Arular.kz

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (1-ші бөлім)

вини

Өзіме ұнаған кеңестердің аудармасымен бөліскім келеді. Таптаурын дүниелер. Сендерге ұнаса тіпті жақсы.
Роб Брукер есімді американ-блогер тірлігің теріс айналғанда, өзіңе уәде беруден шаршағанда, кедергілермен бейберекет алысудан зайыбың шыққанда, ойларың іске аспай тұралап мойныңа жүк болып артылғанда бірдеңе бастамас бұрын нені доғару керектігіне тоқталыпты. Былшылды қойып, сөз кезегін Роб Брукерге Марк Анжелаға берейін.

1. Басың піспейтін адамдармен уақыт өткізуді доғар. – Мынау қысқа өмірде, сенен тіршілік нәрін барымталайтын адамдармен уақыт өткізу — құрыған тірлік. Егер біреулер сені өз өмірінде қажет қылса, саған көңілінен орын бөлу оған қиынға соқпайды. Ол ортада қалу үшін сен барыңды салып шайқасуға міндетті емессің. Сенің қадір-қасиетіңді үнемі төмен түсіруге тырысатын адамға өзіңді тықпалап, құрметін жаулауға тырысуды доғар. Есіңде болсын, сен мойындалып мықты болған кезіңде қасыңнан табылғандар емес, қиын бастамаларыңда қасыңнан табылғандар ғана саған нағыз дос болады.

2. Қиындықтан қашқанды доғар. – Мәселеге тура қара. Жоқ, оңай болмайд. Жер жүзіндегі барлық соққыларға төтеп беретін адам жоқ. Кез келген проблеманы оп-оңай шешуге міндетті де емеспіз біз. Жарытылысымыз солай, біздің сағымыз сынып тұрад, өкінеміз, өкпелейміз, жеңіліп жер тепкілеу де пендеуи табиғатымызға тән. Өмірдің негізі де сол ғой, – қиындықтарды бастан кешу, үйрену, икемделу, уақыт өте келе шеше алатындай тәжірибе жинау үшін. Біздің тұлғамызды толық етіп қалыптастыратын да, күшті ететін де сол қиындықтар.

3. Өзіңді алдағанды доғар. – Кімді алдай алсаң да, өзіңді алдауға болмайды. Өзіміздің мықты тұсымызды тану, өзіміздің әлсіз тұсымызды мойындаудан басталады.

4. Өз мүддеңді ең соңғы орынға қоюды доғар. Ең ауыр да, нәтижесіз әрекет біреуді сүйемін деп, өзіңді жоғалтып, сенің де елден ерек екеніңді ұмыту. Көмектескен жақсы. Бірақ ол әрекетіңнен саған тиетін зиян, оған келетін пайдадан анағұрлым көп болса, онда көмек көрсетуден бас тарт. Егер ол әрекетің сені сәл ғана әуреге салып, жақыныңа тиетін зор пайдамен ақталатын болса, әңгіме бөлек

5. Өзіңнен басқа біреу болуға тырыспа. – Өмірдегі қиын нәрселердің бірі, өзің болып қалу. Өйткені, қоршаған орта деген алапат күш, ол күш барлығын бірдей етуге тырысады.
Әрқашан біреу сенен сұлуырақ, біреу ақылдырақ, біреу жасырақ, біреу мықтырақ болатынын мойындай тұра, олардың бәрібір тап сен болмайтынын түсін. Табиғатыңнан айныма, сол кезде дұрыс адамдар нақ өзіңді жақсы көреді.

6. Өткен шақты алаңдап, ностальгияға беріле беруді доғар. – Өткен шағыңның бөлімдерін парақтай берсең, жаңа бөлімді бастай алмайсың.

7. Қателік жасаудан қорқа беруді доғар. – Бірдеңе істеп, қателесудің нәтижесі боқ бітірмей жата беруден 10 есе нәтижелі. Әр жетістіктің артында жеңілістердің тізбегі болады. Адам өзінің істеген әрекетінен көрі, істемеген әрекетіне көбірек өкінеді.

8. Өткен қателіктеріңе өзіңді жегідей жеп, жанши беруді доғар. – Тұрғысыз біреуге есің ауып ғашық боп қалғаның немесе жиналысқа ішіп барғаныңа ызаң кеп, өзегің өртенсе де, одан алған сабағың саған келесіде жинақырақ болуға көмектеседі.

9. Бақытты сатып алуға тырысуды доғар. – Біз қалайтын дүниенің көбі қымбат екені рас. Бірақ шындығы сол, бізге күлкі, қуаныш, сүйіспеншілік сыйлайтын біздің көңілімізге ғана байланысты дүниелер тегін ғой!

10. Бақытты басқа біреуден күткенді доғар. – Өзіңмен өзің бақытты болмасаң, қанша керім болса да басқа біреумен бақытты болуың неғайбыл. Ең алдымен өз бойыңда тұрақтылық болсын. Содан кейін бақытыңды бөлісетін адам табу қиын емес.

(Жалғасы мұнда)
" data-width="600" data-numposts="5">

34 пікір

avatar
Жеке МЕН-іміздің болғаны дұрыс, бірақ сол жеке МЕН-іміз арқылы көкіректің СОҚЫРЛЫҒЫНА ұрынбаудың жәй-жапсарын білетін жұмыр басты пенде баласы бар ма екен?!
avatar
Мен осының бәрін жасаймын. Сонда менде бәрі жақсы деген сөз бе?
avatar
Әлі 20 қағидасы бар.
avatar
келіспеуге шара жок
4. Өз қамыңды соңғы орынға қойғанды доғар.
деп қысқа қайырғанда мағанасын басқаша түсінер де едім…
avatar
Автордың түсіндірмесі маған ұнамады,
біреуге пайда мен өзіңе зиян туралы нақты мысалды өзім қостым.
avatar
рахмет. Қалғандарын күтеміз.
avatar
Қосыламын.Қалған 20-ны күтеміз)))
avatar
 Гаста — нағыз психолог!
avatar
avatar
осы постқа(аудармаға) сүйеніп айтқан жоқпын, жинақ ой жазылды. Босқа ыржақтай бермей, «күлкінің қымбат» екенін ескер
avatar
жақсы кеңестер екен
avatar
Aудaрғaн еңбегiңе рaхмет! Жaлғaсын күтемiз!
avatar
Рахмет 6,8,9,10 пунктердегі проблема менде жоқ екен, құдайға шүкір! Қалғандары маған соғыс жариялаған сияқты. Ишо давай!
avatar
мұхит асқан тәлімді меңгере бастауымыздың көрінісі болса керек
avatar
Не көргің келгеніне байланысты. Бұдан мұхиттың арғы жағында да Абайдың қырық сөзін оқитындар бар деген патриоттық ойға бөленуге болады.
avatar
қарасаң, керектіктер эгоистіктің жоғары үлгісіне айналған дейсің ғой
avatar
7. Қателік жасаудан қорқа беруді доғар. – Бірдеңе істеп, қателесудің нәтижесі боқ бітірмей жата беруден 10 есе нәтижелі. Әр жетістіктің артында жеңілістердің тізбегі болады. Адам өзінің істеген әрекетінен көрі, істемеген әрекетіне көбірек өкінеді.

Осы жерін есте сақтау керек. Кей істерді бастау қиын емес, сәл жалқаулық орын алатыны болмаса, соңындағы жауапкершілігінен жалтарып. )
avatar
> Роб Брукер
жоқ, естіген емеспін
avatar
Өзіңді біреуге ұнау үшін өзгертпе, өзіңе ұнау үшін өзгерт.

Незәт?
avatar
Алып тастадым оны, артық сөйлем. Онсыз да түсінікті.
avatar
Жоғарыда жазылғандардың біразы менің дәл қазіргі көңіл-күйіме сәйкес кеп тұр екен.
avatar
Мен білсем 3, 7, 8.
avatar
Меніңше 3,5,8,9,10, Беке…
avatar
Таяқ жейсің, бала
avatar
саған не жаздым, Беке?  Мен Жансая туралы жазғанмын негізі...
avatar
5. Өзіңнен басқа біреу болуға тырыспа. – Өмірдегі қиын нәрселердің бірі, өзің болып қалу. Өйткені, қоршаған орта деген алапат күш, ол күш барлығын бірдей етуге тырысады.
Әрқашан біреу сенен сұлуырақ, біреу ақылдырақ, біреу жасырақ, біреу мықтырақ болатынын мойындай тұра, олардың бәрібір тап сен болмайтынын түсін. Табиғатыңнан айныма, сол кезде дұрыс адамдар нақ өзіңді жақсы көреді.
,
Дұрыс айтады. Рахмет.
«Біреу болуға тырыспа, Әркімге берілген өз рөлі бар.» Кімнің сөзі еді, есіме түспей тұрғаны.
avatar
каментшілерге:
доғардыңдар ма сонымен?
avatar
Мен сексен бес пайыздай доғардым. Лібә, өкінбеймін, әлі дақоя жұмыс керек (өмірбақи тойыс) әлі.
Өзің өзіңді көттен теппесем, басқаның не дәті бармайд, не қажет деп таппайд, не өзіне көттепкі керек.
avatar
Бір-екеуін бұрыннан доғарғанмын. Доғаратындарым көп екен әлі
avatar
Рационалист екем, онсыз да
avatar
осының бәрін қанша жерден теориялық түрде білсек те, қайта-қайта оқып, өзіңді өзің қамшылап тұрған түк те артық емес. еее, дұрыс істеп жатыр екенмін ғой деп,подтверждение растау алып тұрасың. Гаста, мықтысыз.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.