Робин Шарманың өмірге үйрететін сабақтары. 1-бөлім.

  • Автор
Сана мен сезім: Робин Шарманың өмірге үйрететін сабақтары. 1-бөлім.

1.Аз ұйықтаңыз. Бұл қасиет Сіздің өміріңізді өнімді етеді. Қалыпты денсаулық жағдайында адамға 6 сағаттық ұйқы жеткілікті. 21 күннің ішінде ерте тұруға тырысып көрсеңіз, ол әдетіңізге айналады. Есте сақтаңыз: ұйқының ұзақтығы емес, сапасы маңызды. Және өзіңізге елестетіп көріңіз, Сізде қажетті шаруалармен айналысуыңыз үшін артық 30 сағат пайда болады.

2.Күнде таңертеңгі 1 сағатты өз-өзіңізді жетілдіруге арнаңыз. Күніңізді жоспарлаңыз, мотивациялық кітаптар мен адамды шабыттандыратын ойларды оқыңыз.Осы тыныш уақытты қарбаласқан күн үшін өзіңізге күш-қуат жинауға қолданыңыз.Аптасына бір рет таң атқанын тамашалаңыз, табиғат аясында серуендеңіз. Күннің жақсы бастамасы – өз-өзіңізді жаңартудың ең жақсы тәсілі.

3.Ұсақ-түйек нәрселердің маңызды шаруаларға кедергі жасауына жол бермеңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Өз уақытым мен күш-қуатымды пайдалы нәрсеге жұмсап жатырмын ба?». Уақытты басқару – өмірді басқару. Сол себепті, уақытыңызға үлкен қамқорлықпен қараңыз.

4.Өміріңіздің дұрыс жақтарына бағытталу үшін «резеңке таспа» әдісін қолданыңыз. Резеңке таспаны білегіңізге тағып алыңыз. Басыңызға теріс, пессимистік бағыттағы ойлар келген сайын, резеңке таспаны созып тұрып, қайта жіберіп қалыңыз. Сонда сіздің миыңыз теріс ойлар мен қолдағы ауырсынуды байланыстырады. Пессимистік ойлар ауырумен байланысқандықтан, тек қана жақсы ойлауға әдеттенесіз.

5.Әрқашан телефон қоңырауларына ынталы, құлшынысты дауыспен жауап беріңіз және хабарласушы адамға сыйластық білдіріңіз. Сөйлесу мәнерін қалыптастыру – өте маңызды іс. Хабарласушы адамға өзіңіздің абыройыңыз бен дәрежеңізді сездіру үшін тұрып сөйлесіңіз. Ол сіздің даусыңызға сенімділік береді.

6.Күн ұзағына әрқайсысымыздың басымызға неше түрлі идеялар келетіні мәлім. Қай жерде жүрсеңізде, сол идеяларды бір жерге түртіп қойыңыз. Содан соң сол идеяларды күнбе-күн қарап, ары қарай жетілдіріңіз. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай «Бір идеяға үлкейген адам миы, бұрыңғы көлеміне қайта оралмайды екен».

7.Жексенбілік күнді өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң түрде сақтаңыз. Бұл уақытта келесі аптаңызды жоспарлауға, алда болатын кездесулер мен маңызды істерді ойластыруға, жаңа материалдарды игеруге, пайдалы кітаптар оқуға арнаңыз. Жақсы музыка тыңдап, жәй ғана өзіңізді еркін ұстап, тынығыңыз.Бұл әдет Сіздің келесі аптада зейінді, мотивациялы болып, өнімді жұмыс жасауыңызға әсер етеді.

8.Әрдайым есіңізде сақтаңыз: сіздің өміріңіздің сапалылығы – сіздің қарым-қатынасыңыздың сапалылығы. Өміріңіз сіздің басқалармен, ең бастысы, өз-өзіңізбен қарым-қатынасыңыздың айнасы.Не нәрсеге зейін қойсаңыз, сол нәрсеге қолыңыз жетеді. Егер ақ ниетпен жақсы істер ойласаңыз – жақсылыққа тап болсыз. Бұл табиғаттың негізгі заңы.

9.Нәтижеге емес, мақсатқа зейін қойыңыз. Әрбір істі пайдалылығы үшін емес, Сізге соны жасау ұнағандықтан істеңіз. Ақша немесе өзіңізді мойындату үшін емес! Егер жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, олардың барлығы өз-өзінен келеді. Әлем сол жүйеде жұмыс жасайды.

10.Әр таң сайын айнаның алдында 5 минут күліңіз. Атақты Стив Мартин солай жасайды екен. Күлкі ағзамыздағы көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Және де күлкі ағзамыздың тепе-теңдігін сақтап, үйлесімділікте ұстайды. Күлкітерапиясы тұрақты түрде көптеген ауруларды емдеуде қолданылады және өмірлік мәселелердің керемет шипасы болып табылады. 4 жасар бала орта есеппен күніне 500 рет күледі, ал үлкендер әрең дегенде 15 рет күледі екен. «Күлу» әдетін қалыптастырыңыз, сонда өміріңіз де жанданады.
botakoz

Мен өмірді сүйемін!

    Ұқсас посттар

    14 пікір

    Ispek92
    10.Әр таң сайын айнаның алдында 5 минут күліңіз.
    Мынаны өзіңіз жасап көрдіңіз бе?! )))))
    botakoz
    1-2 рет жасауға тырысқанмын… )))
    MERmukhanov
    Сектант сияқты деп ойлайтынмын :)))
    Бірақ өзіңіз аудардыңыз ба?? бәлөстеп қояйын
    botakoz
    я, өзім аудардым
    Tyulpan
    қанша көп ұйықтайын десем де, аз ұйықтаймын. уайымшылдықтан ба екен… сондықтан, 1 пунктты оқи бергенде тууу дедім — адам өзі ұйықтай алмай жүрсе…
    ken
    4.Өміріңіздің дұрыс жақтарына бағытталу үшін «резеңке таспа» әдісін қолданыңыз. Резеңке таспаны білегіңізге тағып алыңыз. Басыңызға теріс, пессимистік бағыттағы ойлар келген сайын, резеңке таспаны созып тұрып, қайта жіберіп қалыңыз. Сонда сіздің миыңыз теріс ойлар мен қолдағы ауырсынуды байланыстырады. Пессимистік ойлар ауырумен байланысқандықтан, тек қана жақсы ойлауға әдеттенесіз.
    Қуған екен.
    MERmukhanov
    метод қо енді :) Бәрніе және бәрін пайдалану шарт емес қо)
    botakoz
    Расымен, ассоциация туындайды.
    qonyrbai
    Шарманың ш(ығ)армайтыны жоқ екен.
    merekeee
    «Адамның есі дұрыстығын қалай күлгеніне емес, неге күлгеніне қарап анықтайды» деген сияқты бар. Күлгім келгенде емес, күлкім келгенде күлем. Былай, жақсы кеңестер екен. Әсіресе, телефонмен сөйлескенде тұру деген )
    Ispek92
    Күлгім келгенде емес, күлкім келгенде күлем
    Егер сіз бірінші жағдайдағыдай күлсеңіз таза жынды болар едіңіз, адамдар жәй ғана басқаның күлгісі келгенін ұқпай калуы мүмкін… әркім позитивты әр қалай көреді емес пе, VKM одобряет деп ойлайм ))))))))
    TAEKM
    7.Жексенбілік күнді өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң түрде сақтаңыз.
    иа арнайсың үйдің жұмысына арнайсың және оны қатаң түрде сақтайсың. Солай үйреткен әке-шешеміз кішкентайдан
    asaubota
    осындай посттар жазып тұрыңыз
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.