Таңдаулы

blackbeard
Convict дұрыс айтады. Қаласаңыз да қаламасаңыздар да сол дұрыс. Өйткені құраннан сөз айтылып тұр. Хиджаб деген араб болу дегенді білдіреді деу құр далбаса. Өйткені, Ислам келгенге дейін арабтардың өзінде хиджаб атаулы болмаған. Хиджаб Ислам әмір етілген соң ғана келіп отыр. Демек, оны бір ұлттың салтына балау, анық адасушылық. Одан алдын хиджаб (орану) кию Аллах тарапынан келген барлық діндерде болды. Христиан, Яһуди әйелдері де Аллахтан үкім келген соң оранды. Сол үкімді қазірде Христиан шіркеулеріндегі әйел дін қызметкерлері ұстанып келеді.
Бірақ бұл жерді діни тартыс алаңына айналдырғым кеп тұрған жоқ. Егер ұнамаса тартыспай-ақ минус қоя салыңыздар. Риза болам соған да!
Салт деп жатырмыз ғой жаңағы бері. Егер мемлекетте хиджабқа рұқсат бермей қойса, онда шешінуден басқа жол қалмайды деген сөз емес. Қарындастарым әуретін жабулары үшін керек болса, орамалдарына ою тіккізіп, юбкаларын қазақи өрнектермен безендіріп беремін. Ал енді ұлттық киімге қарсы шығып көрсін…