Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім
Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.

Олардың оңай есте қалатыны, қорытындыны өзіңе қалдыратыны, және миыңның бейсаналы қатпарларына бір-ақ баратыны ұнайды. Кей қанатты сөздер сияқты параққа басып, туалеттің ішіне іліп қойып, әр сиген сайын жаттап жүрудің қажеті жоқтығы да қуантады. Алайда, әңгіме шұғыл әрекетке ынталандыру, өзіңді қамшылап, нақты іске итермелеуге келгенде, Батыстың пунктілеу әдісі маған нәтижелірек, әрі қолайлырақ сияқты.

Өткенде біздің толыққанды өмір сүруімізге жол бермейтін, әр жасаған ізгі қадамымызды енапат бейнетке айналдыратын теріс ойлар мен рухани індеттер тізімін шетелдік блогер Роб Брукер Марк Анжела еңбегінен аударып, осында жариялаған едім.
Роб Брукер әрбір баптың маңызын тумысынан эгоист болып келетін түйсігімізге пафос тұрғысында ғана емес, қисындылық пен рационализм тұрғысынан жеткізуге тырысқаны білінеді.
Осымен менің әдетімше өз талғамыма тамсанып, мақтанып-масайрауым аяқталады да, «микрофонды» Роб Брукер камрадқа тапсырамын.

(Жалғасы. Басы мұнда)

11. Әрекетсіздікке сылтау іздеуді доғар.


Ешбір тірлік тәуекелсіз жүрмейді. Тым көп ойға беріле беру жоқ жерден мәселе тудырып, қарапайым дүниені күрделендіріп, әу бастағы жігеріңді құм қылады. Нәтижесінде жалтарудың тоқсан сылтауын табасың. Қаншама игі жоспарлар адамның өзіне сенімсіздігінен тумай жатып шетінеп жатыр. Сондықтан жағдайыңды шамалап, қайтар жолыңды анықта да, жоспарлаған ісіңе білек сыбанып кіріс.

12. "Әлі дайын емеспін" деп ойлауды доғар.


Жақсы мүмкіндіктің сәті түскенде, ешкім жүз пайыз нәтижесіне сенімді болмайды. Өйткені бұ дүниедегі ұлы жетістіктердің біразы бізді жылы-жайлы аймағымыздан өсіп шығып, бауыр басып қалған үйреншікті өмір ағымын бұзуға мәжбүрлейді. Жаңа әрекет, жаңа орта, жаңа өзгерістер көп адамдарда қолайсыздық тудыруында тұрған ештеңе жоқ, оны табиғи заңдылық деп біл.

13. Жалған мақсат қуып, қарым-қатынасқа түсуді доғар.


Қарым-қатынасты таңдауда ақылға салып, өте мұқият бол. Нашар ортада болғанша, жалғыз болған артық. Жұбыңды жалғыздықтан жалыққанда емес, өзің дайын болғанда таңда.

14. Ескі сәтсіз байланыстар шырмауынан, жаңа қарым-қатынастарға тұйық болуды доғар.


Біреу саған опасыздық қылды екен деп, махаббат пен достықтан түңілме. Уақытымен саған жолыққан әрбір жанның өз орны бар екенін анықтайсың. Бірі саған сынақ болу үшін, бірі сені пайдалану үшін, ал үшінші адам саған сабақ болу үшін кезігеді. Бірақ ең маңыздысы, солардың кейбірі бойыңдағы ең жақсы қасиеттердің ашылуына себепкер болады.

15. Өзгенің бәрінен барлық салада асып түсуге тырысуды доғар.


Басқалардың сенен қай жері басым екенін ойлап салың суға кетсе, өзіңе қажетсіз, тап сізге берекесі жоқ мақсаттарды қуып кетіп, түбінде бәрібір өкінесің. Бар ойыңды өзіңнен өзің асып түсуге бағытта. Табыс деген ең алдымен тек өзің мен өзіңнің ғана бақталастығыңның жемісі.

16. Біреудің жетістігін күндеуді доғар.


Біреудің несібесін аңду «өнерінің» саған түбінде зияннан басқа ештеңе әкелмейтінін біл. “Менде әркімде бола бермейтін, жұрт қызығатын, бәрі аңсайтын не бар?» деп өзіңнен өзің сұрап көр.

17. Әрнәрсеге шағым айтып, өзіңді аяуды доғар.


Тағдырдың басыңа салған қиындықтары да бекерден емес. Олардың мәні сенің өмір жолыңды тек саған ғана арналған бағытқа бұру. Сен сол сәтте оны көрмеуің не толық түсінбей, қабырғаң қайысуы мүмкін. Бірақ, бір сәт басыңнан өткен сындарға көз жүгіртіп көрші. Көбіне олардың бұрыңғыдан тәуірірек жерлерге, жақсырақ адамдарға, саналырақ ойларға жетелегенін байқайсың. Қуан! Әрбір атқан таңмен сен кешегіден гөрі табандырақ, ақылдырақ боп оянғаныңды бәріне сездір. Шынында да да солай болады.

18. Ұзаққа созылған өкпе мен ренішті доғар.


Ойыңды үнемі өшпенділік улайтын болса, кектенген адамыңнан бұрын, өзің зардабын шегесің. «Кешірімді болу» деген, көтіңнен бір тепкен адамға «ештеңе етпейд» деп сүмірейіп жүру емес, «Тигізген кесіріңнің мені ылғи да көңілсіз етуіне жол бермеймін » деп айту. (аудармашы: Бұралық сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме) ” Кешіру – көп мәселенің жауабы. (Жібер әннасты, босат өзіңді мұңайған боқ пен реніштің құлдығынан! ) Және есіңде болсын, сен оны тек өзгелер үшін емес, өз мүддұғаң үшін жасайсың. Қажет болса, өзіңді кешір де, келесіде бұдан ақылдырақ бол.

19. Өзгелердің сені өз деңгейіне түсіруіне жол беруді доғар.


Өзін сенің деңгейіңе көтеру үшін тырыспағандардың деңгейіне түсіп, әуре болма.

20. Өзгелерге өз болмысыңды түсіндірмек боп, уақытың мен деміңді құртуды доғар.


Достарыңа пиғыл-ниетіңді түсіндірудің қажеті жоқ, олар сенен оны сұрамайды да. Ал дұшпандарың бәрібір сенбейді. Демек, жаратылысың сондай болғаны үшін ақталу — мәнсіз, құрыған әрекет.
(Соңы мұнда)
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    20 пікір

    Gastarbaiter
    Сурет мына жерден рұқсатсыз ысқыртылған: www.ruant.narod.ru
    dark_nazgul
    мына бөлімі тура менің өмірімнің қазіргі кезеңі туралы екен.
    осының бәрі менің дәл қазір бұлжытпай орындауға тырысып жүрген, өз тірлігіме таңған ережелерім.
    бывают же совпадения
    madlen
    Бәрін доғар, доғар деп, совсем ештеме қалмады ғой
    Қысқасы, түсінгенім — езіле бермей, «Ой, да ладно», «ну и хай с тобой», «чао, амиго» деп жүре беру керек деген сияқты екеееен. Эээххх… деп бір күрсініп алдым
    Gastarbaiter
    Кей пункттарын әртүрлі сөзбен қайталаған сияқты.
    ickep
    Жазавер, аударавер. Біреу осындайды жазу керек.
    Abilakim
    Екінші бөлімді жіберіп ала жаздаппын ғой)
    a63a1
    Жалған мақсат қуып, қарым-қатынасқа түсуді доғар.
    көп ретте жалған мақсат ойлауға тура келедіғой, мысалы бір күн киноға барып көңіл көтеруге қасыңа серік болар қыз іздегенде. Олсыз болмайды бәрібір
    Abilakim
    Сен киноға үйленуді мақсат қылып бар
    Gastarbaiter
    Уақытша мақсат та мақсат шығар. Жалған дегенді өзім, саған түбінде қанағат әкелмейтін басқа біреудің мақсаты деп түсіндім.
    VKM
    Ой, рахмет. Шынымен керекті нәрселер екен.Ойлап отырмын: Екі бөлімді қосып, принтерден шығарып алып, күніне 2-3 рет оқимын деп
    satibaldi
    Адам жанының үңгірін шырақ алып аралаған өңшең білгіштер
    direct
    мазақтай бермей тыныш отсиш, қозоқтарға әңгіме қылуға бір тақырып керекқой)))
    direct
    Уа құрдас бобур, маған вә басқа да оқырмандарға «Рационал эгоизм» не зат екенін түсіндіріп жіберсең, бек миннатдор болар едік.
    Gastarbaiter
    меніңше тізім біткенде, оның не екені жайлы сұрақ тумайды.
    Zhan
    Ұлысың Гаста! Осымен шектеліп қалмай тағы да аударып жазып тұрсаң екен деген өтініш бар.
    Gastarbaiter
    Мен тек аудардым.
    Esdaulet
    20. Өзгелерге өз болмысыңды түсіндірмек боп, уақытың мен деміңді құртуды доғар
    жақсы кеңес екен.
    temir1986
    Рахмет Гастербайтереке. Финполдың қоңырауынан кейінгі мазамды тәуір емдедім
    asaubota
    аптыр, жазып тұр!
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.