ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер...

«Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді.
Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып, бармағыңды шайнатады. Оған жақсылы-жаман сан себептер бар. Дегенмен, жеке өз жауапкершілігіміз қайда?!
Айталық, ол жай улану емес — «сальмонеллез» не бір вирустық жұқпалы ауру болса ше?! Алып кетсе, дәрігерлер аурудың себебін анықтауға тырысып, жазылғанша оқшаулар ма еді?!
Бірақ, жо-о-оқ. Біз дәрігерге сенбейміз. Одан да жағдайды әбден асқындырып, алтын уақытты өлтіріп, бәрібір сол «жәмән» дәрігердің алдына барғанды артық көреміз…
Ал оған дейін не істейміз?


Оған дейін әр жерден естіп, санамызға сіңірген тұрмыстық ем-дом түрлеріне жүгінеміз. Одан қалса, кейбіреулер отырып алып, әлеуметтік желідегі достарынан ақыл-кеңес сұрап отырады. Әрине, ондай кезде әрбір «шәкәрімтанушы» табан астында медицина ғылымының докторы боп кетеді. Ал біздің оған сеніміміздің күші соншалық, кейде қарапайым қисын мен физика заңдылықтарға сүйенуді ұмытып кетеміз.
Ақтөбе облыстық жедел дәрігерлік көмек көрсету ауруханасының оташысы — Арыстан Базарбаев бұндай негізсіз әрекеттер кейде әрі-қарайғы медициналық көмекті қиындатып, кейінгі емге кері әсерін тигізетінін айтады. «Маса сойса да, қасап сойсын» деген әжем қазақ, олай болса, қадірлі оқырман, ағамның эксперттік қолдауымен, ХХІ ғасырда еш ғылыми негізі қалмаса да, әлі күнге өлігін сүйреп жүрген өтірік амалдардың «дамбалын сыпырып», әшкерелеуге рұқсат етіңіз.

Аса мәртебелі ғұлама — Әбу-Әлидің тегімен жаңсақ пікірлерді жазалау науқанын ашық деп жариялаймын!
Ибн-Сина!


10-орын. Тамақтан ұшынғанда немесе ауызға ұшық шыққанда, «жер ұшық беру» рәсімі көмектеседі.


Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Бұл ырым әлде ғұрып шамамен былай суреттеледі: «күн қызара батқанда, тура һәм ауыспалы мағынасында науқас адам күнге қарсы тұрып, сәлем беріп, жерге екі-үш рет жығылып, үйге келіп жылы оранып жатады», кхм-кхм, «кейде басынан асырып күріш, тары, тұз лақтырады»… Тұра тұрыңдаршы, өзім күліп алайын. Ә-хә-хә-хә!

Ұятты болсақ та, мойындауға тура келеді — жұрт тін жасушаларын клондау үшін шіркеулермен қырықпышақ болған заманда, осындай ырымдарға иланатын ақкөңіл адамдар әлі де көп.
Ұшық, яғни герпес суық тию арқылы емес, вирус әрекеті нәтижесінде пайда болады.Тері-венерология дәрігеріне көрінуге намыстанатын адамға бұндай ырымшылдық әдемі сылтаудай көрінер. Алайда, бүйткен экзотикалық «емдеу» тәсілінен науқас бірнеше күннен соң езуін жия алмай қалуы мүмкін. Тура һәм ауыспалы мағынасында.


9-орын. Үстіне ыстық қасық басу арқылы теріскенді емдеуге болады.

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

«Теріскенге тілағыңды көрсет» дегені де бар. Бірақ оны «науқастың көңілін көтеруге ғана арналған ырым» деп қоспадым. Әйтсе де, ыстық қасықпен теріскенді емдеу туралы аңызды атап өтпесе болмайды. Шын мәнінде, ыстық қасық тек теріскендегі қабыну барысын үдете түседі. Жара онсыз да пісіп, жарылады, ал ыстық қасық оның жылдам қабынып, тезірек жарылуына себеп болуы мүмкін. Бірақ, артық температура тап солай микробтың одан бетер тарауына көмек береді.
Сондай-ақ, ұрып алған, соғып алған, көгеріп қалған жерге де ыстық басуға болмайды. Керісінше, мұз басқан дұрыс. Тек мұзды тікелей емес, дәкеге орап басқан дұрыс. Өйткені қызарған, көгерген, ісіп кеткен жерге мұз кесегін тікелей басқаннан, онсыз да оңбай тұрған жер омбығып, жазылуы қиындай түсуі мүмкін.


8-орын. Мұрның қанаса, басыңды шалқайт!


Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Бұл шамасы, «жарық тамырдан аққан қан, басты шалқайтсақ, өзі шыққан тамырына қайта құйылады» деген нанымға сенген питекантроптар мәдениетінен бізге мұра боп қалған аңыз болса керек.
Шындығында қалай?
Мұрыннан қатты қан кетсе, сен басыңды шалқайт, еңкейт — қан тоқтамайды. Тек ағу бағытын ауыстырады. Мұрыннан кеткен қанның жерге аққаны не, ішіңе аққаны не, тоқтамаған соң бәрібір емес пе? Таңдай арқылы, аузыңа, одан өңешке түсіп, ақыры асқазанға бір-ақ өткен қан сені біраздан соң құстыруы мүмкін.
Сондықтан, бас шалқайтудың мұрын қанағанда пайдасынан, зияны көп.
Одан да:

1) Басыңды сәл алға еңкейт.
2) Мұрынның жұмсақ жерін екі саусағыңмен қыс.
3) Сосын әр секунд сайын мазасызданып, «тоқтады ма?» деп мұрныңды жіберіп, қарай бермей, мұрынды толық 10 минут қысып отыр. Аузыңмен дем ал.
4) Қан сонда да тоқтамаса, жедел жәрдем шақыр.
Жарайды, сен бәлкім ыстық қасықты өміріңде көзіңе басып, мұрын қанағанда ешқашан шалқайып көрмеген сирек пенденің бірі шығарсың. Дегенмен, келесі аңыздарды осы уақытқа дейін бұлжымас шындыққа балап жүргеніңе сенімдімін.

7-орын. Ашық, үңірейген жарақаттарға дереу бір мазь жағу керек!

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Кезекті қыртыған әңгіме. Біріншіден, түрлі мазь (жақпамай), крем-сремдер қанша жерден микробқа қарсы болса да, өзінің залалға қарсы әсерін бірнеше минут қана сақтайды. Одан кейін, оны нанға жағып жей берсең болады. Яғни, сары майдан еш айырмашылығы қалмайды. Әрі кетсе, бір сағат, Вишневскийіңдісс.
Екіншіден, қасиетінен айрылған кез келген «сиқырлы мазь» түрлі бактерия, шаң-тозаң мен кірдің сүйікті мекеніне айналады. Оның үстіне, жарақатты тазарту кезінде оташы-дәрігерге ондай мазь қосымша «геморрой» тудырады.
Одан да, ағын суға жараны мұқият шайып, үстіне спирттің әлсіз ерітіндісіне ( әлгі отырыстан қалған «Беленькая» болса да жарайды, баурым) малынған дәкемен бастырып қойыңыз. 40% спирт ерітіндісі дәрігерге жетем дегенше жаралы жерді күйдіріп те жібермейді, жараны көріп «сілекейі шұбырған» микробтарға да тосқауыл бола алады.


6-орын. Кез келген күйікке тіс пастасын жақса, тез жазылады!

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Бәріміздің басымыздан өтті-ау осы пункт. Қолымызға үтік басып алсақ та, үстімізге бір шелек қайнаған су төгілсе де, «Пастаны әке-е-е-л!» деген жанталасқан біреудің жан дауысы шығады.
Әйд-дә!
Айналдырып тұрып «колгейтті» жағамыз кеп. Рас, жаның көзіңе көрінгенде, жаға қойсаң, ашығаны тыйылғандай болады. Бірақ, тап сол мезет, тіс пастасы жарақатты ластап жатқанымен қоймай, күйікті әрі қарай зарарсыздандыруға кедергі болатынын білеміз бе?! Сенбесең, сау қолыңа паста жағып көр. Сосын оны алдымен құрғақтай, сосын сулап тазартып көр.
Паста жағу, жұмыртқа жару — қапелімде жараны жабатын да, шаятын да ештеңе таба алмасаң ғана, өзін ақтайтын әрекет. Қалған жағдайдың барлығында, мұз емес, ұн емес, басқа емес, ең алғашқы көмек ретінде, кәдімгі салқын су қолданылуы керек. Күйікті ағын суда 10 минутқа дейін ұстаған жақсы. Бұл денеге бойлап, тері мен етті күйдіріп жатқан артық қызуды біртіндеп азайтады.
Шаблон шытынады ма? Жартысына келдік, достым, әрі қарайғысы кәдімгідей қауіпті.


5-орын. Құлаған адамның барлығын орнынан тұрғызуға тырысу керек.


Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Айталық, үшінші қабаттан бір қасқамаңдай құлап қалды. Жұрттың қалыпты әрекеті қандай?
«Бауырым-бауырым, не боп қалды, тұра аласың ба? Көмектесейін бе?»
Арам ниеті жоқ біреу, әрине, құтқарушылығы оянып, жүгіріп барып, оны қолтықтап, көтере бастайды.
«Енді ше? Онда тұрған не бар?» демей тұра тұрыңдар.
Онда тұрған мынау бар:
Аяқ астынан, адамның ішкі құрылысын көріп тастайтын рентгендік қабілетің пайда болмайынша, сен құлап, тұра алмай жатқан адамның бес жерден омыртқасы омырылып жатыр ма, жоқ, асық жілігінің күл-паршасы шықты ма, оны біле алмайсың. Ендеше әрбір артық қозғалыс қайғылы жағдайға әкелуі мүмкіндігін есте сақта.
Қозғалыс кезінде, сынған сүйек өзінің табиғи қалыбынан тайып, қаңғып кетеді.
Әрі қарай не болады?
Өткір сүйек бөлшектері айналасындағы мүшелерді зақымдайды. Мойын омыртқасы шағылған жарықтықтың «басын көтерем» деп жатып жұлынын зақымдау да оп-оңай.
Осындай «жеген жәрдемнің» арқасында бірнеше айда аяғына тұрып кететін адамдардың талайы арбаға мәңгі байланған. Ал кейбірі көмек келгенше жан тапсырған.
Сондықтан, тағы да қайталаймын, білмесең — түртпеші бейшараны.
Одан гөрі дереу жедел жәрдемге телефон шалып, «скорый» келгенше, жай ғана әңгімелескенің дұрыс бейбақпен. Болды. Ал егер бейбақ сен болсаң, онда ештеңе болмағанын тексеру үшін атып тұрып, жүгіруге тырыспа. Шок әсерінен бұлшық еттерің сіресіп, сынған жерің бірден ауырмауы да мүмкін. Дегенмен, ақкөңіл бір «құтқарушы» келіп, жұлмалап жатса, қозғамай, жедел жәрдем шақыруын өтінген дұрыс. Жатқан жеріңе кенет өрт, топан су, не үлкен еменнің бұтағы төніп келе жатпаса, тырп етпестен кәсіби көмекті күт.


4-орын. Асқазанның жарасын сүтпен, айранмен не ас содасымен емдеуге болады.

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Шылғи өтірік.
Алдыңғы пунктқа қарағанда «ойбайы» аздау, әрине. Бірақ, бұл нанымның күштілігі соншалық, адамдар ұзақ жылдар бойы есі дұрыс ем қабылдаудың орнына, далбаса тірлікпен өзін-өзі алдап жүре береді.
Біріншіден, сүт пен сода тек уақытша ғана асқазандағы қыжылды әлсіретеді. Оның себебі — ас содасы асқазан сөлінің қышқылы бейтараптап, жараға түсіретін күшін азайтады.
Алайда, бұл амалдың ешқайсысы асқазан жарасын ЖАЗ-БАЙ-ДЫ!
Асқазан жарасының қоздырушысы көп жағдайда H.bakter pilori деген пәлекет екені медицинаға әжем заманынан белгілі. Оны емдеу бактерияға қарсы кешенді терапия арқылы ғана жүзеге асады.


3-орын. Қақалып-шашалған адамның арқасынан қағу керек.

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады
Бұл амалды қайдан көріп алғанымды қайдам, бірақ шартты рефлекс деңгейінде орындайтын боппын. Мәнсіздігін біле тұра, қайталай беретінімді қайтерсіз.
Бірақ, мамандар бұлай етуге болмайтынын айтудан шаршамайды. Самаурынның кернайын көсеумен соқсаңыз, күл мен күйенің басым бөлігі төмен түспей ме? Сол сияқты, шашалған адамды арқасынан қақсаңыз, дем түтігіне түскен тамақ бөлшектері ауыздан атып шығудың орнына, төмен, яғни өкпе жолдарына түсіп кетуі мүмкін. Ал бөгде зат өкпеге тереңдеп кетсе, мәселені одан әрі ушықтырған боласыз.
Не істеу керек?
Адам жөтеліп-қақалып жатыр ма? Кедергі келтірме. Арқасын қақпа. Жөтелуге көмектес. Алға қарай еңкейтіп, демін ішке баяу тартып, сыртқа лезде шығаруын сұра.
Айтулы отырыста аузына тыным болмай отырған бастығыңыз кенет шабдалының сүйегіне түйіліп, жөтелуге шамасы келмей, тыныс жолдары толық бітеліп, көзі шарасынан шығып, басын ғана изейтін жағдайға жетті делік. Ең болмаса, осы кезде, игі сылтауды қолданып, арқасынан жұдырықпен ұрып-түйіп, арасында сәтті пайдаланып көтінен теуіп алсақ та болатын шығар?
Үлкен өкінішімізге қарай, тағы да — жоқ.
Не істейміз?
Анау жоғарыда ыңғайсыздау позада тұрған жігіттерді көрдіңіз бе? Жоқ, олар Сатпаев пен Гагарин көшелерінің қиылысын меңзеп, ұлы тұлғаларды масқаралау үшін тұрған жоқ. Олар сізге Геймлих әдісінің дұрыс орындалуын көрсетіп тұр. Әдістің атынан да шошынуыңыз бекер, себебі әлденеге түйіліп өлгелі жатқан адамды құтқарудың бірден бір жолы — осы.

Геймлих әдісі:
1) Түйілген адамның артынан келіп, белінен құшақтаймыз.

2) Мақсатымыз сормаңдайдың желкесін иіскеуден ләззат алу не қабырғасын сындырып, суплекспен жерге қадау емес, сондықтан құшағыңыздың түйіскен жері қабырғадан сәл төмен, белден сәл жоғары, яғни кіндігінің тұсына келгені дұрыс.

3) Өзімізге қарай және сәл жоғары бағытта күшпен тартып кеп қаламыз. Дем түтігі бөгде заттан босағанша, бірнеше рет, жасаймыз.

Абайлаңыз, дем түтігі толық бітеліп, демала алмай жатқан сәбилерге бұл әдісті жасауға болмайды. Олар өте нәзік болғандықтан, бір жерін зақымдап алуыңыз мүмкін.
1-2 жасқа толмаған бөбекті аяғынан ұстап, басын төмен салбыратып көтереміз де, арқасынан қағамыз. Арқадан қағу әдісі өзін ақтайтын жағдай жалғыз осы ғана сияқты.


2-орын. Бит жесең, сары аурудан жазыласың!


Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Бұны да бір ерте Мезозой заманынан қалған ертегі деп білемін.
Бұл сенім екінші орынға өзінің ақылға сыймайтын абсурдтығы нәтижесінде ғана емес, адам өміріне қауіптілігі арқасында да шығып кетіп отыр. Сіз күлерсіз, бірақ бұған сенетіндер өте көп. Әлдекімдер осы қауесеттің арқасында, бит-сіркеден «тиын істеп» те жүр. Классика!
Біріншіден, сары аурудың себебі механикалық, яғни өт жолдарының бітелуі және жұқпалы ауру, мәселен, вирусты гепатит болуы мүмкін. Гепатиттің А түрінен үйде жатып та емделуге болады. Ал ауруханаға, әдетте науқасты тек басқа адамдарға жұқтырмау үшін жатқызады. Сондықтан, үйінде жатып емделгендер «бит жеп емделдім» деген қауесет таратады. Бұл, әрине, — битсүйер қауымның жолы болғандағысы.
Екіншіден, Гепатиттің В, С түрі тек қана ауруханада жатып емделеді. Әдетте инфекция бөлімі бұл ауруды жақсы емдей алады. Егер науқас үйде жатса, мейлің ол нанға сірке жағып, биттен сорпа ішсе де, гепатиттен жазылмайды. Керісінше, қарапайым сары аурудан басталған гепатит бауыр циррозымен бітеді. Оның арты өңештен қан кетуге ұласып, науқас өзі жеген биттің соңынан жәһаннамға аттануы мүмкін.


1-орын. «Уксус ішем де бірден өле қалам!»

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады
Айталық, дәстүрлі дәрігерлерден де, қияли наным-сенімдеріңізден де үмітіңізді үзіп, бұл ит-шошқа дүниемен біржола қоштасуға бел будыңыз. Осы кезде «Шіркін-ай, тап ана Семенның атасы секілді сірке суын ішіп жіберсем — аяғым тыраң еткен күйі ажалдың ыстық құшағына жата кетер ма екем...» — деген сияқты тәтті мұңға бөленуіңіз мүмкін.
Босаңсымаңыз!

Қу қауесет сізден мұнда да айласын асыру үшін, бір көзін ашып, бұқпантайлап аңдып отырады. Себебі, «уксус ішсем, қиналмай, жылдам өлем» деген түсінік те — көміп тастасаң, қайта атып шығатын мыстан кемпірдей қарманып, тырбанып жатқан өлімі жоқ өтірік.
Әйтсе де, жан сақтау бөліміне түскен сорлы дегустаторлардың міскініне бір қарасаңыз, соңғы күдігіңіз, бәлкім үмітіңіз толықтай сейіледі. Себебі, халық ауыз әдебиетінің айласы өз алдына, дәстүрлі медицина қалғып-мүлгіп отырмай, сізге Семенның атасы шыжғырылып жатқан тозаққа бірінші рейспен ұшып баруға мүмкіндік бермейді. Сірке суын ішіп, ұзақ әрі азапты өліммен өлу үшін, бұл «зәм-зәм судан» бірнеше рет жұтуыңыз қажет. Ал өзіне қол салушылардың көбісіне тән тостсыз тартылған бірінші рөмкіден ауыз тие сала қашатын кемшілігіңіз болса — өмір бақи мүгедек болып өтесіз. Өзіңізге де сол керек.
суреттер:flickr.com,www.topauthor.ru


Қорытынды орнына


Осылардың барлығын қоссаң да, миға сіңу тереңдігі мен ауқымы тұрғысында қазақтарда ең көп тараған «көз өту» және «суық тию» деген екі қауесеттің шаңына ілесе алмайды. Бұл өтірікті кейбір «дәрігерлер» мен медбикелердің өзі диагноз қоя алмай басы қатқанда оңды-солды таратып отырады. Ара-тұра газет-журнал оқып қоятындары бұған «үмүнитет ғо» дегенді де қосып қояды. Қазақтар да кез келген адамдар сияқты мыңдаған ауру түрлерімен ауырады және оларды емдеуді тек қана білікті медицина маманына тапсыру керек.

Ізгі ниетпен,
Арыстан Базарбаев және Асқар Базарбай

Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    114 пікір

    qonyrbai
    Мұрным көп қанай бермейді. Бірақ басымды шалқайтатыным рас.
    qonyrbai
    Жатқан жеріңе кенет өрт, топан су, не үлкен еменнің бұтағы төніп келе жатпаса, тырп етпестен, кәсіби көмекті күт.
    satibaldi
    Әрине, ондай кезде әрбір «Шәкәрімтанушы» табан астында медицина ғылымының докторы боп кетеді.
    Мойын омыртқаның ең әлсіз тұсын тесіп тұрып атты нақ, сұйықтық атаулының барлығы ағып кетті
    zholantai
    аркадан кагуды орындайм, аркадан кагып турып осы арекеттин пайдасы жок гой деп ойлаумен боламын
    satibaldi
    жұрт тін жасушаларын клондау үшін шіркеумен қырықпышақ болған заманда, осындай ырымдарға иланатын ақкөңіл адамдар әлі де көп.
    Fireworks выражении!!!
    Anar70
     қолымды буға күйдіріп алғанда «колгейт» жаққам)))) енді ұялып отырмын)
    satibaldi
    Тап саған бәрі кешіріледі
    Anar70
    а; не дид; сен кешіресің бе?
    satibaldi
    Енді, өзің айтшы: что с тебя взять, кешірмегенде?
    qonyrbai
    Ненің буы екенін білуге бола ма? Әйтпесе, қазіргі студенттер жастық шақтың «буына» күйіп жүр. Colgate-ті пайдасы тимейді-ау мұндайда.
    Anar70
    судың буына)))) жастар жастық шақтың буына күймеу керек, лапылдап, өрт болып жану керек)
    satibaldi
    науқас, өзі жеген бит соңынан жәһаннамға аттануы мүмкін.
    Korkem
    )))))))))))) базар жоқ!
    AKY
    Сары аурудан бит жеп емделгендерденмін
    Korkem
     әжем айтатын, битті айранға қосып берсе ол бауырға барып жабысады да арам қанның бәрін сорып алып сосын өліп кетеді. Сосын андай не ғой… шығып кетеді деп  сары ауру болған сіңліме ауруханада бірге жатқан кезде біреуден сатып алып ешкімге айтпй ішкізіпті. Рас-ей содан кейін сіңлім адам боп кетті
    Gastarbaiter
    Мәңгі жастық эликсирі:

    Өлген итті сойып, ішегінен шықпаған нәжісін аламыз да оған әлі жұмыртқаламаған бақаның қанын тамызып, үстіне етегі түрілмеген қыздың сідігін құямыз. Ыржаной хлеб батырып жеген дұрыс.
    sammita
    ия, сары ауру деген желтуха, ол Гаста айтқандай прям А, В, С гепатиті емес. ағзадағы билирубиннің артуы. осы желтуханы емдейді-мыс битпен.
    Gastarbaiter
    Саммита, оны мен емес, дәрігер практик айтып отыр, непосредственно бауыр мен өтке ота жасап жүрген маман. Сосын, мына жерді көрмей қалған сияқтысың:

    Біріншіден, сары аурудың себебі механикалық, яғни өт жолдарының бітелуі және жұқпалы ауру, мәселен, вирусты гепатит болуы мүмкін.
    Терминдерге қатты сүңгімей-ақ, «Сары ауры» деген себеп емес, салдар екенін түсінген дұрыс.
    Билирубинның артуы да салдар. Яғни, «Сары ауру» «аурумын нақ!» деп жағаңнан алған атына қарамастан, небары симптоматикалық кешен. Яғни, терінің сарғаюы. Ал оған бірнеше себеп болуы мүмкін. Сондықтан, егер азғындық инстинктіңіз асқынып, қалай да биттерге «сезон охоты» жариялағыңыз келсе, ең болмаса, алдымен, «сары ауруыңыздың» себебін анықтап алыңыз.
    Себебі жеңілдеу болса, алақаныңызды ысқылап, битке тапсырыс беруге дайындала беріңіздер. Тек абайлаңыздар, жөйттің тасынан жүн қырққандар «бастың биті» деп жәлептердің мандавошкасын «пихайттап» жібермесін. Әйтпесе, жеңіл-желпі науқасыңызға, Венера апайдан тағы бір букет «сыйлық» табыс етілуі мүмкін.
    Соңғы түзету:
    sammita

    алысқа бармайын, әжемнің өз аузынан естігем:
    «атаң 70 жылдары ауруханаға түсті, сары ауру деді. Содан врач бит тауып әкел деді. (ол жылдары би табу проблема болып па). Айранға қосып ішкізіпті бірнешеуін».
    Содан жазылыпты-мыс. Бұл жерде өзі ауруханада жатқан адам әрине дәрі-дәрмек емінен де жазылуы мүмкін. Факті сол-врачтың өзі алдыртқаны битті.

    тақырыпқа сай:
    1. Өкпе ауруына иттің еті -дәру.
    2. Тұмауға қайнаған ыстық сыраны ішіп, бүркеніп жата қалу не бұрыш салынған 100 грамды қылқ еткізу.
    3. Сәбидің ыстығын арақ сылап түсіру.
    4. Көзге теріскен шыққанда, саусаққа қызыл жіпті байлау.
    5. Тамақ ауруына йодтан сетка сызу.

    осы туралы ойың
    qonyrbai
     Мен де қызыл жіп байлайтынмын. «Йодная сетка» жасайтын еді моқын.
    Gastarbaiter
    Бұлардың көбісі, адамзат кейбір аурулардың табиғатын түсінбегенде, себебін түсінбегенде туған әдістер. Біріншіден, еш адекватты ем жоқ болса жақын арада, "қарап отырғанша бірдеңе істейін енді өлемін бе?" дегеннен туған. Көптеген майда-түйек науқастардың симптомдары ауыр болғанымен, себебі кейде қарапайым болады, кейбір жеңіл симтомдардың себебі, сәйкесінше, өте күрделі болып жатады. Мәселен, температура 39-болса, ойбайды саламыз, 37 болса, "өй, түк етпейді" деп жүре беруіміз мүмкін. Ал 37 градус температураның себебі, 39 градустан қиындау болуы мүмкін.
    Ал кей ауруларды организм қиналып, тыраштанып болса да, өз күшімен жеңіп жатады. Кейде бір аптада, кейде бір айда. Ағза өзі шайқасып жатқанда адамға кейбір ем түрлері уақытша назарын аулап, өзіне «пайдалы бірдеңе істеп жатырмын» деген ойды қажетсінеді. Бары сол. Адам ағза өзін өзі жазатын құдіретіне сенбейді, сондықтан, "өзім өзімді емдедім" деген ойға ойысады.
    Иттің еті — дәрілік көмек жоқта, түрмеде өтуі мүмкін. Ал өзін статистика деңгейінде мың, миллион мәрте дәлелдеген жолдары бола тұра, иттің етін жеу… ну енді...қараңдар өздерің.
    Соңғы түзету:
    sammita
    Біріншіден, сары аурудың себебі механикалық, яғни өт жолдарының бітелуі және жұқпалы ауру, мәселен, вирусты гепатит болуы мүмкін.
    менің түсінігімде сол Боткин ауруы гепатиттің ең жеңіл түрі.
    AKY
    деп жәлептердің мандавошкасын «пихайттап» жібермесін. Әйтпесе, жеңіл-желпі науқасыңызға, Венера апайдан тағы бір букет «сыйлық» табыс етілуі мүмкін
    MamaAya
    Естігем тағы күйгенді зәрмен (кіші дәретпен, сідікпен) де емдейді деп. Эффект қаншалықты жағымды екенін солай емделушілер білер?!
    Ал ана мұрны қанағанда қанын жұтқызып шалқасынан жатқызып қоюшылар логикалық тұрғыдан ойлану қабілеті таяз немесе төмендеулер болса керек.))) Менің тағы бір қосқым келетіні, емделудің ырыми түрі емес, медициналық емделуден кейін сақтық шараларын дұрыс қолданбаудың зардабы туралы айтқым кеееп отыр.))) Кей балаларда туылғанда тіл асты еті тартыңқы «короткие уздечки языка» деген патологиямен туылуы кездесіп тұрады. Оның кесірінен баланың емуі қиын, сүтке шашалып, қақалып нәтижесінде емшектен ерте шығып кетеді екен. Кейін тілінің мүкіс болу қаупі жоғары екен… Егер оны қан ұюын тексеріп барып тілдірсе, қалыпқа келіп кетеді кен. Бірақ біздің қалада осылай тілдірген 6 айлық баланы осындай миниоперациядан кейін шалқасынан ұйықтап жатып өз қанын жұта беріп соңында қайтыс болғанын естігенбіз. түүүй созып кеттім ғой, жеткізе алмаятырм Жалпы айтқым келгені не ғой, егер осындай жағдайға тап болып жатсақ есімізде болуы керек дегенім ғой...
    bizbike
    Сондай операция жасаудың шынымен қажеттілігі бар ма екен? Менің қызыма да кестірту керек деген, бірақ түк те істеген жоқпыз. Тым жақсы өсті, емді, қазір тек р дыбысын кейде анық айта алмайтыны болмаса, ақылды қыз болып өсіп жатыр. Негізі ондай жағдайлар көп қой, емізіп жатып ұйықтап кеткен, тұншықтырып алған, өз сілекейіне қақалып қалған. Құрттай балалармен өте сақ бола керек. Бір жағдай есіме түсіп кетті. Бесікте жатқанда жылай берді бір күні. Не екенін түсінбедік ақыры, сосын қолбағын шешіп қарасам, саусағына шаш оралып қалып, қысып жатыр екен. Ондай да жағдайлар болады, әрең қидық ана шашты.
    SamayaSchastlivaya
    Р-ды анық айта алмаудың өзі мін болып табылады емес пе? Қазір не че, өскенде ол баланың өзіне көп кедергі болуы мүмкін, комплексовать етуі мүмкін. А так короткие уздечки ақыл естің ауытқуына, дамымауға қатысы, әсері жоқ деп естігем.Кестіру түк те қиын емес,,, ол жатып ұйықтай беретін кезден өтіп кетті ғой…
    bizbike
    Мен оны мін деп санамаймын, көп журналист, репортерлардың өзі, тіпті аудармашылар да жүр сол дыбысты анық айтпай-ақ, керісінше бір ерекшелік сияқты.
    SamayaSchastlivaya
    білмеймін, өзің білесің ғой, тек мен мүмкіндікті пайдаланар едім. Ол тартылып тұру бәрібір дискомфорт болар ол балаға, комфорт жасауға тырысар едім… )))
    VKM
    Асқар, жазғандарың әйбәт, көз тиіп кетпесін
    ademi_alem
    4 апта бұрын болған жағдай. Өскеменге Алматыдан нағашы апайым жұмыстарымен бір аптаға келді. 4 жасар ұлын үлкен ұлы (студент) қарап қалды сол жақта, Арада үш күн өткеннен кейін баласы:
    — Мама, Нұрислам ауырып тұр. Құса береді, құса береді, — деп хабарласты. Ал апайым «Ештеңе етпейді, ұшынып қалған болар. Дәріханаға барып ана дәріні алшы» деп жатты. Төртінші күні тағы да хабарласып:
    — Мама, құсуы тоқтамай жедел жәрдем шақырдым. Олар да ұшынып қалған болар деп дәрі жазып берді. Бірақ одан бұрын ауруханаға жатқызу керек деп айтты, — деді. Апайым тағы да «Ештеңе етпейді, мен екі-үш күннен кейін барамын. Жазып берген дәрісін алып бер» деді.
    — Жедел жәрдемдегілер «Егер бауырыңды ауруханаға жатқызғың келмесе бас тартатындығың туралы қолхат жазып бер деп айтты» деді. Апайым «Жаз десе дазып бере сал. Мен кеткенде ғана сап-сау балаға не болуы мүмкін. Мені күтіңдер, жұмысым біте салып барам» деді. Алтыншы күні түнгі 22.00-ге қарай баласы тағы да хабарласты:
    — Мама… мама… — деп жылап тұр. Сөйтсе бауырымның соқырішегі жарылып кетіпті. Жедел жәрдем шақыртып ауруханаға апаруға тура келіпті. Дәрігерлер "Қолдан келгенді жасаймыз, бірақ ештеңе деп уәде бермейміз" депті. Дәл сол күнге не пойыыз, не ұшаққа билет жоқ. Операция жасап болғаннан кейін барып жетті Алматыға… Осы бізді «ЕШТЕҢЕ ЕТПЕЙДІ» құртады! ((((((( Алла сақтап, бауырым аман қалды. Бірнеше күн бұрын жан сақтау бөлімінен шықты.
    Соңғы түзету:
    qonyrbai
    Маған да соқырішекке екі рет ота жасалған. Жедел жәрдем шақырмасақ, ішегім поқ етіп жарылатын еді. Құлаққа сыздауық щыққанда да сол. Дәрігерге барып көрінбесем, ота жасалмай, құлақтағы ірің миға кетіп, осы кезде бұл пікірді жазып отырмас едім.
    ademi_alem
    Не үшін екі рет?
    qonyrbai
    Бірінші отадан кейін он күндей жаттым. Брашқа сыйлықты алдын-ала немесе отадан кейін бірден беру керек екен. Ол ептібайымайд падарке алмаған соң, маған дұрыс қарамаған. Тіккен жібін үзген де қайтарып жіберген. Үш күннен соң екінші отаға түстім. Іріңдеп ісіп кеткен екен. Екінші сыболыш браш, әйтеуір, дұрыстап емдеді. Негізі, соқырішек деген тіс жұлдырғандай оңай өтуі керек.
    Gastarbaiter
    Сыйлыққа қатысы жоқ, адам апендициттің бәріне ақша сұрай берсе, шіріген бай болар еді. Өзіміз бүлдіреміз қарамаса, ақша беру керек деп, ақша алып тұрып дұрыс жасай алмайтындар болады. Дәрігер біліктілігіне байланысты.
    Gastarbaiter
    Қысқасы, ақша берсең, дәрігер сыпайырақ болуы мүмкін, қымбатырақ материал қолдануы мүмкін, бірақ одан білікілігі жоғарылап, қолынан келмейтін нәрсе кенет қолынан келетін боп шықпайды.
    omarbirat
    Арқадан қағу шынымен көмектеседі деп ойлайтынмын. Өзім істеген емеспін, бірақ айналамдағылардың істегендерін көп көремін
    MERmukhanov
    тіс пастасына қатысты - танымал миф
    Arys_arlany
    күйікке тіс пастасын жағу туралы, жалпы күйік түрлі болады ғой. Бұрын ауылда папам азанмен матациклге бензин құйып келуге жұмсады. Ижды заправит етіп алып қайтып келе жатсам, алдымнан бір быратан шығып қалды. Алдын «газ» беріп жүрген оң қолды босатпай, сол қолды көтеріп, «сәлем» ишарасын білдіруші едім. «Газды» (жылдамдықты) реттеп отыратын оң қолды жіберіп, қол көтеруді енді үйреніп жүргем ғой (ауылдағы типы балалық понт қой). Содан ана быратанға оң қолымды көтеріп қалдым, алдымнан «крутой» бұрылыс шығып қалды да, рөлге ие бола алмай қалып, «ижім» бір жаққа жантайды, мен тура барып, жалаңаш саныммен (шорты бұтымда) қызып тұрған «гүліштіліге» «быжт» еткізіп құладым. Ана быратн "Әй не болды " деп бұрылғанына қарамай, намысқа тырысып, «кикстатерді» бір теуіп, үйге тарттым. Келе сала бір пастаны сығып тауысқансың ғой)))))))
    Екінші рет, поляда шабық шауып жүріп түсте обед істейміз. Қашанда тамақ «мәселесін» мен қозғаймын да, обедтің қамына кірісіп кетемін. Ой поляда піскен тамаққа жетпейді ғой. Содан бір күні тамақ пісіріп жатып, тұзын көрейін деп қақпағын ашып қалып, буына саусақтарым күйіп қалды. Айдалада қайдағы паста болсын. Саусақтарым ашып бара жатыр, бір амалын жасау керек. Соның алдын ғана естігенім бар еді, күйген жерге кір сабын жақса күйікті басады екен деп. Шайладан кір сабынның қалған құтқанын тауып алып, күйген жеріме жақтым. Сразу басылды.
    Мұрын қанағанда бас шайқау дегенді бірінші рет естіп отырмын. Әскерде жүргенде (Ақтау, морпех +45), жазғы оқу кезеңі басталғанда, осы мұрын қанау мәселесі мені де айналып кетпеді. Күннің астында (+45 ыстық бар ау) ауыр жаттығу істеген сарбаз оңсын ба? Построениеде тұрсаң, мұрын астынан жып жылы бірдеңе «жылт» ете қалады. Бір екі рет аққаннан кейін, мұрында қалғанын ағызып тастап, жұмсақ жерінен мықтап қысып ұстап, басыңды артқа қарап шалқайта ұстап тұрасың. Шамалы уақыт ғана. Сап тыйылады қан. Бірақ, білмим мына жазбада басты шалқайта ұстау қанды ішке ағызады депті ғой. Өзіміз әскерде солай тоқтаттық қанды.
    Айтпақшы, бір кісі айтып еді, асқазанның емі күніге айран ішу деп. немесе, күніге жатарда айран ішіп жатқан адамды асқазан мазаламайды дегенді. Соған әлі күнге шейін сенемін, солай болса екен деген ішкі тілегім де бар. Ауылда өскен әр бала асқазан иммунитеті жоғары болуы сол айран-сүттің арқасында ғой. Айран — асқазанға мыңда бір ем! опшым осындай ойлар есіме түсіп кетті ғой.
    Gastarbaiter
    Ал мына пікіріңіз енді классика.
    Жоғарда айтылғандардың нағыз өліп болмайтын миф екенінің дәлелі.
    Бірер сұрақ:
    1) Мұрын қанағанда бас шайқау туралы қай жерден оқып отырсыз?)
    2) Мұрныңыздың қанағаны бас шалқайтқаннан емес, мұрныңызды қысқаннан тоқтады.
    Сенбесеңіз, шлангаға су толтырып, бір шетін көтеріңіз. Судың бәрі ағып кетті ме? Ендеше ішіне қайта су толтырып, енді бергі емес, арғы басын көтеріңіз. Су бір хрен ағып кетеді.
    Түсінесіз бе, гравитацияға пох, су құйылған шланганың Камасутраның қай позасында тұрғанына. Егер астын қысып, не бітеп тосқауыл жасамасаңыз, ол бәрібір ағып кетеді.
    Қуанышымызға орай, (кей жағдайда өкінішімізге орай) қанның ұйып қалатын қасиеті бар, сондықтан, шланганың жағдайындағыдай үнемі қысып тұрудың қажеті жоқ, көбінесе, біраз уақыт қысып ұстаған соң, жіберуге болады.
    Ал басыңыздың позасы бұл жағдайда еш рөл атқармайды.

    3) Айранға қатысты. «Пайдалы нәрсе мен „ем“ деген нәрсенің арасы жер мен көктей. Осыны қазақтар мықтап ұғып алса, өздеріне жақсы, дәрігердің ештеңесі кетпейді. „Мың да бір — ем“ деген тізесі шыққан түсінік. Пал туралы да солай айтады.
    Ағайындар, мың да бір ем деген сөз — МИФ!
    Бұндай түсініктегі адамның деградациясының келесі сатысы — Малахов шоу мен Уринотерапия.
    Егер аурудың бәріне бір ғана дауа болса, дәстүрлі ғылым оған баяғыда назар аударар еді.
    »Мың да бір пайда!" десеңіз бір жөн. Себебі, ауырмайтын жол іздеу мен аурудың емін іздеу екі ұғым. Біріншісі әлбетте оңай. Бірақ бәрінің қойғаны бар ол фактқа.
    Соңғы түзету:
    Arys_arlany
    бала кезімізде мектептің ауласынан жыланның түлеген терісін тауып алдық. Орыс тілінен сабақ беретін апайымыз «мұрын қанағанда жақса, қанауын тоқтатады екен. жыланның терісі мыңда бір — ем» дегені есімде қап кетіпті. ауылға барғанда сол апайға айтпасам енді «сіз сол кезде бізді мифқа тәрбиелепсіз» деп )))) ауылда өскен әрбір бала «мыңда бір ем» деген сөзді санасына сңіріп әкелді ғой. Кейін ақылы толыққанда өзі саралап, ее бұлда бір пайдалы зат екен ғой деген ұғымға ауыстырар
    MamaAya
    Әселмен, балмен, медпен немесе прополиспен бе, тозаңымен бе емделу екінің біріне дауа бола бермейді, аллергиясы бар адамдарда кері әсер жүріп тұншығып, не қышыма басып кету қаупі жоғары… Әселді ойсыз біреу мыңнан бір ем депті деп, тампон жасаған әйел тамағы ғана бітеліп, тамағы ғана қышып қоймай, вообщем қиын жағдайда қалғанын естігенбіз)))) Мырс-етіп күлдік те қойдық…
    Gastarbaiter
    Әселді ойсыз біреу мыңнан бір ем депті
    Иә, мен де біраз уақыт Әйгерім туралы сондай пікірде болатынмын.
    AKY
    Ауру тісті есікке байлап тартып қалу ше?
    satibaldi
    Есіктің ручкасы ұшып кетіп, бір қой стоматологқа баруына тура келген бір ағамыз бар, қазір шүкір — Аид патшалығында
    Gastarbaiter
    Біреулердің амалсыздан, шарасыздықтан жасаған әрекетінің бәрін жалғыз панацея де есептейтіндер көп.
    satibaldi
    Дәл осы жағдайды айтып берейін. Долбаебизм — зашкаливает, шамамен «Мың бір түндегі» — «Туысқандарымның тоғышарлығы» дегенге келеді, асып кетпесе.
    Ә. ағамның тісі ауырады. Құрт жемеген, ішінен ауыра ма, очм сондай. Астында мотоциклі бар, екі аттаса — поликлиникадағы жеңгейге жетуге болады ғой. Жеңгей дәрігер айтпақшы! Жоқ білә. Әбден ызаланып, тісін капронмен байлап, есіктің тұтқасына жалғап қойып, бір тебеді ғой. Есікпен бірге ұшып түседі, хуле. Тіптен жынданып — кәдімгі қаззақтың қара пласкаутсымен қысып алып, тартып көреді, тісі қанап, ауырғаны басылады, бірақ беті күмпиіп ісіп кетеді.
    Солайымен жұмысқа кетіп қалады. Жұмыстан келгесін, түрін көрген жеңгем ойбайлап, ауруханаға қуады. Ептібайымайдтың — сепсис боп кетіпті(((
    Қатты ақылды емеспін, бірақ долбаебизмнің мен көрген бір түрі осындай.
    zholantai
    Сепсисқа жеткен болса, онда ужсс
    satibaldi
    Содан кетті деп отырмын ғой.
    zholantai
    Тіске, тіс ауыруына елеусіз қараудың өзі қазақский стереотип па дейм, көрші ауылдың бір кісісі тісін жұлдыртып, артынша: «ой, тіс ғо не ғылар дейсің» деген немқұрайдылықпен суық сыра ішеді. Ертеңіне аттанып кетті. Суық сыра жұлынған тіс орнымен миға шауыпты
    Gastarbaiter
    Суық сыра жұлынған тіс орнымен миға шауыпты
    zholantai
    дәрігерлердің түсіндіргені: тістің түбіне байланған жүйке талшықтары мен қан тамырларын суық ұстаған, миға өткен
    qonyrbai
    Сонда суықтың әсері болды ма, әлде сыраның кесірі ме?
    Gastarbaiter
    инфекция бауырым, тіс жұлған соң, орны тынышталып, қан ұйып, тесік тамырлар бітеліп, организмның қорғаныс жүйесі толық "әскери" дайындыққа келмейінше екі сағат тамақ ішпеуді ермек үшін айтпайды ғой дәрігер.
    Соңғы түзету:
    Gastarbaiter
    Осылардың барлығын қоссаң да, миға сіңу тереңдігі мен ауқымы тұрғысында қазақтарда ең көп тараған «көз өту» және «суық тию» деген екі қауесеттің шаңына ілесе алмайды. Бұл өтірікті кейбір «дәрігерлер» мен медбикелердің өзі диагноз қоя алмай басы қатқанда оңды-солды таратып отырады.
    zholantai
    Бұл өтірікті кейбір «дәрігерлер» мен медбикелердің өзі диагноз қоя алмай басы қатқанда оңды-солды таратып отырады.
    әбден мүмкін
    Gastarbaiter
    Тіпті тістің іскенін, бірде жағыма мұз қойып қайтардым десем ше?
    zholantai
    ай, қайдам, қызыл иектің іскенін мұз басып қайтару дегенге сену қиын
    Gastarbaiter
    Неге? Қай діннің не ғылымның заңына қайшы кеп тұр?
    zholantai
    қайшы келетін, келмейтінін қайдам, әйттеуір сене алмайм, дәлелім де жоқ,
    Gastarbaiter
    аа, ана жерде «сену қиын» деген жақсыз, авторитарлы сөйлемді көріп сұрағаным ғой. А так, әркім өз еркінде ғой, неге сенсе де.
    zholantai
    жақтың ісу себебіне де байланысты ғо, мұз басып, ісігін қайтару
    ал, қызыл иектің іші іріңдеп, сырты домбығып ісіп жатса, мұз басып қайтарады дегенге сену қиын дегенді меңзеген едім, ақталғандай болып кеттім бе, не боп кетт өзі
    Соңғы түзету:
    Gastarbaiter
    . Сен әңгіменің жібін үзіп алдың ғой деймін. Мұзбен ісікті қайтардым деп, мен сенің суықтың кесірінен тіс ауруы миға шапты дегеніңе айтып отырмын.
    «суық тиді» деген тап жоғарыдағы жағдайда далбаса деп ойлайтыным сондықтан. Жылы сыра ішсе де миға шабар еді.
    Менің жағдайымда, суықтың ісікті қайтаруы, суық басқан жердің тамырлары резко кішірейіп, тарылғанына байланысты. Ісік басталып келе жатқанда суық басса, көп жағдайда қайтады. Уақытша қабыну процессі баяулайды. Тіс ауырса, мұзды басып, нервтерді қатырып, уақытша ауырғанын қойдыру рекоменделеді.стоматологқа жеткенше.
    Бірақ, намаз оқы десе, басын жерге ұрып жаратындар көп. Дұрыс емге жеткенше емес, дұрыс емнің орнына қолданатындар бар. Мәселе сонда.
    Соңғы түзету:
    Gastarbaiter
    Спокойно алып тұр ғой, «Дарвиндікін»… иманды болсын.
    Arys_arlany
    ағамның плоцковцты алып тісімді жұлам дегені есіме түсіп кетті
    Gastarbaiter
    Ағаңыздың бұдан басқа да әлімжеттік көрсеткені болса таң қалмаймын. Толығырақ айта отырыңыз, мен попкорн алып келейін
    satibaldi
    ағамның плоцковцты алып тісімді жұлам дегені есіме түсіп кетті
    "Әшірдің үйінен Ашерлердің үйіне — бір-ақ қадам" деп отырушы еді Мастұр батыр.
    Соңғы түзету:
    zholantai
    «Тұрмыс сәні» деген тәуір кітап болатын, бастауышта сол кітапты екі-үш қайтара оқыдым, сол кітапта айтылған кеңестер мен ұғындырулардың себебінен болса керек-ті: жоғарыда жазылған он стереотиптің екі-үшеуінен басқасы жоқ екен менде
    Соңғы түзету:
    sammita
    үйде тісі қақсап ауырған адамның тіс қуысына қатты қыздырылған шегені басқанды көргем))
    әдемі жазба, сөз жоқ
    zholantai
    сөйтіп сыздағанға ашыған қосылды ма?
    mampasi
    қақсаған тістің қуысына насыбай салады дегенді де естігем
    zholantai
    біздің ауылда кей браттар: тісім ауырып жүр, соны басу үшін темекі шегемін, насыбай атамын, ал сендер албат олай етпеңдер деп құлақтан тебетін,
    Gastarbaiter
    Тоққа күйген адамды жерге көму де МИФ, айтпақшы. Егер жүрегі тоқтап, демсіз жатса, босқа уақытты өлтірмей, көмек келгенше, жүрегіне массаж жасаған жақсы, қолдан келсе.
    sammita
    осы әдіспен тірі қалғандар көп қой, дәлелі-осындағы бір блогшы.
    Gastarbaiter
    Олай жасау, жерге мертігіп құлаған адамның астына батут салуға тырысумен тең.
    Gastarbaiter
    Себеп-салдарлық байланыстың механизмін көрсет. Хронологиялық тізбектегі әрекеттер бір-біріне байланысы жоқ болуы да мүмкін.
    Тоққа түскен адамды жерге көмудің логикасы барынша қарабайыр. Тоқ ұрған адамның бойында тоқ жиналып қалады деп ойлайды. Оны жерге көмсе, жер сорып алады-мыс.
    Интернет баяулап қалса, модемді жоғары көтеріп, желідегі «интернетт толқындарын» төмен ағызбақ болған біреу туралы Русланнннн деген жігіт жазып еді бұрын. :v
    satibaldi
    үйде тісі қақсап ауырған адамның тіс қуысына қатты қыздырылған шегені басқанды көргем
    Мұндай барып тұрған надандық, тіпті — көргенсіздік орын алған ауылдың атын атап жіберсеңіз екен деген тілек. Қыз бермеу, қызын алдырмау мақсатымен әрине.
    sammita
    бірінші рет көрдік өзіміз де, жасаған адам қызылордалық бала. қызығы сол-қақсаған тіс сап тыйылды
    zholantai
    бірінші суреттегі Арыстан Базарбаев пен Асқар Базарбай ма?
    Gastarbaiter
    және Джон МакГинли
    satibaldi
    Хердірменді қара тобыр, хердірменді міскіндер!

    Осыны оқып алғанмен, сын сағатта — бәрібір мұрын қанағанда басыңды шалқайтасыңдар; соқырішекке грелка басасыңдар; тістеріңді бласкауыспен жұласыңдар. О баста құдай бермеген сананы енді қытай бере қоюы екіталай. Азапты күндерде кездескенше!
    AKA
     Супер!
    8, 6, 3 таныс жағдайлар. Кішкентайымда мұрын қанағанда басымды шалқайттым. Жақында ғана ара шақты, сумен жуып, паста жағып қойғаным бар.  Сосын, әлгі арқадан қағу әдісіне жыным келеД, одан сайын шашалып қаласың.
    AKA
    Бит жеу туралы енді ғана оқып отырмын, мда уж
    satibaldi
    Жә енді, бұл арқылы өзіңнің жегеніңді еш жасыра алмадың
    AKA
    Сары аурумен ауырмаппын, шүкір.
    satibaldi
    Медкартаң алдымда жатқан жоқ, Қызылорда денсаулық шенеуніктерінің арасында танысым да жоқ, өтірік айтсаң да қайдан білейін.
    AKA
    Өтірік айтвотқан жоқпын, жесем жедім дим ғо, онда тұрған не бар?!
    satibaldi
    KILYZAMAN, тап сен сөйлемей-ақ қойш нақ
    sammita
    тыныш жатқан адамды өстіп шақырып алады бұл
    sammita
    есіме түсті, 10 айлық баламыз 2 күн бойы ауырып, ауданға апардық жан ұшыра (Шымкентте едік), приемный покойда кезектен әрең өтіп дәрігерге жағдайды айтып жатсам, қағаздан басын көтермеген күйі: "ілгірге бармадыңыздар ма?" дит
    кезекте тұрғандар жан-жақтан: «айттым ғой тамағына бірдеңе тұрып қалған, қәне» деп тамағын сипап жатыр. ужс. шетінен ем-дом айтып ана қатындар, ай жыным келгені
    содан Ақалтын деген жерді іздеп, бәлен шақырымдағы ілгірге бардық, қолды арақпен шайып жіберіп, етегіне сүртті де, баланың тамағына екі саусағын тығып жіберіп, шырылдатып, алманың шіріген қабығын алып шықты. содан құсқаны, жылауы қойып, үйге жеткенше тершіп ұйықтап қалды.
    Ауылда жатқан 1 айда: балгер, ілгір, түкіру процедурасының бәрін көрдім
    Gastarbaiter
    «Дәрігерлердің» балгерден жаман түрлері де болады. Я өз мамандығын білмейді, я балгердікіндей харизмасы жоқ «внушениемен» емдейтін. Ондайларды көріп жүрміз, өкінішке орай. Не өз жеке басына, не «Врач» деген қадірлі мамандығына еш құрметі жоқ, салақ қасапшы сияқты, не мәдениеті жоқ, не біліктілігі жоқ мәмбет дәрігерлер де бар. Жүйенің тесіктері арқылы жылмаңдап өтіп кеткен.
    Ондайлар түспей-ақ қойсын.
    Соңғы түзету:
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.