Осал тұстарымыз. Психологиялық қысым

Сана мен сезім: Осал тұстарымыз. Психологиялық қысым

Манипулятор әдетте құрбанының санасын қай тесіктен айдау керегін жақсы біледі және сол тесіктерді зерттеуге біраз уақыт бөледі.

Брейкер ханымның айтуынша құрбан болуға бейімдер төмендегі қасиеттерге ие:

Ретсіз көңіл көтеруге, ойын-сауық құруға құмарлық
Қоршаған адамдардың құптауы мен мойындауына ие болуға құмарлық
Эмотофобия (Emotophobia) — негативтен (ашуландыру, сөгіс есту, мазақ болу, ұятты болу ) қорқу
Дербестік тапшылығы, қажет кезде «жоқ» деп айта алмау
Тұлғалық түйсігінің көмескілігі (жеке тұлғалық аймағын, моральдық құқықтарын сезінбеу)
Өз күшіне сенімділік төмендігі
Сыртқы бақылау локусы – (ред. Сылтаушылдық, күмәншілдік, сыртқы бақылау локусы адамдарды өз әрекеті мен нәтижесіне жауапкершілікті сыртқы күштерге ысыруға бейім қылады)

Саймон бойынша манипулятор құрбандарының мына осалдықтарын рахатына пайдаланады:

Сенгіштік — пациент былайша айтқанда өзі адал болғандықтан, басқалар да адал деп ойлайды.

Айталық, Сатыбалды кейбір адамдардың қаншалықты қу, алаяқ һәм қатыгез болуы мүмкін екендігін аңғармайды. Дәлірек айтқанда Жағыппар оның 30 мың теңгелік жаңа компрессорын «Менде тұра берсін, керек болғанда аласың ғо» деп уақытша қолдануға сұрап алады. Сатекең «құдайы көршім ғой» деп бере қояды. Анау оны Катяның шеберханасына күніне 3 мың теңгеге жалға береді. Профит!!!

Күнәға қимау
Сатыбалды Жағыппардың бұндайы бары жайлы жел сөз естісе де бөтелкелесін жамандыққа қимайды.

Сенімсіздік — пациент әрекетінің дұрыстығына сенбейді.

Жағыппардың табан астынан экзистенциалистік сұрақтарымен зайыпты алып, ыңғайластырған қатындарын шошытатынын жақтырмай, «пьяншік, атаңана жоғалнақ» дегісі келген, алайда «түрмелес достары келіп аңымды шығара ма, қой көтті қысайын» дейді.

Қисыншылдық — барынша манипулятордың әрекетін қисынға салып, ақтап алуға дайын.
«Өзінікі өзіне жетеді ғой, соны пайда қылайын деді дейсің бе, құр жүрмейін деп өзінше тірлік қылған шығар, Жағыппардың онысы дұрыс екен» дейді.

Эмоциялық тәуелділік — қазақта мұны «бауыр басып қалу» дейді. Кей адамдар біреуге бауыр басып қалса, одан ажырауы қиын. Соны манипулятор өте сәтті пайдаланады.

Айталық, Сатыбалдыға тасақ астынан Катя, Арзымқан, Ғапон мен Тілек арқа-жарқа болып, Сергей Кащавцев тіпті ескі баянын жөндеп алып, «Әльмәғаштеееең ...» деп шуласып келе қалад. Беймезгіл уақытта келген қонақтарға «Зайбал, былтыр не-не, бірақ журистика күнін тойламаймыз» деп келісіп едік ғой, жоғалыңдарнақ» деп қуып шығады.

Былтыр да сүйткен. Бірақ араға бір сағат салмай, «Білә, Тілек не бүлдіріп жатыр екен?», «Жағыппардың әлгі теориясы дұрыс еді», «Тух, Қанымай тағы да станокқа шығып ап стриптиз биледі ме екен!», «Тәліптің Ғапоны бықсып ап бет жуатын шылапшынға тышып кететіні бар еді, ол не істеп жатыр екен? Сағынып кеттім өзін» деген ойлар мазалап әлгілердің арттарынан қуып жетіп, «Обессуй ғымаңдарш, е!» деп үйіне қайта алып келіп еді.
Ал биыл Жағыппар Сатыбалдының жарты сағаттан аспай артынан қуып келетініне бәс тігіп, Ғапонның бір жартысын ұтып алады.

(Жалғасы баcы мұнда)
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    12 пікір

    Korkem
     құшті кетті
    Ispek92
    Базар жоқ, мысалдар әдемі келтірілген
    asaubota
    осылай оқыту керек психологияны
    aikarakoz
    Мәәәә, мынау мен жайлы ғой  Өзімді көрдім! Браво!
    Aidakonya
    Сатыбалды дегенді таныдым, ал Сіз Жағыппар не Катя
    aikarakoz
    Жоғаааа  Мына қасиеттерді құрастырса, мен шығам дейм
    temir1986
    2006 жылы біреуден компьютер алдым. Алмайтын затты жоқ дей алмағандықтан бекер 30000 шығынға отырдым.
    Daniar-Alan
    Брейкер ханымның айтуынша құрбан болуға бейімдер төмендегі қасиеттерге ие:
    прикинь жетеудің бесеуі сәйкес келеді екен…
    asaubota
    бұрын сондай едім, қазір қарсы жақтамын. бірақ құрбандықтың қалдықтары әлі де бар
    zholantai
    осал тұстар бар, жетіп жатыр, құртып та жатырмын, рысбек бырат
    AybekBeken
    aniktamalar tusinikti Ulttik profilimiz dese de bolat!
    asaubota
    иә, біз қазақтар оңай құрбандық бола қоямыз ә?
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.