Шоколадтың қалың қабаты

-Бля, ыстық тамақ бар ма сұрап көрші!
— Жоқ екен. Пирожки мен сникерстен басқа дым жоқ.
— Тьфу нақ, аш болсаң боқ жейсің деген осы екен, ала салшы екеуін де, сосын ішерге бірдеңе ал! Құрыған жер екен де…
Самат мұрнын тыржита досының қолындағы сникерсті алды да, бір сәт ойға шомып кеткендей болып, жымиды да, шоколадтан бір тістеді.
Дәм естеліктерді қозғап жіберді ме, әлде жағдай соған итерді ме, есіне балалық шағы түсіп кетті.
,***

Жеңіс Алматыға қыдырып қайтатыны белгілі болды. Жеті жасар інісі Самат пен он екі жасар қарындасы Баршын«Рубин» телевизорынан алғаш түрлі түсті бейнелерді қарап, әлденеге бәстесіп отырды.
— Марс жақсы! — деді Баршын.
— Жоқ, Сникерс жақсы! -Самат.
Өмірінде біреуін де татып көрмеген екеуіне бұрын соңды болмаған үлкен сиқырлы кәмпиттің дәмін тату арман еді.
Жеңіс Алматыдан келгенде үй іші қуанып кетті. Әке -шешесі баласын көріп, іні-қарындасы ағасын көріп.
Балалардың сілекейін ағыза Алматыдағы қызықтарды, қисық айналарын, хайуанаттар паркін, циркті ішек сілесі қата бейнелеп отырып, «Мәссаған, ол жақта жарнамадағының бәрі бар, Ерлан көкем бәрін көрсетіп қыдыртты, бір қалтама фанта, бір қалтама пепси, екі қолтығыма Вимто, Хершиколаның банкісін қыстырып, уысыма… Марс пен Сникерсті салды!»

Тап осы әңгімені Самат мектепке барып, онан сайын әсірелеп, өз атынан сыныптастарына айтып, ауыздарының суын ағызып жүретін.

Ағасы дорбасын ашып ішінен қарындасына бір банка кола, бір «Марс» берді де, бір Сникерсті шығарып өз қалтасына салды.
— Самончик, Баршын екеуің бөлісіп жейсіңдер ғо, деді. Самат, «аха» деп басын изеді де, әпкесіне қарады.

«Базарлығың осы ақ па не? Өзің біреуін жалғыз жейсің, біз бөлісеміз бе? -деп ренжіген күйі Баршын тоңқылдап, Асханаға тайып отырды.
» Ендеше коланы да алып қоям, әкел бері!" -деп ашуланды Жеңіс.
— Осыдан мама келсін, жадина, жадина! — Баршын да жыларман болды, бірақ базарлығын бермеді.

Жеңіс жалтақтап тұрған Саматты жекеге шақырып алды.
— Ренжімеш, Самон келесі барғанымда көп қып әкелем. Мыны сникерсті мен Нұрайға берсем деп едім" -деді. Нұрай қонаққа келе жатқан немере туыстары еді.
— Жара-а-айды" -деді кішкентай Самат басы салбырап. " Тек… тек, Нұрайға айтшы, жеп болған соң қағазын лақтырмасыншы"-деді інісі.
— Зәнім-ау, қағазын қайтейін деп едің?- деді ағасы түсінбей.
— Мен кластағы балдарға ағам сникерс әкеп беред деп едім. Қағазын көрсетсем сенеді ғой!".

Жеңіс бауырының балғын ойларынан елжіреп кетті.
— Мә, ала ғой. Нұрайға келесі жолы әкеп берем онда" -деді.

***
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    97 пікір

    patick
    көз жасауратып сен де
    ken
    балалық шағым есіме түсті
    Gastarbaiter
    Жарнама үшін ақша төлеп қала ма деп
    Abilakim
    Бала кезімде Балқаштағы әпкеміз ауылға сникерс әкеліп сатты. Бізге тек бір-бірден берді. Сникерстің қай жерде тығылып тұрғанын тауып алдым. Бірақ, соның ішінен біреуін де ұрлап жемедім.сол кездегі ұстамдылығыма әлі таңқаламын. Себебі, тығулы алма дегендей тәттілерді тауып алсам жеп қоятынмын)))
    VKM
    туууййй, Гаста,қайдағыны жазасың.Соны жемесе қайтеді?
    Gastarbaiter
    Сникерстің жиырма жылдығы биыл екенін ескерсек, біраз мүшелеріміз бұл кезде тумаған да екен ғой
    ken
    «Тәшкенге бардым. Кока-кола іштім, марс жедім...» деп класстағыларға қағазын көрсетуші еді, қыдырып келгендер
    Gastarbaiter
    Көшеге нанға қант сеуіп алып шығып, «сұрауыш жоқ, магазин закрит» деп қолдарымызды айқастырғанда біреу қалтасынан сникерс алып шығып, көзіңше жеп тұрғанда, ішерге уымыз болмай қалатын
    Marco
    Әсерлі әрі қарапайым. Шынында жарнама деген бәле. Балам «Папа тук алып бер, фьюсчай ішем» дейді. Не екенін өзім білмейм, дүкеннен сұрасам сатушы күледі. «Балаңыз сұрады ма» деп қояды, жырқ-жырқ етіп.
    Marco
    Әкем іссапарға барғанда сол кезде рекламадан түспей тұрған тәттілерді әкеп беретін. Мен түскен дейін, алдымдағы апам түскен кейін оқитын бір кездері. Әкем келгенде сникерс, марс, топик, пик-никтерді мен алам да, телевизордың артына тығып қоям. Сосын жарнама болып жатқанда, өлеңін не сөздерін бірге айтып алып шығамын))) Эххх балалық)))
    VKM
    кішкене кезіңнен ТВдан сөйлеуге жаттығыпсың ғой)
    Abilakim
    Қылжақбас епті)))
    araika
    түскен дейін
    ,
    түскен кейін
     Osylai da soileitinder bar ma, jok orfogr. kate sizden ketti me?
    nurbergen_makym
    Қай-қайдағы назымдарды шақырып…
    Шәпкемді шештім)))
    VKM
    Колесо кз мынандай жарнама тұр.Бұл қылмыстық іс сияқты, меніңше
    Обмен на авто Акинак Сакский 6-5 вв. до н. э., эксперт. закл., в идеальн. сохр., для сост. коллекционеров дорого, варианты. Фото вышлю на эл. почту.

    +7 (701) 7369765
    ken
    шоколадтың қабатына не қатысы бар?
    VKM
    жарнама болған соң)
    nurbergen_makym
    Қарындас, басқа тақырып табылмады ма, мына "құсықты" лақ еткізетін?!
    VKM
    сорри, алып тастайын десем, алынбайды)))Виновата, молодая, исправлюсь
    konvict
    VKM
    Туй, Абай, ссен де. Кешірім сұрадым ғой.Өзім таңқалған соң, сіздер де таңқалсын десем)))б.д.д 5-6ғасырдағы зат мемлекеттікі ғой енді)
    Тақырып бойынша, мен дұрыс түсінбедім, ол кезде ауылда шоколад болмады ма?
    Aigolek
    Издевательство сиякты естилет )))
    Gastarbaiter
    Болды: Петушок золотой гребешок, Мишка Косолапый, Мишка на Севере, Птичье молоко, деген кішкентай кәмпиттер. Золотой ключик дег иристер менің сүйіктілерім.))
    Әңгіме вообще шоколад туралы емес., Тойыс тек ғана шоколад туралы емес.
    18 ге толғаны үшін сыйлыққа машина алатын адам газеттегі оқуға түскендер тізіміне кіргенін жалаңаяқ астаудағы балшықты езгілеп жатып естіген адамды түсіне қоймайды.
    Тырысса да жасанды көрінед. Өйткені олардың түсінуге тырысқаны, аяғаны)
    «Бишараларға қиын шығар» -деп.
    Ал бізге ешқандай да қиын емес.
    Көршіден нан сұрау да западло емес болатын, өйткені кешке ол сенен пияз сұрап келеді.Ауылдағы қаратабан пролетарийлердің қуаныштары да, өкініштері де ауылша, қаратабандау келеді ғой)
    Abilakim
    СМСпен папаңа жазып жіберсей)))
    Daniar-Alan
    шынында да бекер салдың негізі…
    Rozatai
    Ондай-ондай ханның қызында да болады ғой
    VKM
    А. П. Чеховтың «Чиновниктің өлімі» есіме түсіп кетті.Осы тақырыпқа кіргендерден оптом кешірім сұрайм))))
    Daniar-Alan
     ойнап айтып отырм ВКМ… бәрібір ғой… кешірім сұраудың да қажеті жоқ. невтему басқа тақырыпта Абзал-шифо да «бля Кен мен сені түсімде көрдім» деп жазып кетіп жүр ғой…
    Adiletshu
    Бірден жей салмай асықпай жеуші едік.
    Abilakim
    «Сникерсті жеп болған жақсы ма, жеп отырған жақсы ма?» деген тупой сұрақтар болушы еді)))
    Gastarbaiter
    Қыздар «анкетаға» жапсырып қоюшы еді қағазын. Сағыздардың фантигінен қымбатырақ валюта саналатын ))
    Rozatai
    Менің бір құрбымның әрекеті ващще прикол, үйінде дүкен болған ғой. Мамасы үйде жоқ кезде дүкеннен бір-екі сникерсті ұрлап алыпты. Содан қайда барса да, оны басқалар көріп қоятындығынан сескеніп, әжетханаға барып жепті, ұЖс
    ken
    Armanjan
    еееее балалық-ай десеңші, талай құрт пен ірімшікті әжетханада отырып жәукемдеп едік. Сонда бар болғаны есікті айқара ашып қоямыз.
    Rozatai
    мен өзім әжетханада ештеңе жеп көрмеппін. Менің бір кластас қызымның әжесі Тараздан сағыз әкеп сататын, бір штугын 5 теңгеден. Наклейкасы бар, исі мұрынды жаратын сағыздар еді  Соларды әжесі үйде жоқта уыстап ұрлап шайнайтынбыз
    Erkekyz
    Айтпа. Бізде де ауылда дүкен болатын, мектеп бітіргенге дейін ағам, сосын мен істеп жүрдім. Сонда ағама жалынып жүріп, біреуін алып кететінмін мамаға көрсетпей. Оны қайда тығып жейтінімді таба алмай, мектепке барып жейтінмін. И то переменде.
    Rozatai
    Ол кез біртүрлі таршылық заман еді ғой қазіргімен салыстырғанда. Қазіргі көптеген жас ата-аналардың супермаркетте балаларын арбаға салып алып, не нәрсеге қарап қолын созса, соны әпере беретін тым жомарт психологиясына таң қалып қараймын. Бізде анда-санда еді ғой шоколад та, балмұздақ та. Әкем жұмыста отырғанда звондап, «Папа, біз бүгін бес алдық, бізге базардан „Киндер сюрприз“ әкеп беріңізші» дейтінмін. Сосын ол есіктен кірген бойда екі қолын екі қалтасына сүңгітіп жіберіп, «Пам-парам» (примерно осылай) деп екі шоколадты шығарады. Біз мәз боламыз, прям, екі құлақ екі езуден ары кетед  Сосын мен папамнан қоймай тағы сұрайм: «Мына екеуін қаншаға алдыңыз?»
    «140 теңге»
    «Папа, бізге 140 теңгеге шоколад әпергеннен айлығың тошны азайып қалмайды ғо, иә?» дейді сосын Розатай қоймай
    Басқаны білмеймін, біз өстіп өстік (ақша болмады емес, болды, бірақ, ата-анамыз тәтті-пәттіні көп тықпалай бермейтін )
    Daniar-Alan
    «Папа, бізге 140 теңгеге шоколад әпергеннен айлығың тошны азайып қалмайды ғо, иә?» дейді сосын Розатай қоймай

     таныс сөздер…
    Dana
    тартымды ангиме, адамды ойландырады… Шындыгына келгенде, жер бетинин бир тупкирлеринде осындай балгын сезиммен, келешегине умитпен карап, арманмен омир суретиндер де умытпаган жон… Бул шагын ангименин туп торкини узакта жатыр.
    Adiletshu
    Жұмбақтап сөйлемей айта салшы
    bazuka
    Сникерс жемим, марста жемим)) балмұздақты мүлде ұнатпаймын. бірақ қара домалақ кәмпиттерді жақсы көрем әкем әкеп беретін, балалығымды есіме түсертін.)
    AL-ASTER
    Сникерс кола десе, валеология сабағында сникерс, колалардың зияны туралы зырылдап 5 алып, далаға шыққан соң сникерстен жеп, коладан ішіп жүре беретін амигомыз ғой)
    know_how88
    «SNICKERS» деген жазуын айналдырып қиып алып, 3-ші ма екен, әлде 4-ші ме екен сыныптағы тысында суреті болмайтын қарапайым күнделігімнің сыртына жапсырып қойғаным есімде)
    AKY
    Папам Ақтөбеден 3 марс әкелген үшеумізге. Үнемдеп, арасында тоңазытқышқа салып қойып, 2 күн жедік
    Одан кейін ағам МэндМс әкеп берді Ақтөбеден ол енД ваще супер еді.
    Сосын өзім мамамен бардым Ол кезде Твикс алып берді. Екі саусақты айқастырып «сладкая парочка» деп қойып жегенім есімде)))
    Қазір інілерім садиктен дүкенге соқпай қайтпайды Демалыста мега-шмегалары өз алдына. Рахат, лібә)))
    Rozatai
    Екі саусақты айқастырып «сладкая парочка» деп қойып жегенім есімде)))
    Aikona
    Шынымен бізге сникерс, кола дегендер кәдімгідей таң еді ғой, ВКМ нің бізді мазақтап отырғанын түсінуге болады, біздің балалық шағымызда қарапайым кәмпитте онша жоқ болатын 90-95 жылдары біздің ауылда даже күріш болмаған еді, есімде бірде мамам күріш басып біз кәдімгідей таңқалып жегенбіз, сондай күндер болған, сникерсті онға бөліп жеген күндеріміз болып едді.
    VKM
    ВКМ нің бізді мазақтап отырғанын түсінуге болады
    Айкона, мазақтаған жоқпыни, мен ондай нәрсені түсінбедім. Мен ес білгелі дүкенде бәрі толып тұратын, жарнамада бірнәрсе көріп, жегіміз келсе, барып алатынбыз.Былай тәуелділік болмады.
    Мен жалпы көп нәрсені түсінбеймін, бірақ мүлде пропащая емеспін ғой, тырысамын түсінуге.
    біздің балалық шағымызда қарапайым кәмпитте онша жоқ болатын 90-95 жылдары біздің ауылда даже күріш болмаған еді
    еее, мен қайдан білемін енді)
    Aikona
    сол ғой, өзіміздің кәртиіп қалғанымызды мойындағымыз келмитта енді  жастар қайдан білсін деп өзімізше бомайын деп едім ғо
    VKM
    Айкона, жылаймыз да отырамыз, иә,өміріміз жаман деп.Тәуба деудің орнына. Қандай кезеңдер болған. Дүкенде түк жоқ.Мені қойшы,қазіргі балдар мүлдем түсінбейді ғой.
    Aikona
    жылап отырғанымыз жоқ қой, біз өткен күнімізбен қазіргі күнімізді салыстырып отырмыз. Құдайға тәуба ол күндер қайтып келмесін. Ол біздің балалығымыз, сондықтан біз ол күндерден, ол сәттерден аттап өте алмаймыз. Кешір, түсінем сендер бар да өстіңдер сол үшін сені де балаларды да кінәлауға болмайды
    Gastarbaiter
    Соны айтам, ешкім жылап отырған жоқ. Бір жоқтықта бір тоқтық, бала ол заманда да қуанудың ретін тапқан. Өйткені әлденемен салыстыратындай болған жоқпыз ол кезде. Бар көргеніміз сол еді ғой
    Оның үстіне, қаланың заты ауылға қазіргіден де таңсық еді.
    Daniar-Alan
    бала ол заманда да қуанудың ретін тапқан
    ләңгі ойнап, асық ойнап, соғыс ойын ойнап дисіз ғой…
    omarbirat
    Кино, сериалдардың арасында осындай жарнамаларды да жалықпай көре беретін замандар болып еді ғой






    Сол кездерде «Кар-мэн», Богдан Титомирлердің музыкасын рэп екен деп жүретінбіз
    omarbirat
    Біздікілер де жынды түсіріп қоятын жарнаманы:




    «Бутяның» жарнамалары да сол заманда шедевр еді. Бірақ бір де біреуін таппадым…
    know_how88
    3-ші жарнамадағы «жұқпалы» болып жабысып еді, ауылда соны көріп алғаннан кейін әр нәрсені тіске тексеріп көріп жүргеніміз бар тұғын.
    Сосын, «Сникер сни» сленгін де жиі қолданатынбыз, бірақ чикәләдтың өзімен емес әрине, оны алмастыратын дүниелермен, мысалы, "қияр сни — не тормози" деп қырт еткізіп тістеп, мәре-сәре болатынбыз) 90 десе 90-шы жылдар-ай…
    bambad
    Гастер байтердің бұл жазғаны расымен балалық шақты еске түсіріп отыр. Балалығымда сникерс деген есімде қалмапты, әйтеуір, юпи алып суға суға қосып ішетінбіз, альбениді 18 теңгеге сатып алатынбыз. Охо, сол кездің сағыздарын айтсаңшы, 3 теңгеге сатып наклейкасын жабыстырасың, ал сағызын үпіріп қойып екі күн бойы шайнап жүресің. Ал, кәмпиттердің фантиктері балалардың құнды қағазы болатын. Сол үшін де ұрысып-қырылысып жататынбыз. Қандай жақсы, өткен күндерің идеальный болмағанымен, еске алып қызықтай аласың.
    Onlasyn
    ал сағызын үпіріп қойып екі күн бойы шайнап жүресің
    Тамақ жегенде құлақтың астына жапсырып қойып па
    omarbirat
    «Сникерстің» дәмін әбден модадан қалғанда татқандарданмын. Оған дейін тек қалаға барып, жегендерін айтып жүрген балалардың сөзінен-ақ кәдімгідей өзім де жеген сияқты болушы едік
    Мынадай пиджак киюді армандаушы едім. Оны кейін кидім де — братан мен достары аман болсын. Бір күні қызылын, бір күні жасылын сабаққа киіп баратынмын. Бірақ қалтада көк тиын жоқ
    omarbirat
    Сол кезде маған «Сникерс», «Марс», «Баунтилердің» өздерін жегеннен гөрі, жоғарыдағы жарнамаларын тамашалау қызық болған екен.
    Ойымның дұрыс формулировкасы осы болды ғой деймін
    Gastarbaiter
    Екі сағызды араластырып шайнау мода болған бізде.
    Анжелика+ Ловис (Love is~), Турбо + Бомбибом, Бублегум (солай оқитынбыз))) -Дональд))
    omarbirat
    Ауылда балаларға «Patbom» деген сағыз туралы айтсам, «Ааа, Ратвом ғой» дегені бар еді
    a63a1
    Асфальттің үстінен смола қырып алып та шайнай беретінбіз
    Adiletshu
    Бидайды да шайнадык кой
    omarbirat
    Иә, иә, ондай да бар еді
    Onlasyn
    Бізде смола шайнайтынбыз, бірақ асфальттан емес
    Daniar-Alan
     Абзалдан сәл-пәл ғана ақсаусақтау болдық десеҢч…
    know_how88
    «ақсаусақтау» емес, биіктеу болған шығар, асфальттан емес болса, моншаның үстіне құйылған смоладан алып шайнаған болар.
    AKY
    хаха, двухпортка))
    salima
    ал бізде қораз кәмпит, сосын сыртында тәттісі алма, кукуруз(әр түрлі формада), лов ис сағыздары… киін киін бигбабл… болды
    a63a1
    вандамба шварцнегрме біреуі марсты тістеп жіберіп — Марс — это класс!!! деп бас бармағын көтерушедіғой бір жарнамада, сол жарнама түсіме кіріп енді жейін деп жатқанда оянып кетіп, құрығанда дәмін де тата алмағаныма қатты өкініп тұрушы едім
    Daniar-Alan
    түсті көп көред кенсің өзі…
    manshukn
    Әпкелерім Алматыдан келгенде сникерс алып келетін. Солар бір күні келіп, ағамның қызына бүтінін, ал маған жартысын берді. Мен, маған бүтінін бермедіңдер, деп. Жарты сникерсті беттеріне лақтырып, үйдің есігін кілттеп алып, ашпай қойғам. Бүтінін береміз, есікті ашшы, деп әрең аштырған.  Эх, балалық…
    dark_nazgul
    Мен алғаш сникерстің дәмін көргенде теңге ауысудың аз ақ алды болатын…
    Еміс еміс есімде қалыпты.
    Оның есесіне, алғаш банан жегенім өмірі есімнен кетпейді. Сол кезде, неге екенін, бананның дәмі тура қауынның дәміндей болып көрінген.
    Gastarbaiter
    Пақаным Кавказдан алып келген кептірілгенін, маған дәміі қауынқақты ұқсатқаны бар.
    Ал қызым тісі шықпай жатып бананды басты тамағы етіп алған.))))
    dark_nazgul
    Біздің үйде банан «на экстренный случай» балалардың тамағы. бір жаққа шыққанда, паркке барғанда, қонақ келіп қарбалас болғанда, қырсығып тамақ жемей қойғанда аузына тыға саламын. Тойымды ғой балаларға банан.
    Gastarbaiter
    Қасқааа, братандар коммпакт дисктер шықпай тұрғанда, вешірге дуқкассетникті бүкіл ауылды жағалап жүріп тауып алад, светомузыкамыздың түрі — жаңа жылдан қалған гирлянділерді кілемге іліп қоятын.
    e_zhalgas
    18 жасыма ешкім машина алып бермеді, енд. бірақ, біздің уақытта сникерс, кола дегендерің әр дүкенде сатылатын кезекті тәттінің бірі еді, ары да емес, бері де емес.
    Gastarbaiter
    8 жасыма ешкім машина алып бермеді,
    Қайта, «сволыш оқуға түссінш» деп үйдегі машинаны сатып жіберді деш
    e_zhalgas
    кетей нақ, алматыға түсіп, үйдегілердің есебінен оқуыма да болатын еді, грантқа жетіп-ақ тұрған балл. бірақ, Түркістанда оқыдым.
    aikarakoz
    Неше жасар екенім есімде жоқ, ағам Түркістанда оқитын. Апта сайын келед. Сол кездерде жарнамадан түспейтін Сникерс, Твикс, Баунтиларды көрген сайын «осыны әкеп бер» дейтінмін. Ағам ұмытпай, әкелетін. Ал мен қағазын жиһаз қылып, жинап қоятынмын. Үйде ілулі тұрған картиналардың үстіне тізіп…
    Қазір айтады: «Сол шоколадтарды алу үшін универ мен үйдің ортасында жаяу жүріп, ақшамды жинайтынмын, сенің қуанғаныңды көру үшін» деп. Естігенде ішім елжіреп кетед.Сол кезде мен ғана кішкентай болдым, қызық көрген шығар.
    Баунтидің жарнамасы әлі есімде: қыз пальмалардың арасында качеля теуіп отырады. Сөзі де жаттаулы.
    Кейін соломка шықты. Өте дәмді болатын ол да. Рафаэлло да балалығымды еске түсіріп отыр қазір. Фея-перизат деген шоколад болатын үлкені бар, кішкентайы бар, үлкенін алсаң, мәз боласың… Эххх…
    Abilakim
    Мына жарнама кімнің есінде. ББББББББББББІр киножұлдызға біреу «пепси» лақтырады. Анау қолын ербеңдетіп(кунг-фудың қимылдарын жасайды), қағып жіберуге дайындалады. Бірақ, қалбырдағы сусын маңдайына тиеді.
    Adiletshu
    Стимрол көрінбей кетті. Қазір бар ма екен
    ken
    Лаки Страйк — настоящая Америка!
    — дейтін реклама ұнаушы еді)))
    Aidakonya
    маган кетчуптин рекламасы унайтын барлыгы кафеде билеуши еди гой анкэлбэнс деп
    Aldeken
    кетчуп Хайнс емес пе?
    Aidakonya
    бар го, анау барлык кара насилдилер кетчуптын артынан согып билейди ан-ан-анкэлбэнс деп, озим унаткан рекламаны издеймин деп, тауып алганымды кара
    www.youtube.com/watch?v=OQPtgg-fUyc
    Aldeken
    анау барлык кара насилдилер
    не ғо, негр деп айта бер, бұл жерде алып бара жатқан толеранттылық жоқ, негізі…

    «Санкт-Петербург настолько толерантный город, что там даже карликов называют афроамериканцами» Федор Двинятин КВН
    Gastarbaiter
    Всегда к обедуу я берууу, хайнс кетчууууп, кетчуп хайнс)
    Abilakim
    баяғыда "ғырт-ғырт" деген қазақша реклама бар еді.Есімде сол ғырт-ғырты ғана қалыпты. қарға түсетін аяқ киім ізі бар ма бірдеңе, толық есте жоқ
    Aldeken
    "ғырт-ғырт" деген қазақша реклама бар еді.
    қайнап жатқан сорпаның көпіршіктерін крупным планом көрсетіп, «галина Бланка буль-буль» дейтін рекламаның да қазақшасы болған…
    Abilakim
    мынау аударма жарнама ма еді есімде толық жоқ, ғырт-ғырты ұнайтын
    bi2
    ал мен «терра инкогнита» деген жарнаманы еске түсірдім, соңында жалғасы бар деген жазу тұрған соң, үнемі жалғасы қашан болады деп күтіп жүретінмін....
    AKY
    пикниктің жарнамасы күшті ед, түйелер ән айтатын, ду-ду а оне ду деп)))
    Sebastian
    Херши Кола күшті еді. Дәмі есімде әлі
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.