Жарияланымдар

assar
Сочиды википедиядан қарағанмын сен қызықтыра берген соң, бірақ 60пайызы орыстар 20пайызы армяндар деп көрсетіпті, мүмкін жалған көрсеткіш шығар.Сочи негізі тарихын зерттесе орыстардың қаласы емес шығар деп ойлаймын.
Соңғы түзету:
assar
Ресейде Алматы сиақты қала жоқ. Мәскеуде кәдімгі үлкен Алматы, барлық теріс жағынан ұқсас оң жағынан қалық дер едім.
assar
Олда мүмкін. Мәскеуде наурыз мерекесі өтіп жатырғой жылда. Мәскеуде де мұсылмандар көп, сол үшін мемлекет наурыз мерекесіне жақсы көзқараста.
assar
Осы демократияның жетістігі шығар. Мысалы; қазіргі қазақтар екі түрлі тілде сөйлейді. әр түрлі дінге кіріп кетті, әр түрлі ұлттың нақышындағы киімді киеді, әр түрлі ұлттың салтын қабылдайды, әр түрлі ұлтқа сіңіпте жатыр. Жалпы әр кім өзі білем деп осындай құбылыс жүріп жатыр қоғамда. Бұл заңдылық деймізбе әлде бір ұлт әр түрлі келбетке ие болғанымыз жетістік дейміз бе білмедім. Ал жаңа-жылға келсек бұл әлемдік мереке қазір, ешкім тоқтата алмайды оны. Дубайдың өзінде үлкен от шашу мерекесі өтті.
assar
осындай шовинист халықтың тілінде сөйлеп жүрғой талай Қазақ, бірақ солар чуркий деп мазақ етеді бізді.
assar
Елімізде Қазақ асханалары емес Ұйғыр, Өзбек, Түрік асханалары басып барады. Қазақ асханасы қашан өз еліміздің кез келген жерінен табылады екен және өз елімізді болып басқа елдерге ұлттық асхананы қашан насихаттай алады екенбіз?
assar
asaubota Құттықтаймын! Вундеркинд жүрген жерде талай орындар болады деп ойлаймын. Сізді бүгін телеарнадан көрдім, сіз Вундеркинд аталған Қазақтың мақтанышы екенсіз.
assar
Қазақты жамандаса ақылды көрінетін шығар.
assar
Иә қазір қоғамға 100пайыз риза емес адамдар бар. Қазақты мақтасаң, Қазақстанды мақтасаң сенімен жаға жыртысады, мақтағаның үшін оған ұнамайсың. Бір танысым бар, ол не жаңалық болсада тыржиып қолын бір сілтеп жан жағына жамандап үлгіреді және оны тыңдаған адамдар соған еріп кететіні бар. Менде әдейі мақтанатын жаңалықтарды айтып жүремін оған, ойййй шавазым бір қуанбайды. Астана қаласын 2-3 күнде құлап қирап қалатын қала деп жария етіп отырады, Алматыны есекке теріс отырғызып жібереді. Экономикамызды көрші елдерден әлде қайда төмен дейді, олар дамып кеткен дейді әйтеуір жақсылықты қимайды туған жеріне. Мақұл солай өмір сүре берсін ол кімге пайда деп ойлаймын. Ондай адамдар " шындықты айтып отырмын, білімдімін, адамдардың көзін ашып жүрмін " деп ойлайтын шығар. Бірақ олар адамдарды отан сүйгіштігінен айырады, сенімінен айырады, көңілсіз өмір сүруге итермелейді. 22жылдан бері қымбаттап келедіғой барлық тауарымыз.
Соңғы түзету:
assar
Тойды былай қойып қаза шыққан үйде дастарханды өте құлпыртып жібереді. Бәленшенің асынан келдік, балдары қызметкер екен жылқы сойыпты, бір сиыр сойыпты және екі қой сойған екен бәрекелді деп жатады. Ал қазір Қазақстанға ет жетпей Белорусиядан, Бразилиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан т, б шет елдерден ет келеді. Еліміздегі малымыз олағайда- бұлағай 17млн халыққа жетеді ғой егер осылай аңыратып тойға, қазаға соймасақ. Ойбай құдалар келіп қалдығой деп 1қойды сойып жібереді үйінде ет болсада. Бұл қалай, дархандықпа әлде жалған дархандықпа? Қазақтар үнемді үйренейік, Осы отырғандар насихат етіп әр сайтқа жария етіп және жүрген ортамызда ысырап жасап мал соя бергенді доғару керек екенін айтып жүрейік. Мен өзімнен бастап әр болған тойымда басқада қонақтар келсе үйге, дастарханға артық шығынды жасамауға тырыстық. Тойдағы қызық дастархан емес көңіл көтеріп қайту екенін ұғындыру керек халыққа.
assar
Жазуға қарап айхай сиақты шығар мүмкін, бірақ жалпақ оқырманға емес автордың өзіне туралап жазғанымды білдіріп жазған едім кешірім өтінемін автор. Жазған сыныңыз дұрыс-ақ алайда кемшілік өзгеде жоқ тек бізде бар етіп көрсете беруден ештеңе ұтпаймыз. Біреулерден артық жерімізде бар кем жерімізде бар халықпыз. Қазір Қазақтарда қанша жетістік болса соны көлеңкеде қалдырып тек сын айтып интернетке жария етуге құмар болып алғанбыз. Келешек ұрпақ Қазақ сайттарын ашып қалса тек Қазақтарды сынға алып іске алғысыз ұлт ретінде көрсеткен сайттардан басқа не көре алады екен? Сткаканға жартылай су құйып қойса егер, оны көрген біреулер стканда жартылай су бар екенін көреді екенда біреулер жартылай су жоқ екенін көреді екен. Сол сиақты ұлтымызды әр сайтқа жаман қырынан көрсете бергеннен сын түзеледі деп ойламаңыздар. Адамды мақтаса сол мақтауға лайық болуға тырысады екен, сол сиақты Қазақты тек мақтап жүріңдер.
assar
Басқа ұлттар бір-бірін сатпайды деп ойлайсыздарма? Көрші Өзбекстан елінде бір адам атақты бола бастаса қолдан видеоролик жасап жыныстық қатынасқа түсіріп қояды. Оның құрбандары Шахзода, Севинч, диана ягафарова супер келиншекті ойнап шыққан және оның режиссері Бахром Якубов т, б өзбек елінің атақтылары. Осыларды жасап жүргендер іш тарлықпен жасадыма әлде жәй ойнап жасадыма екен? Қырғыз елі қанша рет қырғынға ұшырап мемлекет шығынға ұшырады қанша рет. Осы қырғындар ауыз бірлікпен жасалып отырма әлде сырттың айтақтағанына еріп жасап отырма? Ресейде шоумен Владислав Листев ненің құрбаны? Ресейде басқа ұлттардың байлары жоқ деп ойлайсызба автор? Алишер Усманов өзбек ресейдің 1ші бай адамы болып саналады 20млрд доллармен, Еврейлер ресейдің ең бай адамдары болып саналады, орыстар оларға ере алмай келеді әзірге. Қазақтар ауыз бірліктің арқасында осынша алып жерімізді сақтап отыр, кезінде өз елінде өздері 30пайыздық ұлт болсада. Халықта болып жатырған кемшіліктер ол гиографиялық жағыдайдың әсері. Халық тығыз емес шашыраңқы болғанынан кемшіліктер туындап отырғаны. Келешек мықты ел боламыз. Қазақ халқы барлық нәрсеге биім келетін халық. егін егіпте кете алады, мал бағыпта, сауда жасапта, құрылыс жасайда алады, әлемдік ғылымдада өз білімдерін көрсетіп жатыр. Көре алмаушылық кез келген ұлтта бар уайымдамаңдар. Голландияның бір кәсіпкері сөйлеп еді телеарнада, күннен тоқ шығаратын станцияны сатып алып ауылды тоқпен қаматамас еткен кезде халық көре алмай қайта-қайта арызданып мазамды алды деп, солай-ақ ол іш тарлық бола береді ел арасында.
assar
Манғолиядағы Қазақтар ең таза болып саналады. Өйткені маңғолиядағы Қазақтар Маңғолияның батыс жағында өзінше алыс шалғайда орналасқан. Маңғол ұлтымен етене жақын араласпайды өзімен өзі тіршілік етуде. Ал қытайда қазір ана тілін ұмыта бастағандар көбейіп келе жатыр, саясат жүріп жатыр яғни қытайландыру. Ресейдегі Қазақтарды білесіз олар ерте көшіп кеткен орыс тіліне, оларда ана тілін білетіндер өте аз. Ал ресейдің ортасында орналасқан шешенстан дағыстан сиақты елдерде ұлттық тәрбие жақсы сақталып отыр аз болғанына қарамастан. Қазақтардың ұлттық санасына әдейілеп орыстандырып жіберіп отыр. Ал біздің орыстанған Қазақтар осыны түсінседе ұлттық санасын, ұлттық болмысын қайтып алуға жалқаулық танытып отыр. Ал күштеп ана тілді талап ету ешқандай дарақылық емес. Мысалы мен алматыда бір дүкенге кірсем маған орыс тілінде айтыңыз қазақ тілін білмейміз деп менсінбей сөйледі, сосын барып дауыс көтеріңкіреп бастығын шақыртып шағым айттым, қызметкерлерің мемлекеттің тілде жауап бере алмаса басқа қызметшілер ал дедім Қазақшалап айттым. Бастығы Қазақ екен, кешірім өтінемін айта беріңіз не сұрайсыз деп сабасына келді. Осы жерде мен мәдениетті түрде талап етіп көрсем мемлекеттік тілді, олар маған пысқырыпта қарамады, ал дауыс көтеріп едім Қазақ тілінде қызмет көрсетті бастығы келіп. Қазақ тілін сөйлегісі келмейме, жай айтқанды түсінгісі келмейме оларды күштеп сөйлету керек. Қорыққаннан үйренеді олар. «Аюға намаз үйреткен таяқ» деген бар. Ресейде басқа тілде сөйлетіндерді ұрып кететін топ барын білесіз, осыны естіген басқа ұлт өкілдері көшеде болсын басқа жерде болсын бір-бірімен өз тілдерінде емес орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр болды. Ал біз дәл осындай қанішерлікке бармай-ақ сәл күшімізді батырып жіберсек басқа ұлт Қазақ тілін үйренуге мәжбүр болады.
assar
Әлемдік ғылымда орыс тіліндегі аударма 10 пайыз ғана екен. Онда орыс тілін емес ағылшын тілін жетік үйренсек ғана білімді боламыз. Қазақ тілімен тәрбиеленіп ағылшын тілінде білім алсын ұрпақтарымыз. Орыс тілін пайдаланған 15 тмд елі нені қарық қылды дым ғылым дамымаған барлық одақтас елдерде.
assar
Қазақстанда басқа ұлттарды тек Қазақ тілінде сөйлеуіне қорқытып сөйлетпесе басқа амал жоқ. Жалынбаңдар, тек талап ет орыс тілді қазақ болсын басқа ұлт болсын. Қазір Қазақстанның жағыдайы жақсарып келеді ол ұлттар мемлекеттік тілді талап етті деп көшіп кетпейді нан тауып отырған жерінен. Адамдар таңдау хұқығы қай тіл болсада тұрып жатырған елінің тілін білуге міндетті, ал басқа тілді үйрене берсін ол өз таңдауы.
assar
Ешкім жалынып жатырған жоққой елімізде, қайта орыс тілділерге күш беріп отыр, мемлекеттің тілді талап еткендерді қудалап жатыр. Аутор жазыпты ауылдарда орыста басқада ұлттар Қазақ тілінде жақсы сөйлейді деп. Бірақ ол ұлттар ана тілін ұмытып Қазақ тілін үйреніп алған жоқ, барлығыда ана тілдерінде таза сөйлейді. Шымкентте ауылдың өзбектеріде қаланың өзбектеріде өз тілдерінде анық сөйлейді және Қазақша, орысша тілдіде. Сонда олардың ана тілдерін ұмытпауына өзбек тілдің қажеттілігінің арқасы деп ойлайсыздарма? Өзбек тілі ,Ұйғыр тілі, Шешен тілі Түрік тілі т, б қоғамда қажет емесқой Қазақстанда, ал сол ұлттар сонысына қарамай ана тілдерін сақтап отыр қалада тұрсада. Мәселе қажеттілікте емес мәселе шала қазақтардың ана тілін менсінбеуінде және балдарында өзі сиақты орыс тілінде тәрбиелеуі.
assar
Орыс тілді Қазақтардың кінәсі жоқ, оларды кезінде Орысша оқытты деп қорғап отыр Ел басымыз. Бірақ неге кінәламаймыз? Бүгін азаңғы таңшолпанда Жапон қызы қонақта болды. Қазақшаны өте жақсы сөйлеп отыр, біздің акцентпен зорға сөйлейтін Қазақтардан әлде қайда жоғары. Сонда 20жылдан аса уақытта ана тілін үйрене алмаған шала Қазақтарды шала деп атпауымыз керекпе? Жапон қызының Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніне 20 жыл болмаған шығар, өзі 20дағы қыз сиақты түріне қарасаң. Мен бәрі-бір шала Қазақсың деймін ана тілін білмейтіндерге, үйренгісі келмейтіндерге. Басқа ұлт қайдан үйренеді осылай қорғап отырғанда орыс тілділерді.
assar
Қалай 20 000теңге болады тіпті 10 000 мыңда болмайды Қаскелеңге. Қызылордадан Түркістанға 300км жерге 20 000 теңгемен барып қайтады 600км сонда есептесеңіздер. 5000 теңге болады әрі кетсе.
assar
Қызылорданың азаматтары болса осы жерде бір айтарым бар. Қаланың ірі базарының бірі Ескі базардың кіре беріс маңдайшасына «Тарговый центр Қорқыт » деп жазылғанда Қазақша нұсқасы жоқ және қасында үлкен билбортта орысша жазылған бірдімелер тұр ұзағынан оқығымда келмеді түсініп соны, сосын отау тв деген дүңгіршекте түгелімен орысша жарнамалап жазған Қазақша нұсқалар тағы жоқ. Қызылордада кімге Қазақша түсіндіре алмай орысша жазып жүргендерін түсінбедім. Тек қана Қазақша тілде жазсада Сыр өңірінің барлығы ҚАзақ тілін жақсы біледі.Мен базардың әкімшілігіне кіріп Қазақшасын талап етемін деп жүрмін, басқада Қызылордалықтар болса мазалап жүріңіздер базар әкімшілігін сонда ғана егесі мемлекеттің тілді сыйлайтын болады. Тек Қызылорда емес басқа аймақтағы қандастарғада осындай әдіске көшуге шақырамын, орыс тілі басым болып бара жатыр. Мен базар әкімшілігіне кіріп шықсам сіздерге жария етемін жәнеде басқа жерлерден мемлекеттің тілді менсінбегендерге ескерту жасап жүремін жалпы өмірімде, солармен бөлісіп отырамын, сіздерденде осыны күтемін.
assar
ортадағы қыз талтайып әдепсіздеу отырған сиақты, бірақ ол талтайып тұрған оның аяқтары емес екі жағындағы қыздарың тізелері.