Қабілет әлде дерт

  • Автор
Гипертимезия — өмірінің әрбір сәтін есте сақтау қабілеті.
Оcылай екен...: Қабілет әлде дерт
Негізі, қабілеттен гөрі ауытқушылық ретінде есепке алынып, психологтардың қарауында болады екен. Алғаш рет бұл термин 2006 жылы қолданылған.
Тәжірибе ретінде, кешегі күнді еске алып көріңіз. Балақайды көтеріп алып, еркелетіп, құттықтаған шығарсыз. Бірден өз-өзіңізді кинодан көргендей сырттан елестетіп тұрсаңыз, бәрі дұрыс. Ал, есте сақтау қабілеті ерекше күшті адамдар өзінен бұрын жан-жағын өз көзімен көріп тұрғандай елестетеді екен. Яғни, балақайды потолоктың фонында ). Десе де, симптомдар нақты емес. Өткенін қалыптан тыс жиі ойлайтын адамдар бірте-бірте осы дертке шалдыға бастайды деседі. Бірақ, ауа райы, қасында кім, қандай киімде болғанын, сағат, секундына дейін ұмытпау — бұл диагноз.

Оcылай екен...: Қабілет әлде дерт

Ерекше адамдардың бірі — актриса Мэрилу Хеннер. Алпысты алқымдап қалған әйел 1 жарым жасынан бергі жағдайлардың әр сәтін еске түсіре алады екен. Сол кезде ағасымен ойнап жүргенін айтса, адамның екі жасына дейінгі өмірі есінде қалмайды деген анықтама қайда қалды?
Өзінің айтуынша, арнайылап еске алмайды да. Сөзден сөз шығып, автоматты түрде оқиғалар ойына оралады. Мысалы, әріптесімен әңгімелесіп отырып, құрбысы өзінің тұрмысқа қашан шыққанын айтып жатқанда Мэрилу «Тойды дүйсенбі жасағандарың қызық» деп қалыпты. Актрисаның бұл феномен қасиетіне қызыққан көп адам (арасында мамандар да бар) талай сұрақтармен тексеріп, көздері жеткен соң мойындапты. Жазушылық қырын да сынап жүрген әйел бір кітабын осы қабілетіне арнап, «100 пайыздық жад» деп атапты.
Әлемде жиырма шақты адамның ғана гипертимезияға шалдыққаны дәлелденген.
… Қызық, кейін-кейін өзімнің 2-маусым сағат 12:29-да жұмыста ішім пысып, минут санап отырғанымды еске түсіре алар ма екем?
merekeee

«Саналы шәйнек»

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.