әдебиетіне келуді қойды. Бара-бара тіпті мектепке келуден қалды.
9-класстан кейін көрмеппін.
ken
2. äskeriyler
3. mısıq
4. antilopalardı qorqawlarğa qaray aydaytın cığar
6. sınap
8. önertapqıctıq boyınca
9. qan
13. jasıl
16. qayğılı
17. ükiniñ
ken
Negizi aqırı teksergesin sol üydegi baqcada egilgen darbızdı da tekserüw kerek edi. Sonda belgili bolar edi. äytpese apparattarı quıp turuwı da mümkin ğoy, bärin mölcerden tıs därilengen dep körsetip.
ken
Astanada taza darbız joq. Satılımdağı darbızdar jew ücın emes, eñ aldımen satıw ücin polede ösirilgen darbızdar. Därilenbegen darbızdardı tek darbız ösetin aymaqtardağı jeke üylerdiñ baqcalarınan ğana tabuwğa boladı, al ol darbızdar satılımğa cıqpaydı.
ken
Арызбен танысып шығуға болады. Сонда арызданушының аты-жөні болу керек.
ken
Ашылуына бармасам да онан кейінгі басқа бір күні барып көрем деп отырмын