Arular.kz

Сен емес және мен емес

Сен отырған шығар дедім алдымда,
Сен емес-ау, құр елесің болғаны.
Мен шынымен ғашық болып қалдым ба?!
Мен емес-ау, ішімдегі құмарлық.

Бүгін, кеше, ертең тағы жалғасар,
Сенің жалған нұр бейнеңмен тілдесу.
Тілдесу де емес бірақ, білмейсің
Аймалаймын сенің жалған тәніңді.

Мен сені ұмытқандай күйге енемін,
Көрінемін саған паң, тәкаппар боп.
Түбінде бірақ, саған үйленемін,
Әзірге жүргім келді жылатқан боп.

Бір түндік әсер қалды жадымызда,
Мен сені пәктігіммен арбағанмын.
Әлі де талай түн бар алдымызда,
Мен сені енді жоқ деп алдағанмын.

Бұл өлең арналмайды екеумізге,
Шынайы бейне емеспіз екеуміз де.
Сырты біреу, ішіміз жетеуміз бе?..
Бірақ мен саған адалмын…
" data-width="600" data-numposts="5">

6 пікір

avatar
өзіңнің атыңнан жазғансың ба?
avatar
:):) мен өз атымнан емес, қиялымнан жазам.
avatar
Әдебиеттің қасіретіне туған өлең!
avatar
Нәпсе құмарлық түсірмейді дұрыс жолға,
Жалған сезім құлатар терең орға.
Шынайы сезім ғана тербетеді,
Жаныңды місе тұтқан, барын қолда.
avatar
Қанат Әлжапаровтың мақамымен оқылады екен
avatar
ииииихихихиххих, о кім тағы?

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.