Arular.kz

Сен маған кел

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сен маған кел
Сен маған кел… © Абылай Шаймерденұлы

Мен тоңдым, тұмандатқан күн де мұңды,
Жан-жағым тұман ба әлде елесің бе?
Алыстарда жол таппай жүргеніңді,
Сезінем, ойланамын, келесің бе?

Сен маған кел көп бұлбұл ән салғанда,
Ерекше кел, қалмағын бірі болып.
Сен маған кел меңіреу бұл жалғанда,
Талауыртқан аққудың үні болып.

Сен маған кел көк түтін бұл ғаламда,
Таза самал жел болып, соқпа қатты.
Періште бол, жартастан қарғығанда,
Іліп ала жөнелген, ақ қанатты.

Сен маған кел, желкенді кеме болып,
Суға кетсем көрінген қарсы жақтан.
Келші мейлі судағы пері болып,
Тұншықсам да жаныңда қарсыласпан.

Сен маған кел,құпия теңіз болып,
Бар екенін ешкім де білмей қалған.
Сен маған кел бейтаныс әлем болып,
Ғаламшар боп, телескоп көрмей қалған.

Айым боп кел, болса да әркім ғашық,
Күнді куткен… Көгінде жүзген…
Сен маған кел жүректің құлпын ашып,
Жалғыз кілтпен...Өзіңде жүрген…
" data-width="600" data-numposts="5">

6 пікір

avatar
Кешіріңіз, иә?

Бірақ онша емес, шын айтам :)
avatar
Кешірдім иә) әлі жаспын жол көрсетсеңіз қуана қабыл аламын)
avatar
Ехх, Сіз, бір түрлі екенсіз
avatar
Сен маған кел, көктем боп, қар боп еріп)))))))))))))
avatar
Артық сөз басым… Шала туынды.
avatar
Ааааааа шедевр, ду Қол шоколад )))))

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.