Arular.kz

Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Өмірдің мәнін мен түсінем,
Жанармен бойға нұр бөлесең.
Құдай-ау, миллиард ішінен,
Кезіктің кенеттен неге сен?
Бағынып ғашықтық әмірге,
Айттым ғой! Басымды имеймін.
Қоя бер бос сөздің бәрін де,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Намыс қой, бойымды тіктеймін,
Мен қазір сезімге сенбеймін.
Мен сенен еш үміт күтпеймін,
Мен саған еш үміт бермеймін.
Санамды бекерге жаулама,
Мен ғана өзімді билеймін!
Бұл жалғыз билігім, даулама,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Жанарды мұқалтпа, от бейне!
Сен қайда жоғалдың, тұра тұр!
Осы да басыма жетпей ме —
Сезімді суыттым сұрапыл.
Болмаймын мен саған өлермен
Жүрекке буылтық түймеймін.
Жетеді болсам да көрермен,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Кім айтты келді деп жарасқым?
Бек мүмкін еш бақыт бұйырмау.
Мен, сөзсіз, ойымнан адастым, — *
Сезімнен адасқан қиындау.
Жолама, керексіз көмегің — *
Жүгімді жалғыз мен сүйреймін.
Біл мұны, білме тек себебін — *
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Бақытты мен іздеп келем бе?
Сен маған кезіктің, әттеген!
Бұл сор деп аталса егер де,
Керексіз дүние бақ деген.
… Бәлкім, сен бақыты шығарсың
Өзгенің,
Мен онда тимеймін.
Қарғарсың, кешерсің, ұғарсың — *
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Сезімнің өрті — дос, мұңы — жау,
Ерік жоқ елемей кетуге.
Арада — түбі жоқ шыңырау,
Қанат жоқ калықтап өтуге.
Қалғанын жауламай ақылдың,
Санамды өзіме қи деймін!
Мен мұны неге айтып жатырмын???
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Сен де мен секілді аңғалсың,
Сен де бәз біреуге үмітсің.
Сен де мен секілді арманшыл,
Сен де мен секілді тұнықсың.
Сен де мен секілді толғана
дейсің бе:
Дүние, күй, мейлің!
Біз неткен ұқсаспыз…
Сонда да
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Күн сайын көрмеймін мен сені,
Оның да қажеті шамалы.
Таң сайын көтертіп еңсені,
Түн сайын жаулайсың сананы.
Мейлің сол, жүректі құлыпта,
Ал мен өз дертіме иемін.
Сен тек бір нәрсені ұмытпа
Мен сені… сүйемін, сүйемін.
" data-width="600" data-numposts="5">

108 пікір

avatar
Бірінші танысқан сәттен бастап сүйісуді, не сексті ұсынатын жігіттердің образын әйбаттап ашқан сияқты көрініп кетті. Сүймесе әдірам қалсын. О несі ей.
avatar
:)) сіз соңғы шумағы оқысаңызшы.

Сіздің теорияңыз да өмір сүруге тұрарлық, бірақ өлең өзге түгіл өзіне де, әлемге де бір қызды сүйетінін мойындай алмай отырған жігіттің сөзі… Байғұс-ай…
Соңғы түзету:
avatar
мойындаудың өзі де — ерлік, хердасым
avatar
аха. Қиналып барып, мойындайды ғой. Бірақ мынау өзінің ішіндегі нәрсе, өзіне әрең мойындатты ғой.

пы.сы. Эльвира, құрдас дей берші. Хердас емеспіз, мен оған сенімдімін.
Соңғы түзету:
avatar
Түуу, хердасым деп, әзілдесетін жалғыз адам пайда болып еді. Оны да құдай көп көрді ғой
avatar
жыламащ а. просто млион әзіл жолы бар ғо…
Сенде хер жоқ, қайдан хердас боласың?

даувай милас или көздес дейсің. как раз миымыз бен близорукостіміз жақын келеді))))
Соңғы түзету:
avatar

Есіме түсіп кетті ғой:
Стақан соғыстыратын адамдарды «стақандас» дейді. Сонда "қарындас" деп қарын соғыстыратындарды айта ма?! ©
Ай, қатырасың, миласым
Соңғы түзету:
avatar
))) бір қарыннан шыққандарды айтады. Кейінгі замандарда тек қыздарға қолданылып кетіпті. Одан бұрын жыраулар қаумалаған қарындас деп ел-жұртұа айтып еді...)
avatar
 сәл сәл боғауыз ғо дегенім ғо енді.
avatar
Құрдастығыма салып, бір әріпінен қате кетіріп алып жатсам, ренжіме  Ескерттім!
avatar
сен екі деген сөзде үш қате жібердің
avatar
Ибай! Қандай сөз, ал?
avatar
Екі әріптен деп жазу керек едің. сен бір деп жаздың.

Әне тағы бір қате! Абай деп жазғың келді де қате жаздың бірінші әрпін.))))))
avatar
жалпы, сөздерінен жігіт тошно ғашық екенін байқауға болады.
avatar
Қарамай кеткен қызға арнап ашуланып отырып шығарған өлеңіңбе?
avatar
 қой, ондай қыздарға нәшәр сөздер жазасың ғой

Мынау шын ғашық сияқты. елестетіп отырып жаздым, образға.
avatar
Ал мен бақыт тілеймін, білмеймін бірақ неге екенін. Бірақ рет шын ғашық болдым и то кетті басқаға. Тілегім қабыл болғаны шығар сүйкімді екі қызы бар, бақытты. Әрине каламаймын жамандық болғанын, бірақ кайтып келсе кабылдар едім.
avatar
Бұл қызға тәуелді болып қаламын ба деп қорқып шығарған өлең екен. Еркектің тағы бір қорқақтығы
avatar
Өзің деп көз іліп әр түнім,
Өзің деп атса да әр таңым
Байланып қалам деп жарқыным
Сүйем деп айтуға қорқамын
деп айтуға бата алмай отырған жігіт қой қысқасы
avatar
 еркектер бәрінен қорқа беретін сияқты болды ау
avatar
иә, бұл да қорқақтықтың бірі
avatar
«сүйем», «сүймеймін» деген сөзді «жақсы көру», "ұнатудың" әдеби синонимі ретінде өмірімде ешкімге айтпаппын, «целовать» дген үйреншікті мағынасында болмаса)
avatar
айтып көрщищ
avatar
Тым пластмас, келемеж сөз сияқты.
«Жақсы көрем» — деген сөзге жетпейді.

Тірәғал-тірәғал… Саған не қызық одан?
avatar
Шеллачный лактың банкілерінің сыртындағы жазуларды сырып тұрып атты нақ
avatar
жақсы көрем деп окулист қатынға айтқам алғаш рет. минус шыныларды көзіме салып тексерген кезде.
Соңғы түзету:
avatar
«Изя Чемберленге Олардың Жауабы» науқанында болмағансың-ау дейм, тығырыққа тіреліп жатқан сияқтысың. Бірақ әзіліңе анкерлі опораның болттарын жұлып тұрып атты нақ
Соңғы түзету:
avatar
Тірәғал деген не сөз?
avatar
«тұра қал»
avatar
антоним өләғала
avatar
Антоним деген кім?
avatar
қай бала-бақшадансың? шынмен түсініңкіремей жатсаң гуглить етші…
avatar
Бәрібір бір балабақша да болған жоқпыз, Несіне сұрадың?
avatar
жай ортақ таныстар шығып қалама деп… әдемі өлеңнің быж тыжын шығармай флудить етпей әрі барсайш енді…
avatar
Қуып қоясың ғой баяғы? (тура мағынасында )
avatar
Тым пластмас, келемеж сөз сияқты.
«Жақсы көрем» — деген сөзге жетпейді.
 ойымды оқығандай болдыңыз.
avatar
Күшті!
avatar
Осы өлеңді ұнатқан алғашқы әйел заты сіз болдыңыз
avatar
 вк-де оқып, бітіп кеткен қыздар болды
avatar
Соларды осында шақырмадың ба брат? Шамалы абыройыңды көтетіп жіберерме еді, әйтпесе тәп тәуір өлеңіңді наққа жіберіп жатыр мұндағылар. Мен негізі плұстағам, таланты барларға рысбек менен
avatar
Бірде бір наққа жіберген адамды көрмедім. Пікір ол пікір, адамның өз өресі жеткеніне орай.
Мысалы, Ауа — не әшейін оттай салды әдеттегідей тролиингпен, не осы айқын өлең не жайлы екенін түсінуге шынымен миы жетпейді.
Жібергендер болса да, проблема көріп тұрғам жоқ.
Адам шақырмаймын.  Бұл — тамаша өлең, білем. Бірақ осылардың бәрінің әәә, супер дегені керекемесинфо.
Соңғы түзету:
avatar
түсіндіре алмадым айтқым келгенін. Адам шақыр дегенім қалжың ед, сенде сиыр секілді андай боп қалдың ғо енД…
avatar
кезінде жақсы бағасын алып қойған өлең екен ғой
avatar
маған Шын ұнады.
avatar
ешкім жіберватқан жоқ ояқа) просто сүйем нің орнына жақсы көремді қолданатындар өз ойларын айтып жатыр ғо…
avatar
мен оны түсіндім, претензия жоқ  жақсы көрем поэзияға азырақ сәйкес келеді. ауызекі қызға сөйдеп айтасың ғо енді.
avatar
бірақ шынымен, осы далбаебтарға осындай өлеңдерді жариялауға бұлар тұрмайды деген ойға да келуге болады екен.
avatar
сіз де сұлтанаттан екенсіз ғо
avatar
міне, бір мысалы өзі-ақ келді
avatar
Админнің бөлесі ғой деп қайта сынымызды бүгіп отырсақ

Осындағы жұрттың пікірін білмек болып шығардың емес пе, сотталсаң достойно сотталсайш енді, жазбаңды зеңбірекпен қорғамай. Оның үстіне жай жазба емес, поэзияға намек болса. Кереке өлең жариялау бұл… Өте бір тонкий нәрсе. Арасындағы нашар пікірлер жаныңа батса да, үндемей шыдап бағу керек. Оқырман ара жігін өзі ақ ажыратып алады.
Ал әрбір пікіршігі жауап беріп, «мен бұл жерде негізі бүйдегім келген» «бұл өлең сенен басқасының бәріне ұнаған» деп салғыласып отырған әқін аккаунты — ең сорлы көрініс. Не күлкің келеді, не аяйсың.
Жассың ғо, әлі ақ түзеліп кетерсің.
avatar
брысь, десең, ә?

кәдімгідей бір жерің ашып жатыр ә? )
Керекті өлеңді бағалайтын тамаша сыншылары бар деп санамаймын. Универсал өтірік мақтай берме. Әлдеқайда жерлер бар.
Ренжіме Менің кәментімді сен кәменттедің, керісінше емес.
Сонсоң, жапқаның — жала. мен өз постымды өзім қоқысқа тастайтын адаммын, қарап көр. Дәл осы жерде гонево ұнамағанмен, ештеңе демедім.
Аяйсың ба, Гаагаға арыз жазасің ба, ішің білсін
Қызсың ғой, әлі-ақ осы нәрселердің бессмысленностін түсініп, сабырға келерсің

пы.сы. керекті ви ай пи месті қылуыңды қойш сосын.
Соңғы түзету:
avatar
әй әй әй қайтыңыздар… әлақ бақытты боп кетесіздер…
avatar
Жаңа сізге не деп едім
avatar
не деп едің склерознеме? өзің айтқаныңды өзің ұмытып менен сұрап отқаннес…
avatar
Тағы да жеткізе алмадым не айтқым келгенін или сіз түсінбей қалдыңыз, екеуінің біреуі енД
avatar
керәссін қоймай тыныш отыр еу
avatar
 дъебатердің замашкілері байқалад сенен жанымка. соңғы сөз менікі деген. мақұл, сенікі.
avatar
))) ренжімеші…

мен ешкімді даобан демедім, сондай ойға келуге болады дедім.

сонсоң, қалжың ғоой…

әрине, кейде шекті білу керек. менде солай…

пы.сы. иә, Қазақ пікірсайысында ең көп кубок алған қақбас едім мен… (көті шелек де тағы)
Соңғы түзету:
avatar
пы.сы. дайындала бер жалпы, соңғы сөз еркектікі болатынына.
Соңғы түзету:
avatar
шұлығымды жемеш
avatar
Адекватты болайық, шұлық желінді деген нәрсе Сатыбалды браттыңда әңгімесінде де жоқ екен
avatar
көтіңді қысшы. әркімге бір жалпақтап пікір жазып сайпал ты.
avatar
 Сізге жазған соңғы пікірім осы болады. Сіздің ашуыңызды байқадым ана сөздерден, кеттім
avatar
АКҰ, еркексіз, тәнтімін!
Соңғы түзету:
avatar
далбаебтарға
дегенде біраз игі жақсылар да кетіп қалдау деп қам жемейсіз ба?
avatar
Қаз соғыс басталғалы тұр ма дейм
avatar
жағыңа жылан жұмыртқалағыр жүгермегооой жап жас боп осылардікі несей, дайын тұрад жік шығаруға…
avatar
мен сізді Данақыз дегенге қыз екен десем тағы ялып қалдым
avatar
нан жеймін.

Ниачемский сұрақтар қоймаңызшы, а?
осы жерге срач жасамайық, анда әйелдер неден қорқады деген постым бар, соған барыңыздаршы
Соңғы түзету:
avatar
 бір сөзбен нокаутқа кетті рысбек брат
avatar
Жүректен шықпағасын жүрекке жетпеді. Шынайылық жоқ.
avatar
Админнің бөлесі болса да осы пікіріңізде қаласыз ба???
avatar
 Аршааат, ананы банға салшы!!!
Соңғы түзету:
avatar
Мені ма
avatar
админнің бөлесі деген өзіме қызық прикол болды ау

бірақ в селім, арзан әзіл
avatar
мәәә іштен шыққан шұбар жылан бекен? кәдімгідей күйіп пісіватсың)
avatar
Одминнің өзі болса да айтарым сол.
avatar
неге? меніңше керемет өлең
avatar
Өлеңде мен кое-что понимаю, уж поверьте мне.
avatar
 верим. ждем ваших стихөв.
avatar
Агасфьер атқырлар қаззақша теріңдер! тек қазззақша!
avatar
— Өлеңде мен бірдеңе түсінемін. Сеніңіздер маған.
— Сенеміз. Сіздің өлеңдеріңізді күтеміз.
avatar
нептему бірдеңі айтайыншы… анау бір фильмдер болады ғой, әйелдің де еркектің де даусын бір адам зырылдатып айта беретін… сондай сезімде болдым барғо) кхм… кешірерстер!
avatar
Екеуің де мылжың екенсіңдер, сендерге пікір жазып отқан мен де…
avatar
-ақымақпын! деп айтқысы келді, ал әлгілер оны әлдеқашан бірінші пікір жазған сәттен ақ түсініп қойған… Техникалық білімнің кандидаты деген болады, жалпы білім кандидаты дегендер бар, ал бұлар әлгі мылжыңологиямен айналысатын еді…
Соңғы түзету:
avatar
Сұңқылдағым, сұңқылдап отқан жеріңде сұңқылдатып жіберермін. Піш әрі.
avatar
Пікір жазар алдында, жазбаны оқу керек деп ойлаймын, үстіңгі пікірлермен шамалап, лаға бермей.
avatar
Сатыбалды өте орынды бір ситуацияда әдемі де ұтымды айтылған сынын көрген жұрт оны қағып алып, енді контекстке келсе де, келмесе де тыққаны жаман тенденция.

Сосын инерциямен өз постына қандай да пікір жазған адамдардың барлығын: «ақталмаш», «дұрыстап сотталсайшы енді», «сен де сұлтанаттансың ба?» деген сөздермен басуға тырысу жеке менің пікірімше, мына жерде орынсыз, тағылған жалалар да.
PS.
Айтпақшы, «Мен мұны неге айтып жатырмын» -деген жерінде «Мен мұны негәйтып жатырмын» деп оқу керек пе?
Соңғы түзету:
avatar
Күн сайын көрмеймін мен сені,
Оның да қажеті шамалы.
Таң сайын көтертіп еңсені,
Түн сайын жаулайсың сананы.
Мейлің сол, жүректі құлыпта,
Ал мен өз дертіме иемін.
Сен тек бір нәрсені ұмытпа
Мен сені… сүйемін, сүйемін…
avatar
мен мына постты қалай көрмей қалғанмын?)Автор өзінше болған жігіт сияқты.Феминистік санам-сезімім оянып кетті.
avatar
Автор өзінше болған жігіт сияқты.

Көкірегі аяққаптай әйтеуір.
avatar
аяққаптай емес, цистерна.
avatar
Мынаны аузы күйген, прагматик болам деп шешкен автордың ішкі толғанысы, кезекті ғашықтықпен күресіп, ақыры одан жеңілуі деп түсінген адам бар ма?
avatar
 романтикалық өлеңнен алған сезімдеріңіз қызық екен
avatar
Он сегіз жасымда ұқсас сезімде болсам керек, күнделігімде мынадай ойларды жазыппын.
***
Любовь не ждет пока я буду к ней готов,
Ничто мне не предскажет ни о чем,
Но чую я, что что-то тут не-то,
Что страстью разум пылкой помрачен


А я ж игрался с ней, и сам не зная,
Слегка на крыльях был и вроде ж не тужил,
Теперь стою я перед ней, не замечая,
И сам не верю, всем словам, что говорил.

Ну что ж, твоя настала очередь глумления,
Хватай же мое сердце целиком,
И нынче с твоего же изволения,
Я буду и шутом, и королем.
И получилось, как в пословице твердится,
Которая так справедливо замечает,
Что тот, кто пламенем играет и резвится,
в конце концов туда же попадает.

(2001 ж. Алматы)
avatar
А я ж игрался с ней, и сам не зная,
Слегка на крыльях был и вроде ж не тужил,
Теперь стою я перед ней, не замечая,
И сам не верю, всем словам, что говорил… что говорила…
avatar
бесінші сыныптан ұнатқаным бар еді… соған арнап жатқандаймын… арпалыс болатын, ұнатамын, мойындамаймын, мойындаймын, ұнатпаймын. көзім жетті. ұнапты.
avatar
иә, осындай жағдайларға арналған өлең…
avatar
мәәәә, жесть! серцеед деп осындайларды айтса керек!
avatar
қайта-қайта оқып қоям осы өлеңді,,,, себеп іздейм, таба алмаймын… не себептен, давай, бірге бақытты болайық!-демейді екен и? Витастың .мына әніне ұқсайды.

Я говорю что люблю я лгал
Я единственной тебя называл не верь
Что ты лучше всех женщин на свете тебе я сказал — ложь
Понимаю это теперь и только теперь.

Припев:
Всё и проще и в тысячу крат сложней
Ты во мне как ночь в мириадах огней
Ты мой снег, ты мой дождь, воздух мой и вода
Я тебя не любил, не любил, не любил никогда.

Просто я без тебя как без молнии гром
как весна без зимы, как без ссоры любовь
как без солнца цветы я тебя не люблю
Просто я это ты, я тобою живу.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.