TOTY
+136.78

TOTY

Тоты

"Көктемнен" қалыспайық...

/ / 0 / 1042 / 0

Блогиада басталғалы көктеммен бірге Wordpress.com мен Kerekinfo блогтарына жан бітіп, блогшы қауым отауларына бас сұға бастапты. Біразына меймандап қайттым. Байқау серпін бергені көрініп-ақ тұр. Сапалы контент қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың бастамасы жаман емес сияқты. Көршілес блогтардан байқағаным, Бүркіт досым өткен-кеткен...

Үзінділер... (Қ.Шабданұлының "Қылмыс" романынан)

/ / 1 / 1035 / 0

Қаңтар-ақпан үздіксіз отырып, романды тұтас оқып шықтым. Ішінен теріп алған үзінділермен бөлісе отырайын: І- том: … Ие, адам баласын мұңдастық таныстырады, мұңдастық достастырады, мұңдастық бірлестіреді ғой… (130-б.) … Көңіл бұлты ашылғанда дүние көріктеніп, нұрлана қалғандай болатыны бар-ау… (330-б.) … Адам көзінің отынан...

Астанадағы өмір немесе ғаламтор үшін күз жоқ...

/ / 26 / 1321 / 0

Астанаға келіп, орналасып оны-мұныны түгендегенше қоңыр күздің де келгенін байқамай қалыппын. Қарбалас тірлік келе сала басталып кетті. Бұрын Астанаға бір-екі рет келіп кеткенім болмаса, көп дүниені бағдарлай қойған жоқ едім. Қазір көшелерін таптап, жұмыстан үйге қатынап жүргеніме бір айдан астам уақыт өтті. Шыны керек, жерсіне алмай жүргендікі...

Аспаны қабақ ашпаған Астана және "Құрылтай-2012"

/ / 54 / 1941 / 0

Иә, дәл былтырғыдай блогшылар жарыса талай-талай жазбаларды жазып-ақ жатыр. «Тойдын болғанынан боладысы..» демекші, бір күнгідей болмай, зу етіп өте шықты. Астанада өткен құрылтайдың да блогшылар үшін орны бөлек болатыны даусыз. Препати, сәулетті университет, жинақы пәтерлеріміз, баяндамалар, шулап-шұрқыраған блогшылар, танысулар… тағысын тағы…...

Сыйлық таңдауға кеңестер!!!

/ / 16 / 2880 / 0

Ертең 8 наурыз, әрине, сүйіктілеріңіз мерекеге орай сіздерден күтіп отырған сыйлықтар туралы айтпай кетуге болмайды. Айтпақшы, әлеуметтанушылар қыз-келіншектер қандай сый алғанды ұнататыны жайлы зерттеу жасап үлгеріпті. Сонымен, дәл қазір 8 наурызға лайық сыйлықтардың ОНДЫҒЫН атап өтсек: *ОНЫНШЫ орында гүлдер – бұл міндетті сыйлықтың...

"Керектегі" Сигма - Семейде жүр

/ / 25 / 1609 / 0

Өкінішке орай, фотоаппарат болмады қолымызда. Семейде күн-райы -35 көрсетіп тұр. Біраз уақыттан бері еңсем түсіп жүр еді. Ойламаған жерден «Мен — «Керектегі» Сигма ғой...» деп, Семейге іссапармен Атыраудан келген Алмас хабарласты. Кеше кешкісін тоқтаған қонақүйіне аяздатып іздеп бардым. Әбіләкім сияқты « шампанға тапсырыс бердіңіз бе » деп...

«Ракушка» туралы білгіңіз келсе...

/ / 6 / 3865 / 0

Шілде айында қаладағы құрбым Зухра Ақтауға жиен сіңлісін ұзата барып келген еді. « Каспийден теріп алдым, сен осындайға әуес едің ғо й» деп тойдың сарқытымен қоса бір уыс ракушкаларды қолыма ұстатты. Содан бері блогыма жазайын деп сәті түспей жүрген еді. Егер жаздыкүндері теңіз жағалауында серуендеген болсаңыз, құм арасынан толқын...

Жүгері жейсіз бе?

/ / 32 / 7581 / 0

Бала кезімізде күзді күні ауылдың айналасына егілген бидай, күнбағыс, жүгері алқаптары жайқалып тұратын. Біздер, яғни маңайдағы ұсақтар, шыдамай, бір-бір велосипедке мініп алып, егістікке барып, шала-мала піскен жүгері собығын шетінен ақырын үзіп, үйге әкеп, пісіріп жейтінбіз. Тұз сіңіп піскен бұрқыраған иісі де керемет еді… Ал қалада жаздың...

Семейде адам сенгісіз оқиға орын алды

/ / 13 / 1585 / 0

Семейде адам сенгісіз оқиға орын алды. Тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлаған бес жасар бүлдіршін, абырой болғанда, дін аман қалды. Шыңғыс Тәйтенов үйде жалғыз қалған екен. Сыртта өзімен қатарлас балалардың доп қуып жүргенін көрген ойын баласы терезені ашып, секіріп кетіпті. Бүлдіршін тура жерге түскен. Оқыс жағдайға куә болғандардың...

Шаштаразға бармай тұрып…білген жөн!

/ / 11 / 7610 / 0

Адам ағзасында шаштың өзіндік алатын орыны бар. Шаш – басқа дене мүшелерімен тең дәрежеде айналаңыздағы өткен оқиғалардың бәріне дерлік атсалысады. Сол себепті, адамның көңіл-күйіне байланысты шаштың түсі де өзгеріске ұшырап отырады. Айталық, жан-дүниеңізде көңілсіздік орнаған немесе науқастанған кездері – көмескіленіп, жұқара бастайды, ал...

«Көптің еңбегі-көңілді»

/ / 2 / 1254 / 0

Үш күндік демалысты пайдаланып, ауылға барып қайттым. Көкпекті ауданына апаратын жол Омбы-Майғапшағай халықаралық тас жолын басып өтеді. Осы тас жолдағы Семей мен Қалбатау арасының қалы өте мүшкіл еді. Жол сапасы нашарлап кеткелі, жүргізушілер де осы уақытқа дейін азабын тартып келген. Өйткені, Омбы мен Майқапшағайды жалғап жатқан...