Жүзі жылыдан түңілме?!

Жүзі жылы адам көбіне жақсы адам болады деген пікір бар.
Ал мен ондай диагноздармен келіспеймін. «Жүзі жылыдан түңілмеймін» деп қанша қыздар интеллигентті, бір қарағанда ақкөңіл көрінетін маньяктардың құрбаны болғаны бір Буддаға белгілі.
Психологтар адамның тобырлық инстинктісі мен стереотипке көнгіштігін Совет өкіметінің кезінде-ақ тексеріп, дәлелдеген. Қызықсаңдар интернетте видеосы да бар.
Сондағысы бір кісінің суретін екі бөлек топқа көрсетіп, мінезін баяндап, оны суретпен негіздесін деген.
Бірінші топқа, бұл "ұры-рецидивист" деп таныстырған. Екінші топқа, бұл ғылыми қайраткер деп таныстырған.

Нәтижесінде, бірінші топтың әңгімесі, былайша айтқанда, "Ө-ө-ө-ө сұмпайы, түрін қараш әкеңң, көзінен білініп тұр ғой жылт-жылт етіп шайтан ойнап тұр, бұның ұры екенін бізге айтпай-ақ білуге болар еді, біреудің ала жібін аттап, нәпақа тауып жүргені маңдайында жазылып тұр, мал атаңанә! Қабағынан қар жауып тұр, адам аямайтын аяр екендігін білдіріп тұрған жоқ па? Мұрны қандай ұсқынсыз албастының, ұрламақ түгіл адам өлтіруден шімірікпейтін хайуан неме!" — дегенге саяды.
Екінші топ керісінше, «Түрі сондай қарапайым, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, азартты адам екені көзінің отынан байқалады, қабағы түйіліп, бір терең жасампаздық ойға батып тұрғандай әсер береді екен, қырлы мұрны айтқанынан қайтпайтын, шыншылдығын дәлелдеп тұрғандай, сәл жымқырылған аузы өмірде ұяңдау, суретке түсуге ыңғайсызданып тұрғандай әсер береді. Былай бір қарағаннан-ақ, көреген адам мына кісінің жүрегі жұмсақ екенін аңғара алады» депті.

Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    30 пікір

    satibaldi
    Үшінші топ:
    — Бауырым — бұл мастерской, аудитория екінші этажда
    KILYZAMAN
    Психологтар адамның тобырлық инстинктісі мен стереотипке көнгіштігін Совет өкіметінің кезінде-ақ тексеріп, дәлелдеген. Қызықсаңдар интернетте видеосы да бар.
    — Кеңес өкіметіне деген кекесіндеріңді ойланыңқырап қолдансаңдар дұрыс болар. Адам(немесе надан) қай өкіметте де бар. Қазнеттің феномені деп танылғанына мәз сАТЫБАЛДЫ болса Жәкеңді қисық қармағына(тіліне) іліе бастағандай(Тараз(ы(и)) болған түрі бар болсын.
    Тақырапқа оралсақ — жүрейік онда Я деп(басымыз көрінбей) қарнымыз қампайып. Ол кімге абырой әкелгенін естідіңдерме?
    Gastarbaiter
    Қилызаман лағып кеттің, бұл жерде Совет өкіметіне титімдей де кекесін жоқ. Психологиялық зертханалардың қазіргі «Тренингшілерге» дейін болғанын айтқым келген.
    Ал сенің жазбаңнан керісінше, Сатыбалдыға деген өкпе ғана байқалады.
    Өзіндік «Мен» деген сезімі бар, өзгеден бөлек ойлап, әрекет қылуға ынтасы бар екені бала кездегі бұзықтықтан-ақ білінеді.
    Ол баланың талантты ұры немесе талантты ғалым болуы әрине мүлде басқа факторларға (мысалы: Тәрбие, білім, орта) байланысты.
    Бұл жерде екшім бөлек ойлау қасиетін жақсы не жаман деп отырған жоқ.
    Екеуі де керек. Мәселен, балқыған қорғасынға қолыңды сұғуға болмайтынын білу үшін немесе цианистый калийді ішуге болмайтынын анықтау үшін міндетті түрде өзгеге сенбей дәмін татып көретін әдетіңіз болса, ұзаққа бармасыңыз анық.
    Ал, дербес ойлай білу кімге абырой әкелгенін кез-келген (өзіңіз сүйіп оқитын) тарих кітаптарынан, фольклордан, аңыз-әфсаналардан білуге болады.
    Ал енді «бас көрінбей, қарын қампаю» жағы өмір салтыңызға, және тұқымыңызға байланысты дер едім.
    KILYZAMAN
    Мәселен, балқыған қорғасынға қолыңды сұғуға болмайтынын білу үшін немесе цианистый калийді ішуге болмайтынын анықтау үшін міндетті түрде өзгеге сенбей дәмін татып көретін әдетіңіз болса, ұзаққа бармасыңыз анық.
    — өзгенің қолымен қызу шоқты көсе дегенді меңземегеніңді түсініп отырсамда, есектің еті арамда күші адал екені АКСИОМА. Ал есек болудың қаншалықты қыйын екенін бастан өтпей түсінудің қыйын екені ТЕОРЕМА.
    Ал енді «бас көрінбей, қарын қампаю» жағы өмір салтыңызға, және тұқымыңызға байланысты дер едім.
    -тұқым мен нәсіл соншалықты алшақ емес.(Шовинизмді ойыңа алып алпарыспасаң дұрыс болар еді)
    KILYZAMAN
    Ал сенің жазбаңнан керісінше, Сатыбалдыға деген өкпе ғана байқалады.
    -бауырмен демалатын болып кеткем  Түгел бауыр — өкпем жоқ!!! Тек, сүзгіден өтпей өтқалтаны толтырып жіберетін кесек қыйыршықтары болмаса… Феноменоманияның құрбаны болған сияқты өзі
    Aizhantabyn
    адамның аласы ішінде екенін мәңгі есімде сақтайтын болдым… Өмірлік тәжірибе бар дегендей.
    Сосын, сақтықта қорлық жоқ.
    Заманның түзу кезінде мүмкін жүзі жылыдан түңілмеген де шығар, қазір қайта керісінше, чем түрі жылы, тем больше подозрений, что все неспроста.
    Togzhan
    Дұрыс айтасыз...)!
    Beytanis
    Басқаларды қайдам, адам жеке өзіне мықты болғанын қалаймын.
    Altygradus
    жеке өзіне мықты дегенді қалай түсінсе болад?
    Beytanis
    Мықты. Өзіне сенімді, жұрттың бәріне «ақкөңілденіп» сырын айта бермейтін, біреуге ұнау, көңілінен шығу үшін емес өзі үшін өмір сүретін және т.б. қасиеттері бар адам бола білсе күшті болар еді деген ой ғой менікі.
    boztorgai
    адамға сенбе
    zhazular
    кімге сенейік?
    Beytanis
    Сұрағың қызық екен?
    Gastarbaiter
    Сөзіне қарап шешен дейсің, жүзіне қарап сұлу дейсің, ісіне қарап іскер дейсің. Шатастырып алма.
    Beytanis
    «Осынау тақырыптағы „тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні“ деп ШЫНАЙЫЛЫҚ деген категорияның қандай жағдай болмасын ауадай қажет екені айқындалды»,-деп айтсам қате айтпаған болармын.
    Erkekyz
    Осы адам тани алмаймын ше. Бір қызбен құрбы боп жүрдік. Түріне жүдә мән бермеген екенмін, әйтеуір ортақ тіл табысып кеттік. Содан бір күні үйге келгенде мамаммен таныстырдым. Алдын мамама ой мақтағанмын ғой әлгі қызды. Кеткеннен кейін көзқарасы жақсы адам емес сияқты демесі бар ма. Оған мән берген мен жоқ. Кейін бірақ жақыннан тани бастадым, шынымен де мінезі «кобра» екен.
    Beytanis
    Әлі талайын көресің.
    VKM
    Ал мен ол жағына сезімталмын. Бір көргеннен-ақ,қандай адам екенін біліп қоямын
    Beytanis
    Саған жолыққанда әлгі кісі басынан қиыншылық өткізіп, әбіржіп жүрген кезі болса, сол қалпы үнемі жүреді деп пайымдайсың ба? Саған қарсы пікір айтқанымды дұрыс түсініп, ашуланбай қабылдарсың. Сезім алдамшы, ақылға жүгініп өмір сүрсең дұрыс деп ойлаймын өз басым. Мәселен, мен универге ең алғаш барғанымда оқытушымен быт-шыт болғанмын, «болды, мына есуас маған тірелді, 2-ні арманда!» дегенмін. Жоқ, бір апта өтпей бейбіт қарым-қатынас орнап, мықты тіл табысып кеттік. Солай. Үш пәнінен де 5 әрі автомат алдым! Өмір сондай нәрсе, біржақты, қатып қалған ештеңе жоқ.
    Gastarbaiter
    ашуланбай қабылдау? армандапсың))
    just19
    Ең бірінші жауың — өзің ғой. Біреулер мынау сұмпайы адам деп қарағанмен, саған келгенде ондай қыр көрсетпеуі мүмкін. Мәселен, өмірде кез-келген адамның жек көретін және жақсы көретін адамдары болады. Демек, қандай жақсы адам, қандай жақсы адам болсын, оның маңдайына жазылған адамдары болады. Біреу өзінің сараң болғаны үшін, жұртқа аузын ашса, ар жағынан асфальті көрінетін ақкөңілдерді ұнатпаса, керісінше ақкөңіл біреу қатайып қалған тар маңдайдың приколын түсінбей ұнатпауы мүмкін.
    Адам аласы — ішінде, мал аласы — сыртында.

    Айжанның пікірі дөп түсіпті.   Өзім үшін, қайта бір копи+пасте жасжіверем:

    адамның аласы ішінде екенін мәңгі есімде сақтайтын болдым… Өмірлік тәжірибе бар дегендей.
    Сосын, сақтықта қорлық жоқ.
    Заманның түзу кезінде мүмкін жүзі жылыдан түңілмеген де шығар, қазір қайта керісінше, чем түрі жылы, тем больше подозрений, что все неспроста.
    Arnur
    Тақырып «Түсі игіден түңілме» болу керек (деп ойлаймын)
    Gastarbaiter
    Одан мағынасы өзгере ме? Синоним тіркестер емес пе?
    meirzhan
    «Жүзі жылыдан түңілме».
    Ол енді жүзіне қарап, адамның қандай екенін анықтағысы келетін адамның анализ жасау қабілеті мен интуициясына байланысты.
    asaubota
    автобуста келе жатып ойланып кетіппін қалташылардың суреттеріне қарап. 20 шақты қалташы ұрының суретін іліп қойыпты. мысалы деймін да сол суреттерді мықты дизайнердің қолынан өткізіп шықсаң ана ұрыларды спортшы немесе еңбек ері қылып жіберуге болады ғой?
    Simona
    www.youtube.com/watch?v=JiiSY7YtsVY

    Менiңше эксперименттiң мақсаты жүзi жылы немесе түсi суық адамның алдамшыл екенiн дәлелдеу емес, басқаларды бағалауда адамдардың манипуляцияға ұшырауында. Яғни басқалардың ойы бiздiң қабылдау/аңғару қасиетiмiзге үлкен әсерiн тигiзетiнiн көрсету. Жарнамада да қолданылатын манипуляция.
    Кеңес заманында кiшкентай балалармен өткiзген бiрқатар эксперименттер бар. Үш балақай қатысады, бiреуiне ғана тәжірибе жүргізіледi. Екеуi ащы сусынды тәттi деп, ақ ойыншықты қара деп айтады. Үшiншiсi басында дұрыс айтқанмен, әлгi екеуiнiң пiкiрiнен соң айнып қалады. Соңында ол да ақты қара деп, ащыны тәттi деп айтады. Бұл жерде баланың ақыл-ойы әлi қалыптасып үлгермегендiктен, басқалардың бұрмалауына бейiм келгендiктен және қабылданбаудан қорыққаннан солай жауап бередi. Негiзi тек балаларда емес, көп ересектерде де басқалар тарапынан қабылданбаудан, мойындалмаудан қорқу үстем.
    Gastarbaiter
    Археолог ханым, қалағыңыз бен счеткаңызды ұстай тұруға бола ма?))))))))))))))
    Simona
    Счеткасы несі тағы?)))
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.