«Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

  • Автор
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Уа, қыздар-ай, беу, қыздар!
Кәне, бері қарайық!
Абзал атты жұлдыз бар,
Оны ортаға алайық!

Жеті арыстың ішінен,
Алған таңдап Абзалым.
Бес барыстың ішінде,
Қалған бойдақ Абзалым.

Гастарбайтер сияқты
Бодибилдер болмас па?
Жарау аттай қуатты,
Бір сымбатты марқасқа.

«Маралбектей жаңалық
жүргізе алмас бұл әлі»
дерсің, мүмкін, қаралық,
Еркін сөйлеп тұр әні.

Ол Жандостай режиссер
бола алмайды дейсіз бе?
Бекеновтай рецензия
жаза алмайды дейсіз бе?

Бірақ Абзал өз жолы,
Өз міндеті бар жігіт.
Өмірінің өзгеше,
Болуы да заңдылық.

Таныстырсам еркені,
Жиырма алтыда жасы бар,
Қоңыраттың «көтені»,
Әжептәуір басы бар.

Туған жері ерімнің — Оңтүстігі елімнің.
Мақтаарал ауданы
Құрбан-ата жерінің.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Сәби кезде манежден,
Қолын сермеп тұратын.
«Хатшы бол» деп «Обкомда»
Әкесі үміт қылатын.

Өзі балабақшада,
Әнші ұл атаныпты.
Ән байқауда қаншама,
Бас жүлдені алыпты

Сонау бала күндегі
Мектебі де лайықты —
(Жиырма жеті түлегі
Алтын белгі тағыпты
)

«Заңгерлікті қалаймын»,
Деген-дағы, таңдаған
атындағы Абайдың
ҚазҰПУға самғаған.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Арасында Қытайда,
Бір жыл пәтер жалдаған:
«Han Shan Shi Fan Da Xue»-да
Магистрлік жалғаған.

Демеңіздер «жәй заңгер»,
Демеңіздер «қиблоггер»,
Тағы бір плюс айтайын —
Абзал –жеке кәсіпкер!

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Жұмыстан соң ол бірден,
Дүкеніне асығар.
Беу қыздар-ай, құр жүрмең,
Өлтірмейді ол, асырар!

Сөзім тағы салмақты,
Болу үшін айғақты,
Достарына жүгіндім,
Сұрау салып жан-жақты.

«Абзалжанның сырын айт,
Бес жағымды қырын айт,
Бес жағымсыз сипатын
ашып, елден бұрын айт!»

Деп ем, Нұржол Табиғат,
Дария, Абай, Азамат,
Айымзада, Мейірбек
Тізіп берді саралап:

«Ең алдымен достарға,
Адалдығы тым ерек.
Жақсылыққа құштар да,
Жамандықтан шын бөлек.

Бауырмалдық — ол да сын,
Алалауды білмейді,
Қандай шара болмасын,
«Бәрің бірге жүр» дейді.

Қандай жағдай болса да,
Сабырынан таймаған,
Позитивтен шаршамай,
Көзінде ұшқын ойнаған.

Жомарттығы бөтен ер,
Жақсылыққа жетелер.
Қарның ашса «KFC»
Абзал сатып әперер.

Дайын тұрар көмегі,
Жоқ еш сылтау-себебі.
Бұл да оның бір жағы,
Елгезектік – ер ебі.

Бес жағымсыз қыры ма?
Ақкөңіл де аңқау тым.
Шыдамсыздау, шынына
келер болсақ, Абзалдың.

Білгішсініп кей-кейде,
Сөйлеп кетер сәл енді.
Сосын қызға келгенде,
«Тормоздығы» бар енді...»

Құрбым, егер байқасаң,
Мұндай «минус» түк емес.
Идеалды аңсасаң,
Жеткізбейтін құр елес.

Достарына сенбесең,
Ағалардан сұралық.
Әділдігін ендеше,
Солар айтсын бір ауық.

Кей ағаның жауабы,
Аздап «нелеу» болса да
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Тиген екен сауабы —
Мақтаушылар қаншама!

Нұрғиса ағам тосылмай:
«Абзал – сайдың тасындай,
Ісі мірдің оғындай,
Жазбалары осындай »

Аршат ағам: «Түсінік,
Сыйластығы бар жігіт,
Іні көрем кіші ғып,
Күлімдеген нар жігіт.»

Алдан ағам: «Ыңғайшыл.
Ол бір жігіт өсетін.
Бір орында тұрмайтын,
Ізденімпаз еще тым.»

Былай дейді Данияр:
«Ол шекпейді, ішпейді»
(Сөздерінің жаны бар —
Көзіме бір түспейді).

Ол аз болса, Абзалдың,
Жұмысына барайық,
«Қандай екен ұжымда?»
Бастығынан сұрайық.

Жұмыс орны, жаным-ай,
Міне, мына құжатта:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Еш ұйқасқа жарымай,
Болып қалдым ұятты.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Осы жерде Абзалжан,
Заңгер болып істейді.
Ақ халатсыз абзал жан,
Қолдан қағаз түспейді.

Бастығы да мақтады,
Жамандауға батпады.
Осылайша жазбада,
Бірізділік сақтады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
«Маманы өз ісінің,
Уақытымен жүреді,
Ішке сыйлы, кісілік
мінезін ел біледі»



Жетегінде үміттің
кетіп әбден ұмыттым,
Өз талабы бар шығар,
Қоятын бұл жігіттің?

«Ақылына көркі сай
қыз болса екен, тәнті қып,
дайындаса, шіркін-ай,
Ет, машпалау, мәнтіні»

Қалжыңдайды алайда,
Сүйіп тұрса қарай ма?
Анасынан сұрайын,
«Қандай келін қалайды?»

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Шамшат апай тәтті мен,
Қою шайға қандырды.
Содан кейін баппенен,
Әңгімені жандырды:

«Үйлендірем баламды,
Мен биылдан қалдырмай,
Өміріне алаңмын,
Жүр ғой құрық салдырмай.

Оған себеп жуырда,
Елші болып ел асып
кеткелі жүр, қиырда
жалғыз жүру не машық?

Қонақ келсе сыр бермей,
Күтіп, көңілін таба алар,
Шақырылса бір жерге,
Ханымдай боп бара алар.

Мықты келін тіледім,
Дейді ана-жүрегім:
«Шымкент жақтан болса екен»
Бірақ өзі біледі.

Әлбетте, өзі таңдайды,
Маған қарап қалмайды.
Дұрыс келін тап келсін,
Айдай ашық маңдайлы.»

Осылай деп анасы,
Сөзін қысқа қайырды,
Тыңдап тұрған баласы.
Көзін төмен тайдырды.

Сүйген екен алаңсыз,
Жүрек қатты жаралы.
Өткен сезім баянсыз,
Жанын өртеп барады…

Шет-жағасын маған да,
Жеткізген-ді шамалы.
Дегенмен де әманда,
Айтылмауын қалады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Міне, осындай жыр-бейне,
Ішке бүккен сыр-бейне.
Портреттен соң осындай,
Абзал түске кірмей ме?

Қыздар, қапы қалмаңдар!

AKY

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

    Ұқсас посттар

    45 пікір

    Korkem
       сындым өлеңге! Ғажап қой мынау))))
    aza
    дара шауып тұр ғо! Форма үшін ғана қадірлеуге тұрардай-ақ!
    asaubota
    sigma cияқты лохтық танытпадық
    sigma
    Как есть жауап берген едім, диалог төмендегідей болған еді

    Жекеде болған диалогты автор жариялайтынын ескертуі керек еді деп есептеймін.
    Қалай болғанда да танымайтын адамды мақтай да, жамандай да алмаймын.
    AKY
    Жәй әзіл ғой, ашуланғаныңыз не)))
    Marco
    Для протокола: Мен де ашуланар едім
    qonyrbai
     Мектеп пырагһәммасына жіберетін жазба екен.
    MERmukhanov
    Форма жаратындығы түсінікті
    Дәл осы сәтте өлеңнің көркемдік құндылығына орай пікірімді наққа жіберуге шешім қабылдадым.
    AKA
    Уау! Жазба авторы да, кейіпкер де  
    Daniar-Alan
    намад
    Korkem
    Әлгі, Сабинаның кемшін тұсын тауып жазған қыздарды қаралағандарыңдай, сенікін де қызғаныш деп ұғып тұрмын)
    Daniar-Alan
    сеңкі найтын ед
    Erkekyz
    Ал маған над)))
    rakisheva
    Уууу, Абзалды күүүшті жырлапсың ғой ^__^
    bizbike
    Қыздар, ай қарап жүрсіңдер ме енді? Абзалға қарап қойыңдар!
    AidaKali
    Гідәйім-ай АКУчкам 
    оқып мәз болдым ғо, муза апайынан сол
    бақытты болсың Абзал! анасы қалағандай әйбат келін кезіксін!!!
    sammita
    бір деммен оқып шықтық, жырыңызды, мықты
    Абзал пірибет, жасыңыз нешеде де? Менің атым Саммита
    Соңғы түзету:
    AKY
    Әй, кемпушка, саған не жоқ?
    Aldeken
    Әйгерім, керім шығыпты, тәнтімін!
    Пы.сы. Осы Абзалбайды күйеу бала қылсам ба деген жымысқы ой да келіп тұр басыма, несін жасырайын...))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
    Marco
    Иә, былай, дұрыстап қарайтын болсаң, аптұр мен қаһарман бір-біріне әбден лайық екенін байқауға болады.
    AKY
    Мамасының қалауын көріп тұрсыздар ғой)))
    Так что айып етпең))))
    AKY
    Маралбек айтпаса, ымыңызды түсінбеппін ))))))))
    sammita
    АКУ келді дегенше,
    Ақын келді дегейсің
    AKY

    Көрер түймені де көрер
    abzalsariyev
    Супер ғой)
    Өзіме қатты қызығып отырмын) Ай, өзім-ай)) (деуші ма еді)
    AKY
    Өзіңе өзің үйленгің кеп кетпесе бопты
    bigeldi
    Әбекені жақсы насихаттағаны үшін тіркелдік, бізді де айтар ма екен деп ))
    AKY
    Жекеге шығыңыз, жекеге
    bigeldi
    Ал, керек болса?! )
    abzalsariyev
    Қош келдіңіз Бәке!
    bigeldi
    Иә, келіп қалдық! )
    nurshat-alimkyzy
    өлтіріп мақтапты ғой)
    ken
    енді екеуің үйленіңдер
    AKY
    Жүгірп баратырмыз уже ЗАГСке, қазір ақ ботиымызды киіп алайық
    Arys_arlany
    Әлгі ШУлық жігіт не болды, көзін бақырайтып қойып, кетвацын ба???
    AKY
    Аңдеееп жүр солай
    VKM
    Мяяя, Айгера, мына постты көрмей қалыппын. Класс.Шынымен автор мен кейіпкер бір-біріне лайық екені байқалады
    AKY
    Көрмей қалғаныңды кешірмим
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.