Arular.kz

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (Соңғы бөлім)


Айыптымын. Мақала авторы Роб Брукер емес, Марк Анжела екен. Бастаған 30-дықтың соңғы ондығы. Осымен ұзаққа созылған тізімді бітіріп тастайық:

Жалғасы. Басы мұнда:

Бірінші бөлім

Екінші бөлім


21. Бір амалды үздіксіз қайталай беруді доғар.
– Бірыңғай бір әрекетті істей берсең, үнемі бірыңғай нәтиже көресің. Кейде бөтен жолдарды, жан жағыңды анық көру үшін кейін шегініп, бір сәт үзіліс жасау керек.
22. Кішігірім көңілді сәттерді менсінбеуді доғар.
– Болмашы заттардан қуаныш көре біл, бір күні отырып, өткенге көз жүгірткенде сол болмашы дүниелер жаныңа қымбат маңызды сәттер болғанын байқайсың. Өміріңдегі ең қымбат бөлігі өзіңе қымбат адаммен бірге күліп, бірге қуанған болмашы ғана сәттер болып шығады.
23. Заттарды мінсіз қылуға тырысуды доғар.
– Әлем барлық жағынан мінсіз болуға тырысатындарға қараспайды, нақты іс тындыратын адамдарды өрге сүйрейді.
24. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді доғар.
– Өмір оңай емес. Әсіресе жетуге тұрарлық мақсатың болса, оңай жолды іздеме. Әркімнің қолынан келе бермейтін ерекше бірдеңе істеуге тырыс.
25. Қиналғаныңда дым болмаған кейіп танытуды доғар.
– Кейде өміріңдегі келеңсіздіктерден жабырқап, бір мезгіл көңілсіз жүруде тұрған ештеңе жоқ. Ет пен теріден жасалғаныңды жасырма. Үнемі табанды адамның бейнесінде жүруге де, әр қашан жағдайың жайқалып тұрғанын дәлелдеуге де міндетті емессің. Жылағың келгенде, әлжуаз көрінуге қорықпай, жыла. Көңілсіздікті жүрегіңде сақтамай, неғұрлым ертерек қорсылдап жылап алсаң, соғұрлып ертерек күлуге дайын боласың.
26. Өзіңнің сәтсіздіктеріңе біреуді кінәлай беруді доғар.
– Біреуді кінәлау арқылы, өз өміріңе жауапкершіліктен қашасың. Сөйтіп, өміріңді өзгелердің билеуіне жол бересің.
27. Бәріне бірдей көңіл бөлуді доғар.
– Бәрібір мүмкін емес тірлік. Ал тырыссаң, өзің тозып кетесің. Өзі тозған адам ешкімге демеу бола алмайды. Бірақ бір адамға қуаныш сыйлау, әлемді өзгерте алады. Бүкіл әлемді емес шығар, бірақ сол адамның әлемін өзгерте алады. Сондықтан, назарыңның аясын тарылт.
28. Мазасыздана беруді доғар.
– Уайым ертеңгі күннің ауыртпалығын азайтпайды, бүгінгінің қуанышын азайтады. Уайымға себеп бар жоғын анықтаудың бір жолы өзіңе: «Тап осы жай бір жылдан кейін маңызды бола ма?Үш жылдан соң ше? Бес жыл?” Жоқ па?! Онда мазасызданудың да қажеті шамалы.
29. Теріс нәтиже туралы ойлауды доғар.
– Сенімді бастама кез-келген табысқа жету хикаясының алғышарты. Әр күніңді бүгін керемет бірдеңе болады деген оймен бастасаң, байқап қарасаң, шынымен солай боп шығатынына көзің жетеді.
30. Жақсылықты елемеуді доғар.
– Алдыңғы күнді қалай өткізсең де әр күніңе рахмет айт. Біреулер тіршіліктің әр бір секунды үшін тырбанып жатқанын ойла.
" data-width="600" data-numposts="5">

13 пікір

avatar
Гаста, жақсылығыңды елеп,«Рахмет» дегім келеді)))
avatar
«Рационал эгоизм»???
avatar
Тебе шашечки или ехать? Рационал эгоизм дейсің бе, әлде экономикалық эгоизм дейсің бе, саналы сатанизм дейсің бе түпкі мағынасы екі саусағыңа сиіп қоюдан да оңай:
"Өзіңе зияныңды тигізбеу"
avatar
ҚазНетте ақылы психолог кеңесін беруге қалай қарайсың, Асеке?
avatar
Мен алдымен психологияны өзімнің ниетімнің төркінін түсіну үшін қызыққанмын. Егер одан біреуге жанама пайдасы тиіп жатса, қанеки.
avatar
Соңғы сериясын әбден күткен едім  Рахмет
avatar
Рахмет! Тағы да жаз. Жазбаларыңды күтеміз
avatar
рахмет, көөөөп! Алдағы уақытта, күйзеліс пен шарасыздықтан шығу туралы бір жазба жарияламақ болып екіұшты ойда жүр едім. Бұйыртса жариялаймын,
avatar
алдыңғы екі бөлімін де, мұны да қайта қайта оқып жүрмекпін,
avatar
Шынымен, зайбалың шыққанда, мына Анжела Мейірқұлованың, кешірерсіздер, Марк Анжеланың жинағынан табыла қалады тап сол күйің. Адамда өлімнен басқа мәселенің барлығының түп тамыры да шешімі де психологияда деген рас ау, сірә.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.