Рейтинг
+32.05

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...

145 оқушы, 88 тақырып
/ / 108 / 3526 / 4
Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын, Сол жылу бірақ та жүк болар. Сен неткен сұлусың, сұлусың, Сен шығар әлемді құтқарар. Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа, Мен өзге біреу деп күймеймін. Мен саған тәнтімін, бірақ та, Мен сені...

/ / 64 / 2049 / 0
Көз моншағың мөлдіреп қарай берші

Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан — Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған. Маған арнап жолданған әуез күтем Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан. Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен, Ойламағын келді деп бұл...

/ / 61 / 1919 / 0
"Вахтовик" сағынышы

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын, Кәсібім сол таңдаған, не қылайын, Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы, Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым. Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп, Арлы-берлі жүремін желдей есіп, Той-томалақ менсіз де өте жатар, Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп. Шыр айналған дүние тоспа мейлі, Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі, Қызым әне суретіме қолың сермеп, Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…...

/ / 45 / 2262 / 0
Боянбашы

Сүйсінем де ойланам саған қарап, Құм секілді сырғиды уысымда ой: Боянбашы. Жоқ себеп алаңдамақ, Сен онсыз да бәрінен сұлусың ғой. Ең қымбат опа-далап. Сен кетірдің сәніңді замананың кескіні деп. Бояудың...

/ / 35 / 1658 / 2
Мен білем, көктемің келеді

Жасылға оранып желегі, Мен білем, көктемің келеді. Көк аспан сол жылы көктемде Шуағын өзіңе төгеді. Ал қазір мен саған жыр жазам Белгісіз боп келген дерегі. …Кейде шын тиеді көмегі Жазылмай қалса ақын өлеңі....

/ / 31 / 2607 / 0
Гүл алып

Гүл алып, Келемін гүл алып. Жай ғана. Білмеймін себебін. Қарсы алсаң болды сен қуанып, Мен сені шын жақсы көремін. Сүйікті гүліңді кешірек Сұрадым. Қызықтым талғамға. Көрсеттің нәзікті осы деп, Гүл...

/ / 26 / 1705 / 0
Ария тобы, "Жоғалған жұмақ" (аударма)

Көкжиектен — көкжиекке Аспан отқа оранған. Сол бір жалын-безбүйректе, Арман, үміт жоғалған… Бірақ кетсең сен ұйқыға, Періште сен үшін де Келіп, сүртер көз жасыңды, Жымисын деп түсінде. Ұйықта, ұйықта,...

/ / 23 / 2582 / 1
Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым Үйкесем түсер балақтағы балшықтар Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?! Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі! Мына...

/ / 22 / 3795 / 0
Махаббат мұңы

Сені бүгін көрдім тағы жүрек шіркін сыздады, Махаббаттың оты жанып жалын болып маздады. Сүйген жаным саған қолым сәл-ақ қана жетпеді, Сағынышпен көрген бейнең бұл жарамды жазбады. Сенің мәңгі есімің жүрегімде мынау жазылган, Ылғи жүрсең де ойымда сағынышым басылман. Рахмет деймін тағдырға сендей жанды сүйдірген, Ынтық болған сезімім басқа ешкімге ашылман. Махаббаттың мұңын кешіп, уын ішіп жүрсем де, Налымаймын тағдырыма ыза болып...

/ / 18 / 2619 / 0
Болашақ жарыма хат

Ой, жаным! Білмен, кейін қала ма бұл есіңде: Тек шатты күн тұрмайды үлесіңде. Жүзім-сезім — шарасыз. Отбасы үшін бізге тура келеді күресуге. Сен мұны білесің бе, білесің бе? Ой, айым! Деуші ем жүгін...

/ / 17 / 2419 / 5
Владимир Высоцкий: "Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен"

Тақырыптың атауына шығарылған сөздер оның әйгілі «Я не люблю» деген өлеңінен алынған. Бұл өлеңге бұрыннан шатырым кетім жүрген болатын. Маған мейілінше автордың айтпағын мән-мағынасын бүлдірмей, артық ештеңе қоспай...