Мен көрген Ыстықкөл

  • Автор
9-12 шілдеде ҚазҰУ журналистика факультетінің Ыстықкөлдегі жазғы Mедиа және PR мектебінде дәріс беруге шақырылған едім. 4 күн тренинг және демалыс тез өтіп кетті. Ыстықкөлде демалыс үшін 4 күн аз екен. Асықпай аралау үшін кем дегенде 1 аптаға келу керек. Өйткені тек көлден бөлек айналасында туристер үшін бірталай қызық нүктелер бар.

4 күнде өзім көрген нәрселермен бөлісе кетейін.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ыстықкөл — қырғызша Ысық-Көл деп жазылады/айтылады. Қазақшаға аударғанда, иә, Ыстық көл. Бірақ көне қырғыз тілінде Әулие көл деген мағынаны да береді екен.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ұзындығы көлденеңінен 180 км, тігінен 60 км. Орташа тереңдігі 250 м, ең терең жері 702 м.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Жылына 2 миллион турист келеді екен. Оның көп бөлігі әрине Қазақстаннан.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Көлдің айналасының бәрі жасыл ағаш және тау.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Қонақүй, панисонаттар бір күнге шамамен 4000 тг, ал 6 адамдық үйшіктер 18 мың тг.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Көлге дейін апаратын осындай ұзын жасыл коридорлар көп.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Жалпы жасыл, көлеңке көп. Ауа райы қолайлы, қатты ыстық емес.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Суға түсуге ең ыңғайлы уақыт 09:00-11:00 және 16:00-18:00 арасы. Су осы кезде жып-жылы болып тұрады. Суы таза, асты құм.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Теплоходтармен серуенге шыға аласыз, бағасы 900 тг.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Георгиев шатқалы немесе жаңа атымен Чоң-Ақсу шатқалы — туристер жиі келетін жер.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Чоң-Ақсу тау өзеніне түсуге болмайды, ағысы қатты.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Форельдерді осы жерден аулап, туристерге пісіріп береді.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Таулы аймақта атпен серуендеу де экзотика. Минутына 30 тг берсең болғаны.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ал мына байкенің атына мініп, шапанын киіп, қолыңа бүркіт ұстап фотоға түсу 300 тг.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Тау басынан ағып жатқан бұлақ суына жасанды сарқырама жасап қойыпты. Туристерге суретке түсуге жақсы тағы бір нүкте.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Мықты, мықты ағысы Чоң-Ақсудың.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Жер астынан шығып жатқан ыстық су да бар. Емдік қасиеттері көп деседі. Бар болғаны 600 тг төлеп, қалағаныңызша түсе бересіз.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Бассейндер 3 бөлікке бөлінген: салқын, жылы, ыстық. Ыстық бөлімінде 10 минуттан артық тұра алмайсыз, болмайды да тұруға. Бірақ, ағып жатқан ағын сумен желкеңізге, арқаңызға массаж жасап алуға болады.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Таулы аймақта туристерге жиі ұсынылатын нәрселер: бал мен саңырауқұлақтар. Барбарис балы өте керемет!

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ал пляжда балмұздақ, сусын, жүгері өтімді тауарлар.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Бүркітші қыздың бүркітімен фотоға түсуге болады.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Асау бота да кездесіп қалады.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Түнгі уақытты да көңілді өткізуге болады. Қор-қор шеккіңіз келсе, бар болғаны 900 тг төлейсіз.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Тағы да келемін, Ыстықкөл!
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

6 пікір

e_zhalgas
Ыстықкөлде кальян 900 теңге екен. Бар-жоғы 900 теңге. Кальян, 900, теңге, Карл! :)
asaubota
негізі реал бағасы 1000-1500 болуы керек қой. бізде ауадан көтеріп жіберген де кальян культын жасай қойған :T :Q :U
ken
Чолпон Атасында болғанмын. Ағып жатқан арықтары мен өзендері көп екен. Одан бөлек әр жерлерден суы бекітілмейтін құбырлар көрдім. Суы көп жер екені бірден байқалды. Ал көлдің суы аздап тұзды екен.
Сосын құмға астыңа ештеңе төсемей отырып көрген жоқсыңдар ма? Солай отырғанымнан ба, білмеймін, әйтеуір артым (терісі) қыши берді. Қасуға ұят. Айналаңдағыларға білдіртпей қасып-қасып аласың, ол одан сайын қышиды. Пляжда отырып байқап қарасам, демалып жүргендердің кейбіреулерде де солай боп жатыр екен. Сонысынан басқасының бәрі күшті болды.
asaubota
ондай болмады :)
бірақ құмы жабысқақ екен, душта әзер кетіресің
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.