Arular.kz

Сенім туралы

Өмер әкей әңгімелері: Сенім туралы

Хз. Омар халифа кезінде Мединаға Византия короллігіннен бір елші келіпті. Елшіні Хз. Омар жақсы қарсы алыпты. Елші жерде, құм үстінде отырған ел басшысын көріп таң қалыпты. Әкелген хатымен бірге өз елінің сыйлығын беріпті. Сыйлық кішкентай бір шиша екен. «Бұл не?» деп сұраған халифаға елші «Бұл шишаны сізге королім сыйлық ретінде жіберді, ішінде бір ұрттаса адам өлетін у бар. Біздің короліміз өзіне ұнамаған адамдарға осы уды беріп, өлтіреді» депті. Хз. Омар «Бұл не деген сорақылық, ешқандай адам басқа біреулерді бұлай өлтіруіне болмайды» деп қолындағы шишаны ашып ішіндегі уды «Бисмиллах» деп ішіп қойыпты. Мұны көрген елші шошып кетіп, сол жерде талып қалыпты. Есін жиғаннан кейін сап-сау отырған Хз. Омарды көрген ол «Бұл қалай, удың бір тамшысының өзі сізді өлтіруі керек еді» депті. Хз Омар елшіге «Менің Аллахыма соншама иманым және сенімім бар, Оның рұқсаты болмай мені ештеңе өлтіре алмайды» деген екен...

Хикмет: Яғни біреу бізге у берсе ішуіміз керек пе?!
Өмер әкей: Адамдар у емес шәрбат берсең де қазір ішпейді. Хз. Омар туралы әңгіме қазіргі адамдардың тірліктерін сеніммен, шын жүректен істеулері үшін керемет мысал. Сену және сенімді адам болу дініміздің өте маңызды ережелерінің бірі. Адамдармен қарым қатынаста бір біріңе сену өте маңызды.
" data-width="600" data-numposts="5">

16 пікір

avatar
ойлаватын нәрсе екен…
avatar
менің басты қағидаларымның бірі, адамдардың ара қатынасында жоғары орын алатын қасиет.
avatar
сенімді ақтамаған адамға тағы да сене беретінім бар, ондай бола ма сізде?
avatar
Сосын ерекше салқынқандылықпен пістәлөтпен ата саласың ба?
avatar
пистолетке жете алмай жүрмін :) жетсем тек қорғаныс мақсатында қолданам дедім ғой.
avatar
азғындалған қиялым «Крестный Отец» тің озық үлгісіндегі вендеттаны елестетті.
avatar
екінші рет сенуім өте қиын)) бірақ адамдарға мүмкіндік беріп көру керек деп ойлаймын.
avatar
ия, мен екінші мүмкіндікке татимын)))
avatar
болады
avatar
басқа жақа жазылуы керек еді, мына жерге тақырыптан тыс түсіп кетті
avatar
сенің жөнің бөлек))
avatar
Сене білудің өзі үлкен ерлік…
avatar
Адамдарға сенуін сенесің, бірақ сол сеніп тұрғаныңды басқаша ойлайтындар да бар. Ақымақ көреді я сені момын деп ойлайды.
avatar
Қасыңдағы адамды екі топқа бөлген дұрыс! Сенуге болатын, сеніге болмайтын. Ал сенуге болатын адамдардың арасынан күдік тудыратын адам деп бөлуге де болатын сияқты. Жалпы жақсы көретін адамдарыма сенемін. Құдай сенімнен айырмасын.
avatar
кейбіреу сеніміңе толық кіріп болған соң пенде емес пе, пиғылы өзгеріп сізден жасырып ойына келген тірлігін жасауы мүмкін.
өйткені сіздің ол туралы тек жақсы ойлайтыныңызға және күдіктенбейтінізге көзі әбден жеткен
avatar
Маған сондай бір шыны құты у алып келсе, алып қояр едім)). Керек болады.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.