Спорттық бал билері

  • Автор
Бал деген француздардың «ballare» билеу деген сөзінен шыққан. Ал спорттық бал билері нағыз эстетикалық және сәнді спорт түріне жатады.Неге би болып спорт түріне жатады десеңіздер? Би өте көп энергия мен күш талап етеді. Күнделікті 1,5-2 сағат тренировкада болған биші,өте төзімді келеді.
Біз қазіргі көріп жүрген бал билері Англияда 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында дүниеге келді.Ол кезде би тек байлардың, жоғарғы қоғамның ермегі болған, тек 19 ғасырдың аяғында қара халық та жиналып, «Ассамблеяларда» билейтін болды.Англия Король Үкіметі 1924 жылы жарлық шығарып « Империялық мұғалімдердің Би қоғамында» балды спорт билері бөлімін ашты.Онда осы бидің техникасы, музыкасы, билеу дегі аяқ алыс стандарттары белгіленді. Кейін көп биден, жарыстарда орындалатын бірнеше би түрі іріктеп алынды.
Спорттық бал билері екі топқа бөлінеді:
1) Европалық билер(стандарт). Европалық билер билегенде: жігіт фрак киеді, ал қыздар ұзын көйлек киеді. Би түрлері: Ақырын вальс, Вена вальсі, Ақырын фокстрот(квикстеп), Тез фокстрот, Танго
2) 2) Латын-америка билері. Бұл билерде жігіттер, жейде мен лосины, ал қыздар жеңіл, ашық көйлектер киеді. Би түрлері: Ча-ча, Самба, Румба, Джайв пен Пасадобль
Балалардағы категорияда қыздар жәй жабық көйлек, балалар шалбар мен жейде киеді.

P.S.Бәрін жаза беретін емес, сұрақтарыңыз болса, жауап жазуға дайынмын.
VKM

In the end things will mend.

    Ұқсас посттар

    103 пікір

    qisyq
    Вай, Выкымукы, мынауың қызық екен. Алдында «Давай потанцуемді» көріп қызығып қалып едім.
    Рахмет:)
    asaubota
    өткен демалыста Бекжан екеуіміз Есіл жағалауында қыдырып жүріп көрдік, көпірге жақын жерде латино ұнататындар жиналып, билейді екен. қызық.
    Zilola
    өткен демалыста Бекжан екеуіміз Есіл жағалауында қыдырып жүріп
    сырттарыңыздан бақылап көру керек еді :)))
    satibaldi
    Би түрлері: Ча-ча, Самба, Румба, Джайв пен Пасадобль
    Ча-ча грузин шарабы емес пе?
    VKM
    Ча-ча грузин шарабы емес пе?

    Жоқ, ол мынандай би

    Arhun
    Ча-ча-ча бір құстар биіне ұқсайды екен!
    VKM
    Маған румба мен джайв керемет ұнайды.
    Altygradus
    Румба джынды секси
    ал Джайв ең қиыны сияқты осы латынамерика билері ішіндегі
    GulL
    Өте әдемі ғой румба мен джайв билегенде де сыртынан қарап тұрғанда да өте әдемі көрінеді
    Altygradus
    мына ЧаЧаЧа енді күЧт
    nurbergen_makym
    )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
    VKM


    Ұнады!)))
    Altygradus
    мүмкін басқа біреу билегенде ұнармед?? Дым ұнамад, қолданған әндері де дым ұнамад
    VKM
    хехе, неге, Жан? Маған Ксенья ұнайды. нағыз стерва ғой. Бірақ қандай талантты,начитанная, ақылды, жәй жынды образда жүреді
    VKM


    күүүүшті!
    Gastarbaiter
    «жынды» зажигалочка
    VKM
    КерекинфоАрхивтен шықты. Билегім келіп кетті.Бізде, керекшілердің ішінде бұрын билегендер бар ма?
    Esmeralda
    мен хореографияға қатысқам
    VKM
    Батман тандю, батман тандю жете, деми ронд, пассе… есіңе түсті ме?
    Esmeralda
    әрине) суреттерімді де салуға болады бір күні))
    VKM
    салшы, а? Осы тақырып "өшіп "қалды. Мен де өз суреттерімді қоямын.
    Esmeralda
    қай жерге салайын? мен бес жыл ғана қатыстым және қосымша пианино
    Gastarbaiter
    Брюс Ли чачача биінен Гонконгтың чемпионы болған дегенді естуші едім.
    VKM
    естімеппін
    Gastarbaiter
    Өзім де күдіктеніп жүргем сол Брюс Ли төбелестен көрі биді қатырған шығар деп
    VKM
    Қай жерде жазылған, сілтемесін берші
    Gastarbaiter
    Брюс Ли туралы ақпарат өте құпия ақпарат, мен бере алмаймын.
    omarbirat
    Менің де естуім бар. Ча-ча-ча биінен бірінші орын алған екен. Суретті де жақсы салған-мыс.
    VKM
    туй, енді дереккөзін айтсаңыздар, біз де білер едік
    omarbirat


    1957 жылғы фильмнен үзінді. Брюс Лидің түрі дұрыс көрінбейді. Бірақ осы фильмнен бір жыл өткен соң, Ча-ча чемпионатын жеңіп алған екен.
    Gastarbaiter
    Сонда сен оларға: «уа интеллект ауруына шалдықпаған күнәсіз пәк жандар! Бізге әрбір „дауыс беруші“ қымбат! Біз сендерге Гуглды жібереміз деп Гогольді жіберіп қойыппыз, сол үшін кешірім сұрап, кеш те болса Гуглды қайта жіберіп отырмыз, аузбастырық ретінде Яндексті қоса жібердік!» деп айт!© Евангелие от Қуандық 15-псалом, 4-шумақ.
    omarbirat
    Осындағы барлығымыз дерлік талай вешірдің шаңын қаққанбыз.
    VKM
    Аға, вальске шақырайыншы сізді
    satibaldi
    Мна жерде қара жорға туралы бірдеңе деуге адам ұялад екен…
    VKM




    Менің спорттағы өмірім)))

    Esmeralda
     әсіресе соңғы сурет)
    VKM
    Суреттер бар, бірақ латина көйлектер ашық)))хехе, Аһи бар дегендей
    Gastarbaiter
    Ахи жоқта қаравалайық та
    satibaldi
    Уай Кармэээн!!! Бітті, мен сендікпін — носилкаға салып алып кете беруіңе болады.
    bazuka
    Малика әйбат!
    VKM
    Базука
    bazuka
    айтпақшы, бірінші сюретте Айдока шығар деп отырсам)) қатты ұқсайсындар ғой
    VKM
    Айдока ол кезде коляскада жатқан.
    satibaldi
     «Мен коляскада жатқанда, сен Жынмен вальс билеген екенсің ғой!» деп тиіскен жоқ па өскен кезде?
    Gulzhanat
    Керемет…
    Комплекс неполноценности пайда болғандай*(
    Фламенко билеу білесіз бе? Білсеңіз, үйрену қиын ба?
    VKM
    Билеймін. Соншама қиын емес.Қазір үйрететін клубтар көп қой
    Gulzhanat
    А-ааа!!! Арман жоқ шығар сізде))
    Соны билей алсам, лично менде болмайтын сияқты Жігер мен сенімділік жетіспей жүр)
    VKM
    Ниетің болса болды.Үйренесің!
    Gastarbaiter
    Анау сіздің күлкіңіздің фонындағы қызыл палас фотошоп болмаса, комплексовать етуге негіз жоқ сияқты
    Gulzhanat
    Үйде еще жиналып-жазылатын аллея мен гипсовый Оскар бар, гы-гы-гы-ыы))
    meirzhan
    ФБ-дағы суреттер туралы ма әңгіме?
    Gulzhanat
    как ты мог? қызыл паласта, под молниями объективов десе)) профайлда тұр ғой)
    meirzhan
    ааа-еее, соңғы кезде интернетте «тіміскілеуім» аз болып еді
    Gulzhanat
    хех)Интеллигентный тролль) реалда біреудің соңына мықтап түсткенсің ғой тегі 
    Gastarbaiter
    Видеочатқа арналған ба?
    Gulzhanat
    Не десем екен деп көп ойландым.Айтпакоям.Во избежание принудительного лечения))
    Gastarbaiter
    Айтпакоям
    Еркелікті Қожанасырдың көк есегіндей ерттеп мініп апсыз, мен де сізді күн өте жақтырып бара жатқан сияқтымын.
    Gulzhanat

    йолки-палки, я щастлив! кейде еркелейтін адам таппай қоясың. хотя бы виртуально (звучит пошло, да )
    ВКМның постын неғып жібердік?
    Кешірім өтінемін
    VKM
    ВКМның постын неғып жібердік?
    Кешірім өтінемін
    Өзім флудты жақсы көргесін,әзілдей беріңдер.
    Ministry
    Маман кеңесіне құлақ түре отырайық,
    бір орында тапжылмай отырып 12 сағат жұмыс істейтіндерге қай биге жазылған дұрыс?
    Артық салмақ, пүліс мойны, арқасы, омыртқа, жұлын, көтені, қолы, аяғы, көзі ауырып-сырқырайтындарға
    Ақылыңды айта отыр
    VKM
    Осы бал биіне жазылыңыз: біріншіден, жақсы компания,әдемі музыка… Уақыт болмаса, жәй сузыка қойып қойып, гимнастика жасаңыз
    Ministry
    Іштегі мес қарын майдан құтылам ба, жон арқамның күжірейгенін дұрыстайм ба, соны айтыңызшы
    Вообщем осанка + арықтау — эффект қандай бұл биден? Бұлардың ішінен ең дұрысы қайсы?
    VKM
    Қандай да биді 1 сағат тоқтамай билесеңіз, сосын сағат кешкі 7-ден кейін тамақ ішпесеңіз, Керекте пост жазасыз,"Қалай толуға болады" деген
    Ministry
    қой, мынауың бізге емес екен, пиво аман болсын!
    Esmeralda
    негізі профи емеспін сіз сияқты, сіздікі просто супер  жоғары сыныптарда вообще билемедім, алғашқы батман тандюлер мен концерттердегі топпен билеу ғана)



    суреттердің сапасы да нашар
    bazuka
    күшті Эсмеральда!
    VKM
    О, маладес, Зсмеральда. Жоқ, хореография деген супер ғой
    satibaldi
    Сен әлі де ана суреттегідейсің бе, әлде жас келіп, кәрілік дегенін қылды дегендей…
    Gastarbaiter
    Венка мынау латынамерика қызы қандай би билеп жатыр?

    VKM
    ешқандай биге келмейді такты)))
    Тауып алған биінің түрін
    Gastarbaiter
    ешқандай биге келмейді такты

    Бути Дэнс екен бұл бидің аты. Танец попы былайша айтқанда.
    VKM
    Спорттық бал биінің такттарына келмейді. Ол классика. Мына би гибрид ғой)))
    Gastarbaiter
    а-а-а, қайдан білейік. Бірақ ана қызың толық болса да эффектно билейді екен.
    Сен солай істей аласың ба?
    VKM
    туй, Гаста, саған мастер класс керек пе?
    Gastarbaiter
    Не бұлданып отырсың, өзінше боп. Жай суреттерін қою үшін ғана емес, бірдеңе біледі екен деп сұрап отырмын.
    Gastarbaiter
    "Істей алам" деген сөз бе бұл?
    VKM
    Гаста, я еще не то умею)
    Gastarbaiter
    «Еще не то» -ларыңды сала отыр, құр сөз болмаса
    salta
    Дискавери деген арнадан бір тайпаның көбелек биі туралы фильмін көріп едім, соған ұқсайды екен
    satibaldi
    Сәтті пайдаланып, айта кетейін: сен арық болсаң — жараспайды екен; қазіргі томпақ күйіңде Деми Мур сияқты әдемісің.
    salta
    менің арық кезімді қайдан көріп қойдыңыз?
    satibaldi
    Жәй, әйелсіз ғой: сондай сөз дәметіп тұрғаныңды ішім сезед.
    salta
    ішіңіздегі көбелек ұшса, ең бақытты керекшіқыз болар едім да… қайтейін, тек ішіңіздің ғана сезетінін… холостой мылтық бәрінде де бар ғой
    Simona
    VKM суреттерiң күЧтi екен! Мен де пaртнер тaуып биге қaтысқым келедi. Пы.Сы. фaкстрот емес фокстрот (түлкiнiң aдымы?!)болсa керек.
    VKM
    5 жастан солай айтып, мағанасына мән бермеппін, шынымен.Түзеттім.Көбіне квикстеп дей беретінбіз.
    Armanjan
    БыКы, қаражорғаны да жақсы нететін шығарсын ә?
    meirzhan
    «Нету» деген етістіктің тізесі шықты-ау.
    VKM
    Осы сөзі Арманджан керім жақсы көреді
    Gastarbaiter
    Нұрғиса ағасы былай нетіп қояд
    VKM
    Керекшілер, біздің арамызда ТВ7, Жетінші каналда жұмыс істейтін адам бар ма? Болса, жекеге хабарлассыншы
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.