Машинаны айдайды ма, жүргізеді ме?

  • Автор
ken

КерекИнфолық қолданушы болып табылып келе жатырмын.

    Ұқсас посттар

    18 пікір

    MamaAya
    Айтқанда «айдайм» деп айтамыз ғой, жүргізем деп емес. А так жүргізушіміз ғой, «айдаушы» емес…
    Ispek92
    Жүргізеді меніңше, қозғалыстағы затты айдағанын көрдіңіз бе? Айдау, айдайды дегендер былай диалект секілді)))
    VKM
    :))) басқа проблема жоқ па?
    Ispek92
    Шыңғысхан мен Шеркешбайдан жақсырақ секілді)))
    qonyrbai
    Мен жаяу жүрем.
    bake
    Басқару тетіктері арқылы басқарамыз, басқарылмаса көлік аталмайды. Тежегіші болмаса қажет кезде тоқтамайды, жүру бағытын өзгертетін руль болмаса маршрут бойынша жүрмейміз. Сондықтан көлікті жүргізеді. Негізі сұрақты былай қойған дұрыстырақ «автомобильді айдайды ма, жүргізеді ме?» дегендей өйткені барлық машина көлікке жатпайды.
    TAEKM
    ал ендеше саган
    ken
    Оңтүстіктегілер «айдау» деп айтады. Орыс тіліне біз сияқты еліктей бермейтін өзбектерде де «айдаудың» өзбекше нұсқасы айтылады. Қырғыздарда да солай. Водителі болса — хайдовчи, айдоочу. Ал орыстарға жақын татар, башқұрттарда «жүргізудің» сол тілдегі нұсқалары айтылады екен.
    Сондықтан «жүргізу» деген орыс тіліндегі «водить» дегеннің калькасы, меніңше. Егер орыстар «водить» деп емес, басқаша айтқанда, мысалы «гнать» деп, онда қазір татар, башқұрт пен солтүстік қазақтары "қуу" деп жүрер ме еді.
    Тежегіші болмаса қажет кезде тоқтамайды, жүру бағытын өзгертетін руль болмаса маршрут бойынша жүрмейміз. Сондықтан көлікті жүргізеді.
    Дұрыс. Бұған қосарым, сол адамның басқаруымен орындалатын жүргізу процессі «айдау» деп аталады.
    MamaAya
    Мен сияқты Айдайм нұсқасын таңдаған кім екен и?))))
    ken
    жазған каментімнен-ақ біле бермейсің бе?))
    MamaAya
    ))))) өзі жауап бермеген шығар деп ойладым
    Armanjan
    2007-ден бері айдап келем
    qonyrbai
    Жазуда жүргізу дегенді қолданатын шығармыз, бірақ өмірде айдау дегенді ғана айтамыз ғой.
    — Машина айдап қайтайын.
    — Машинамен кәсенейінші/кәсетші.
    — Машина айдап үйретейін бе?
    — Көлік айдау білесің ба?
    т.б. мысалдар көп.
    merekeee
    Жүргізу керек. Көркемсөзде, құжат тілінде солай. Ауызекіде айта береміз әрине.
    Принципиально түркітілдестермен ұқсас болсын ба? Мағынасы жақынырақ болса болды шығар.
    Қазақта «малды айдау» дейді. Машинаның малдан айырмашылығы: қозғалысының бәрін бұрылу, баяулау, тоқтау процесіне дейін түгел адам басқарады.
    Ал негізінде машинаны «тебеді» )))
    ken
    Принципиально түркітілдестермен ұқсас болсын ба?
    Принципиально орыс тілімен ұқсас болсын ба?)

    «Мал айдаудағы» мағынасы ол бірінші мағынасы. Біз екінші мағынасын айтып отырмыз.
    Beytanis
    Мағынасы бір. Палуанға оңы не, терісі не! Негізі айдау дұрыс.
    bake
    Соңы жоқ тақ(ы)рыпқа бет алған соң:
    Тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану жағдайларын қоспағанда, көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануға тыйым салынады.
    -Жол қозғалысы ережелері -н түсінбеймін!
    -Неге түсінбейсің?
    -Машинаны жүргізбейді! Оны айдайды. Машинаны айдағанда телефонмен сөйлесуге болады. Ережеде жазылмаған машина айдаған кезде телефонмен сөйлеуге тиым салынған деп.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.