Сезімім неткен менің кіршең еді

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сезімім неткен менің кіршең еді

Сезімім неткен менің кіршең еді!
Бір жанады өзіңе, бір сөнеді.
Көзден кетсең, көңілден кететіндей,
Бұл сезім менен де өткен дүмше ме еді?..

Сезімім неткен менің кіршең еді!
Жаралаудың боп аппын шын шебері…
Өзгеге бұйырып жүр
Менің үшін
Сен жайған дастарханның күлшелері.

Дер едім жаным сенсіз мұң шегеді,
Мұң шегеді, сол мұңнан гүл семеді.
Бірақ өзім сезімге сенбей тұрсам,
Сені сүйем дегенге кім сенеді?

Дер едім уайымымның бір сен – емі.
Бірақ бұл сезім неткен кіршең еді!
Ұқпайтын сенің аппақ пейіліңді
Қабылдауың керек ал кімше мені?

Шарасыз екенімді білсең еді…
Кешірші. Сезім үнсіз тұрса – өледі.
Қайтемін, бағынбайтын дүние ғой,
Бәрінің де бар шығар бір себебі…
MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    15 пікір

    AKY
    Жалғыз сен емес, сезімі кіршең
    MERmukhanov
    Сыболыштар партиясын құрсам, сені бас секретарь қып алам
    AKY
    Болып тұрм ғо плотно
    ken
    спокойно «көт» деп айта беретін қызда қандай сезім болуы мүмкін?..
    MERmukhanov
    Қашаннан бері бұл сөз сезімді айқындаудың критериі боп алған?
    Meirambek
    мықты
    ого муза кім?
    abzalsariyev
    Ариельді жарнамалап жіберетін жер екен)
    satibaldi
    Типінақ, sansyzbai1990 -ға шеберлік сыныптары ма?
    MERmukhanov
    sansyzbai1990 мырза, сіздің маман ретіндегі пікіріңіз бен білікті бағаңыз керек еді.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.