Фатмагүлдің кінәсі не? 46-ші бөлім.

  • Автор
Қырық алтыншы бөлімінде не қызық болар екен.

bazuka

робот сияқтымын))

    Ұқсас посттар

    38 пікір

    bazuka
    өткен сериясында Керимнің соңындағы қылығы ұнамады, бүгін не болар екен
    Nurgisa
    Араққа қатты салынды, иә?
    Мукаддес нетер екен, соңғы кезде "қатты ұнап жүр"  Араласпайтын жерге араласып, мұрнын тықпыштап...)))
    bazuka
    ия арақ адамды аздырады деген осы, ана жолы да сол арақтың кесірінен емес пе Фатмагүлдің өміріне дақ салғаны.
    Мукадесті ой айтпаңыз, тым құмар кісінің өміріне араласуға))
    asaubota
    Мукаддес екеуінің хаттарын оқып, жылап алды.

    сондай әйелдер бар ғо, иә өмірде?
    Nurgisa
    Біреудің смс, агенттерін оқитындар ма?
    asaubota
    өткен сериясы ұнамады. енді алдыңғы планға Керим шықты, енді жұрттың бәрі соның қас-қабағына қарап, к*тіне кіруде…
    Nurgisa
    Өйтпегенде ше. Адам өз кінәсін мойнымен көтеріп, түрмеге жатудан жалтармады. Енді өзінің заңды келіншегіне тарпа бас салуға құқы жоқ емес деп қалайша айтуға болады? Ұрпақ жалғастыру керек қой енді )))
    bazuka
    )))) онысы дұрыс ғой, бірақ арақ ішіп келіп емес, сау кезінде жақындау керек еді. өзі шаққа үйреніп келе жатқан келіншегін одан сайын үркітіп алмаса.
    bazuka
    Мерием тәтейдің ана хатты бермегені адамгершілікке жатпай қалды, не болсада әкесі мен Керимнің арасында салқындық тудырмауға тырысу керек еді.
    Nurgisa
    Кино басталып жатыр. Қорықпаңдар, Гулечка дін-аман. Соғып салды. Анау далаға қашып кетті.
    Nurgisa
    Әр сериясы сайын ұнап барады. Қайтем енді.
    Керимнің мас кезіндегі теріс әрекеті үшін іштей жаны сыздайды. Ашиды. Тағы да араққа бой ұрып, қыртысын жазғысы келеді. Әкесі де сырттай бұған тілектес, бұрынғы жұмыс орнындағы бастығына барып, сұранып, Керимді жұмысқа қайта алуына себептесті.
    Ал Яшарандардың әулетінде қиын күндердің тізбегі жалғасуда. Мелтем Фатмагүлдің тараптары болуымен бірге, Яшарандардың өз әкесінің өліміне себепкер болғаны үшін кек алуға ниеттенді. Адвоткатқа көмектесетін болды.
    Мұстафа мен Хаджер АҚШқа қашпақ. Хаджердың аяғы ауыр, айтпайды. Мұстафа болса басымдағы іс бітпейінше балалы болғанымызға жол жоқ деп шарт қоюда. Хаджер аяғының ауырлағанын әлі білдірткен жоқ.
    Керим ойлана келе Фатмагүлмен ресми айрылысуға бел буады. Тіпті онысын айтады да. Фатмагүлдің бірақ басқа жоспары бар екен. Екеуінің отандасқандарына дәл бір жыл толған, соған орайластырып торт пісірген… Айрылмайықшы деп жанұшыра сұрайды. Қос мұңлықтың жүректері қарс айрылуда… Оқиғаның өрбуін келесі сериядан күтіңіз…
    Simona
    Бәрінен де мені қызықтырған жәйт: Ердоған әлгі қызға қайдан кезікті, дәрігер қызға шынымен ғашық па?
    Алдыңғы серияларын көрмеп едім.
    asaubota
    Решат Яшаран аурухнада жатқан кезде коридорда ана қызды көріп қалды, сынды.
    Simona
    Ооой, енді Ердоғанның да махаббат хикаясына да қарық болады екенбіз ғой
    Simona
    Ay Yapim «Al Yazmalim» атты Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты шығармашылығы бойынша серия түсіріпті. Көргендер бар ма?
    ken
    Мен кешегі демалыстарда көріп шықтым. 1978 жылғы кино екен. Ютубке eski türk filmleri деп жазып едім, арасында осы кино да шығыпты. Бірақ мен ол киноның осы екенін білмедім. Грузовиктің жанына қыз келгенде "өте бер" дейтін жерінің сол повесте барын білуші едім, оны оқымасам да, сонысы арқылы білдім.
    bazuka
    интернеттен ол дәрігер қыз туралы ақпарат іздеп шала бүлініп қалды Эрдоғанымыз))
    Simona
    Қашан? Мен ол сценаны көрмедім :-P
    bazuka
    алдыңғы сериясында және де гүл шоғын алып барады, егер көрмеген болсаңыз қараңыз бар қызықтан қалып қойдыңыз.
    Simona
    Гү шоғымен, біз ақыры үйленеміз деп қырыңдағанын көрдім, ал интернетен қашан не тапты?
    asaubota


    келесі бөлімі қызық болатын сияқты. Ф мен К барлық мәселелерден қашып, қала сыртына бір жерге кетіп қалған кездерінде қатты жаңбыр жауып, жолдар жабылып қалған. енді амалсыз бір бөлмеде қонулары керек
    Nurgisa
    Э-э-э?! Екеуінің «кінәсі не»? Жаңбырға «рақмет» деулері бекер емес
    asaubota
    Фатмагүл төсекке, Керим жерге жатпаса қатын болайын ба?
    Nurgisa
    Байқап сөйлеші, Аршат. Екеуінің арасындағы жылу ишаратынан сескене қобалжығаным…
    bazuka
    алдында бір фрагментінде екеуі үрпиіп отырған жерлері бар еді сол шығар, Фатмагүлміз қатайып отырған, Керим жалтақ жұлтақ қарап отырған))))
    Nurgisa
    Жаңбыр жауғанның бір қиын жері, қыз баланың үстіндегісі денесіне жабысып, қиын қылады. Керим байғұс небір сынақтан өткелі тұр екен ғой. Арысым-ай, арысым-ай…
    bazuka
    шынымен қиын болады)))
    Nurgisa
    Бәрі Керимнен басталады деп ойлағасын, сценаристер инициативаны Фатмагүлге ұстатып, сол "қоқиланбаса" болғаны деп абыржып отырмын… Кегін алып…
    Simona
    Нұрғиса сценарист боп неше түрлі болжам жасап тастапсыздар :). Бүгінгі сериясы ұнады. Біраз романтика (мен күткендей ақ: Ердоған тарапынан), біраз интрига да болды. Келесі сериясын кешке дейін күтіп қарайм ғой :))
    sammita
    бір сайт-бір сериал акциясы
    Abilakim
    «Дениз» туралы ма,әйтеуір бір сериал туралы қауымдастық ашып алайық сіз екеуміз
    sammita
    оны да көрмеппін.
    Орыс сериалдарын көретіндер болса хабарласыңдар)
    Nurgisa
    «Зона»?
    sammita
    ол да бар. Драма, криминал, комедия көөөөп.
    Abilakim
    «Член Юпитера» Спартакты көргендерің маған хабарласыңдар
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.