Рековер май файлз (Recover my files)

  • Автор
Өткенде @orkenegro өз блогында мынадай пост жариялап еді. Тәуіптерге көрсетіп емін таппаған флешкасына мен үшкіріп, Recover My Files деген программаны тұмар қылып тағып беріппін. (Шынымды айтсам қай кезде айтқаным есімде емес). @orkenegro осылай депті. Өзіңнің біреуге көмегің тигенін ойлау нендей қуаныш. Алда өзгелерге көмегім тиіп жатса тіпті керемет болар еді.
Әңгімені көп созбай (очм көп мақтанбай) негізгі мәселеге көшейін.
Recover My Files

Жоғалған, байқаусызда формат жасалған файлдарды қайтаруға арналған программа. Ойбай осы программа мықты демеймін. Өзім қолданып, пайдасын көп көрдім. Сондықтан маған қатты ұнайды. Жоғалған документтің бәрін қайта орнына келтіреді деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Суреттерді, ворд, ексел, ПДФ программаларын қайтаруға шамасы жетеді. Программаның өзінде музыка, видеоларды қайтаруға болады делінген. Бірақ өзім оны істей алмадым, мүмкін компьютерім ескі болған шығар. Қысқасы, компьютерде тұрса артық болмайтын программа. Айтпақшы ұмытып барамын, қайта-қайта формат жасалғандарға дем салып, жынын шығара алмайды деп естідім. Нақтысын гуглдан іздеуге мойын жар бермей жатыр.
Видиосы міне:

Пы.Сы.Менде крегімен бар, керек деушілерге бере аламын.
konvict

Флуд жасау ісінің шебері!

Ұқсас посттар

7 пікір

asaubota
ілмектерді дұрыстаңдар деп айтқызбаңдар енді, аямай минустаймын бәрін.
konvict
@asaubota Ілмек демекші ілмекті жазып отырмайтындай, вордпрестегі дайындарын қолдануға болатындай істеуге болмай ма? Шынында ілмек жазуға келгенде не жазарымды білмей дал боламын.
konvict
Пікір жазып қайта жұрттің назарына ұсынсам ешкім мені кіналамас
ushkin
жақсы екен, ерінбей жүктеп алып қолданып көру керек…
sammita
жойылған біраз құжаттарды қалпына келтіріп алғам бір кездері осылай. Мендегі проблема мынау: компым флешканы көрмейді, ешқайсысын да:((
konvict
Қандай жүйе тұр еді?
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.