Әлемдегі ең әдемі ... «гибрид» тіл

  • Автор
Кастельяно әлемдегі ең әдемі, ауқымы кең, көп меңгерілетін тілдердің қатарында.
Кастельяно деп отқаным — Испаниядан бөлек Аргентина, Перу, Парагвай, Венесуэлла, Колумбия сынды т.б. «алыптардың» ресми тілі есептелетін кәдімгі испан тілі ғой. Испаншаның негізі орта ғасырларда Кастилия патшалығында қаланған. Қазіргі таңда жиырмадан аса елде ресми статусы бар, одан басқа әлемнің әр түкпірінде оны меңгеруге құмар адам саны да аз емес. Бірақ, айтайын дегенім спаниш емес спанглиш жайлы боп тұр.
Оcылай екен...: Әлемдегі ең әдемі ... «гибрид» тіл
Өткен ғасырдың басында Мексика, Латын Америкасы халқының АҚШ-қа үдере көшуі процесі кезінде осындай бір «гибрид» тіл пайда болады: ағылшын және испан тілдерінің қосындысы. Бір жағынан, о баста халық бұл « тілде» амалсыздан сөйлей бастады, Мексика-Америка соғысынан кейін АҚШ аумағында қап қойған аймақтар ағылшын тілінде білім алуға міндеттелген, ана тілдерін де ұмыт қалдырғысы келмеген.
Қазіргі таңда спанглиш трендке айналғандай. Шекараға жақын штат тұрғындары ғана емес, тұтас Америка, Латын Америкасы (жуық арада тұтас әлем дейтін де шығармыз) осы «тілге» қызығушылық танытуда. Бұған енді шоу-бизнес пен БАҚ-тың әсері де жоқ емес.
Испанша мен ағылшыншаны жеке-жеке меңгеру спанглиште «сайрау» үшін аз. Себебі, оның өзінің жазылмаған заңдылықтары, ережелері бар. Бірақ енді жалпы техникасы түсінікті: сөздің/сөйлемнің алғашқы бөлігі ағылшынша, соңғы жағы испанша (немесе керісінше). Тікелей аудармалар, калькалар да кездеседі. Франгле, рунглиш және әлемдегі басқа да «шұбар» тілдерден (мысалы: қазақ-орыс) айырмашылығы: спанглиш балабақша, мектеп, телевидениеде кеңінен қолданысқа ие. Тіпті, билік өкілдері мінберде тұрып халыққа спанглиште есеп берген мысалдар да бар. (Әлде ол айырмашылық емес пе?..)
Кейінгі уақытта Спанглишке диалект емес, ресми тіл статусын беру жиі сөз болады екен. Бірақ енді жеке ойым: инглиш доминант болғандықтан, испантілді халық қарсы болатын шығар…

Тыңдайық:
merekeee

«Саналы шәйнек»

    Ұқсас посттар

    15 пікір

    asaubota
    спанглишше мысалдар жазасыз ба?
    merekeee
    ken
    Мына мысалдарда калькалар келтіріліпті. Яғни инглиштен тікелей испанға аударылған выражениелер. Спанглиш тек калькалармен ғана шектелмесе керек.

    Негізі бұндай калькалар бізде де көп — мыс. домбырада ойнаймын (вместо правильн. домбыра тартамын/шертемін/шаламын); жаңа жылыңызбен (в. п. жаңа жыл құтты болсын), жалпы отырып еске түсірең мысалдар шыға береді. Қай тілден тікелей аударылғаны айтпай-ақ түсінікті шығар.

    Қазір ТВда қазақша кинолар беріліп жүр. Үйдегілер көріп жатқасын мен де кейде көріп қалам. Өткенде Н.Назарбаев туралы кино боп жатыр екен, жастық шағы туралы. Украинаға Б.Төлегенова келіп ән айтады. Сонда Н.Назарбаев бастаған бір топ студент ю сахнаға шығып өздерін Төлегеноваға таныстырып жатып "қазақтармыз" дейді. "Қазақпыз" емес пе дұрысы?

    Тағы да кинодан. «Бірақ» сөзін орыс тіліндегідей қолдану. Мыс:
    — Бас газды!
    — Бірақ біз жол апатына ұшыраймыз ғой
    merekeee
    Калькалар деген абзацын қиып алған шығармын, тақырып бастар алдында Википедиядан мысалдар қарағаным есіме түсіп кетіп еді.
    «Жаңа жылыңызбен құттықтаймын!» ғой. Құттықтаймын жасырын қалып тұр.
    Жалпы жинақтап жазып жіберсең де жақсы болар еді. Біліп жүру керек.
    ken
    Хинглиш — хинди+иңглиш. Үнді киноларында ағылшынша араластырып сөйлеп жатады. Хинглиш сол болса керек.
    Рунглиш — АҚШ, Канададағы орыстардың тілі.

    Біз орысша араластырып сөйлейміз ғой. Сонда біздікі қалай аталады?
    Gastarbaiter
    суржик -ақорыс-орыс тілдері
    Gastarbaiter
    Қайдам, маған кастэйяноның өзінде әдемілік басым сияқты спанглиштан.
    merekeee
    Әрине испан тілі әдемі, соның есебінен ғой «гибридтердің» ішінде спанглишке қызықтым. Негізі «шұбар» тілдің әдемісі болмайды ғой.
    MickThatsMyNick
    жамайкалық ағылшынша ұнап келед..)
    merekeee
    Ямайка ма? Өздерінің ресми тілі ағылшынша дейді. Акцент емес гибрид па тілдері сонда?
    ken
    Спанглиш пен рунглиш араласса не болад екен?
    merekeee
    Араласпайды. Үш тілдің араласқанын қайдан көрдің? :)
    Gastarbaiter
    Шымкент ауылдарынан.
    Шәрмәндә болдуқ қо, білә, мілица акә, не западлу болсын, жіберің енді.
    ken
    мысал қалыптасып қалған қауесет негізінде құрастырылыпты.
    шермендені шәрмәндә деп айтады. бірақ болдуқ, акә (әкә) деп айтпайды. ал «жіберің» деп қысқарту батыс қазақстанда да бар.
    Gastarbaiter
    Түрік қазақ-лицейлерінен:
    Түрікче пиздес қонушйормысың не?
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.