Arular.kz

Қаңтардың қар желі еседі... ("Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" к/ф-інен)


Пенденің дейтұғын
дөңгелек Жерді үйім,
Сүйгенін табуы —
мәселе ең қиын.
Жердің тек білгені —
тоқтаусыз айналу,
Оңай ма, оңай ма
Ғашық боп қалу?

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Сезімге тағы бір
қиындық бар қарсы:
Тапқан соң боп шықса
алдамшы, алдамшы?!
Жалғанын табасың,
Шатасқан бір күні
оңай ма, оңай ма
анықтау мұны?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Бір жақта жүрекжар
махаббат бар маған,
Мәңгілік,
ешкім де қайталай алмаған.
Көптен оны іздедім,
Күндерде зулаған
оңай ма, оңай ма
кезігу оған?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң таппайды
ешқашан, ешқашан,
Содан соң ешқашан таппайды.

пы.сы. Пост-түпнұсқа мен жеке орындаулардан өздеріңіз ұнағанын таңдап аларсыздар. 8-) *Angel*





" data-width="600" data-numposts="5">

3 пікір

avatar
Енді біреу орындаса қазақша!
avatar
Цифровой ТВ-ның караоке базасынан іздеп көрмесем, болса айтып көрем. Әлбетте, ешкімге көрсетпей :)
avatar
кеше караокеде айтып көрдік :)

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.