Arular.kz
Рейтингі
+1115.81
Тәжірибе
3513.92

AKY

Таңдаулылар

#ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада

Блогиада! Бұл да бітті. Бұл да қу жалғанның мини-баламасы. Сондықтан басы бар, аяғы бар. Тек фәнидің фәнита кезінде ешкім миллион бермейді, ә? Иә, сонсоң мини-баламаның өзінің мини-баламасы бар екен ғой. :) Мен бәйгелеріңе кеш қосылдым. Бәйге — сіздердікі, менікі үлкен жолдың жанындағы шағын сүрлеумен...

#ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат

TABULA RASAны қоқыспен толтырайық, сонда кез-келген халықты қадап тастаймыз Жоғарыдағы цитатаның авторы өзім, бірақ әр бөлігін әлдеқайда милы да сыйлы пенделерден сызып кеткем. Адам санасын ақ параққа теңейді ертедегі батыс философтары. Соған қандай сызба сызасың, не жазасың, сонымен кетуге әзір. Қай заманда...

#ББББ. Секс арқылы ұпай жинағандар кімдер?

Көтек, етек! Өй, әрман, сендермен амандасып отыратын жағдай жоқ. Қай жерде секс деп жатыр, қайсы, қайсы? Ммм, Асау ботаңды ұрайын тақырып берген… Өзі тәндік аштықта жүрген адамға осындай тақырыптар оңай тиеді деп ойлай ма? Жақсы ма сол ал енді? Жарайды, жюрилер жылдамдығынан қайыр күтпейтін бұл заманда...

#БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?

#БББББлагослави вас, мүміндер! Дүдәмал шолушыларың сіздермен бірге. Сонымен, айналым 3, тур 7. Алғашқы блогиаданың алысқақтары «Математика» тақырыбын фоторепортаж түрінде көрсету қажет еді. Көрсетті де. Посттарды қарай отырып, не ой келеді? Тақырып пен формат біршама шекті көрінгенімен, тым қатты ноқалай...

Блогкемп сыйлаған достарым

Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне. Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт. Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым… Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім. Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай! Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті... Керекинфоға келуіме себепкер болған Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен . Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп...

ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия

Жәй ғана сканер термині төңірегіндегі пікірталас көп жайдың бетін ашып берді. Біріншіден — бірұдай пікірдің болуы мүмкін еместігі анық болды. Екіншіден, бұл енді аздап парадокс: терминді жариялы түрде талқылау — бәрібір жекелеген беделді арбитрдің «Осылай болад, бітті!» деген кесіміне зәру екен! Тәбет тамақ үстінде келетіні сияқты, талқылау технологиясын да өзгертуге тура келіп тұр. Келесі аптада, ұсыныстар мен аналитикалық ой-пікірлерді топтастыра бастамақпыз. Және тіл саласындағы кәсіби мамандардың да нобайы көрініп қалған сияқты, оларды пікірталастың плацкартынан салиқалы көзқарастардың VIP-купесіне көшіру үдерісі басталатын сияқты. Әйтеуір ең жақсысы — терминге ресми жауаптылар сияқты, кабинеттік талқылаудың, «Сабең біздің өз ағамыз, шал айтса — дәл айтад» сықылды көңілжықпастық қатынастардың бейшаралығын көрсетті. Соларыңыз үшін рахмет! Жаңалық күтіңіздер!

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс)

Осындай қауымдастық ашқым келеді. Бәрімізге реалда белсенділікке итермелесін деп, осындай конкурс жариялағым келеді. Реалдағы белсенділік, блогымыздағы мәтіннің де мазмұнын түрлендіріп, одан әрі қызық етеді. Әйтпесе, талқылайтынымыз кілең интернетке қатысты дүние, интернеттен көрген кино, интернеттен оқыған жаңалықтар, егер реал туралы жазсақ, көбіне ностальгия түрінде тек ескіні еске аламыз да қоямыз. Бұл сайыс блогосфераға жаңа дем беріп, реал өмірді де қызыққа толтырады деп ойлаймын. Қауымдастыққа әркім реалда қандай жақсылы-жаман іс бітіргенін есеп беру мақамында жазса, ештеңе бітірмегендер жазбаса да болады. Мақтану алаңы боп кетпей ме? — дейтіндерге айтарым, ия сондай-ақ бола қойсын, бірақ түбінде қауымдастық әр қайсымыз реалда істеген тірлігімізге көбірек көңіл бөлуге талпынамыз. Өтірік соғу-соқпауы әр адамның санасы мен ұятына жүк болсын. Осындай...