Компьютер ойындарындағы Қазақстан

  • Автор
Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы ҚазақстанЕрнар patick Бекеновтың "Call of duty" ойнап отырып, Байқоңырда тапсырмалар орындағаны жайлы постынан кейін осындай тақырыпта жазба жариялағым келді.

Жалпы, Қазақстан компьютер ойындарында аса жиі болмаса да, біршама кездеседі екен. Егер мен байқамаған ойындарды білсеңіз, пікір тастап, қоса отырыңыз.

So…

Activision мен Aspyr Media шығаратын "Call of Duty" ойындар сериясының екі бірдей бөлімінде Қазақстан бар. Мен жақсы көретін бұл шутер ойында Екінші Дүниежүзілік соғыс, қырқи-қабақ кезең, лаңкестерге қарсы күрес, Үшінші Дүниежүзілік соғыс сюжет арқауы болғанын еске сала кетейін.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Call of Duty: Modern Warfare 2

"Құзға өрмелеу" миссиясында Соуп пен Роуч Ресей базасында диверсия жасап, автоматты модульді ұрлап қашады. Олардың соңына сансыз әскер мен Ми-24 тікұшағы түседі. База Қазақстанның оңтүстігінде, Тянь-Шань тауында (Алатау деп түсін) орналасқан. Ең күрделі режимде өте алмай, қанды қайнатқан тапсырмаларымың бірі:)

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Call of Duty: Black Ops

«Бләк Опста» екі бірдей көзге таныс жер кездеседі. Біреуі Қазақстан мен Өзбекстан бөліп алған Возрождение аралы, екіншісі — Байқоңыр.

"Возрождение" миссиясы екі бөлімнен тұрады. Біріндегі тапсырма — Алекс Мэйсон болып, аралда орналасқан, «Нова-6» қаруын шығаратын базаға кіріп, нацист-ғалым Штайнерді өлтіру. Екіншісінде Джейсон Хадсон ретінде әлгі базадан Штайнерді ұрлап қашу. Екі миссия да 1968 жылдың 23 ақпанын көрсетеді.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
«Байқоңырды» 1963 жылдың 17 қарашасында жүретін "Ерекше тапсырма" миссиясынан көруге болады. Сіз Алекс Мэйсонсыз, міндетіңіз — «Союз-2» ракетасын құртып, СССР генералы Драговичті өлтіру.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Destiny

Байқоңырға бұйырған тағы бір танымал шутер. Интернеттің қосылуымен ойналады. Сюжет бойынша оқиға жиырма сегізінше ғасырды суреттейді. Күн жүйесін әбден зерттеген адамзат апатқа ұшырып, әзер аман қалады. Жат планеталықтарға қарсы соғыс жүргізеді.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Tomb Raider Legend

Tomb Raider сериясына кіретін жетінші ойында Лара Крофт Қазақстанда орналасқан кеңестік лабораторияға келеді. Мақсаты Максты өлтіру және сиқырлы бірдеңелерді бірдеңе қылу. Мотоциклмен поезд қуалайтын жері бар, айтпақшы.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Total War: Rome II
2012 жылы шыққан бұл стратегиялық ойынға 2013 жылы Nomadic Tribes атты топтама қосылды. Оған үш фракция кірді: Роксоландар, Массагеттер және Патша скифтері. Міне, осы жердегі Массагеттерді Ақтаудан басқаруға болады. Ал ел аумағына қазіргі Маңғыстау, Атырау облыстарының жері кірген екен.

Жалпы ойында көшпелілердің өркениетін дамытып, соғыстар, сауда-саттық жүргізу мүмкіндігі бар.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Command&Conquer: Generals

Тағы да Байқоңыр. Сюжеттердің бірінде ғарыш айлағын басып алып, виртуалды жауға қарсы химиялық қару қолдану керек болады.

Ал тағы бір тапсырмада сізге Шымкентте шайқас жүргізуге тура келеді.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Strider

Жапон мангасы бойынша 2014 жылы шыққан бұл ойында Хира атты ниндзя 2048 жылы Қазақ ССР-іне келеді (2048 жылы, КАРЛ!). Ойы — тұтқындағы досын босатып алу.

Бір қызығы бұл ойында Қазақстанды жауыз Гранд Мастер Мейо басқарады, елді лабораториялар мен қаскөй роботтар басып алған.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Civilization V

Аңызға айналған бұл ойыннан Алматының ескі атауын көре аламыз. Негізі біздің қаламен атауынан басқа ұқсастығы жоқ. Компьютерге қарсы ойнағанда жасанды зерде басқаратын қала-мемлекет ретінде шығады. Айтпақшы аралда орналасқанына мән бермеңіз, картаға байланысты Алма-Ата кез келген жерде пайда болуы мүмкін.

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Europa Universalis

Бұл стратегиялық ойында Қазақ хандығын таңдап, ойнауға болады дейді. Көргендер бар ма?

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
WRC 4 FIA World Rally Championship

Ойын опцияларының бірі Subaru Impreza WRX STI көлігін айдайтын Арман Смайылов болып, жарысқа шығуды ұсынады. Көлік Қазақстан туының стилінде сәнделген, нөмірі — алматылық:)

Оcылай екен...: Компьютер ойындарындағы Қазақстан
Syphon Filter

«Сонькаға» арналған бұл ойында Қазақстанды ракетамен жарып жіберуге тырысады, вирус жібереді. Қызық, қысқасы…

Қазақстан үлкенді-кішілі түрлі ойындарды кездеседі. Жоғарыда аталғандармен қатар, мысалы, Андроидқа арналған Age of civilization ойынында Қазақстанды таңдап, бүкіл әлемді жаулап ала аласыз, Force 21-де Арал теңізінде шайқас жүреді, мобильдік Plague Inc. симуляторында Қазақстан аумағынан планетаға жұқпалы ауру таратып жібере аласыз. Тіпті, Might&magic атты ойында Қазақ деген варвар кейіпкерді таңдауға болады дейді.

Айтқандай, Astana Racer-ді ойнап көргендер бар ма?:))
qisyq

Саусағымыз қисық болса да, ниетіміз түзу болсын.

Ұқсас посттар

12 пікір

patick
Графикасының қанықтығымен, сюжетінің шынайылығымен Call of duty-ға жетері жоқ-ау. Тіпті ойнап отырып өз елімді сатып кеткен жоқпын ба деп күйзелумен боласың :)
qisyq
Шутердің тәуірі сол мен үшін:)
MERmukhanov
Менің студент кездегі ойнаған кезімде НХЛ-06 07 болса керек, Қазақстан құрамасынан тек Антропов қана бар еді — қалғандары ойдан шығарылған: Тураков, Владимир Берлибаев деген сияқты)))
MERmukhanov
НХЛ-дің ОЧРК мен КХЛ ға арналған патчтары бар

qisyq
ГТА-ның да бір патчы бар еді. Қазақстандық номерлермен жүреді машинаның бәрі:)
MERmukhanov
Және, ФИФада бірлі жарым поискқа шығады.
qonyrbai
Black Ops-ты тағы да ойнап көру керек екен. Қанша рет ойнасам да соңына жете алмадым. Modern Warfare 2-ні ойнаппын көбінесе. ))
KONILDI
Astana Racer-ді ойнағанмын. Сапасы төмен. Ойын жиі қатып қалады. Енді даттай да алмаймын, себебі, бірінші ойын ғой. Қолдарынан келгені сол болар. Жалпы қызығушылығымды оята алмады.
ersin2010
Маған да бір қарашы, мен қазақтың баласы.
Қарапты ғой, әне!
MickThatsMyNick
Call Of Duty Modern Warfare 1-де де Каспий мен Алтай туралы айтылады. Украина Припять.)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.