Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?

  • Автор
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?Көбіне достарымызбен жинала қалсақ та, үйге қонақ шақырсақ та дайын нәрсеге тапсырыс бере салуға құмар болдық қой… Ол түсінікті-ақ, уақыт аз, ал кез келген супермаркетте бүгінгі күні тоқаштан бастап түрлі салаттарыңа дейін бәрін жасап сатады. Тіпті қазақы ет пен қамырға да тапсырыс берсеңіз ол да дап-дайын!

Бүгінгі жазбамда күнделікті жеп жүрген, алайда үй жағдайында да жасауға болатын дәмді тағамдардың біразының қанша теңгеге жасауға болатынын айтып, дүкеннен (кафе, асхана, фастфуд) қанша теңгеге сатып алатындығымызбен салыстырмақшымын. Жазбамды түскі шай ішкенде десертке жейтін тәтті тортымыздан бастап, кешкілік достармен бас қосқанда дастарханымыздың сәнін келтіріп тұратын пиццамен аяқтаймын l-)

Ендеше кеттік… \m/

Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?

Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?"БИСКВИТНЫЙ ТОРТ"

Қажетті ингредиенттер:

  • Ұн — 200 гр/60 теңге
  • Жұмыртқа — 4 дана/100 теңге
  • Қант — 4 қасық/40-50 теңге
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) — 25 теңге
  • Сәндеуге қажетті жемістер, тәттілер — 200 теңге

  • 435 ТЕҢГЕ
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН ТОРТ ---------------------------------------> Киллограмы 2500 теңгеден басталады, 1 торт орта шамамен 3000 ТЕҢГЕ-дей болады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?ШАБДАЛЫ КЕКСІ
Қажетті ингредиенттер:
  • Жұмыртқа — 2 дана/50 теңге
  • Маргарин- 250 гр./60 теңге
  • Қант
  • Сода
  • Ұн — 200 гр./60 теңге
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) — 25 теңге
  • Шабдалы, сәндеуге қажетті шоколадтар — 200 теңге

  • 395 ТЕҢГЕ
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫҒАН КЕКС ---------------------------------------------------------------------> Киллограмы 1500 теңгеден, бір кекс орта шамамен 2000 — 2500 ТЕҢГЕ-дей болады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?СҮЗБЕ ҚОСЫЛҒАН БӘЛІШ
Қажетті ингредиенттер:
  • Ұн — 300 гр/90 теңге
  • Сүзбе — 250 гр/300 теңге
  • Қант
  • Сода
  • Қопсытқыш (разрыхлитель) — 25 теңге
  • Жұмыртқа — 2 дана/50 теңге
  • Маргарин (немесе май қолдануға болады) — 250 гр/60 теңге

  • 525 ТЕҢГЕ
ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН БӘЛІШ ----------------------------------------> Киллограмы 1000 теңгеден басталады, бір бәліш орта шамамен 2500-3000 ТЕҢГЕ болады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?КИМБАП/МАКИ
Қажетті ингредиенттер:
  • Нори жапырағы — 250 теңге
  • Күріш
  • Тұз
  • Сыр, балық, қияр (өзіңіздің қалауыңызға қарай қажетті заттарыңызды қоса бересіз) — 400 теңге

  • 650 ТЕҢГЕ

СУШИГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ ---------> Түріне қаратай 800 теңгеден басталады, ең көп тапсырыс берілетін «Филафельфия» маки 1400 ТЕҢГЕ тұрады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?ДӨНЕР
Қажетті ингредиенттер:
  • Лаваш — 100 теңге
  • Майонез, кетчуп
  • Қуырылған картоп — 50 теңге
  • Қияр, сәбіз, қызанақ — 70 теңге
  • Ет (етті өзіңіздің қалауыңызға қарай қосасыз) — 200 теңге

  • 420 ТЕҢГЕ
ДӨНЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ ---------------------------------------------------------------> Дөнердің ең қарапайым түрі 800 ТЕҢГЕ-ден басталады
Суреттер сөйлейді: Үй тамағы ма, әлде фастфуд па?ПИЦЦА
Қажетті ингредиенттер:
  • Ұн — 200 гр/60 теңге
  • Қызанақ — 2 дана/70 теңге
  • Тұз
  • Ашытқы
  • Сыр (сырдың көп болғаны жақсы) — 300-400 гр/ 400 теңге

  • 530 ТЕҢГЕ
ПИЦЦАҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕ -------------------------------------> Пиццаның ең қарапайым түрі «Маргарита» негізінен 1100 ТЕҢГЕ-ден басталады

САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ КҮНДЕ БОЛМАСА ДА, АПТАСЫНА 2-3 РЕТ ЖЕЙТІН ТАҒАМДАРЫМЫЗДЫҢ БАҒАСЫ ОСЫНДАЙ.
ҮЙ ТАМАҒЫ МА, ӘЛДЕ ФАСТФУД ПА? Таңдау өзіңізде :-/
Тамақты үйден дайындап ішіп-жейтін болсақ қааанша ақшамыз қалтамызда қалады екен иәәә?! ;;)
  • *Тағамдарды дайындаған автор, ал азық-түліктердің бағасы Астана қаласының бағасымен есептелінді.
  • ** Үй жағдайында дайындалатын тағамдардың құнын есептегенде әрбір үйден табылатын қант, тұз, сода, ашытқы бағасы қосылған жоқ.

P.S. «Барлық» жастардың сүйікті асы KFC жайында жазар едім, бірақ оның құпия түрде сақталатын дайындалу әдісін әлі білмеймін. Біліп жатсам міндетті түрде қосып қоямын :d Бірақ кәдімгі бір тауық KFC-дің кіп-кішкентай твистерімен бірдей болары анық!

Ұқсас посттар

48 пікір

AKA
Оформление сұмдық, оқығанда сондай тартымды!  Аспаздық үшін керектің мынадай функциялары күшті екен.  Тексеріп көру керек
AKA
Кей мәзірлер +еңбек пен газ, су, уақыт сияқты қажеттіліктерді қоса есептегенде сол дайын дүниемен бағасы бірдей болады. Ал, пирог, бірінші/екінші тамақ, самса дегендерді үйде жасағанның тиімділігі зор.
rakisheva
Тамақ пісіргеннен тек ләззат алатын адам ретінде оларды есептемей кетіппін
sammita
өзің жасауың керек пе еді… ауызша салыстырмалы түрде әрине "үйде жасалған міндетті түрде арзан әрі дәмді болады".
тойыңқырамай қалдым
MamaAya
ммм, осындай келінім болса ғой кейін.
Бұл деген сөз керемет қызсың деген сөз, өзі үнемдеуді ғана білмейді, сонымен қатар қолынан бәрі келеді. Бірақ Мен Өзім жасағаннан гөрі біреудің дайындағанын жақсы көрем бәрібір. Супер!
Anar70
Маған да осындай келін керек))))))
satibaldi
Енеңіздің сіз туралы да осындай асқақ ойлары болғанын қаперіңізге сала өткім келеді
Anar70
Сатеке, енемнің асқақ ойлары, арманы орындалған))))))) қаперімізде бар, шалқаңнан құлапсың ғой тіпті бір күні мерт боп кетпесең жарар еді)))))
Anar70
Қоңырбай, ақырын, маса кіріп кетеді)))
satibaldi
Енеңіздің атынан оңай сөлей салуыңыз — оның армандары қаншалықты орындалғаны туралы мұңлы ойларға жетелейді
sammita
ой, Анарды білмейсіңдер ғоой, пысық
Соңғы түзету:
satibaldi
Білетін несі бар дейсің
AKY
Бұл екеуі абысын ба, бірдеңе оЧм
satibaldi
Еее нақ, түсінікті
Anar70
ооо, Самитта сәлем, абысынка))))))))))
AKY
Әлде жеңге мее, қалай ед
sammita
сәлем абысын, жездем қалай..
Anar70
жездеңе не болушы еді))))) сәлем айтып жатыр)))))
AKY
sammita
айтуға ұмытып жүр ем кімім екенін. бұл екеуі деп тіпті
AKY
Джарайд енді, ашуланбаш. Тіпті жақын екенсіңдер ғой)))
sammita
қытайға шүкүр
Ispek92
Еркектер бірдеңе деп кетіңдер, болмаса тамақтан жеп кетіңдер!
Gastarbaiter
Маған да ұнады жазбаның әрленуі. Үйренетін зат екен.
asaubota
ерінбейсіңдер, а?
rakisheva
Блогиада үшін нестемисің
bizbike
Басқаны білмедім, бірақ өзім күнделікті ас бөлмеде жүрудің өзіне шаршаймын, сондықтан кейде біреудің дайындағанын жегің келеді. Қонақ шақырғанда өзіңнің дайындаған асың мүлде батпайды.
MamaAya
Мен де қонақ күткенде тек «Айым қалай дайындадың, дәмді екееен?!» деген сөздеріне ғана тоямын. А так өзім жасаған тамақты жегім келмейді. Жасап жүріп тойып қалатын сияқтымын. Жей беріп емес, иісіне ме, түріне ме, бірнәрсе әйтеуір. Асхана шаршатады адамды.
satibaldi
«Айым қалай дайындадың, дәмді екееен?!»
Интонациясын елестеттім
MamaAya
сенің елесің маңызды ед)
aza
Үйдің асын жеген күшті сияқты. Бірақ, оны жасауға кететін уақыттың құнын неге қоспағансыз?
Gokha
Үйден пісіргенің әрине арзанырақ, ол фастфудқа қана қатысты емес, ресторанның тағамдарын алсаңыз да, тиімді. Әрі ресторанда тапсырыс беретін қымбааатт тағамдардың өздері тез әрі оңай дайындалады, мысалы: ақсерке балығы (семга) — кілегейлі қатықты (соусты) тез даярлауға болады, әрі балықтың өзін туздап, бұрыштап, жай ғана тапаға қуырып аласыз; сол секілді бризоль, уйден пісірсеңіз ең көбі 15 минут қана алады, ал ресторандағы оның бағасы қанша , отбивнойдың етін алдын ала дайындап қатырып койсаңыз, оны да әзірлеуге 15-20 минут кетеді. Үйде 1-2-3 сағат бойы асүйден шықпастан тамақ пісіру бүгін сиреп барады, манты, бешбармак болмаса, қалған тағамдарды жұмыстан келген бойы жарты сағат ішінде дайындауға болады. Тақырып авторына рахмет, үйдің тамағы тек макарон деген қалыптасқан ұғымды теріске шығаруға жасаған қадамы үшін.
sammita
общым, сөздің аш етері: қарның ашқанда бағасына қарамайсың. ойланбастан тойып алғың келеді. Обедте міндетті түрде көшеден тамақтануға мәжбүрміз. Сондықтан амал жоқ. Ал үйде күнделікті тамақ даярлаймыз міндетті түрде.
ken
үй тамағы жақсы
Tyulpan
рахмет, Айнұр. үнемі керек(ті)инфоты, маңыз(ды)инфоды ақпарат беріп жүресіз. әрқашан ақ жол!
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.