Таңдаулы

Nurgisa
Рақмет, бауырым! Айтқаның келсін.
Осындай жауһарларды жайшылықта да бір-бірімізге көбірек айтсақ, негативтер бәсеңдер ме еді… :) Ниетте екен ғой бар мәселе.
sammita
+ терді оқша боратып жүрген игі жақсы қайсың:))
blackbeard
срочно уйленуім керек боп тұр онда:))))
19852407
Ақпарат керек болса;
Дәурен Сейтжанов — оралдық әнші жігіт, жасы 30-дың аржақ-бержағында, бойдақ емес(ғашықтық сезімі қытықтап жатса,қыздардың құлағына алтын сырға).
Өнерлі отбасынан шыққан, әкесі кезінде сал-серінің дәуренін кешкен, анасы да әнші. Ізденімпаз жігіт былтыр өнердің қайнаған қара қазаны Алматыға тартып отырды. Бағын жандырып, көпшіліктің алдына алып шыққан осы — Таңғы қала әні.
Авторын ұмытып отырм, жоғарыдағы әнімен кезекті бір концерттің сахнасына шығуға Сержан Молдасанов сеп болыпты. Концерт алдында «осындай жаңа әнім бар еді» дегесін, тыңдап көріп, Сержан ұнатып, қатысатын әншілердің тізіміне қосып жіберсе керек.
Жалпы, Дәуреннің көз көрген әншілерден өзгерек екендігі анық. Бұдан да басқа, осындай стилдегі керемет әндері бар. Алла қаласа, болашақта ести жатарсыздар.
Nurgisa
Әуені жабысты да қалды… Ішімнен ыңырсып, айтып отырмын. Кешке дейін осы болады енді.
omarbirat
Онысы маған да кедергі емес, жалпы. Жай ұқсатқан түрім еді, әйтпесе дауыс өзінікі ғой :)
Қайта осындай топтар, орындаушылар көбейгені жақсы. Әйтпесе, сахнаға шығып, қақиып тұрып, ән айтып болып тік шығып кететін бірформатты әншілер жалықтырады ғой адамды.