Жиһадшы жүз елу қазақ кім екенін білесіздер ме?

  • Автор
Суреттер сөйлейді: Жиһадшы жүз елу қазақ кім екенін білесіздер ме?Қайырлы күн, керекинфолықтар. «Сириядағы жиһадшы 150 қазақ» әлеуметтік желіні тіксінттідеп азаттық сайтына көптен бері шулап жатқан Сириядағы жиһадшы қазақтардың видеосы жайлы материал шыққанын көрген боларсыздар. Және азаттықтағылар енді осы қазақтардың бір дерегін іздеп жатыр. Сондықтан бір білсе сіздер біліп қалар деп көмек сұрап отырмын. Танитынтарыңыз болса айта отырыңыздаршы. Не жекеге хабарлассаңыздар болады. Сөйлеу мәнеріне қарап Ақтөбеліктер ме деп ойлап қоямын.
Aya

    Ұқсас посттар

    57 пікір

    Aya
    бірдеңе деп жіберсеңіздер…
    Adiletshu
    Кішкентай балалар обал. Қырып тастайды ғой
    bizbike
    Ту Алла сақтасын!
    Anar70
    не деріңді де білмейсің, шынынада да балаларға обал ақ(((((
    Aya
    Жезқазған, Қарағандылықтар емес пе?
    a63a1
    Жоқ, менің жасағымдағылар ауыл арасында жүр әлі.))))
    Aya
    сол жақ болып шығатын сияқты түбінде, сіз аняқта нестеп жүргенде, жасағыңыздағылар мыняқа кетіп қалған сияқты)))
    a63a1
    ))) Мүмкін емес, халық санын бақылайтындардан сұрап көрейін))
    Aya
    мүмкні, мүмкін.
    a63a1
    неге олай ойладың именні қарағанды жезқазған деп?
    Aya
    Сондай бір ақпарат естіп қалдым. Көргендер бар сияқты ма…
    meirzhan
    Мындағы күмәнді деректер Жезқазған дейді. baq.kz/kk/news/37798
    bizbike
    қайдан екені сонша мағызды ма еді, қазақтар ғой бәрі де, обал, обал
    Aya
    маңызды болып отыр ғой сол.
    sigma
    Бүкіл қазақстандық санақ жүргізжівереміз бе?
    Arys_arlany
    Aya маңыздысына маңызды тақырып, барлығымыздың да көңіліміз алаңдаулы, бірақ, болашақ үшін бұл тақырыпты өшіре салғаныңыз дұрыс болар, ең бастысы құлағыңыз тыныш болуы үшін. видеоролигі ютьюбте жарияланган еді сенбі күні, бүгін өшіріліп тасталған. Қандай құдыреттің араласып жатқанынан осыдан-ақ байқауыңызға болады. Ең бастысы, ел тыныш болсын
    bizbike
    Құлақ тыныш болса болды деп отыра береміз бе?
    Дұрыс емес, бірақ біз не істей аламыз? Ең жаманы — дәрменсіздік.
    Arys_arlany
    bizbike фб дағы нигіңді айтшы, жекемен сөйлесейік, әңгімең көп болса
    bizbike
    фб-да жоқпын қазір
    Sashok
    Көлеңкеңнен қорыққан неткен жансың.
    bizbike
    Ешкімнен де қорқып тұрған жоқпын, фб-да тіркелмегенмін деп тұрмын. Екеуіңнің әңгімелерің көп екен, онда жекеге жазыңдар осында. Тіпті жекпе-жекке әйелді шақырғандай болдыңдар ғой.
    Adiletshu
    Пікірдің үстнде төбеге бағытталып тұрған стрелканы бассаңыз кімге жазылғанын көрсетеді.
    bizbike
    рахмет, басу ойыма келмей, осындай пікір жазып қойдым, ал кешіріңдер
    Serzha
    видеода ерлер мен балаларын көрсетті, әйелдері көрінбейді
    temir1986
    Астапыралла не болып кетекн бұлар.
    ken
    Бұлар сонда кімдер жағында соғысқалы жатыр? Сирияның қазіргі билігі жағында ма, оппозиция жағында ма?
    Serzha
    «оппозиция» жағында
    SLIPKNOT
    Бұларды қазақ деп айтуға аузым бармайды…
    edige
    Ия, қазақтар екеніне де күмәндімін… Есімдері тәжік ағайындар сияқты…
    шошындым…
    Соңғы түзету:
    Adiletshu
    Қазақтар. Қазақша сөйлейді.
    edige
    Қазақша сөйлейтін басқа ұлттар шығар… Есімдері тілді сындыратындар екен… артынан «Көке» дегені қазақша ғана.
    meirzhan
    Сіз қай видеоны қарап отырсыз. Сержаның сілтемесіндегі видеода барлығы қазақтар ғой.
    edige
    мммм мен енді көрдім… толық…
    omarbirat
    Аяушылық сезінуге себеп көрмей отырмын. Өздері шариғаттан келтірген дәлелдеріне өздерінің әрекеттері 100 пайыз керағар. Балаларының обалы топас әке-шешелеріне.
    Қаңғырған оқ, снарядтардан өліп кетпесе, ұлдары өскен соң қару алып босқа өледі, қыздары сондағы боевиктердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жезөкшелер болады. Жиіркенішті шшс

    Топастықтың ең жоғарғы пилотажы қаззақтардан шығады деп кім ойлапты.
    meirzhan
    Қарашайлық бауырларымыздан да шығады екен бұндай топастық. Бірақ соғысқа бала-шағасын ертіп апарған деген енді

    Концертке балаларын шулатып ертіп апаратындар мына «брат-сестралардың» қасында ойнама қалады екен.
    Sashok
    қыздары сондағы боевиктердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жезөкшелер болады
    Қатты кетпе, інішек. Көзіңмен көргендей айттың ғо.
    omarbirat
    інішек
    Жасым сенен үлкен болып шығуы да ғажап емес. Бірақ сенің қаншада екеніңді білмейді екенмін.

    Жел шықпаса шөптің басы қимылдамайды. Анандай ақымақтыққа барғандардан одан зорғысын да күтуге болмайтынына еш кепілдік жоқ.
    asaubota
    видеоның мақсатын түсінбедім. ваххабизмды пиарлау ма?
    Adiletshu
    Соғысып жүрген адамдарға ұқсамайды ғой, демалып жүрген адамдар сияқты
    asaubota
    енді барып жатыр ғой Сирияға
    Aya
    Бұлар наурыз айында кеткен екен Қазақстаннан естуімше.
    Janasil
    Қазақтар соғыс сағына бастаған ба? әй, әй..! аңғалақымақтопастарым ай! кетсең өзің кет балаңда нең ба?
    kariim
    Жаз айларынан бастап, Сирия патшасы өз күшіне мінген. Сондықтан, осы соңғы 3-4 айдың көлемінде ол елдің шекарасын кесіп өту мүмкін болмай қалған. Екі жыл бойы радикал топтар Сирияға қарай үш мемлекет: Иордания, Түркия, Ирак шекараларынан өтіп келді. Ал Ливанмен шекаралас аймақтардан негізінен патшаны жақтайтын топтар ағылды. Ал енді Иранның мәселесін айтпаса да түсінікті, олар патшамен сенімі бір адамдар.
    Соған қарағанда, бұл — біраз ескіріп барып бұқараға кейіннен паш етіліп отырған дүние деп ойлаймын. Мүмкін, шекараның сыртында, яғни, әлгі мемлекеттердің бірінде түсірілген болуы да кәдік. Мақсаттары біреу: Ғаута жеріне жиналу. Хадисті дұрыс трактовка жасамаудан туындаса керек. Хадис деп отырғанымыз: Қияметке жақын заманда Ғаутаға жиналмайтын мұсылман қалмайды — деген ұғымдағы мәтін. Ирактағы дәл осындай соғыс кезінде әлем мұсылмандары дәл бұлай үдере енген жоқ ол елге. Каддафиді құлату керек болған кезде де мұсылмандар дәл осындай дәрежеде өтпеді ол елдерге. Неге? Өйткені ол жерлерге жиналу жайлы хадистерде айтылмаған болатыр.
    Біздің каналдар мәселеге бұл тұрғысынан келе алмайды, өйткені бұл мәлімет біздің журналситерге жетпеген.
    Сосын бір мәселе: видеоның алынып тасалған дәнеңесі де жоқ, мен оны кеше кешкісін кордім. Мына жерден көрсеңіздер болады.
    Сириятанушымын деп айта алмаймын. бірақ екі жарым жылдан бері интернеттен қарап келемін. Таңертең почтамды ашпаймын, алдымен сирия жаңалықтарын көремін.
    bizbike
    Кеше Хабардан көрсетіп жатыр ғой, мұндай қозғалыс (партия) 1928 жылдан бастау алады екен. Олардың мақсаты билікке жету ғана, балалар мен қарапайым адамдардың өліміне олардың басы ауырмайды.
    kariim
    Мәселені былай ойлаймын: әлгі балаларды өлімге қию үшін алып кірген жоқ олар. Хижра (қоныс аудару) деген де сенімдер араласып тұр бұл жерге. Яғни, кәпір елді тастап, мұсылман елге қарай қоныс аудару (бүкіл әулетімен). Мұны да біздің журналистер қамтымаған.
    asaubota
    осылай жақсылап түсіндіріп бермеді ғой ешкім. бәсе ана отбасыларын өлімге апармаған шығар. бірақ қанша дегенмен адасқан жандар ғой, иә?
    bizbike
    адасқанда да оңбай адасты байғұстар
    ken
    Мәселені былай ойлаймын: әлгі балаларды өлімге қию үшін алып кірген жоқ олар. Хижра (қоныс аудару) деген де сенімдер араласып тұр бұл жерге. Яғни, кәпір елді тастап, мұсылман елге қарай қоныс аудару (бүкіл әулетімен).
    Ол елде дәл қазір шариғат заңы жүріп тұрған жоқ. Сирия — зайырлы мемлекет. Мыналар соғысу үшін кетті. Жәй ғана мұсылман мемлекетте тұрғылары келсе, басқа елдерге баруға болар еді.
    kariim
    "Өмір — жиһад". Түсініктері осындай олардың. Бір жағынан қолдарлық ұстаным. Тек жиһадтың ұғымын жан-жақты қарап, оны қандлай жағдайда қалай қолдану керектігін білу қажет деп ойлаймын. Өзге мұсылман мемлекетіне жиналмайды ғой мұсылмандар. Жиналуға тиісті Ғаута елдімекені Сирия жерінде. Сондықтан, олар дәл осы Шам өлкесіне қоныс аударып отыр.
    bazuka
    бұл братандарға не жетпей жүр
    Sashok
    «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несi бар». Жұмысы жоқ, үйi жоқ, жағдайы жоқ ашынған адам бәрiне барады. Қайта қазақ байғұс көнбiс.
    bizbike
    сол ғой көнбіс, бірақ өз елінде бірдеңе өзгерту үшін көтерілмеген қазақты айдалаға апарып, (өз еріктерімен!!!!!!!!!) соғыстырып жатқан қандай алапат психологиялық күш / насихат / сананы улау?
    Соңғы түзету:
    bazuka
    Награда дейді, сонда не үшін береді екен? адам өлтіргендері үшін бе? саналарын бар болсын. уфффф
    Sashok
    Бұларды кінәлаудың қажеті жоқ. Кінәліні басқа жақтан іздеу керек. Алданып қалған байғұстар. Бізде бәрі күшті болса, көттеріне приключение іздеп қайтсін. Тек қайтып келетін жолды өз қолдарымен жапқаны жаман болды.
    asaubota
    Азаттық уже екінші адамды тапты, мықты істеп жатыр
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.