Arular.kz

Ақын болғым келмейді...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Ақын болғым келмейді...
Ақын болғым келмейді, өлеңім бар,
Өлеңім бар, қажетті көлемін ал,
Адам болғым келеді, адам болғым,
Бұл жалғанға бір-ақ рет келемін-ау.

Арам болғым келмейді-ау, ұятым бар,
Кетсін әрмен отқа май құятындар,
Мен өлгенде тәнімді жерге көміп,
Қу дүние-ай, сый қылып ұятымды ал.

Бастық шықпас, болмаймын, бата алмаймын,
Мүдделесті «бақ» үшін сата алмаймын,
Кішілермен қырлысып қырық пышақ,
Үлкендердің «астына жата алмаймын».

Болса дағы жүрегі мейірімді,
Дәрігердің, байқасақ, күйі мұңды,
Сынған қолға ағаш сап, түзетсемде,
Жинай алман, өлген жан, киіміңді.

Өмірінде көрмеген жоқ саласы,
Журналистер қоғамның бейшарасы.
Көз алдында халықтың қорғаны ол,
Қолындағы биіктің гитарасы.

Кейін қарай, ей көңіл, тартасыңба.
Жоғалмаған қадір бар әр тасыңда.
Дүниенің халыққа бақ болуы,
Дөңгелеткен адамның арқасында
©Ернар Сейтахмет
" data-width="600" data-numposts="5">

4 пікір

avatar
Өмірінде көрмеген жоқ саласы,
Журналистер қоғамның бейшарасы.
Көз алдында халықтың қорғаны ол,
Қолындағы биіктің гитарасы.
— берілген пәтуа гитара болып шықты. хотя бы домбыраны қимағаныңызды айтам дачы… Сосын мына жолдарыңыз тым терең екен. Түсіндірів жверіңізші айып болмаса: Кішілермен қырлысып қырық пышақ,
Үлкендердің «астына жата алмаймын». — диван бар, көрпе-төсек бар, салып алып жата берсеңізші
avatar
солай жасау керека-ау
avatar
прозаға кет)
avatar
совсем нашар ма не?

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.