Arular.kz

Your Vlog - Видеоблогерлер конференциясы

2016
04
маусым
2 күн
Баратындар
3
Конференция

Басталуы: 09:00


Бағасы: 5000тг.
Баратындар:
Байланыс:

Телефон: +77071465086

Skype: daniyaralan

Email: daniyaralan@gmail.com

Web:

Мекенжай:

Астана

BlogCamp: Your Vlog - Видеоблогерлер конференциясы

Мақсаты:
Жастардың интернеттегі, соның ішінде видео сигменті бойынша сауатын арттыра отырып, ақпараттық қауіпсіздік мақсатында, негатив видеороликтердің кең таралуына шектеу қойып, жағымды ақпараттар таратуға.
Қазнетте саны және сапасы жағынан орыс тілді контенттен әлдеқайда кемшін түсіп жатқан қазақы ресурстарды көбейту. Қазақ тілінде түсірілген Астана туралы видеороликтерді, 15 секундтық вирус видеоларды (vine) көбейтіп, жұртшылыққа кеңінен таратуға күш салу.
Әлеуметтік зерттеулер (пранк) арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы кеңірек білуге жол ашу;

Міндеті:
Видеоблог жүргізу әдіс-амалдары туралы семинар-тренинг өткізу;
Жергілікті видеоблогерлерді көбейту;
Анық, дұрыс бағыттағы видеороликтер мен видеоблогтардың санын арттыру;
Видеоблогерлерге дұрыс бағыттар беріп, қысқа мерзімді оқыту ұйымдастыру;
Видеоблогерлер арасында байланыс орнату;

Тренинг тақырыптары:
• Видеоға монтаж жасау әдістері;
• Vlog жүргізу тәсілдерін меңгеру;
• Инстаграм және Whatsapp әлеуметтік желілеріне арналған 15 секундтық вирус роликтер (vine) түсіру әдістері;
• Әлеуметтік эсперимент (пранк) жүргізу әдістері;
• Youtube видеосервисінің техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
• Youtube каналы арқылы ақша табу жолдарын (монетизация) меңгеру;

Ұйымдастырушы: «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры

Жұмыс барысы:

Арнайы таңдалған орында 50 адамнан кем емес аудиторияға екі күндік семинар-тренинг ұйымдастыру;
Видеоблогерге немесе жаңадан үйренгісі келетін жастарды құлақтандырып, шақырту жіберу;
Тақырыпқа сай тренерлерді анықтап, тренинг өткізуге шақыру;
Алғашқы күні семинар тренинг өткізу
Екінші күні түске дейін қатысушылардың меңгерген білімдерін практика жүзінде сынау үшін байқау ұйымдастыру
" data-width="600" data-numposts="5">

1 пікір

avatar
Аздаған білім базам бар. Тіркелу, сертификациядан өту туралы айта аламын :)

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.