Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

  • Автор
Сана мен сезім: Миға жабысып қалған әннен құтылудың жолдары

Кейде бір ән басымыздың ішінде айналып тұра береді, кетпей қояды. Жаман ән де емес, бірақ жұмыс істеуге, басқа іске толық зейін қоюға кедергі келтіреді. Қалай құтыларымызды білмей дал боламыз.

Ғылым не дейді бұл туралы?

Алғашқылардың бірі болып бұл феноменді Джеймс Джей Келарис атты Цинциннати университетіндегі бір ғалым зерттеген екен. Оның айтуынша түрлі дыбыс, музыкаларды тыңдаумен айналысатын мида бір есту аймағы бар. Музыка қосылған кезде бұл аймақтың қабығы қозғалып, дыбысты қабылдай бастайды. Кейін миға бір ән естілгендей болып, жалған сигналдар түскен кезде осы қабық қайтадан қозғалып кетеді де, соңғы тыңдалған әнді қайтадан "қосады".

Дартмут колледжінде қызық эксперимент жасалыпты. Адамдарға өздеріне таныс әнді тыңдатып, кейін ортасынан тарс үзе салған кезде мидағы есту аймағы тыныштық орнаған кезде өзінен өзі қосылып, әнді мидың ішінде өзі әрі қарай "қоса" берген. Ал, таныс емес әнді қосып, кейін тоқтатқан кезде МРТ-сканер ондай толқындарды байқамаған.

Айра Хайман атты ғалымның айтуынша адамның миындағы бұл «плеерде» сүйікті әндер плейлисті болады екен. Ми қабығы яғни бостан босқа кез-келген әнді қоса бермейді, тек адамның өзіне шынымен ұнайтын әндер ғана қосылады. Мысалы, Қайрат Нұртастың әндерін «айтып» жүрсеңіз — демек, ол сізге ұнайды деген сөз ;)

Жабысқақ әндер хит-парадын әлем бойынша мыналар бастайды екен




Құтылу жолдары қалай?

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;

— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;

— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?

— Радио немесе басқа ән қосыңыз;

— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;

— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды? :)
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

18 пікір

merekeee
Риананың бірінші әнінің қайырмасы «плеерде» ылғи тұрады ) Құтылу керектігі ойландырмапты.
MamaAya
%)%) жиі болып тұрады. Кейде нервке тиіп кетеді. Кейде ит боп өзі ұмытылады. А бүгін James Bay let it go link...мына өлең ваще мидан кеткен жоқ. Еще қаз де тыңдап жатырм.))) в тему боп тұр)
Sebastian
Бірге тыңдағым келіп кетті сізбен
MamaAya
правилаң бұзылып, өсек тыңдап жайыңа кетерсің))):D*lol*
Sebastian
Сіз майын тамызып айтсаңыз бір тамшысын қалдырмай жалап отырып тыңдар едім :*
MamaAya
о, Ғоспади, өсекті де жалаушы ма еді?! O_o
zholantai
жазу панелінде автосақтау қосылыпты иә, бұрын жоқ сияқт ед
asaubota
Гүл әпшем ау, Гүл әпшем жабысып қалды бүгін :)
GulnurZhumakhanova
Айқынның «Алтыным» әні 2 күн тұрып алған кетпей))
patick
Суынған жүректің ызғарын (Ыыы)
Өз жүрегіммен жылытамын (Еее)
MamaAya
бүгін Төреғали мен Фариза деген қыздың қыдырайық дегені жатталған сияқты, но, сол Славаның Попутчица-сы боп ыңылдап айтыла береді. Еще қайырмасы ғана :):):):) Жалығып кеттім, айта беруден:I Типа қыдырайық попутчица
MickThatsMyNick
бір жабысқақты екінші жабысқаққа ауыстырып қана құтыласың))
MickThatsMyNick
білетінім, миға өз аяғымен келген әуенді «плотн» жабыстыру үшін диктофонға жүгінген абзал.)
asaubota
кеше караокеде Белгісіз жанды жатқа айтып шығып едік, экрандағы мәтіні әуеннен кешігіп шыққасын. енді таңертең сол жабысып қалыпты. тұра сала ішімнен
«Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етіп жоқ болдың ғой қас қағымда
Қас қағымда жарқыраған
Өзіңді қалай табам
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған»
деп айтып жүрдім :)
MamaAya
ST brothers & Manolo-Биле., Шаттан! Әсіресе қыз айтатын куплет %)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.