Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал

  • Автор
Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!
Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Естелік ескіре бастағандай, еміс-еміс есімдегін жуырда болған эфир қайта жаңғыртты. Енді? Шоламыз ба, қайтеміз?
Ок. Сонымен, бұл күні ойнаған ұжымдар мынадай атаулармен топтасқан жастар еді:
1. Аягөз құрамасы, Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
2. Сырдария құрамасы, Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
3. Сағыз құрамасы, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы;
4. Жаснар, Алматы қаласы;
5. Күлтегін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы.

Финалдың жеңімпазы ойынға дейін белгісіз болғандығы да тамаша
Финалдың жеңімпазы ойынға дейін белгісіз болғандығы да тамаша. Бұл сізге 2014 емес, бықақа!
Оның үстіне, маусым бойы тұрақты өнер көрсетіп, ың-шыңсыз финалға шыққандар да бұл кеште сахнада болуға лайық екенін көрсеткендей болды.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финалМына суретте финалисттердің маусым бойы жинаған ұпайы көрсетілген. Финалдық ойын қорытындысы мен маусымдық ұпай қорының қандай арифметикалық және логикалық байланыста екенін бағамдай беруге болады. Дегенмен, финалға қандай жолмен жеткенің маңызды емес болатын кездер де болады, егер ақырғы сынды керемет өткеріп шықсаң…
Финал — ең маңызды, жауапты ойын. Оның жауапкершілігі кейде командаларға артылған жүк болып, жылдың қисын бойынша ең мықты ойыны — шын мәнінде ондай биіктіктен аулақ болып қалып жатады. Тіпті чемпион атанған команданың өзі әйтеуір ұпай санымен жеңімпаз атанғанына шүкірлік етеді. Мүмкін, бұл ойында да бір дүниелер орындалмай, бір межелер алынбай қалған шығар. Ішкі асханасындағылар біле жатар.
Бірақ бәрібір финалдық ойын сапасы өз деңгейінде болды. Залдан құса болып қайтпағаным есімде. Төрт сайыстың сипаты мынадай еді: Әрине, сәлемдесуден басталды. Бессайыс, бейнесайыс һәм үй тапсырмасы.
Маусым бойы жасаған шолуларымда міндетті түрде ойын барысындағы суреттер қоюшы едім. Бүгін суреттің орынына бірден видеолар қарап, өз сезіміміз бен пікірімізді түйсінейік. Мүмкін, келісерсіз, мүмкін, «оттапсың, оңбаған!» деп өз көзқарасыңызды ұстанарсыз. «Біздің тарих» деген тақырыпқа қосқан біздің тарих — осы шолу болсын. Гоу!
Сырдарияның сәлемдесуі жеңіл қағытпаға толы болды, бірақ күлкі — арсыз

Команда жартылай финалдағы концептті жалғастырды: бірізділік, жинақылықтың сүдіні байқалатындай. Басындағы өзара қағытпалары жеңілдеу көрінуі мүмкін, бірақ ойынды бастап, толқынға енуге бола береді. Қалай болғанда да, күлкі — жалғыз критерий.
Чемпиондық — әрбір сайыста (құрығанда көбірек сайыста) қарсыластардан көбірек ұпай алуға тырысу арқылы келеді. Мен бұл сайыста қатты күлген жоқпын, себебі, жалпы, әзілге сирек күлем. Және команданың бастапқы қағытпалары — мен үшін тым жеңіл, «Астана саған қыз ба?» стайлы — меніңше, чемпиондық жол емес. Шынымен, өздеріңіз ойлаңыздаршы, финал, ең басты ойын.
Сөйте тұра, мен бұл команданың осы сәлемдесумен түгел бес алуына қарсы емес, тіпті жақ едім: жалпы залдың басым бөлігін жеңіл күлдіре алғаны үшін. Иә, менің осындай да өзгелерге қарайтын критерийім бар.
Жюримен, жүргізушімен туыстық қарым-қатынастар, өзімсіну жайлы — жалпы, сәтті концепті деп ойлаймын. Болттары жиі болмаса да. «Бетпе-бет» — жақсы. :)
Қобызшы жайлы — ең ұнаған әзілдердің бірі. Оу, өстіп қарапайым нәрседен керемет дүние жасауға болады екен-ау…
Бокс жайлы да тәуір. Жалпы команданың сөздермен ойнап қалжыңдайтын стилі — өзіндік бір қолтаңба. Ұнайды. Әріп алып шыққан қадамы — тың емес, ескі, жалпы, көрерменнің көңілінде ойнауға бағытталған қу қадам. Маған қатты әсер ете қоймады.
Аягөздің сәлемдескен әзілдері — тәтті, бірақ қақпағы жабылмай қап кеткен бал секілді

«Сәлем, Қазақстан!». Редакциядағылар «Сәлем, „Қазақстан!“» деп ойлай берсін. Жалпы, тек астана емес, тұтас елге ойнайтынын түсінген команда. Малатцы. ;)
Алдыңғы шолуымда команда кәдуілгі жылауды жиі қолданатынын жазған едім. Эмоциялық конвульсиялар орташа.
Банкомат жайлы — өзекті, өткір. Жеке маған емес, мен өзім үнемі қазақша таңдаймын, сөйтетін тағы бірнеше адамды білемін. Бірақ… қоғамда бар, бос жерден туған әзіл емес, шынымен жақсы.
Дәрігер кабинетінде — орташа. Голливуд фильміне қыз алып қашуды салу идеясы жаман емес (ҰБТ мемори), дегенмен, бәрібір тығыздық жоғары емес.
Залдан көрген сәтте команданың әрбір әзілін түйіп тастайтын, тұжырымдайтын бірдеңе жетпей тұрғандай көрінді.
Күлтегін ерекше жаңалықсыз бестік алудың оңай стратегиясын пайдаланды

Бастапқы аналогиялары жаман емес, тек әзілдік құрамы төмен. Біреулер үшін жай түсініксіз де болып қалып кетуі мүмкін.
Университеттің имидждік би тобын пайдалануы — ақталады. Финал, масштаб, сондай істер дегендей…
«Күлтегін» — чемпион болуды ең қатты қалаған команда секілді. Тіпті қанша жылдық еңбегі бар екенін де нәзік болса да баса атап көрсетіп кетуге арланған жоқ. Онсыз да біледі ғой.
Дегенмен, тек тәжірибеміз мол деп сүйеніп келіп тұрған жоқ. Бірінші әзілі — бір атар күлкісі бар, жақсы. Аздап цинизмді.
Томирис жайлы да жаман емес — біз ерекше қырынан таныған тұлғалардың басқа тұстарын ақтарып көру — әдіс ретінде тағы біраз әзілдер тудыра алады. Кәдімгі ошақ басындағы әлсіз Томирис — парадокс сезімі мен актерліктің арқасында екі рет атты.
Және соған жуық тағы бір тәсіл — Асаба. Біз күтпеген дүниенің көз алдымызда сондай күлкілі болып қайта айналып келуі әзіл сапасын жоғары көтеріп тастады. Мықты әзіл — маған салса, осы миниатюраны соңына қалдырар едім. Мынадан кейін бес қоятын секілдімін мен де.
Бірақ — саясат, «Нұр Отан», «дұрыс» жайдарман… Бұл да жаман емес, саяси фишкалары бар, бірақ жалпы залға емес, көрерменнің бір бөлігіне өтімдірек қалжың.
Күлтегін бестік алудың дұрыс стратегиясын пайдаланды, бірақ маусымдағы өзге сәлемдесулерінен ерекше ештеңе жоқ. Бағасы — дұрыс делік, бірақ айрықша бірдеңе жаруы тиіс еді чемпиондыққа нығыздалған претензиясы бар команда…
Командаларда жөнді күлкілі кода жоқ па, қалай өзі?
Сағыздың проблемасы — шайналуында

Сағыз — өзінен-өзі айрықша, күлкі шақыруға бір табан жақын команда. Яғни, ойша мынадай санақ жүйесін алайық: көрермендер 50 пайыз бен 100 пайыз арасындағы деңгейде күле бастайды делік (әрине, пайызға орай әртүрлі дәрежеде). Басқа командалар тыраштанып, тырысып, пайызды нөлден бастап, көрерменді жаулауға тырысса, бұлар автомат түрде 20-30 пайыздық межеден бастайтындай. Команда — жарқын, классикалық емес, ауыл фриктері іспетті. Сондықтан біздің «уау! шик! поһ!» күту дәмеміз де басқалардан жылдамырақ ұлғаяды.
Әнші қыз ән айтып бастағанда, залдағы көрерменнің бірқатары — қазір Пішөннің қолапайсыз түрде бір араласып кетуін алдын-ала сезіп отырды деп ойлаймын. Сағыздың мәселесі — шайналуында, шамамен не күтуге болатынын біліп отыратындаймыз. «Би қалай, сұраш» деген, әрине, тапқыр, күлкілі.
Қара уылдырық туралы — тапқыр, бірақ күлкілі емес. Оның қасында «она вернется» — команданың стиліндегі қуғынбайлық, жақсы!
«Кешеге» қатысты… зал бейтәнік, есекдәмесі зор ма, бірден қызу реакция білдіреді. Неге екенін түсінбеймін, шыныменен, Меніңше, вокзалдан қыз іздеген кездегі апогейден кейін сондай сәтті «Кеше» оқиғасы болған жоқ. Әрбір келесі әзіл — құлақтан тартып алынған, жасанды жайттар. Бәрі ыңғайсыз оқиғаға негізделген, яғни оған балалардың аңқау көзқарасы мен әрекетінің негізінде: тәрелкесін ауыстырып тұрғанмен, бір тағам жалықтарытыны сөзсіз. Команданы мұндайда құтқаратын — көрерменнің шексіз сенімі мен махаббаты ғана.
"Ұнайтын қыз" — жақсы. Қазақстандық киім — Пішөннің арқасында ғана күлкілі. Әзіл сапасына орай емес, актердің өзіндік стилімени орысша сөйлеуіне және патриоттық/псевдопатриотық серпінге қатаң қол шапалақтауына негізделіп өткен әзіл. Жеке дара мәтінді теріп қарасаңыз — жай сөздер. Бірақ ол Пішөн ғой! Әзілдің әртүрлі екендігі қандай жақсы, жайдарман!
«Нұр Отанға» әңгіме — әккі, орынды. Браконьерлік те жүйелі, ойластырылған. Пішөннің соңғы соққысымен.
Гена жайлы ән — өзі күлкілі емес, Генаның феномені, тұлғасы ғана залға ұнаған. Таныс «добивка» — тағы да өтті.
Кодасы — әзіл тығыздығына бай, визуалын қос алғанда.
Жақсы тұстары — бұрын шайналмаған тың тұстар. Сонысымен ғана бестіктер алуға лайық болды деуге болар, мүмкін.
ЖасНар чемпион болғысы келсе де, жай ойынға секілді ізденген

Аялдамалар жайлы — орынды шығар. «Алтын емес қой» — әдіс ретінде мүжілген. Видеоқатар — орташа, теріс емес.
Отбасында әңгіме — жақсы, парадоксты! Жалпы, болды. Эфирдегі монтаждық қысқарту ма екен, тіпті есіме түспей тұрғаны залда не болғаны…
Соңғы сезімдік ән мен видео арқылы плюс жиналды делік. Дегенмен, бестің сәлемі емес бұл.

Айтпақшы, қазылар алқасының ұпайлары мені таңғалдырған жоқ. Мен байқаған басымдықтар мен кемшіліктер жюридің бағасына шамамен 0,2 ұпайлық өлшем ақауымен сәйкес келді.
<Бессайыстың бірінші айналымынан басқасы анық түсінікті, ал бірінші айналымда — тең дәрежеде екі әлсіз команда болды

Бірінші айналымда бәрі әдейі ортаңқол қалжыңдарын ұсынды дейін десем, бұл жанр тек осы айналымға тиесілі. Сондықтан, қай-қайсы да жай ғана мақал-мәтелден әдемі әзіл жасауда қатты жетістікке жете қоймапты. Мүмкін, Аягөз бен Жетісай жеңіл жұтылатын тұрмыстық әзілдерімен сәл басым шығар. Бірақ, осы айналымда кез-келгені ұшып кетсе де, өкпелейтін реті жоқ.
Жеке өзіме ең әлсіздеуі ЖасНар секілді көрінді. Олардың мәтіні тыныштыққа кетті. Сағыз да мықты емес, бірақ зал оларды қолдайды. Күлтегіндікі саясилығымен (Байқоңыр) сәл реңкке ие. Ал жюри…
Сағызда халықтан сенім несиесі тым жоғары. Соны жағымды тұстан пайдалана алмайды, керісінше сүйене отырып, үмітті ақтамайды: әйтпесе, екінші ойын қатарынан жамбыны соқырларша ата ма екен? Иә, осы жолы ЖасНар бірінші болып ұшуы керек еді, екі әзілі де шынымен күлкілі емес. Бірақ олардың екінші әзілінің әйтеуір саяси-қоғамдық аспектісі бар. Сағыз ит пен бала жайлы әзілінде «девайтаддид» дегенді айтса да, әзілдің өзі аса сапалы болмағандықтан, көмектесе қоюы екіталай.
Өткен жартылай финалда олар екінші болып ұшқанда, тіпті бірінші боп ұшуы да ақталар еді деген едім. Қазір керісінше, мүмкін, екінші айналымға қалдыруға болар ам еді. Десе де, өздерінен басқа кімге өкпелейді?

Иә, айтпақшы, екінші айналымда ән айтылғанын ескерсек, Сағыздың осы жерде ары қарай өтуі мүмкін еді (мысалы, Күлтегіннің трамвайының орнына). Алайда, шартты райдың аты шартты рай. ЖасНардың әні — тым лайт, рас.

Жаңылтпаштарда Күлтегіннің әзілі (?) тым «замудренный». Ұшуы дұрыс.

Өлең оқыған Аягөз бен Сырдарияның екеуінің де шумағы жақсы. Сырдариянікі соңына дейін елтитін құпиялығымен басым, түрлі нәрсе фантазиялай беруге болады. Адал жеңіс.
Бейнесайыстарға қатысты анық біржақты пікірім жоқ

Сағыздың бейнесайысы сәлемдесуімен байланысы бар болғандықтан бір ұйымдасқан жинақылықтың белгісі байқалады. Қызық, жымитатын тұстары бар: фонарьды теңселтіп ұстауы мен жарықты жағуы, майшабақ қана аулауы, соңындағы бояп отырғандары.

Аягөздіктердің ң-ға тілі келмейді. Күлетін жерлері (жарайды, видеомен күлі қиын, жымиятын жерлері) — такси қуалау, қызды құлатуы, машина нөмірін жазуы, қызға соққы беруі, соңғы ән (ютубтен?).
Роликте танысып, қыздарды итеріп құлатып алғаннан кейін, келесі эпизодта — сол қыздар кафеде неліктен бөлек отырғаны, нөмірін неліктен жаңадан сұрағандары түсініксіз. Ах, иә, жайдарман…

Күлтегін: 0,6 жас деген 6 ай болмайды, жігіттер. Жалпы, бір тақырып аясында ұйысқан қысқа жарнамалардың қай-қайсы да ұтымды. Қазіргі заманғы жамылғыға тарихты салғаны былай да автомат жымитқанымен қоса, тарих маусымы, тарихи команда, бла-бла…

Жетісай қаласы жайлы кинолардағыдай зор дауысты қызық ролик. Маған қыздың сөйлегені, интонациясы ұнады әйтеуір. Жетісайская дикция :)
Ән айтып тұрған жігітті клиптен қиып, мына бейнероликке салуының практикалық пайдасын көрмедім. Шынымен, неге?
Бәйтерек маңындағы сиырлар — ұтымды. Ал көлеңкелі мақта бизнесі — бірінші секундтан күтілетін дүние, оңай табылады. Сондықтан, там лайт.

Жаснардікінде әр бағдарламасы арнайы әзілдік соққыға негізделген. «Еркек бақыты» — меніңше, орташа. Жалпы жақсы. Видео сапасы бірыңғай емес.

Видеобайқау турының бағалары — менің талдауыма ең қиын түсетін конкурс сияқты. Мен жай ғана оған объективті қарау қиын деп ойлаймын, жанр ерекшелігіне орай жюри үшін не басты орынға шығатынын анықтау да қиын. Критерий әркім үшін әртүрлі шығар. Дегенмен… Сценарий/новаторлық идея, әзілдік құрам, және операторлық/режиссерлік жұмыс миксінде Күлтегіннің сәл озық ұпайлар алуы дұрыс деп шештім.
Командалардың түгел дерлігі үй тапсырмасын 5-ке орындап келіпті

Беске болғанда, бұл конкурстағы жоғары ұпай санына — алтыға дегенім. Команданың стэм-і өзінің стилінде, бір ұятты-күлкілі парадоксты түрлі тұздықпен ұсына беруінде (боянып алған қалыңдық жайлы өткен стэм-ді еске түсіреміз). Ашығын айтқанда, мұндай қойылымдар командада сәтті шығады. Бастапқы қызық қағытпалары да актерлікпен жақсы берілген (алма, Ертістің қызы, өз қызын еркелету, т.б.)
ЖасНардың ғана жұлдызды ойынға тарту мәселесіндегі қиындығы білініп қалды. Жәния Журинская (Журавская мен үшін) шыққан кезде залдағы біраз жамағат, соның ішінде сіздің кіржиген жексұрын мырзаларыңыз да шырамыта қоймады. Актрисаның аты актриса, тек рөлдік рөлі (тавтология үшін кешіріңіз) мардымды емес екен. Тіпті өз микрофоны да болмағанын-ай…
Сұлу қызды кезектесіп құшақтау — АМИК-тің ойындарында болған қадам (мысалы, Парапапарамам & Брежнева), бірақ жалпы Ертістің өзіндік сенімді нақылдатқаны, батырлық танытқаны еріксіз күлкі сыйлайды.
Соңындағы сезімдік мұрынбоқ жеу — ақталып тұр, қисынды түйін. Бұдан кейінгі жұлдыздар мен қойылымдар болмағанда, өзге ойын шеңберінде… таза алтылықтікі еді бұл қойылым. Бірақ бұл финал.
Минустары: алғашқы болып ойналғасын, әжептәуір стэм жоғары баға алмайды; бас актриса ашылмаған.


Сағыз құрамасында уақыт пен мекенін белгілеп көрсеткеннен кейін әр әзілі бір өзектің айналасында емес, жеке дара әдемі қазақы қалжыңдар кетті. Басқа-басқа, Сағызды ностальгия тудыра алмайтындығы үшін айыптай алмайсың.
Сәбит таксист, Алтынайды ауыстыру, Берік Уәли секілді жиі-жиі халыққа мәлім соққылар нәзік кетті. Музыка мектебіне барған ит — тың емес, бұрын болған. «Дулыға Ақмолданың» килігіп кетуі де бағдарламаның түпнұсқасын еске түсіреді.
Ал Қайрат Нұртастың образы пайда болған кезде, команда әйтеуір қолданбай бекер жіберіп қоймау үшін де таңылған сияқты. Бірақ ситуацияға байланыстырылуы шебер, ұтымды.
Иә, ең ыржалақ тұстардың бірі — қанша парадоксалды болса да көңіл айтуға келген кісілердің отырысы. Күшті!
Айгүл Иманбаева — білікті актриса. Кейде жайдарман аясын ұғынбай, тым қатты айғайлап сөйлеп жіберетіні болмаса, қойылымның едәуір болтын өз аузымен айтып берді.
«Иә-иә, апа, моншаға тегін түсе берші» — залдан дұрыс естілмеген джэб, ахах :)
Әлбетте, логикалық және сезімдік кульминация дұрыс таңдалған: халықтың көбі сағынышқа беріліп, отансүйгіштігі ұстап, Бекзатқа қол соқпай көрсін…
Қойылымының әзілдері бір идея төңірегіндегі түрлі сипаттағы (ситуация, адам, уақыт) бірыңғай қалжыңдар емес (ЖасНар, Күлтегін, Аягөзде — осындай сарын басым). Жеке дара бөлек-бөлек болттар. Бұл да өзіндік шешім. Жұп-жұмыр үй тапсырмасы.
Теріс тұстары: соңғы сезімдік нүкте оқыстан болғандай, әу басында "қазір біраздан кейін бокс басталады" деп бір ауыз атап өту қажет пе еді? Айгүл кейде әзілдік құрамды күшейту үшін дікеңдеуге басымдық беріп қойып жатты; Қайрат Нұртастың пайдаланылуы — аздап жасанды тоғыстырылғандай. Бірақ мұның бәрі бұл қойылымнан алған жалпы әсердің қасында ұсақ-түйек! Күшті!


Аягөздің тақырыбы — өзекті, саяси, қоғамдық, зілді. Қосымша серпілісті шақырылған жұлдыздың билік үшін қолайсыздау, халыққа жақын адам болуы беріп тұр. Талай мәрте оппозициялық сын айтқан, шыншыл деп саналатын ақынның қарама-қайшы лагерь сапынан келіп, рөлін жақсы алып шығуы — әсіре көңіл тұщытатын эффект береді.
Іс жүзінде, әзілдері бір ойдың айналасында, бірақ қашу, жеу, кедейлік, зейнет жасы, Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолы, «Болашақ» бағдарламасы, т.б. — жеке дара түйткілдер.
Тұтас алғанда, болттары Сағыздан көп емес, бірақ формат пен идея ондай статистикалық санақ жасап отыруға мүмкіндік қалдырмайды. Шағын шедевр!
Теріс тұстары: соңында спектакльді қайталап қоятын секілді тұстары аздап созылыңқы.


Сырдарияның тақырыбын, форматын ойынға дейін-ақ табуға болар еді. Жоңғарлар тарапын көрсетуі — бұл да бір жол. Дегенмен, «есемізді жіберіп алдық» тәрізді бес-алты бірсарынды фразалардан кейін жойқын соққы болуы тиіс еді — алайда, мұндай жағдайда әзілдерінің сапасы сондай биік емес. "Қ-қ-қ" деген сондай қауқарлы әзіл емес, және жаңа да болмай тұр.
Команданың қазақы нақыштағы мәтіндік әзілге иек артатыны жалпы жақсы ғой. Мысалы, атқа теріс қарап отырғызылған батырға қатысты: "Қазақтың сарайы көз алдыңда алыстайды" дегенді тура көз алдыма елестеттім.
Дегенмен, мақал-мәтелдер мен ұйқасты сөздер кейде өзі уақыттың біразын алуымен қоса, соңғы түйткілі аса сәтті болмай қалса, осынша фольклордың ақталмайтындығын көрсетсе керек.
«Жігіттер» тобы жайлы бір-екі қағытпа орташа; және сөзі қайталап айтылатын ән — жеке маған бұл әннің өзінен гөрі «Жұп болсын кәні» фразасы өтті. :)
Диалогтары орнықты, қонтайшы алтын сұрағанда келісіп, ал жер сұрағанда — Бағланның қатайғаны — терең идеологиялық сұрақ.
Кемшіліктері: мәтіндік әзілдерінің бәрі айқын ұтымды емес, Аягөз бен Сағыздың қонақтарымен салыстырғанда шақырылған жұлдыздың күлкі себепкері болуы сиректеу көрінді.


Күлтегіннің стэмдік идеяларына орай — актердің үйіндегі хикаяларды көрсетіп жатады жиі бұлар. Бұл жолы — жаңа жылдық хикая. Екінші жағынан, ұрылардың характерлік бөлінісі де алуан таңдалған: лидер, қорқақ, ақымақ қуғынбай, елеусіздеу әнші (?) :)
Жалпы, кәсіби актердің рөлі біршама басым. Бірақ анабір өз кайфымен кетіп қалатын, рөлдерін оқи жөнелетін идея — әзілдік құрамы жағынан біржақты ақталады дей алмаймын. «Хе-хе», жымию, болды. Ал келіншегін сомдаған Айзат (?) — осы ситуацияны жақсы жалғайды. Командадағы бұл қыздың әртістігін де атап өту керек, негізі. Және соңғы соққы ретінде қосбұрымды қуғынбай жігіттің килігетін сәттері. Жалпы, қойылымның ең болтты тұстары осы деп ойлаймын. Соның ішінде, әсіресе, екінші кезектегісі — «Сендер кәдімгідей қуады екенсіңдер ғой!». Ал алғашқы фразасын жартылай зал толқынынан, жартылай оған кедергі жасап, өзі жұтып қойғандықтан толық тыңдай алмадым. Мәні осы бірақ.
«Тоқылдақ» — жаман емес ән, проблема — залдағы кейбір көрермен «тоқылдақтар» — стукачтар мағынасын да білдіретінін біле бермейді.
Шақырылған жұлдыздың әр айқайы да орынды дей алмаймын. Мысалы, қоянның рөліне жаңа адамды (қуғынбайды) анықтап алғаннан кейін, «Болды, доғарыңдар!» деп айқайлайды. Еш қалжыңдық эффектісі жоқ қоқан-лоққы, негізі. Бұдан соң бірден «Менің тәбетім жоқ» дейді экс-қоян, Бұл кейіпкер осы сөзді жайдан жай айта салған болып көрінбеуі үшін Ахметовтің алдыңғы сауалы/репликасы соған қатысты болуы керек еді: «Жейсің бе, қоян?» деген сияқты.
Соңы — былай қисынды. Сатылған әртістер/ұрылардың қайтадан жиналуы ситуацияны түсіндіріп, қойылымды аяқтауға мүмкіндік береді. Соңғы «Бала тәрбиесі мағыздырақ» фразасы — күтілгендей эффект берген жоқ.
Теріс тұстары: ашықтан ашық болттары аз. Әзілдік құрамы орташа. Немесе, бір-екі жақсы қойылым фонында солай сезіліп, зал тойынып үлгерді.

Барлық қойылымдар тәп-тәуір!
Күлтегіннің стэмі жай ғана тығыздық жөнінен Аягөзден төмен. Сағыздан да төмен, бірақ оқиға желісі ретімен өрбитіндігімен жанр аясында гармониялы. Оқыстан, тыс ситуациялар мен кейіпкерлер кірісіп кетпеуімен (Қайрат Нұртас Оймақұлы, сәлем!).
Яғни, Күлтегін: жинақылық+орташа әзілдік тығыздық.
Сағыз: әзіл тығыздығы жоғары+шашыраңқылық
Аягөз: жинақылық+әзілдік құрам жоғары+саяси өзекті.
ЖасНарда жақсы қойылым, тек өзге командалар фонында студенттік пен қызға қырындау арқылы күлдіру — баллы сәл төмендеу болатынын меңзесе керек. Ал Сырдария ол… Сырдария. Өзгеше жайдарман.
Осы "Үй тапсырмасы" конкурсына қатысты: жюридің балл қоюында Аягөзді не үшін ең биік бағалағаны маған түсінікті. Оны жеке түсіндірдім де. Сағыздың Күлтегіннен 0,2 балл кем бағаланғанына мен келіспеймін. Бірақ жоғарыда атағанымдай, оның да логикасы маған мәлім. Оның үстіне, Күлтегінге деген маусым юойы жианлған сенімнің з
Мен үшін қалжыңдар маңыздырақ. Сондықтан, керісінше, 0,2 ұпай айырмашылық сақтағанның өзінде Сағызды басым қояр едім (мысалы, 5,8 — С және 5,6 әлде 5,4 — К).
Ақтық ойынды шынымен де маусымдағы ең мықты ойын деп атауға негіз бар
Жалпы, иә. Ойын ұнады. Залда отырған кезде шынымен де сапалы ойын сезімі болды.
Әрине, ойыннан кейін «анау чемпион болу керек еді», «мынаны құлатып жіберді, Батыраштар!» деген лозунгтердің өрбіген заңдылық. Әлеуметтік желіде әлеумет, әсіресе, дүкенде барлық тауарды сата бермейтін жастағы контингент лағнеті мен «кәсіби» пікірлерін ұсына жөнелді. Бұл — қалыпты.… керуен жүреді.
Күлтегіннің чемпиондығы — еш шоксыз қабылданған оқиға, тосыннан түскен жайт емес. Олар чемпион болмағанда, халықтың бір бөлігі — оларды құлатып тастағанын дәл қазіргі әріпкерлердей қарғай отырып жазар еді.
Менің ұпайларға қатысты ыңғайсыз пікірім — тек бір конкурсқа қатысты: бірақ жалпы орындар бөлінісінде ол ештеңеге әсер ете қоймайтынын кестеге қарап біліп отырмын.
Сағыз — класс көрсеткен команда. Бірақ чемпиондықты олардан тартып әперді дейтіндер… Түсінесіздер ме, чемпион болатын команда құрығанда бір конкурста бәрінен басым түсуі керек. Құрығанда бір конкурста. Мен мұндайды байқамадым…
Ойын барысында, керісінше, Сырдарияның шансы мығымдау көрінді. Бірақ бұл команда өзінің бәрін қадаған конкурсында тиісті ұпайын алды.
Аягөзге қатысты: олардың вице-чемпиондығының өзі — шарықтау шек. Жүлдегерлер қатарына кіруінің өзі — сәтті жазмыштың ісі. Соңғы сайыстың құдіреті. Әйтпесе, ойын кезінде, залда отырғанда медаль бұйыратынына күмән пайда бола бастаған…
Күлтегіннің чемпиондығы — жұмыси чемпиондық. Еңбекпен жеткен, тердің иісі шығатын чемпиондық. Жеңімпаздыққа дәмелі команда үшін (несін жасырайық, осы команданы фаворит көргенім рас) финалда концепті тым қарапайым, еш визуал не форматтық жаңалықсыз кәдімгі классикалық жайдарман көрсеткені маған таңсық (Аспаннан салбырап түскен немесе Есен ағаны пайдаланған ҚазҰУ детектед). Бірақ бұл таңдау нюанстары…
Ал ЖасНар — ол ЖасНар. Жайдарман тарихында өзіндік қолтаңбамен қалатын ұжым. Менің мамама ұнайтын команда.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал
Менің шолуларым осымен өз мәресіне жетті. Жайдарман секілді жастар алаңында, осындай мүмкіндіктер мекенінде жетіле түсейік! Оған менің де сындарымның оң әсері болғай.
Болды. Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа маусымда жақсы командалар көп болсын! Осындай жеңістер жалғаса берсін!
Аривидерчи!


Medium

02/10/2016. Екінші жартылай финалға бардым. Қазылар Қармақшыны құлақтан тартып, финалға шығарды деп санаймын.
Олар бір де бір сайыста «Фемидадан» басым түскен жоқ, кемі екі сайыста (көрініс, бейнебаян) сылбырлау болды деп есептеймін.

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.