Жарияланымдар

Kipshakkyzy
иә, сол кезде-ақ жібергем. Мерак етменіз. Жәй, ішімдегіні бір шығарып алайын дегенім да.
Kipshakkyzy
Бір жағымды жаңалық естімейтін болдық қой. Азғындаған қоғам.
Kipshakkyzy
Суреттер тамаша!  Азамат өлеңді мықты айтады екен. Молдабайды орындап жүрген Бекболат Тілеуханнан да асып түсті.  Сындым.
Kipshakkyzy
Біреудің қанын ішіп келгендей безірейіп тұрмын ғой құрсыыыын!
Kipshakkyzy
Алғаш қатыссам да кеш қатты ұнады. Жалғастың күлкілі әңгімелерінен күле күле әбден жағым талып қалды. Гаста ағаны негізі өмірде үлкеееен ағай деп ойлағам. Сөйтсем, мүлде басқа және жерлесім болып шықты.
Kipshakkyzy
Бірінші сурет пен төртінші сурет күшті шығыпты. Әсіресе бірінші.
Kipshakkyzy
Байқамайтын нәрсеңіз жоқ екен. Креативті жазба!
Kipshakkyzy
Бұзаудың ұзын кірпігіне, кішкентай сәбиге, аквариумға, теңізге, парктегі адамдарға, фонтанға тағы басқа көөөөп нәрселерге қарап отыра берсем жалықпаймын.
Kipshakkyzy
Қызықты ақпараттар екен! Вазелин үнемі жанымда жүреді. Бірақ қалай жеймін оны?!
Kipshakkyzy
Безрук деген қазақ кісінің есімі бар екен. Шығу тарихы: Безруктың әкесі cоғыста жүргенде бір орыс оны құтқарам деп, өзі екі қолдан айрылып қалған екен. Елге аман-есен жеткен соң әлгі орыстың есімін білмейтін болған соң оның құрметіне баласын Безрук деп азан шақырып, ат қойыпты. Естімеген елде көп.
Kipshakkyzy
КерекИнфоның стилі сияқты екен. Бірақ төрлет деген жазуы әдемі. Құтты болсын!
Kipshakkyzy
Мынадай заттар менде де бар. Қажеттілік үшін алғанмын. Бірақ коллекция деп айта алмаймын. Бір кісіні білем. Темір жинайтын. Машинаға қатты құмар. Бұзылған, ескі машина көрсе болды сатып болса да алады.Тіпті Германиядан машина әкеледі. Сатқанын сатты сатпағанын есік алдына жинайды. Қазір есік алды толып кеткен соң, інісінің үйінің есік алдына жинап жүр. Кейде таң қалам. Дымға жарамайтын темір-терсекті несіне жинайды деп.
Kipshakkyzy
Соңғы уақыттары мен де көп нәрселерді ұмытып қала беретін болыппын. Осыған алаңдап витамин қабылдап жүрмін. Бала кезімде фантастикалық кинолардың әсерінен мен де ойша өзімді уақытша жадтан айрылып, басқа әлемде жүргенімді кино сияқты көз алдыма лентадай елестететінмін. Құрсыыыын, бала кезімде ғой ол, қызық керек. Ал шындығында олай болғанын қаламаймын.
Kipshakkyzy
 Оқып болған соң ішкі әлемім алай-дүлей болды. Бір жылап алдым. Байғұс бала. Әке атынан садаға кетсін әкесі
Kipshakkyzy
Кофені жақсы көремін. Бұрындары күн сайын таңертең ішетінмін. Жүрегім жиі соғып кеткенін байқап, тоқтаттым.