Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойын

  • Автор
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойынҮшінші ойыннан кейін іле-шала үш бүтін оннан бесінші төртінші ойын өтті. Бұл 1/8-дік алғашқы айналымды тәмамдайды.
Иә, осы күні жюриде ескі де жаңа тұлғалар келесі межеге өткен командаларға тағы да үш команда қосып беру шешімін жасады.

Игі емес дәстүр бойынша, бұл ойынға да бір команда келе алған жоқ. Бұл жолы — «13 аймақ», болашағынан үміт күттіретін команда. Бірақ ұйымдасу (тіпті ойынға даярлық жөнінде де) жағынан немқұрайлы қарайтын топ. Айтып-айтпай не керек, екінші ойын қатарынан 4 командалық ойын. Обалы нешік, бұл жайт сапасына теріс әсер етті дей алмаймын.

Кеттік! Ресми таныстыру мен бастапқы сөздерден соң, Есен мырза бірінші болып Премьер-лиганың вице-чемпиондарын хабарлады.
Қармақшының қарымын маусымашарда-ақ байқағанбыз. Гладиатордың музыкасына ұқсайтын әуенмен әрленген гладиаторлар.
Басындағы кіріспе сөздері жымитады, бастысы — бұл орынды сөздер. Команда жоғары лиганы бұған дейін көрмеген, сондықтан осындай визуалды пафос-ұранмен бастауға болады.
«Бұл Жайдарман тарихындағы Ұлы шайқас!» дей отыра, өтірік айтасыңдар. Ұлылықтың иісі де шыққан жоқ.
Ал команданың өзі тәуір ойнады. Бабалар жайлы диалогы тұшымды. Жошы ханға баласының өлімін бимен естірту — оригиналды идея. Соңғы соққысы да дәмді. Тарих маусымы seziled.
7 мамыр сыйлығы, батырлар жаңа жылдан кейін — бір демдік қысқа қағытпалар. Қараңыз: батырлардың бірі найзасына (?) әрлеуіш шүберек (киім?) байланғанын ұмытып шығады. Оңай, арзан әзіл. Оның үстіне — бұл ақиқаттан алыс, болуы мүмкін емес оқиға. Бұрынғы батырлар жаңа жыл тойламаған, найзасына тіпті тілшілік шүберек байлатпаған. Ендеше, бұны жайдарманда көрсетуге бола ма? Жауап: Иә. Оның (Жайдарманның) құдіреті де осында. Екі ғана критерий орын алса жеткілікті: 1) күлкілі болса 2) ұят нәрсе болмаса, біреудің арына қатаң тиіп, ҚР заңнамаларына қайшы болмаса. Болды, қалғаны — лирика.
Сөзуар ұры — идеясы қызық. Кодасы — бла-бла пафос. Жалпы, әзілдей білетін, билей білетін классикалық ұлдар командасы. Осындай командалардан чемпиондар шығады. Биылғы маусымда емес енді, жалпы айтам да. :)

Павлодар жастар құрамасы. Жүрсін Ерманның дауысы тура бір аумай қалған емес, бірақ жуан реңкі келеді, иә.
Мұны қалай ойнату керек еді? Кейіпкердің ерекшелігі — сахнаның оң жағында, отырып жүргізетіндігінде. Соны жайлап, баппен сөйлетіп көрсету керек еді. Қораш мұрт жапсырылса — қосымша басымдық. Сосын ол кісі айтыс деп ойлағаннан кейін, команданы көріп: «Нағып топырлап шығып кеттіңдер, Аманжол, мына ақындарды қарамайсыңдар ма?» деп басын бұруы керек. Сосын жаңағы диалог, Көпен, сәттілік, анау-мынау. Есен Елеукенмен де қақтығыс болса — екі жүргізуші қалай болмақ? Жалпы, бұл менің ғана көзқарасым, бір толыққандылық іздеп қалғаным. Мен көлеңке тұсын білмеймін, регламент аясында жұмыс жасаған сияқты жігіттер.
Айтпақшы, тарих биі — саналады, жақсы. Бесінші сыныптың деңгейіндегі сөздер, синхронды қарапайым қимыл — бірақ жайдармандағы жеңіл әзілдің көрінісі. Келесі әзілге қатысты — «Жас Отанның» қазір жұмыс форматы басқа, бірақ көпжылдың қызметі, жалпы ел қабылдауына, түсінігіне сай, қызық. Пультті қария — одан да басым әзіл. Барлаушы — банальды әзіл, біртүрлі сезімде қалдырды, бірақ залға, жюриге ұнауы тиіс — қазақ, қазақ, бла-бла… Ұнады да.
Бұл командада креатив бар — мысалы: болашақ таксист мектебі, және өмірден қалжың таба алады: мысалы, тойды сынау. Тың тақырып емес, бірақ күлкілі. Комментаторлар: Бекболат Жүрсіннен гөрі көбірек ұқсады, қызық. Сәттілеу-сәтсіздеу — команда ізденуге тырысқан, сол үшін жарайсыңдар!
Бұдан гөрі нашар сәлемдесу күткем. Сондықтан көңілден шығып отырған шығар. Жаман емес, соңғы әні — ақылгөй. Мен үшін тым ақылгөй.

Нұр, Астана. Тәк-тәк, тәк-тәк… Жеке-жеке әзіл талдамаймын. Қалай айтсам екен… Бұрынғы «Нұрға» ұқсамайды. Айрықшалыққа өзіндік претензиясы, гениалдылыққа алыс-алыс мұнартатын күмәнді претензиясы бар команда. Ізденетін, ешкімге ұқсамауға тырысатын команда. Актуал жиілігі, ой тереңдігі жоғары команда. БІРАҚ әзіл тығыздығы аз команда. Және осы БІРАҚ басты емес пе, жолдастар?
Түсінесіздер ме, мұндай команда маусымда, жайдарманда болуы керек. Дік-дік әзілдері де бар: алайда, супер команда актуалдылықты әлдеқайда күлкілі жеткізуі керек. Бұл стиль біреуге жағады, біреу ұнатады. «Міне, нағыз интеллектуал жайдарман» деп пікір білдіреді. Бірақ жайдарманның негізгі көрерменінің дені — жымиюдан ары аспайды. Бұл — олар топастау, көрермен деңгейі командаға сай емес деген сөз бе? Білмеймін мен, бірақ көрермен өзін алдамаса екен. «Егер мұны жоғары бағаламаса, жақсырақ күлмесе, кей нәрселерді түсінбегенін ашық айтса» — өзін кемшін сезінетіндігі үшін ғана жасанды жоғары бағаламаса екен.
Дей тұрғанмен, жеке мен үшін — ерекше таңғалдыратын ештеңе болған жоқ. Тырысулары жақсы, әзілдерін байланыстыруы қисынды, әндері қызық (мен үшін аса қуанышты жайт), күлдіруі — әсте-әсте, тіпті акробатикалық әспеттеу бар. Бірақ өзімде де түсініксіз сезім қалдырды команда: қой терісі өңдеуге келер-келмесін алдағы бір/бірнеше ойын көрсетеді.

«ЖасНар», Алматы. Бірден алдыңғы командамен контраст. Қуғынбай команда. Бір әзілді созып, соңына дейін сығып алады. Мысалы ұзы-ын көйлек. Шығарды. Сонымен тоқтаса болады ғой. Жоқ, өздерінің біртүрлі күлкілерімен созып, қосымша күлкі жасайды.
Қашаннан бері бұл команда аудиалдыға басымдық беретін болған? Пародия — жаман емес, енді, залға неге осынша өткенін түсінбедім. Күлкі түрлері — бұған дейін болған жоқ па еді, а? :) Залға ұнайды бұл команда.
Миллион кімге бұйырады? — жақсы, соңғы серпіні қызық. Бағдарламаның барлық тән музыкасымен, сосын осынша оңай сұрақ қойғаннан кейін «Дың-дың» деген үрейлі әуенімен (кереғар эффект) қосымша ұпай жинауға болатын сияқты еді. Әспеттеу басымырақ болса қызық деймін де. Өз қиялым ғой, жалпы әзіл — жақсы. «Менің атым — Қожа» фильмобуффонадасы (өзім шығара салдым мұндай терминді) ұнады. Осылай бітіреді ғой, иә, тәжірибелі командалар?

Балл беру… Қармақшы Павлодардан төмен болмауы тиіс еді, ал Нұрды бағалау — жюридің өз қабылдауына орай. ЖасНар ала берсін кілең бестік.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойын
Ширату. «Есен ағамыз мектепте нешінші атаман болған? — жоға, жүргізушінің алғашқы реакциясына қарап күлдім. Шынымен, түрі бұзылып кеткендей ғой, не шынайы таңырқау ма… :) Ха-ха! Қармақшы — жедел, қарапайым, күлкілі жауап.
Иә, айтпақшы, ширатудың бір сәні — жүргізушінің тақырыпқа сай килігуі. :) „Жақсы, есте қалды“ :)
«Нұр» — »Нұрым-ау", күнім-ау, ақылды болғанда да осынша зеріктірмек боларсыңдар ма? Әзіл сезімінде емес, ой мен патриотизм сезімінде ойнайтын жауап — кейде ғана жайдарманда қолданылуы тиіс. Кейде ғана. Сирек.
Павлодар — тапқыр. ЖасНардың өз жауабы — орташа. Пішту, дайындап алмайсыңдар ма дұрыстап?!
Қармақшының сұрағы+өтініші оған берілген жауаптардан күлкілі. ЖасНар жауабының стилі — өтінішін орындамағанын көрсетеді, Қармақшының өз жауабы да лақтырып кету болды. Жайдарман ғой, қайтесің енді? :)

«Нұр» — жақсы сұрақ. Жауаптар соның айналасында. Аямады шенеуніктерді, окей!

«Павлодар» сұрағына жауаптар жақсы. ЖасНардікі — тапқырлық, өз жауаптарының ішінде ең үздік жауап Павлодарда болды.

"Қайым айтыс" — бастапқы екі жауап орташа. Көктем жайлы.
Ары қарай айтуға тұрмайтын біраз сәтсіздеу жауаптар. Бұл жауаптардан Есен мырзаның галстугы жақсырақ!
«О, уай-фай, телефонмен егіз бе едің?
Қарауытқан түндерден сені іздедім.»
— Интернетпен танысқан сұлуым-ай,
Өмірде кездескенде семіз бе едің? о_О © Менің жауабым.

Ширату — жақсы, қайым айтыс — ширату сияқты емес. :)

Үй тапсырмасы. Павлодар жастар құрамасы. Сюжеттік линия — қарапайым, ізденіс бар. Қалжыңды тұстарын максималды өндіре алмаған: мысалы, «Мен шағымданам!», "Ғұндар тыққанын білем ғой, мен профессормын ғой, әрине" дегенді әлде де жақсырақ ойнап, сығып алу керек еді. Соңы — ұнады.

"Қармақшы құрамасы". — Классика. Супер. Банальды бастапқылыққа оралу қазір соншама күлкілі болар ма? Жоқ, егер мен команда маңында болсам, сосын ойын ортасында үзіп, «Түу, зал біліп қойды шахтада емес екенімізді, бәрін құрттың» деп айтамызб десе… мен «Жігіттер, бұл гонево, мектеп КВН-і, қумаңдарш...» дер едім. Ал қазір жасалып, осыншама өткеннен кейін…

«ЖасНар» — айырған сәттер болды. Соңын бітіруі ұнамады. Талғамның сұрағы, әрине.

«Нұр». Бұл жақсы. Бұл өте жақсы. Бұл қиын. Жеке өзіме МАИ — қайың алдамшы ауыстыруы ерекше ұнады. Көрші. Классиканы түрлендіру. Осыншама толық сипатта ешбір команда жасай алмайды. Бірақ… 1) Әдебиет маусымы былтыр еді. 2) Театрландыру жақсы ғой, ерек жасым,
бірақ драма комедиядан неге басым? (сіздің стиль ме?)
3) Көрермен санасын өсіру мен көрермен сұранысын қанағаттандыру арасындағы ара жікті тепе-тең ұстап тұрған жоқсыңдар. Бұл алда опық әкелуі мүмкін. Табыс келуі мүмкін де — осы жол ғана, себебі мен концептті өзгертіп, кәдуілгі әзіл айта бастауға кеңес бермеймін. Одан басқа командалардан ұтылып қалатындарыңыз сөзсіз.
«Санасы бос орындықтардың алдында ойнағанша...» — «Нұр»! Кешіріңіздер! Сіздер дұрыс айтасыздар. Бірақ, мұны көрермен санасына, психикасы мен эгосына қысым жасау деп білем. Бұл маған ұнамайды. :)

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойынИә… Қызық ойын. Қармақшы құрамасы — нормуль, нормуль, жартылай финалдан көріп тұрмын сіздерді.
ЖасНардың әзілі бұрыннан жаман емес қой, бірақ аудиалды-визуалды, әзілдің айналасындағы әзілшелердің залға өте беретіні таңырқатады. Қалыптасқан актерлік бар. Не нәрсе күтетінін дөп басу қиын команда.
Нұр Астана. Объективті пікір болмайтындығы түсінікті. Оған өздеріңіз де кінәлісіздер. Сахнаға салмақтылық әкелу — өте жақсы. Мен білмейтін дүниелерді де сахналап, мені ұялтсаңыздар, бұл да жақсы. Бірақ әзіл критериін айқындау керек: бұл сатира емес, ирония емес, әр толқын сайын күлкі келуі тиіс жайдарман. Және менің (және мен сияқты аздап бос саналылардың?) күлкім келмесе, оған «Мен кінәлі емеспін». ©
Кім, кім Экспресспен ұқсатты? Айтпақшы, Экспресс сәл тығыздау команда сияқты. Оның үстіне, бірден айтайын, маған Экспресс те аса сүйкім тудырмайтын. Ақылды әзілдер барлық (БАРЛЫҚ) командаларда болады. Бірақ берекелі көлдегі ауға түскен балықтар секілді шүпірлеген, осыншама тығыздықты ақылман қалжыңдарға демім жете бермейтін. Мысалы, 2012 финалындағы Рамазан айтқан, Мұқағали жағдайымен теңеген "Өлгеннен кейін ғана бағаланамыз ба?" деген ойдан «Ох, ема, неткен ми!» деген ой таптым, бірақ іздеп-іздеп әзіл таппадым.
Жалпы, «Нұрды» маусым бойы бақылау өзіме де қызық. Бұл елде «Нұрлардың» мысы әркез басым, бірақ дәлелдеу керек.
Павлодар жастар құрамасы. — ойын бойынша жақсы. Қарсыластары одан да басым, әрине. Бірақ солтүстіктегі жарық шамдар, жалын жастар — жаман емес.

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойынҚосымша жолдамамен өткендерді отырып шешкен қазыларға байланысты: 1) «Альянс» — претензиям жоқ. Өз ойынында Аграркадан басым түсті, жалпы ұялмайтын өнер көрсетті.
2) Тек қана қыздар бұрынғы Тек қана қыздардан алхамшүкір. Бірақ тек қана добор болудан шаршамайды. Оралдың ҚазИИТУынан басым түскен жоқ.
3) Павлодар жастар құрамасы — сол шама. Ширатуда өз жауабы ғана ерекше есімде, қалған жауаптары — нашарлау. Сәлемдесу мен үй тапсырмасы жаман емес, абыройлы. Менің бұл ойын бойынша олардың өткеніне дауым жоқ. Бірақ менің дауым мына қисында:
Бір емес, әртүрлі ойында ойнаған командалар арасынан таңдау қиындау. Меніңше, Тек қана қыздар, Павлодар, Оралдың ҚазИИТУ-ы бір деңгейде ойнады. Ендеше, теңдер арасынан үшеуден екеуін таңдаса, не шаруаң бар дейсіздер ме?
Шаруамды айтайын, маған ұнамайтын нәрсе — турнирлік мотивацияда. Оралдықтар айырып өнер көрсете алған жоқ, бірақ өз ойынында бір командадан болсын, басым түсе алды (Абай даңғылы 8). Ширатуда еркелеп кетті, бірақ белсенді болды, ұмтылды.
Қыздар мен Павлодар керісінше ширатуда әлсіздеу болды, өзге сайыстарды тұшымдылау ойнады (Қыздар шартты түрде). Бірақ олар өз ойынында бірде-бір командадан басым түсе алған жоқ. Іс жүзінде үшінші және төртінші ойындардан барлығы өтіп кетті! Ал екінші ойыннан 2 команда ұшып кетті. Біртүрлі емес пе?
Бәрін тең санап, бірақ құрығанда біреуді ұтқаны үшін Оралға обал жасады деп санаймын. Өздеріңіз ақиқатын айтыңыздаршы, 3 және 4 ойындарда 5 команда түгел кеп ойнаса, Павлодар мен қыздар бәрібір соңғы орын алар еді ғой, иә??? Радиоэлектроника әскери инженерлік университеті мен жалқаубек, бірақ қуатты Қуатжанның командасынан бұл екеуі басым түсе алар еді дегенге сенесіздер ме? Олай болса, 5-орындағыларға мүлдем шанс берілмей, тек 4-орын арасындағылардан таңдалуы керек болар еді. Сол кезде… ешкім өтпес пе еді? :)
Жалпы, жарайды. Бұның бәрі шартты рай. Қалай болды — солай болды. Осы апта 1/4 ойындары өтеді. Жақсы ойын көріп, мені залдан аңдимын дегендеріңізге мархабат. Жарнамасы — әне, оң жақта.

пы.сы. Көпен ата, ю а оулд энд позитив профешнал. :)


Суреттер Жайдарманның әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан және басқа қайнар көздерден алынды.

Medium

02/10/2016. Екінші жартылай финалға бардым. Қазылар Қармақшыны құлақтан тартып, финалға шығарды деп санаймын.
Олар бір де бір сайыста «Фемидадан» басым түскен жоқ, кемі екі сайыста (көрініс, бейнебаян) сылбырлау болды деп есептеймін.

    Ұқсас посттар

    6 пікір

    EldarTalixat
    Пах шіркін, не деген пост мынау.Ойынды көрмесемде, эфирді қарамай-ақ бәрін түсіндім
    Medium
    Осы жерге тек қолдау емес, өз ойларыңызды да, қарсы не қосымша қосуға болатын ой болса да жазсаңыздар. Әлжелідегі комменттерді оқымаймын.
    Жалпы, оқырманмен диалог болса деймін — нені қабылдаймын, нені игнорлаймын, сонда белгілі болар еді.
    DaurenRuhov
    рахмет сізге, Medium. Халықтың ойын жеткізгеңіз үшін. 1/4 финалға өтуге ҚазИТУ құрамасы лайықтырақ болды ғой негізі.
    Medium
    Қаз ИИТУ ойнайды деп жатыр.
    NurzhauUmbetov
    Rasynda korermen oiy keremet jetkizildi dep oilaim. Asirese Nur-ga aitylgan jeri korermen ozin aldamasa eken degen jeri unady! Sosyn mende surak tuyndaidy: nege medium 2015 te paida boldy? ( bul jerde birdene bar siakty)
    Medium
    Нұрға қатысты несін көп созайық, ұнатқандар ұнатсын, ұнатпағандар қойсын. Бұл да бір концепт.

    пы.сы. Астана қаласына биыл ғана келдім. Жаһандық құпия іздеп қажеті жоқ) Бұған дейін жазған нәрселер — жайдарман жайлы емес, қарасаңыз болады.
    kerekinfo.kz/profile/Medium/created/topics/
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.