Байлық

  • Автор
— Ұлым менің, мұрагерім, жалғасым,
Өлмей тұрып өзегің еш талмасын!
Өз көзіңмен көріп қайт — өсиетім,
Өмір қандай жоқтық болса жолдасың.

Кедей күйін көрсін деп баласына
Меңзеді жұпыны ауыл арасына.
— Талғажау етіп жүрген тамағын көр,
Назар сал мекен еткен панасына!

Шағын қыстақ болмаған соң байтақ ел,
Көп ұзамай кең сарайға қайтады ер.
Баласына зер салып, сұрады әке:
— Қандай ой түйіп қайттың, айта бер!

— Рас айтыпсың, сөзіңе жоқ таласым,
Бай болсаң тек өмір мәнін табасың.
Ажыратып келдім мен бүгін, әке,
Баршылық пен таршылықтың арасын!

Төрт төбеті күзетеді жақтауын,
Менің болса жалғыз күшік — баққаным.
Фонтанымыз бар дейміз, ал, олардың
Жаңбыр өзі суарады бақтарын.

Кемерінен кемімейді сол арна,
Көзбен көрмей көңіл, шіркін, толар ма?
Бассейніміз біреу-ақ ауламызда
Шетсіз, шексіз көл бар екен оларда.

Бақшаға шамнан сәуле сырғанайды,
Оларға көкжиектен күн қарайды.
Аумағы ауылдай кең ауласына
Көрдім мен нұрын шашып тұрған айды.

Мың құбылып мына бір тұрса да әлем,
Өзімді мұрасы мол ұл санап ем.
Нағыз байдың бейнесін көріп келдім
Пейіл деген болар ма мұншама кең?!

Рақмет, Әке!

Мереке Есен

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Байлық

Бір жерден оқыған оқиғаның желісі бойынша
merekeee

«Саналы шәйнек»

    Ұқсас посттар

    2 пікір

    asaubota
    өзіңіз аудардыңыз ба? керемет!
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.