"Вахтовик" сағынышы

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…
Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
«Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
Қылтиғанша бір шеті өнген істің…
Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…

Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    61 пікір

    a63a1
    Вахтовиктер жыры деген атаққа лайық екен
    a63a1
    әнұраны десе болад
    Makhabbat
    Керемет жазыпсың!
    Менің басымда да осы жағдай..
    Korkem
    Бір жерден «махаббатқа адал жандар вахталық, ауыр жұмыс істеушілерде» деп оқып едім)) қыздардың құлағына....
    madickisbig
    иәәә, вахташыларға не позавидуешь.
    neoman
    Түсінем, Гастеке, нан табу үшін не істемейсін. Тезірек офистік жұмысқа өтуіңе тілектеспін
    kokbori
    менің жолымды қу десей
    neoman
    Қой, өзіме аға боп келетін адамға ондай сөз айтып.

    Мен қайта вахтаға сұранып жүрмін.
    kokbori
    Қой, мынауың жаман ырым, сенің жағдайыңда
    Aizhantabyn
    hahahahahahahah DD myna commentti este saktau kerek DDDD aida jylda bir jazatyn, ten nicknami gana tanys user DDD
    timurrr
     Айда-жылда бір жазса да нигін жаттап қап тұрсың ғо
    neoman
    Нигімді ғана есте сақтап, кейбір білгішсымақ пікірлерімді ұмытып қалғаныңыз дұрыс екен)))
    satibaldi
    Бауыр, сен Вахтовиктердің Гимнін дүниеге әкелдің осы тұрғанда! Әрине, көп адам тарихты өз қолымен жасағанына сене қоймайды, бірақ солай!
    Енді біреу әнге салып берсе…
    a63a1
    әнімен ілем каз
    satibaldi
    Дабай a63a1 -еке, сөйтіп бір ерлеш, жаңа халық әні дүниеге келсін!
    Осындайда AKY қайда қарап кететінін өз тасым түсінбейм.
    a63a1
    записін басып қойдым, ютуб атаңанәлетке салу үшін видомекермен слайд арқылы тығу керек екен, сәл күтіп құсып тастауға дайын отыр
    satibaldi
    Білә, басыма көтеріп, бүкіл баннералмасу желілеріне ойбайлап шығам!!!
    kokbori
    киви ше?
    a63a1
    киви қыртып жүр кейінгі кезде
    satibaldi
    Асықпа, күте берем!
    satibaldi
    Бірақ қазір сал.
    a63a1
    қазір слам, гдетта 30 мин мұғдарында, гимн шығару оңай екенғой нақ
    satibaldi
    Қай тілде жазғаныңды білмейм, бірақ күтем.
    a63a1

    еш түзетусіз, еш дайындықсыз бір деммен сенің өтінішіңнен кейін шыққан туынды
    a63a1
    сөзінде осы жерден оқып отырып запистедім
    asaubota
    дым естілмейді
    a63a1
    маган естіліп тур, білмим қалай естілмей турганын, құр запистін өзін ілетін жер жокпа?
    Adiletshu
    Даусын қатты шығарсаң естіледі
    satibaldi
    Білә бауыр, әңгіме жоқ!!!
    satibaldi
    mp3-ін sheshes@inbox.ru -ға жіберш, эквалайзермен көтерівалайын?
    satibaldi
    Алдым, амиго!!!
    kokbori
    Соңын екі рет қайталаған жөн бе еді
    19852407
    Мынаның дауысы қайдааа?
    a63a1
    колонканың дауысын тубіне дейн шыгарсан естіліп қалар
    19852407
    Микрофонға тұмсығыңды тақап, дауысыңды қаттырақ шығарсаң колонкаға да жетіп қалар
    satibaldi
    Қазір, көрватрық, бұйырса — ҮЛКЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕННН бөлек пост болып шығад, ақсайсстың.
    19852407

    Ақсайдың вахтовиктерінің сауабын алыңдар
    mampasi
    Қазір, көрватрық, бұйырса — ҮЛКЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕННН бөлек пост болып шығад, ақсайсстың.

    қай жерге шықты ҮЛКЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕННН бөлек пост болып?
    Соңғы түзету:
    kokbori
    мықты шығыпты ғо, енессс
    satibaldi
    Тілеулес құрдас
    timurrr
    Мдааа… Гаста, сенің жағдайыңда болмаған соң түсіну қиын. Алайда, менің кейбір әріптестерім Оманға екі жылға кетті. Біреулері бүгін үйленіп, ертесіне кетті. Кейбіреуі кеше балалы болып, ертесіне кетті. Соның барлығы жанұясымен тастай жарты жылдан соң кездесіп жатыр. Биыл қателеспесем, соңғы жылдары. Оманда қас қылғанда скайпқа да рұхсат бермейді екен, пайдалануға. Видеочат жасайын десе. Енді қара, алты ай бойы «ажырасу» да оңай емес. Соған қарағанда, бір айға да шүкір ететін сияқтысың… Жұмыстағы уақытыңның тез-тез, отбасыңдағы уақытыңның асықпай өтуіне тілектеспін!
    satibaldi
    Бұл жерде «сенікі ештеңе емес, ауғандар онжылдап тауда жүріп, семья көрмей соғысад» деген сияқты екен. 15 күн вахтадан өліп кете жаздағаным бар еді, бір ай тұрмақ.
    timurrr
    Өзіміз бес күндік болған соң, мұндай мәселе ойымызға кіріп те шықпайды ғой. Тек әлгі Оманға кеткен отыз шақты жігітпен бірге оқығанбыз. Жаңағындай оқиғаларын естігенде, әйтеуір, «Уаааааууууу!» дегенім есімде қапты. Отбасы қамы…
    timurrr
    Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
    Тойы кеше болған, кеше балалы болған жандардың, күйеулерін жарты жыл күтетіндердің бейнесі, шынымен, осы бір ауыз сөзбен әдемі берілді деп ойлаймын
    Gastarbaiter
    Менің досым Африкада екі жыл болды жүргеніне.
    Күн /айда тұрған ештеңе жоқ, вахтаның басты ерекшелігі үйіңнен кіріп, үйіңнен шығудың болмауы.
    Негізі шағым айту, не үлкен мәселе көтеру ойда жоқ еді. Жай үйде сағынып отырған адамға аз-кем романтика болсын деп.
    Шағым, жылану деп қабылдаған болсаң, мен ойымды дұрыс жеткізбеген шығармын.
    asaubota
    неге Оман? әскери дайындық?
    timurrr
    Теңіз инженерлері. Мұнай саласында. Машықтанушылар
    satibaldi
    Меніңше осы өлеңге жақсы ән тауып алып, вахталық қалашықтарға барып концерт қойп жүріп-ақ, әрі қарай жұмыс істемей-ақ болуға болады, ақсай-3сстің.
    kokbori
    бұхахахха, таксис болып ауылдан келген ауылдасым, шарик деген букмекер ойынынан он мың ұтып алып, енессс, деп ауылға тайып тұрып еді
    Zilola
    Бәрі осылай ау, өткенде наурыз мейрамында өткен сіңілімнің ұзатуына бара алмадым ((
    kokbori
    Оның үстіне блогкемптен Гаста екеуіңізді көре алмай бізде арманда кете бардық
    Zilola
    қое, әжептеуір көтеріліп қалдым ғо
    19852407
     Керемет!
    Шертіпсің сезім қылын.
    Мынаны бала-шағасын сағынып жүрген вахтовиктердің оқығаны болса,
    көздің жасын сығып-сығып алған шығар ужы

    Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
    Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
    Ып-ырас, еххх!
    kokbori
    Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
    Бұны программистің әйелдері де оқып іштей біздің де жағдайымызды түсінетін жан бар ма деп егіліп отқан шығар
    Nurshat
    Той-томалақ менсіз де өте жатар,
    Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
    недеген ұйқас, қазақ поэзиясына Сергей Есениндей талант келді ме? ойбай, недеген жыр жыртыңдатып жібереді екен...
    Abilakim
    Вахтадағы адамның сезімін шынайы жеткізген екен. БІр жылдай бұндай жұмыстың да дәмін татқанбыз. Әні бар нұсқасын да тыңдадым.Ұнады.Сөздерді ұйқасқа емес мағынаға құраған екне
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.