Тойдан сарқыт

  • Автор
Аламын. Ұялмаймын. Әзірге ешкім видеода көрініп қалыпсың демепті :)
Бұрындары ұялатынмын, біреумен барсам — сол алатын, өзім барсам — құр қол қайтатынмын. Үйрендік. Әрі-беріден кейін той иесінің маған арнаған несібесі.
P.S. Сарқытты үлкен кісілер (көбіне әйел адамдар) бала-шаға мен келіндерге алады депті neke.kz

Бір сұрақ: Тойдан сарқыт
merekeee

«Саналы шәйнек»

    Ұқсас посттар

    5 пікір

    ken
    еркектерге алуға бола ма
    merekeee
    Егер еріп барған ешкімі болмаса ала берсін. Дәстүр бойынша нақты білмейді екем, былайынша байқағаным: бойдақтар ваще алмайды. Отбасылы еркектер де көбіне салып берсе ғана алады ғой, и то бір тістелген, қабығы жыртылған :) Таңдап-талғап жатқандарын байқамаппын, жараспайтын да шығар.
    ken
    бірде досымның туған күнінен соң әйелі қолыма сарқыт ұстатып жіберді. біртүрлі екен.))
    qonyrbai
    Салып берсе ғана аламын. Біз жақта келіндер ұрлап, өздері салып алады. Олар да басында алуға ұялатын.
    merekeee
    Той басталмай жатып алса немесе болып жатқанда біреудің алдындағыны салып алса — ұрлық. Ал біткеннен кейін қалай алса да, қанша алса да — сарқыт :)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.