Ат жарыс Ақтөбеде (фотолар)
Алдыңғы күні, яғни 10-ншы мамырда Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылындағы №10 орталық ипподромда Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 68 жылдығына орайластырылып ат жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Содан әдеттегідей қысқаша фотореп.)1. Аламан бәйге – 17 шақырым, бірінші орынға тігілген сыйлық Тойота Хайлюкс;
2. Құнан бәйге – 7 шақырым, бірінші орынға УАЗ Патриот;
3. 1600 метрлік жарыс, бірінші орынға Рено Дастер;
4. 1000 метрлік жарыс, бірінші орынға Лада Приора.
Бас демеуші «West Motors Servise» ЖШС.

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.
Міне, ақтөбеліктер мен қостанайлықтардың көптен бері күткен матчы қаламыздың басты футбол алаңында өтті. Қазақстанның футбол біріншілігінде принципиалды қарсыластар ФК Ақтөбе мен ФК Тобыл арасындағы кездесулер қашан да қызық болатын. Жексенбі күні, яғни 5-нші мамырда өткен кездесу соны дәлелдеді десек артық айтпаспыз. Дегенмен, ақтөбеліктер басты мақсатқа әдемі ойыннан гөрі нәтижені қойғанын байқадым. Бірақ футболда бәрін нәтиже шешпей ме?! Біз қостанайлықтарды өз алаңымызда жеңе алдық, оған да шүкір. Енді сіздерге сол матчтан өзімнің түсірген фотоларымды ұсынғым келіп отыр. Түсірілген 1200 фотодан маңыздылары мен сәтті шыққандарын іріктеп алудың өзі біраз уақытты алатыны белгілі. Өзімнің санауымша жаман емес шыққан фотолар жеткілікті болғандықтан оларды екі фотосетке бөлуге тура келді, сонымен төменде фотолар:

