Авиашоудан фото есеп

  • Автор
29 фото
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ
image
Алдымен қысқаша ақпарат.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді.
Толық оқығыңыз келсе: --->>

Өткен жексенбі яғни 18-тамыз күні Астана қаласының сыртындағы 19132 әскери бөлімінде Әуе Қорғаныс күштерінің құрылғанына 15 жылдығына орай мерекелік жиын өтті. Шақыртуда авиашоу деп көрсетілгендіктен сәл қобалжу болды. Енді түтінді будақтатып аспанда сурет салып шыр көбелек айналып жүрген ұшақтарды суретке түсіру оңай жұмыс емес. Содан гуглды ақтарып суреттер қарадым, біраз видеолар көрдім, опшым біраз дайындалдым. Азанда келісілген жерге Canon 5D mark II-ні құшақтап жеттім. Дайын машинамен авияшоу болатын жерге де 20 минутта жетіп бардық. Әдетте қатал, суық көрінетін әскери қызметкерлер жайдары қарсы алды. Бүгін ашық есік күні екен. Мерекелік алаңға Ан-26, С-295, Ту-154, Ту-134, Як-40, Ми-17В-5, Eurocopeter EC145 және зениттік зымырандар арқалаған бірнеше МАЗ-543М көліктері қатар қойылыпты.Суреттер сөйлейді: Авиашоудан фото есеп
Мерекелік шарамыз басталып біраз осы саланың мықтылары сөз сөйледі. Құттықтады. Мақтады. Мақтанды! Марапатталды!
Флешкам 2 gb болғандықтан көп кадр түсірмей аспанға ұшақтардың шығуын күтіп жүрмін. Бір кезде әуеге 5-6 ұшақ көтеріліп алдымыздан ары-бері бірнеше рет ұшып өтті. Болды авиашоу бітті. Жиын соңында әскери ұшақтар есіктерін келушілерге айқа ашты. Мереке иелері құттықтап келген әйел, баласын жетектеп ұшақтарды асықпай таныстырып жүрді.
«Тарта жесең тай қалады» демекші 2 сағаттық жиында бар жоғы 120 сурет түсіріппін.
Айтқандай бүкіл жаз бойы Астанада қабылдамаған ыстықты осы екі сағаттың ішінде қабылдап қайттым.
Сонымен суреттер:
Суреттердің толық нұсқасын videmus.kz

29 сурет

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ

Janasil

Біреудің қызығын қызғанып жүйке тоздырғаннан,
Өз қызығыңды іздеп қиналған артық.

    Ұқсас посттар

    17 пікір

    Shah
    Кемелерді де түсіргенде керемет болар еді
    burkitshi
    күшті авиашоу
    Соңғы түзету:
    Janasil
    Өзіме артық алып қоғаным болмаса, былай жақсы болды!
    Ispek92
    есіктерін келушілерге айқа ашты.
    осы жерін жөндеп жіберіңіз брат былай керемет енД суреттер. Кәсіпқойсыз-ау дедім
    Abilakim
    Әрбір жерде құлап жатқан авиациямызбен кімді қорқытқымыз келді екен?
    Ал, фотоесеп тамаша!
    asaubota
    иә, фотореп күшті. қалғаны туралы айта алмаймын
    asaubota
    аспанда неше түрлі ұшақ-шоулар жасамады ма?
    Janasil
    Тұрған ұшақтардың маркаларын жазып алыңдар. Үйлеріңе барып интернеттен қарайсыңдар,- деді.
    Соңғы түзету:
    aikarakoz
    Жанасыл, фотосессия жасауға қалайсыз?
    a63a1
    СУлар жоқпа не?
    Janasil
    Мен көргендер осылар болды.
    Marco
    Щеголдарды түсіру жақсы идея бопты
    Janasil
    Өшпейтін тақырып қой бала деген. Оның үстіне басқа қызықта болмады.
    aza
    Фотолар ӨРТ!
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.