Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

  • Автор
Сана мен сезім: Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

Жазбаны оқымастан бұрын видеоны мұқият қарап шығыңыз. Ақ киімдегі қыздар бір біріне қанша пас беретінін (допты қанша рет лақтыратынын) санау керек.


Бұл тест біздің көз алдымыздағы нәрселерді қаншалықты байқамайтынымызды аңғартады. Адам бір нәрсеге қатты назар аударып отырған кезде айналасында болып жатқан басқа нәрселерді жіберіп алады.

Мысалы, сіз бір біріне доп лақтырып жатқан қыздардың арасына горилла кіргенін көрдіңіз бе? Көрген болсаңыз, есебіңізден жаңылып кеттіңіз. Ал байқамаған болсаңыз, демек санауды жалғастыра бердіңіз де, артқы перденің түсі өзгергенін және қара киімді қыздардың біреуі шығып кеткенін байқамай қалдыңыз. Бұл сіздің аңғарымпаздығыңыздың төмен екенін көрсетеді. Назар соқырлығы деп аталады екен бұл.

Мұндай нәрсе қоғамымызда жиі болып жатады. Әсіресе ақпараттық соғыс кезінде. Біз бір болмашы нәрсеге тым көңіл аударамыз да, басты, маңызды нәрселерді ұмытып кетеміз.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

5 пікір

zholantai
горилланы көрдім, перденің түсі ауысқаны мен қыздың кеткенін байқамадым
merekeee
Ешқайсысын байқамаппын, санағаным да қате боп шықты.
MamaAya
Менікі дұрыс шықты!) ;):j Ай да, Умницамын ғой!) %)
Кеңес: Алдымен қаз назарды басқа жаққа аударатын бірнәрсе болуы мүмкін, оны кейін повтор қойып қарап алам, ал қазірге тек пас санау деп кірісу керек!
AyazhanMuhatai
ивууййй санағаным 15 болды))) горрилланы да, пердені де байқамай қаппын)))
MickThatsMyNick
Кей пландарымды, жалпы ой өрнегін бұзып алмас үшін, өмірде де жұмыста да біреудің әңгімесін өтірік түсінген сияқты тыңдап отыра беретінім бар)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.