Диагноз: Орта жас дағдарысы.

«Сақалға ақ түсті, көңілге хуяқ түсті». © Хуйлық мәтелі
«Аға, аға деп шеттетесің, қарағым, ағаң да бір жас қызбен таң аттырып кеп отыр» © Satibaldi

Сана мен сезім: Диагноз: Орта жас дағдарысы.
30 бен 45 жас аралығында ал кейде одан да ерте ерлердің (кейде әйелдердің де) маңдайына кішігірім «хуяк» тігіледі. Өз мүмкіндіктері мен өмірлік тәжірибесін қайта қарастырады. Очм, «пизду нақ, ертең істеймін», "Қаңтардың бірінен бастап ішуді қоям", «Дүйсенбі күннен бастап жүгірем» деген сөздер түбінде «ешқашан» дегенді білдіретінін мойындауға мәжбүр болып, көті мұздап қоя береді.
Тіпті бозбалалық күніндегі «түбінде өлемін» деген бұлыңғырлау түсінік «шешес, шынымен-ақ жуырда өледі екем» деген нақты түйсікке айналады.

*************

АЛҒЫШАРТТАРЫ:


  1. Теледидар, кітаптар, газеттер, көтке жел беретін кинофильмдер бізге бала кезден үлкееен армандар береді. Ата-анамыз көбіне сол армандардың нығаюына себепші болады. Бірақ ертелі-кеш есейген жігіт ешқашан ғарышкер/президент болмайтынын, ғылыми жаңалық ашпайтынын, және футбол жұлдызы болмайтынын әлгі жерімен сезе бастайды. Өзіне небары миллиардтаған ештебайымайтын ептібайымайттардың қарапайым ғана бейбіт өмірі бұйырғанын біліп енегі езіледі.
    Жол-жөнекей қанша мүмкіндіктер жастықпен, мастықпен Ақтөстің көтіне қыстырылып кеткені де есіне түседі. «Шіркінайынан» "әттеңайы" көбейсе, тоқ ішегіне дейін торығып кетеді. Бұған дейін ішпесе ішіп, шекпесе шегіп, ішіп-шегіп жүрсе депрессиядан уішівөлуі де ғажап емес.
  2. Адамның ағзасы да күннен күнге мерзімі өтіп жатқан және кейде істен шығып тұратын жылжымалы мүлік. Уақыт өткен сайын оның құны да, мүмкіндігі де арта түспейтінін, орташа өмір ұзақтығы 58-60-ақ жас, және сол жасқа дейін де жұмысқа қабілет сақтау қиын екенін мойындайтын уақыт. Оның үстіне 25-45 жас аралығында ішілген сыраның шексіз мөлшері ағзадағы әйел гормондарын көбейтіп, кезінде сыбыртқыдай болған «мачо» жігіт салпықарын, қатынемшек контурларға ие бола бастайды
  3. Очм, қызығы аз-ақ:( Мұның бәріне, қасындағы қосағының да шыбықтай майысқан қыздан құшаққа сыймас емендей қатынға айналуы, төсек рахатының күнделікті күйбеңге айналуы қосылғанда, науқастың зайыбы шығады.

АРТҚЫ ШАРТТАРЫ

Тура да, ауыспалы мағынасында зайыбы шыққан еркектің денсаулығы екі есе жылдам әлсіреп, маңдайыңа тігілген кішігірім хуяқ ай өткен сайын үлкен хуякқа бет алған соң, науқас ақыры төмендегідей шешімдердің біріне келеді:
  • Барлық өзгерістерге мойынсұнып, "өмірлік жоспардың да әкесін, қатын-бала-шағаның шешесін, денсаулықтың әжесінсс!" дейді. Сөйтеді де газет, пульт немесе компьютер құшақтап біз білген қуаты кемеліндегі жігіт ағасы әрі қарай семіріп, сыраны сылқытып, диван тоздырғыш маубас, ештеңе де, ешкім де жанына жақпайтын күңкілдек шықбермес Шығайбайға айналады.
  • Сана мен сезім: Диагноз: Орта жас дағдарысы.
  • Херкектердің екінші тобының жүрегі шыдамай елуге жетпей инфаркттан, не инсульттан өледі. Кейбіреулеріне Табиғат папа мықты жүрек бергенімен, мықты ми бермеген. Олар уішівөлед, ия басыменжарсоғывөлед.
  • Үшінші нұсқасындағы херкек ақыры өзінің еркек екені есіне түсіп, барлық шарттылықтарға үлкен бұтақ қойып, өлеңдетіп бақытты өмір сүреді, тіпті бала күніндегі арманына да жетед, алайда бұл вариант өте-мөте сирек кездеседі, себебі көбісі..


*******************************************

ОЖД-мен күресудің бұрыс жолын таңдайды
Мәселен:
Әлгі херкек өзінің әлі де баяғы бабында екенін барлық қолында бар әдістерімен дәлелдеуге тырысып, жас боз долбоебтың тірлігін жасайды. Тіпті, кейде онысы сәтті шығады. ( жас боздық мағынасында емес, долбоебтық мағынасында).
  • Әдістер әртүрлі.
    Кейбірі тым жасөспірімдік киімдерді киеді (сиырға ер тоқым салғандай үйлеспей тұрса да), шашының қалдығын өсіріп, өріп алады. Боғымен жасты контингентпен топтасып жүреді. Әлбетте, егер ол адамның жастарға берері бар болса немесе өзін шынымен де жас сезінетін болса, бұл мақала ол туралы емес. Алайда, айтылған әрекеттер ОЖД-ға шалдыққан адамның амалсыз, жастарға еліктеу үшін шалған құрбандығы болса, ол әрекеті бірден көзге түсіп, көрген жұрттың тышқысын, тойыс құсқысын келтіреді...
  • Қалтасы көтерсе, жас ашына тауып алады. Аяқ астынан ғашық боп қалғандықтан емес, әрине, тек өзіне әлі сол баяғы «ебін тапса енесін итеріп алатын, бұтағымен жер жыртатын» сабаз екенін дәлелдеу үшін. Қатын да қарап қалмай, кейіпкеріміздің… ақшасы мен соңғы денсаулығын сорады. Өйткені, жас қатын салауатсыз қызыққа, ішімдік, қыдырыс, клубқа әлі тоймаған. Ал кейіпкеріміздің денсаулығы ондайдан бордай тозады..
  • Басты көп қатырмастан мауқын ішкілікпен басады. Бұның түбі кейіпкердің ақыры алконавтқа айналып, денсаулық, карьера, мүлік және тағы басқа пендеуи бақыт дерекөттерін тіктіртіп тынуымен бітетінін болжау көті қарақты адамға қиын емес.
  • Қарқынды түрде өзі сияқтылармен серіктесіп жүреді. Науқастар бір тобырға жиналып, бір-біріне олай да былай херкектігін байқатып бағады. Мұны олардың бірігіп футбол қарап, айғай-шумен жанкүйер болып, херкекше құпия әңгіме-дүкендер, яғни блекджек пен жәлептерді бірігіп талқылау арқылы өздеріне жетілген «мачо» екендіктерін жеткізіп әлек болуынан көреміз. Отырыстарда цистерналап сідік сыра ішіледі. Бұдан ОЖД-ға шалдыққан амигомыз (жолы болған жағдайда) боққарындыққа немесе (сәтсіз жағдайда) алдыңғы бапқа ұшырайды
  • Үйде херкектің бақуаттылығын барынша көрсетуге тырысушылығы қатынға күш көрсетуінен, өскелең ұрпақты ашық тәрбиеге салуынан, баласын барынша кемсіту арқылы өз мәртебесін көтеруге тырысуынан байқалады.
  • Ал енді кейбіреулері, «не бүк болам, не шік болам» деп, балалық арманын орындауға бар күшін салады, және әдетте, нендей бір ақыл-амалға сүйенуді ұмытып кетеді. Біреу пәтері мен бар мүлкін сатып, өзіне қызыл ферари сатып алады (бір аптадан кейін оның күлталқанын шығару үшін), біреу бицепсіне бір жігіттің қолынан көрген тату-суретін салып алады (ал ол өз кезегінде түрмедегі "әтештің" қара бетін белгілейтін таңба болуы мүмкін), біреу бас салып парашютпен секіріп, денсаулығына төнетін қауіпке пысқырмай, түрлі «экстремалды» далбасамен айналысып кетеді. Жақсы хоббиден айырмашылығы, бұл әрекеттер жан талабынан емес, бекер өткен күннің есесін толтыру үшін жасалатыны. Дәл осылай сенделіп кетудің немен бітетіні «Американша сұлулық» фильмінде ашық көрсетілген.

*********************************************

Жоғарыдағыны оқып болған соң,
Тәліб-ау, енді қайттік?
деген заңсыз сұрақ кесарь тілігі арқылы туады


Жас қартайса да, көңіл ортаймасын! дейді алқаштардың тізесі шыққан тілегі. Бала-қарт Нұржан сияқты ерекше жағдайларды есепке алмағанның өзінде, біреу 25-ке келмей жатып қаусаған қарттай, ал біреу 70-тен асса да, жастардан айырмашылығы тек бетіндегі әжім мен шашының ағы ғана. Бұған қалай жету керектігін сен тап-тамаша білесің. Дене шынықтыр, жұмыс істе, т.с.с.
Бірақ, сен орта жасқа келіп қалдың, жұмыс істегің келмейді, шынығуға ерінесің, есесіне бүкшиіп отырып, компьютер алдында дамбал тоздырып, осы сияқты интернеттің қыртымбай бір мақаласына шұқшиып отырсың. Қой сним делік, әрі қарай оқи бер, әйтеуір, «керек инфо ғой» деп өзімізді алдарқатып көрелік.

  • Ең алдымен, «уақытым тәмам», «пойызым өтті», « бәрі кеш, хуяқ келді» деген құсық ойларыңды пешке таста. Сен үшін жабық болатын жалғыз есік — ол ғарышкерлікке апаратыны. Ұшқыштар оқуына ересек ағайларды алмайды және полицияға (заң бойынша онда 35 жасқа дейін алады, десек те...). Соның өзінде, саған қарқынды түрде ақша тауып, зайыбыңды алған көктігілгір ғарышыңа турист ретінде барып қайтуыңа мүмкіндік бар. Кейбір спорт түрлерінде де әлемдік рекорд қоюың қиындау енді. Мүмкін емес ештеңе жоқ десек те. Ал қалғанының барлығы дерлік 40-тағы жігітке де, 25-тегі жігітке де тең дәрежеде мүмкін. Әлбетте, бұдан саған әрі қарай уақытыңды унитазға ағызып, әшәуіңмен ойнап жүре беруге болады деген қорытынды шықпайды. 25-жастан айырмашылығың да сол ақылдылығың болуы тиіс.
    Қалай өмір сүрдің, солай өмір сүре бер, тек енді нақты да қолжетімді мақсат қой өміріңе, және соны жүзеге асыруға да кенеттен 20 жасқа жасарғандай ынтамен кіріс. Нәтижесі тап сондай болады. Қателіктерді бәрі басынан кешіреді, бірақ ең сорақы қате — оларды түзету мүмкін емес деп ойлау.
  • Тура бүгін (ия, шешесті, тап, сука, бүгін!) өмір салтыңды өзгерте баста: темекіні қой, арақты сылқылдатып ішпе (бастысы өмірдің бар қызықтарынан бас тартам деп миыңды тоңқайтудан аулақ бол), сосын таңертеңгілік дене шынықтырумен айналысшы құдай үшін, (ия, тек дене шынықтырумен. Спортпен денсаулығың қатайған соң ғана айналысасың). «Дүйсенбіден бастап емес», «ыңғайы келгенде» емес, тап қазір (лібә, еркексің бе өзің әлде есектің бұтағысың ба?). Ішкен тамағыңды ретке келтір, артық салмақтан арыл, сыралық қарынды қуып таста (иә, иә, мұның барлығына да қолжеткізуге болады, егер сен жігерсізсүмелек болмасаң.
  • Еркектер алпыс жасында да секс символ бола алады. Бірақ ол үшін, алдыңғы баптағы амалдың бәрін жалтармай, жалқауланбай орындау керек. Бастысы — өмірсүйгіш оптимист болу.
  • Жоғарыдағыдан шығатын қисынды қорытынды бойынша, жас көрінем деп «Эмо» боп киініп, көшеге шығып мұрынбоқтармен ролик тебудің қажеті шамалы. Тіпті зиян, себебі бұл бойын ОЖД меңдеп алған, өзіне сенімсіз кісінің белгісі.

    Сана мен сезім: Диагноз: Орта жас дағдарысы.

    Басыңның тазы бар ма? Онда көтіңнің жүнін жұлып басыңа жапсыруға асықпа. Көбене, шашыңды тықырлап алып тастасаң жетіп жатыр. Тақырбас еркек (Вин Дизель, Брюс Уиллис) тазын жасырған шақшабас еркектерден, тіпті кейбір шашы ұзындарынан көріктірек, айбындырақ көрінеді. Кейбір таз еркектер де шұбырған жас қыздарды өзіне ғашық ете алады… Бірақ бес тал шашыңды басыңдағы қасқаңа тарап суреттегідей жасырудың қажеті жоқ. Бірден бүкіл комплекстеріңді бетіңе шығарады.
  • Егер үйленген болсаң, ал әйеліңнің бүгінгі кескініне күрсінбей қарау мүмкін емес болса, әйеліңе өзін-өзі күтуі қажеттігін түсіндір. Әлбетте, өзіңнің жарқын үлгі өнегеңмен шабыттандыру арқылы. Егер ол көмектеспесе — оның былшиған семіз сиыр болып кеткендігіне жаймендеп меңзеп қой. Тек тым асыра сілтеп жіберме. Әйтпесе, ол өзіне басқа нақ сүйер тауып алады. Кез келген мыржық қатынға, оны сол мыржық күйінде қабылдап, жата кетуге дайын тыржық херкек табылады.
  • Егер сенің жасың 35-те, бірақ өзің бойдақ болсаң, онда «керекинфосыз»-ақ қалың жамағат "Үйленгің келмей ме?" деген сұрақпен зайыбыңды алған шығар. Сондықтан, өзіңе бір тәтей тауып алып, бір екі-үш паразит балдырғанды сүргілеп тастау туралы ұсынысы бар бап өшірілген болатын. Бірақ, сонда да ойланып көр. Бәлкім, жетіп қалған шығар мезгілі, а?
  • Жұмыс жоқ болса, бар ресурстарыңды, таныстарыңды, біліміңді, айла-амалыңды, күш-қуатыңды аямай жақсы жұмысқа тұрып ал. Жұмысың болса, онда "қолымнан келмейд", «кейінірек жасайм» деген сөздерді ұмыт. (Тіпті ол жұмыста өзің бастық болсаң да). Бұл сөздер сені осындай күйге әкелген қарапайым жалқаулықтың сылтауы. Сенің ынтаң таусылмайтын болуы шарт, өйткен кәрілік ынтасыздықтан басталады (қайдағы бір туған күндік тортқа тығылған кезекті шырақтан емес); Сен мақсатыңа жеткенше ынтызар, шыдамсыз болуың керек. Мақсатың алдыңда екенін, және барлығы әлі де саған байланысты екенін ұмытпа. Осылайша, сен күні бойы жұмыста ұйқысырап, түнімен Варкрафт ойнайтын жас әріптестеріңнің аузына құм құясың.
  • Жалпы Варкрафтты ұмыт. Атын атама. Оған қоса, барлық уақытыңа зиянын келтіретін компьютерлік ойындардан, интернетті босқа шарлаудан, агентте пәтуасыз әңгіме соғудан бас тарт.
  • Егер жоғарыдағы екі бапты орындасаң, бір-екі жылдан кейін ақшаң қатты көбейеді. Тексерілген. Өзіңнің алдыңда да, басқаның алдында да қадірің бірнеше есе өсіп, жаңа мақсат маңдайыңа тігілген орта жас дағдарысын қалай шайып кеткенін байқамай да қаласың.
  • Егер барлық аталған амалдарды орындап шықсаң, онда дағдарыстан аман құтылып ғана қоймай, оның не екенін ұмытып, (төбеңнен не артыңнан кездейсоқ пездес келіп қалмаса), ұзақ бақытты ғұмыр кеше аласың.
  • Осының барлығын оқып болған соң, бәрібір өз күшіңе сенім қалмаса, онда төмендегі сілтемедегі кісілерге қара.
  • 70-тен асқан чемпион
  • Балуан қариялар
  • Еңбекқор қария

Айтпақшы, есіңде болсын жас боз белсенді веб-қаңғыбас!

Егер сен өмір салтыңды өзгертпесең, атаулы дерт сені барлық сәнімен қарсы алады. Және бұған өзіңнен басқа ешкім, сука, кінәлі болмайды!

(Орыс википедиясына, әдебиет.кз және луркмоар анонимдер ұжымына ұсынған контенті мен суреттері үшін мың бір алғыс білдіремін.)
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    126 пікір

    Gastarbaiter
    Мұхтар Шахановтың мына өлеңін де оқи отырыңдар, қамал алар жамағат!

    СҰЛУЛЫҚТЫ СЕЗІНУ немесе ҒАБИДЕН МҰСТАФИНМЕН ҚАРТТЫҚ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ

    Нар көңілдің жастығы ма,
    Әлде оянған арман ба,
    Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
    О, керемет,
    Грузияға барғанда,
    Біp сұлуға ғашық бопты деседі.
    – Mінe, нағыз бүгінгінің батыры,
    Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау тезіне.
    Неткен қайсар сұлулық бұл, – деп біp орыс ақыны
    Жас алыпты көзінe.
    Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,
    Жігерімен дүр сілкінткен даланы.
    Сұлулықты сезінуден қалған жан
    Бәрінен де қалады.
    Жер бетінде жел өшіpгeн із аз ба,
    Жігерсіздің өpіcі әркез тар болған.
    Отызында кемпір болған қыз аз ба,
    Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!
    Kім жас,
    Кім қарт,
    Уақыт өзі іpіктep,
    Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.
    Қарттық – оттың азаюы, оты азайған жігіттер
    Қай кезде де қоғам үшін зиянды.
    Бақыттысың әр таң сайын көзіңді
    Сұлулыққа суарудан қашпасаң.
    Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,
    Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.
    Gastarbaiter
    Тұманбай Молдағалиевтің сабж жайлы өлеңі:

    Қартайдым ба, үміттен де күдік көп,
    Ойлайды-ау жұрт мені әлі де жігіт деп.
    Күтіп тұрған жақсылықтарды көруге
    Өзімді өзім жүрем ылғи үгіттеп.
    Шал емеспін,
    жігітпін деп және айтпан,
    Әндер жап-жас қосылып саған мен айтқан.
    Балаларға, балаларға мың алғыс
    Көретұғын қуанышымды молайтқан.
    Gastarbaiter
    Мұқағали Мақатаев сабж жөнінде:

    Отыздан асып барамын
    Сұқтанып тұрып жанарың,
    Сұрыма неге қарадың?
    Солай да, солай, қарағым,
    Отыздан асып барамын.
    Шашымның санап әр ағын,
    Таңырқай берме, қарағым.
    Санаулы басқан әр адым,
    Отыздан асып барамын.
    Белгісі тұр ма ағаның,
    Бетіме неге қарадың?
    Бақытым тілеп баланың,
    Отыздан асып барамын.
    Қуанып кейде қаламын,
    Қуарып кейде қаламын.
    Аттанған ата-ананың
    Артынан қуып барамын.
    Әзілің қайда, қарағым,
    Әжімге несін қарадың?
    Артымда қалып аларым,
    Отыздан асып барамын.
    Солай да, солай, қарағым,
    Көңілдің таппай қалауын.
    Жастықтың жықпай жалауын,
    Отыздан асып барамын.
    Gastarbaiter
    Тағы да ОЖД, тағы да Мұқағали Мақатаев:
    … Санаулы күн,
    Санаулы ай,
    Санаулы жыл.
    Санай жүріп самайлар ағарды кіл.
    Уақытты не пайда санағаннан,
    Алатұғын өмірде бағаңды біл.
    Қанша күнің,
    Санап көр текке кетті,
    Қанша жанды,
    Санап көр, өкпелеттің.
    Адамдықтан адасып қаншама рет,
    Қаншама рет ауытқып, шетке кеттің?!
    Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің,
    Қанша жанның жүзіне шуақ септің?
    Қаншама рет қуанып бардың-дағы,
    Қанша адамның алдынан жылап кеттің.
    Ал, қанеки,
    Санап көр, санағышым!
    Сарқылмастан тұрғанда сана-күшін.
    He жақсылық көрсетті адам саған?
    asaubota
    рахмет на. оқып шықтым. әлі жете қоймасақ та алдыңғы шарттарының симптомдары бар. ішуді, шегуді және құмар ойындарын қойғым келіп жүргені рас. мына мақалаң жақсы толчок болды.
    asaubota
     аха
    edige
    енді қойдың ба Ареке…
    asaubota
    қоймаппын  сөйтіп айта береді ғо ішетін, шегетіндер.
    Tyulpan
    үйленби тұрғанда бастағанс па шіп-шегуді? жай, біреу қойдым деген соң сырап жатқаным ғой
    asaubota
    алтын ұям мектебімнен бері
    ken
    рахмет на. оқып шықтым. әлі жете қоймасақ та алдыңғы шарттарының симптомдары бар. ішуді, шегуді және құмар ойындарын қойғым келіп жүргені рас. мына мақалаң жақсы толчок болды.
    мына пікіріңе үш жыл болыпты. ішу, шегу, құмар ойынды қойдың ба?
    Daniar-Alan
    Әлі қойып жүр әхәхәхәхә
    Abilakim
    ішу мен шегуден келер қорқыныш жоқ мен үшін. Артық салмақ мәселесін қолға алу керек шығар))))сосын шаш мәселесі 6-7 жылда туындап қалар
    Zhan
    Қалтасы көтерсе, жас ашына тауып алады. Аяқ астынан ғашық боп қалғандықтан емес, әрине, тек өзіне әлі сол баяғы «ебін тапса енесін итеріп алатын, бұтағымен жер жыртатын» сабаз екенін дәлелдеу үшін.
    Жас қыздар күлімдеп қараса, «аға» деп типы сызылып тұрса, қарны шығып, сұраныстан түскен еркекпін деп ойлайтындардың жүзіне күн күлімдеп «Апырмай тұғырдан таймаппын» деп мақтанатындардың біразын көрдім.
    Abilakim
    Сірә«Ағалап» көргенсіз-ау…
    Zhan
    Эксперимент жетерлік. Қандай, толығырақ деп сұрауыс жоқ.
    Abilakim
    Бегімай мен Рамалының ырын ырламадыңдар ма әйтеуір?
    salta
    ооооо, Жансаяяяя оның несін айтасың… ондайлар қазір көөөөөп шынымен… қазақ байыса қатын алады емес пе…
    Zhan
    Негізі ауылдық жерден шыққан қыз-жігіттердің көбісі еркек жазушылар жазған кітаптардағы қиялдармен өсті, сол идеологиямен бой түзеді, арман қуып қалаға келді. Айналаның бәрін сол кітапта жазылған дүниемен салыстырып, кейін ол реальный өмірмен сәйкеспей қалып, қаншама қыз-жігіт өмірінен түңіліп, у ішіп кете жаздады. Айтпағым, әлгі қырт жазушылардың яғни «шалдыққа» тақап қалғандардың езбе-жазбалары әдемі фантазия іздеген қыздардың онсыз да иллюзиясы бай, әйтеуір бір ғажапқа сеніп қалғысы келіп тұратындардың санасына дем беріп, нәтижесінде үлкен кісілерге ғашық болғыш келеді. Сөйтіп, өзімен қатарлас жігіттерге көз қырын да салмастан, оларға боқмұрын деп менсінбей тек қана кемшілікті көріп, үлкен кісілердің бойындағы ақылына тәнті боп жүреді. Қаншама қыздың көкейінде бір кездері жүрегін ауыртқан тоесть өзі ауыртқан бір-бірден «шал бейнелер» жасырынып жатыр. Кейін оның бәрін бос әурешілік екенін түсініп, өмірге қарап келген розовый әшкиін шешіп, үйленейік деп тұрған жігіттердің етегінен ұстап кете барады.
    Milzhyng
    Бұл айтқаныңыз жастардың 27 пайызына қарата айтылса керек. Кітап оқитындарына.
    Janasil
    ауыл демекші, мені соңғы кездері ауылдағы жастардың көп нәрседен құр қалып жүргендігі ойландырып жүр.
    Gastarbaiter
    әйелдердікін жақсы бастапсың суреттеуді. Толығықтырсаң, мысалдар, версиялармен тәуір мақала болады)
    Zilola
    Маган менен 6-9 жас улкен жiгiттер унайды, бiрак мен ауылда турып не болмаса кiтап окыган емеспiн.
    Еркелеген унайды, жас айырмашылыгы улкен болса, еркелетер деген дамем го
    bizbike
    ер кісілердің көбісі сенен қанша үлкен болып тұрса да, әлі бала сияқты қылықтар көрсетеді, бәрібір
    MINbala
    Қойшы әтеу… маған соңындағы өлеңдерің ұнады… Ал сен көтерген мәселеге басымды ауыртпай, бугінгі күнмен, оптимистік оймен өмір сүруді қалайтындар қатарынанмын…
    Gastarbaiter
    Ия, ОЖД тек лузерлерде емес, атақты ақындарда да (хотя екі факт бі біріне кереғар емес, хехе) тіпті миллиардерлерде де болады.
    gunner
    Бұндай қортынды шығару үшін адамдармен арнайы экперимент немесе зерттеу жүргізіп па едіңіз? Әлде жай ма?
    Gastarbaiter
    Егер сұрақ маған қойылған болса, мен тек дерекөздерден алынған контентті қазақша пайымдап отырмын. Оның үстіне тап қазір менің біраз жолдастарыма, мүмкін өзіме де актуалды мәселе боп тұр.

    Бірақ, әлбетте, белсебет менікі емес, жай айдап жүр едім деп, мақаланың қате айтылған жері болса, жауапкершіліктен басымды алып қашпаймын.

    Әрбір пунктімен келісемін, және біреуге пайдасы болар деп өзімді өзім алдағым келеді. Әйтпесе, аударып, оған мысалдар іздеп басымды қатырмас едім.

    Әдетте бұл диагнозды оңды-солды қою маркетологтар мен арнайы категорияға арналған журналдар, дәрі-витамин шығарушыларға, ақшаға кризистен шығарам дейтін психотерапевттерге тиімді дейді.
    Бірақ бізде, Қазақстанда, ондай психологиялық центрлерге бару онша тарамаған үрдіс, дәрі-витамин, арнайы бағдарламадан бұрын, адамдар қарапайым тәсілдерге жүгінеді, сондықтан, «Бұл дерт кімге тиімді?» деген сұраққа онша тоқталған жоқпын.

    ПС.
    Біләд, саған «ия, нақ, арнайы эксперимент жасадым ал!- десем, нотариуске куаландырылған скриншот сұрап зайбалымды шығатын щығарсың
    Onlasyn
    және біреуге пайдасы болар деп өзімді өзім алдағым келеді
    Шынымен пайдалы дүние
    jasminbek
    Гастарбайтер, скоро өлетіңімзді ойлағанда бұл өтірік әлемдегінің бәрің қойып, аллаға жалбарынып, намазға жығылып кеткің келмейме? Әлде уже бес ауқыт намазға жығылып жүрсіңбе?
    Gastarbaiter
    Кешіріңіз, мен О дүниеде өмірді «нөлден» яғни жаңадан бастаймыз дегенге сенемін.
    Мына жалған өмір өзің айтқандай өтірік әлем болғандықтан, бұнда жасаған жақсылықтарың ана дүниеде есептелмейді екен. Сондықтан потхолим болмай-ақ қойыңдар деп жатыр, білетін періштелер.
    Onlasyn
    Мына жалған өмір өзің айтқандай өтірік әлем болғандықтан, бұнда жасаған жақсылықтарың ана дүниеде есептелмейді екен
    Сонда әділдік қай жерде шешіледі?
    Gastarbaiter
    "Әділдік" деген тек әлеуметтік адами құндылық ғой. Бұ дүниеде ғана және бұ дүниедегілер үшін ғана керек.
    Gastarbaiter
    Әділдік- деген идеалында бәрінің риза болуы. Бұ дүниенің дамуға тырысуы, ұйымдасып, қайта бөлісіп, қайта табысып, қайта тарқап, соғыстан бейбітшілікке, бейбітшіліктен соғысқа ұрынуы да сол бәрін риза қылуға талпынушылық.

    Ал о дүниеде барлығы априори риза. Сондықтан ондай сұрақ туындамайды.
    Onlasyn
    Дінмен (Исламмен) жүрген адам неден ұтылады?
    Onlasyn
    Жүрмеген адам не ұтады?
    Gastarbaiter
    Саналы мотив жетпейді көп адамдарға. Мысалы, мен тап қазір далаға шығып, көршінің көшесін сыпырғаннан не ұтыламын?
    Onlasyn
    Уақыт жоғалтарсың
    Gastarbaiter
    Ты и сказал! ©Евангелие От Иоанна
    (Ин.18:29-38)
    jasminbek
    Меніде кешіріңіз, сонда сіз бес уақыт намаз оқымайсызба?
    satibaldi
    Лібә, не ғой, адамның ішіндегі қорқыныштарды осылай жарыққа шығарып қажет жоқ сияқты… Жалпы іштің анооооу түкпірінде жатқан дүниелерді дыбысқа, жазбаға һәм көркемсуретке айналдыра беруге болмайтын сияқты қолдан келіп тұрса да… Қорқынышты епті…
    Gastarbaiter
    Ол қойня, ойлаш бір 20 жылдан ішінде біздің құрдастардың 30-40 пайызы тып-типыл жоқ болады. Қалған60-70 пайыз қалған 20 жылда біртіндеп "өмірім қабады".
    Итого 40 жылдан соң тек 70-тен асып, замандасын сағынып кемсеңдеген бес-алты амиго қалады.
    satibaldi
    Мені сол алғашқыларының қатарында дүние салатыным жұбатады
    Gastarbaiter
    Ойбу, кейде салауатсыз өмір сен ойлағандай, төбеңнен хуяк келіп, не жүрек жарылумен біте қоймай, сол 70-80 ге дейін тігіп бітеді ғой, қор қылып.
    satibaldi
    Ол да бар әнасс бірақ, ұзақ жасаудан да қорқатын болдық әнасстың парадоксстың
    AKY
    қойшиии, ұзақ өмір сүру ықтималдылығын естіп, мәз болып қалдың ғой құнжыңдап, мойындашы?
    satibaldi
    Кетейнақ. Енді қарасайш: мына шегіспен, мына ішіспен 40-50-ден қалмаспын деп жүргенде, 70-80-де денсаулығым қандай болмақ? Қатындар келіп күліп кетпей ме? Шынын айтқанда, онша қызықтырмайтын перспектива.
    AKY
    қоя қой енді.
    satibaldi
    Қалай, картошкаға үйренватсың ба?
    AKY
     Үйренетін несі бар, онсыз да жеп жүрміз ғо
    satibaldi
    Мұнда ең болмаса маймен ғой
    jasminbek
    жақсы ғо шығарған, білгім келеді, осындай көпті көрген адамдар осындай орта жасқа келгенде, түбі өлетінің біліп тұрып, темір көтеріп, парашютпен секіріп, елдерді аралап өзің алдағаннан гөрі аллаға жалбарынғанда жүрегі тынышталатын сиақты нақ.
    Onlasyn
    )))
    Gastarbaiter
    Седативті транквилизаторларға отырып алса да жүрегі жай табады. Немес хатха-йога, медитациямен айналысса. Егер мақсат тынышталу болса, вариант көп сияқты.
    Onlasyn
    Негізі, аллаға жалбарыну орта жаста басталмайды, ес білгеннен басталады. Өйткені сен орта жасқа жетпей өліп қалуың да мүмкін.
    Сонымен қатар, аллаға жалбарынып жүріп ел аралауға да, парашютпен секіруге де болады.
    jasminbek
    Негізі, аллаға жалбарыну орта жаста басталмайды, ес білгеннен басталады. Өйткені сен орта жасқа жетпей өліп қалуың да мүмкін.
    Сонымен қатар, аллаға жалбарынып жүріп ел аралауға да, парашютпен секіруге де болады.
    оның бәрің жақсы білем, айналып келгенде бәрі жаратқанға жалбарынуға апаратын сиақты…
    Gastarbaiter
    Егер діндегі Жаратқан мырза адамдарға мойынсұнғандығы үшін ешқандай уәде бермесе: Жұмақ, Мәңгі өмір… Жаратқанды ешкім мойындамас еді.
    Психологиялық тұрғыда, адам Жаратқанға емес, өзінің түпкі арманына, мәңгі кайфта өмір сүретін образына жалбарынады.
    Жұмақта олар көзін жұмғанда, ең алдымен періштелерді, немесе Құдайды емес, өзінің масайрап жүргенін елестететін сияқты.
    jasminbek
    Егер діндегі Жаратқан мырза адамдарға мойынсұнғандығы үшін ешқандай уәде бермесе: Жұмақ, Мәңгі өмір… Жаратқанды ешкім мойындамас еді.
    Психологиялық тұрғыда, адам Жаратқанға емес, өзінің түпкі арманына, мәңгі кайфта өмір сүретін образына жалбарынады.
    Жұмақта олар көзін жұмғанда, ең алдымен періштелерді, немесе Құдайды емес, өзінің масайрап жүргенін елестететін сияқты.
    менде ондай ой ваще жоқ, тек әрі қарай өмір сүруге ең дұрыс жол, дін жолы сиақты. Ішпейсің, шекпейсің, өтірік айтпайсын, ұрлық жасамайсын бәрі бәрі бар, идеальный өмір сүруге…
    Gastarbaiter
    Егер конституцияны бұлжытпай орындасаң да, немесе кез келген діннің радикал емес, дәстүрлі жолын ұстасаң солай болады.
    Gastarbaiter
    Қызық ең молдатый молдаға барып таңда деп айтса:
    1) Сен мәңгі жас, мас ахуевший, күші кемеліндегі красапшік жігіт боласың ба?
    әлде
    2) Ешкім болып көрмеген, бірақ жұрттың айтуынша, қырық қордың қызы күтіп тұрған бордель-жұмаққа барасың ба?
    -десе.
    Соңғысын таңдай ма екен?
    Onlasyn
    Адамға байланысты
    jasminbek
    сыртқа шығарып, басқалармен бөлісіп, ішің жеңілдеп, кайф боп қалады екенсің…
    жалғыз қорыққаннан гөрі, басқалармен бірге қорыққан жақсыкен…
    jasminbek
    медитация, йога бәрі адамдар өздері сол ОЖД дан шығу үшің жасап алған жалған қуйнялары ғой…
    Gastarbaiter
    Дін де сол қарағым. Үрейден туған дүние.
    jasminbek
    сол ислам дінінде қате кеткен жер жоқ сиақты, ішімдік ішпе, әйелдер бет аузын тұмшалап жүру керек, дегеннің бәрі дұрыс, ойланып көрсен дә?
    Gastarbaiter
    Енді қызықсың, тіптен дұрыс емес нәррселер айтса, әйелдер тыр жалаңаш жүріңдер, арақты ішіп, бір біріңді ұрып-соғып, мал болыңдар десе пайғамбарға кім ереді?
    Ол кездің адамдары қанша жабайы дегенмен, азмұз Мұқаммедке дейін де бір тұрмыс-тіршілігін реттейтін моральдық нормалары болған шығар.
    Әйтпесе, ұрлама, алдама, өлтірме дегендер Мұсаға келген он талапта болды ғой.
    Қарап отырсаң, жетекші діндер адамзаттың әлеуметтік санасымен бірге өсіп отырған. Өйткені, адамның санасы жоқ жерде дін жоқ. Демек дін, конституция, кез келген адамды реттейтін интеллектуалды еңбектер адамның табиғатпен, және өзі сияқты адамдармен қарым-қатынасынан туған кері байланыс.
    Кез келген әлеуметтік топ құрылған кезде спонтанды құрылады, біраз уақыттан соң, сол жердің этикеті қалыптасады. Ол этикетті аспаннан Құдай жібермейді.
    Onlasyn
    Ол үрей қайдан келеді?
    Gastarbaiter
    жоғарыдағы мақалада жазылған ғой. Жалпы сабж толығымен сол үрей туралы ғой.
    VKM
    хехе… біздің ағашкаларда дағдарыс па сонда????
    Gastarbaiter
    Старперлар шеруі
    VKM
    сендерді кәрі дей алмаймын)))красавчиксіңдер ғой
    Gastarbaiter
    «Кәрі» деген сөз аузыңнан шығып қойдың ғой уже
    Milzhyng
    Рахмет, Гастабай. Сана-сезімге мықты әсер еттің.
    izbasar
    Жақсы дүние егер санама жетсе, осының барының болатын біліп тұрып, қарсы тұра алмайтынедарды кім деп атар едің?
    Gastarbaiter
    Төбелес қыр-сырын оқып алсаң бітті сен жекпе-жек шебері боп шықпайсың ғой.
    Білу бөлек, машық болу бөлек. Машықтық майдандағы тәжірибемен ғана келеді.
    satibaldi
    Еркектер алпыс жасында да секс символ бола алады.
    ..- Аға айта беріңізшей!
    — Балам, мына қарындастарды жібере бер… Мен… Тұрам ғой мен…
    -Аға бұ қыздар провизорға дәрі дайындатыватыр, кезекте тұрған адамдар емес. Айта беріңіз!
    -Ааа… Маған… Маған екі вигара беріп жіберш… Ана ше, виагра ше...
    Gastarbaiter
    Виагра сұраса, онда секс символ емес, жәй дәмесі бар шал да
    AKY
    Бір таныс қыз дәріханада жұмыс жасайды, виагра алушы шалдар көп екен.
    Zilola
    Шаш туралы (таз бас) жаксы жазыпсын!
    Сосын «хуяк» дегендi калай тусiнемiз?
    Gastarbaiter
    Уахаха, сабжға қатысты трейлер, соңына дейін қараңдар
    Gulistan
    Гаста, сенің осы жазбаң біреулерге ұнап, одан содан намысқа тырысып, зарядка жасап жүргенін назарға ұсынғым келеді.
    qusbegi
    Спортпен шұғылданып бастадым
    AKY
    Ал мен бассейнге абонемент алдым
    Gastarbaiter
    Шын айтамын ырзамын, мен арқамды зақымдап алдым, пенсионерлік зарядкадан енді әрі аса алмаймын біраз уақытқа дейін, демалып, кальций жеу кк боп тұр.
    Gulistan
    Менде әзірге калланетика.
    asaubota
    өткенде әйеліммен ақылдасып жатырм да спортпен айналысу туралы. неге ең болмаса таңертең тұрып жүгіріп қайтпайсың дейді. біраз ойландым да:

    — лібә, ол үшін ерте тұру керек, күн салқында шығып, қайтып кіріп, душқа түсу керек. қой нақу, осылай жүре берейін, — дедім.

    менің бұл ойымды қолдайтындар көп шығар деп сенгім келеді.
    Gulistan
    Үйлерің салқын ба?
    asaubota
    жоқ, жылы. дала салқын.
    Gulistan
    Білмеймін онда не проблема? Жүгіріп кеп, рахаттанып душқа түспейсің бе? Қазір күн ұзарып келе жатыр.
    asaubota
    баланың памперсын, влажный салфетка, дәрісін тіпті пульт екеш пультті алуға ерінетін адамға несін айтасың?
    Aldeken
    лібәә, тек мен шығар десем еріншек болып жүрген, сенде де солай ма? сонда біз уже орта жастамыз ба, дееееевотсам, ия?
    Gulistan
    Негізі, қазір бәрінің басында — апатия. Ештеңе қызығушылық жоқ, ұйқы көзге тығылып, жұмысқа белсенділік азаюда. Арты — авитаминоз. Қиын кез екенін мойындаймын.
    Bekzhan
    Менің ойым, мұндайда секс күшті көмектеседі.
    AKY
    Астапып будда, осы сіз біртүрлі бұзылып жүрсіз…
    Aldeken
    Жан тербеген Бекжанның сөздері
    Daniar-Alan
    лібә )))))))))))))))))))
    bizbike
    онымен айналысуға да ерінетіндер бар ғой, шаршадым деп
    Adiletshu
    Тренажерға барып жүргеніме 3 апта болды. Нәтиже байқалады. Үйге келіп айнаға қарағанда құлшынысын дақоя боп кетеді
    Gastarbaiter
    3 апта болды. Нәтиже байқалады.
    omarbirat
    Бірнеше ай болды, спортзалға баруды шындап ойланып жүрмін. Іске аспай жатыр.
    asaubota
    әкиш қолды! әйтеуір ойладық қой соны істемесек те!
    Gastarbaiter

    Менің де істегім келгені шамалы еді о баста, просты өзім сау-саламатты болу үшін бұтақ та істемей, ауырып қалғанда, емнің ебін таппаған враштарға ренжуге ұялам да.
    Marco
    Соңғы үш айда 9 кг-ға арықтағанымды айтып, мақтанайын онда! Бірақ, пивіқарынды өзіңе өзің боққарын дей алмайды екенсің кетіру ең қиыны екен. Тиімді амалдарын айт, Гаста
    Gastarbaiter
    Марко, қысқаша айтқанда, қарын көбіне себебі:

    20-дан кейін асқорыту жылдамдығы баяулайды.
    Қимыл-қозғалыс азайған тамақ жеу жиілігі де азаяды. Яғни бір-екі рет отдуши тамақ жейсің күніне. Сосын, күйлі болғандықтан көбіне жейтінің майлы, етті тағамдар, қазы-қартадан да мүмкіндік боолса опырып аласың, және ақ нан ғана жейсің. Гречка, пшенка, перловка, қара нан, капуста, редька, чечевицат.б шөптесін тамақты қаратабан пролетарийдің тамағы ретінде сыйламайсың.
    Ол үшін өмір стилін түбегейлі өзгерту керек. Бірақ бір күнде емес. Біртіндеп. Басын бастасаң кайфына түсіп кетесің. Қарыннан арылу үшін ештеңе істеп көрген емеспін, бірақ жоғарыдағы себептерінен арылған дұрыс ау.
    Ал сыраны сирету керек. Тек Кереккемпте ғана, немесе братвамен кездескенде деген сияқты.
    Как раз кездесуге дейін формаңды келтіріп алып, кездескенде арқаңды кеңге салып сыралатуға стимул)
    Қимыл-қозғалыс дегенде міндетті түрде бодик, жүгіру, т.б өзіңді қинама. Ең өзіңе ұнайтын қимыл қозғалысты таңдаған дұрыс.

    Сосын соңғы кезде маған жабысып жүрген модный пікірім:

    Таза ауада күніне кемінде жарты сағат белсенді бірдеңемен айналысу, қыдыру, қаңғу (жаяу) т.б

    Бұл тек үйінен шықпайтындарға ғана емес, фитнессклубқа, качалкаға жазылвалдым бітті -деп бүкіл проблеманы шешкен болатындарға айтылған нәрсе.
    Ғимарат іші ол ғимарат іші, даланың рөлі бір бөлек. Тіпті Алматының газа-ауасы болса да. Сырттың аты сырт.
    Мұны өз тәжірибемнен айтып отырмын.
    Marco
    Мұның бәрін істеп жүрмін-ау! Күніге 25 минут жаяу жұмысқа барам, и қайтам. Тамақ деген де, почти өзің айтып отырғандай. ))) Тренажер, бег, пресс. Енді қарын азайып келе жатыр. Бірақ әлі біраз бар. Кстати, пивіні жалпы көп іше алмаймын. Әрі кетсе үш бокал)))
    Gastarbaiter
    Адам еті (тура мағынасында) күнде қайталанатын біркелкі іске үйреніп, бұрыңғыдай (алғашқы кездердегідей) калория күйдірмейді.
    Сондықтан, жасайтын жаттығуды біртіндеп өзгертіп отыру керек мына бағытта:
    1) Қарқын
    2) Жүктеме
    3) Дистанция
    4) Альтернатив немесе мүлде басқа жаттығуларға ауысу. Мыс: Отырып жүруді-Приседанияға немесе керісінше. Жүгіруді скакалкамен секіруге немесе керісінше. Велотренажерды — Эллиптикалық тренажерға. т.б.
    bizbike
    келісемін, біздікілердің житіндері ет пен нан. Көк-өністерді тамақ құрлы көрмейді
    dark_nazgul
    Кеттің неге жырақ алыс,
    Кеттің неге «ағаламай»…
    edige
    Мына жазба да тазбасқа айналып барады екен… Бүгін көріппін… Біраз күлкі де сыйлады…
    Жақсы жазыпсың АПТҰР… РЕСПЕКТ!!!
    Осыдан кейін өзінің өмірін өзгерткендер бар ма екен ортамызда…
    Tyulpan
    остан кин едігенің өмірі өзгерет деп сенсек бола ма?
    edige
    Мен барлық жағына оптимистік тұрғыда қарайдкем… Үшінші нұсқасындағы еркек…
    Мысалы, шашың түсіп жатса РАХАТ… Бет жуып жатып басты да шайып кете беруге болады…
    bizbike
    www.voxpopuli.kz/post/view/id/860 мына сілтемеге барыңызшы. Сіздің ОЖД оның қасында ойнап қалады
    edige
    •Ал енді кейбіреулері, «не бүк болам, не шік болам» деп, балалық арманын орындауға бар күшін салады, және әдетте, нендей бір ақыл-амалға сүйенуді ұмытып кетеді.
    Байк алсам деп жүрген едім… Бұл ойда болмаса да ойландырып қойдың Гастеке…
    Gastarbaiter
    Мен отсрочка алдым он жылға)
    dark_nazgul
    Ердің жасы 36 сияқты көрінеді…
    Подросток кезімде, қай сериалдың, кітапты, киноның кейіпкеріне ғашық болсам да, жасы 36-да болатын.
    Әлі де сол…
    Daniar-Alan
    ойлантып тастадың…
    Daniar-Alan
    Осымен бүгінгі керексаяхатты аяқтаймын ау деймін  мына посттан біраз нәрсе түйдім
    temir1986
    Интернетке кіруді қойсам ба екен деген ой қинап жүр. Шаңғы тауып алдым бүгін.
    temir1986
    Әйтпесе артық салмақ 23 кг шығып кетті.
    asaubota
    Ужссс… мынаны 3 жарым жылдан кейін қайтадан оқу жаман екен…
    Basic
    Басыңның тазы бар ма? Онда көтіңнің жүнін жұлып басыңа жапсыруға асықпа.
    *lol**lol**lol*
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.